Жануарлар этологиясы оқу құралы Қостанай, 2016 Әож 591. 500(075) кбж 28. 6я7



бет66/122
Дата06.01.2022
өлшемі365,26 Kb.
#15031
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   122
Байланысты:
Жануарлар этологоиясы

Атылықтың қажеттілігі. Егер бір аталық бірнеше ондаған аналықты ұрықтандыра алса, онда популяцияда қанша аталық керек деген сұрақ туындайды. Туу кезінде әдетте олар 50% құрайды, қоңыздарда, адамдарда сияқты жынысы Х және Ү жыныстық хромосомаларымен анықталады және осындай хромосомды жүйе 1:1 жыныс қатынасын қамтамасыз етеді. Ресурстардың молшылық кезінде аталықтары азық үшін аналықтармен бәсекелеспейді және олардың айтарлықтай көп болуы қоғамдастық үшін зиянды емес. Бірақ ресурстар шектеулі болған кезде, аталықтары барлық сатысында аналықтармен бәсекелеседі. Аталықтың жыныстық белсенділігі жоғары болуын ескере отырып, болжауға болады, қолайсыз жағдайларда олардың үлесі айтарлықтай 50% -дан аз болар еді, мысалы 10%. Шынында да тағы бір фактор ескеру керек: аталықтардың аз санында олардың ықтималдығы апаларымен – тәтелерімен шағылысуы күрт артады, ал мұндай қанараласқан некелердің ұрпақтары өмірге қабілетсіз келеді,бұл екінүктелі қаңқыздардың көптеген тәжірбиелерінде көрсетілген болатын. Аталықтардың оңтайлы үлесі қауымдастықта ресурстардың болуымен анықталады, олардың жыныстық белсенділігі және туыстық будандасуы зиянды.

Экологиялық талаптар анық түрде бірнеше факторларға тәуелді болып келеді.

Жыныстардың арақатынасы қалай реттеледі? Басым бөлігі ұрғашы ұрпақтарында аталығын ұрғашысына қалдырады, бұл сәйкес хромосомалы жыныс жүйесімен анықталады. Алайда, 1947 ж. Лусистің зерттеуі бойынша, ұрғашылардың бір бөлігі тек ұрғашы ұрпағын шығарады. Англияда анықталған бактериялар риккетсиялар тобына жатады, олар кеңінен танымал (риккетсияларға қоздырғышы адам үшін қорқынышты бөртпе сүзегі жатады). Қаңқыз қоңыздарының риккетсиялары, сондай – ақ жылықандыларға, соның ішінде еркектер үшін зиянды емес. 1994 жылдан бастап адалийлерге жүргізілген жыныстық қатынасының зерттеуінде Ресейде мүлдем күтпеген нәтиже берді - сол нәтиже, яғни, ұрпаққа берілетін таза аналықтың ұрпақтық қабілеті Англияда мүлдем басқаша бактерияларымен шақырылады. Андроцидтік бактерияларымен жұқпалылары (аталық жынысыты жоятын) осындай жыныстардың арақатынасын реттейтін оңтайлы тәсіл болып табылады. Солтүстікте адалийлердің тіршілік жағдайлары нашар болғандықтан, жұқпалы ауруларға шалдығуы жиі кездеседі және ұрғашылардың жыныс қатынасы басым., андроцидты бактериялар бірқатар басқа да жәндіктерде де болады.

Зорлық – зобылық көрсетумен қаңқыз қоңыздарыда айналысады. Зертханалық жағдайда некрофилияны жиі байқауға болады: аталық өлі ұрғашымен (ал кейде өлі аталықпен) шағылысады.

Содомияны қаңқыз қоңыздарының табиғатынан сирек байқауға болады. Бір түрге жататын аталықтары басқа түрдің ұрғашыларымен шағылыса алады. Кейбір жағдайларда осындай күтім кейде қайғылы нәтижеге соқтырады - серіктестердің жыныс нысандарында сәйкессіздік болуы мүмкін, сол себебті айырыла алмайды бір – бірінен, сондықтан бір – бірін жарақаттайды. Түраралық шағылысу ұрпақ бермейді және аталық басқа түрдің аналығымен шағылысуы биологиялық мәнсіз, сондай – ақ зиянды болуы мүмкін.

Қаңқыз қоңыздарында сыртқы сүйкімділігіне қарамастан, олар коннибализм



(жыртқыштық) қасиетіне ие. Әсіресе ол жұлдызқұрттарда байқалады. Жұмыртқаларды өзі салған аналықта қорек етеді, егер азық таба алмаса. Осындай мінезқұлықты қалай пайымдау керек? Азық жетіспеуінен туындауы, оның ұрпақ үшін табылмауы да мүмкін, сондықтан пайда болған ұрық аштықтан өледі. Аш ұрғашыда жұмыртқа салу мерзімі кідірісті болуы мүмкін және ол одан оңтайлы жағдайды болашық ұрпақ үшін таба алмас. Осылайша, аналықтық коннибализмі (жыртқыштық) көп биолоиялық мәнге ие, аталықтың содомия мен некрофилиясынан көрі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет