87
ЖАНУАРЛАР МІНЕЗҚЫЛЫҒЫНЫҢ ЭТОЛОГИЯСЫ
«Этология» терминіі гректің «этос» деген сөзінен шығып мінезқылық деген
мағынаны береді. К.Э Фабри (1976) мінезқылықтыағзамнің қоршаған ортамен
байланысуына қажетті жануарлардың қозғалу белсенділігінің тұтас көріністері деп
түсіндірген. Этология, мінезқылықтың биологиялық
заңдылықтары туралы
ғылым ретінде, тек XIX және XX жүзжылдықта айрықша дами бастады, бірақ
жануарлардың мінезқылқын бақылау, қарау бұрыннан бері болған. Ертеден
адамдар
оларға аңшылыққа шығу, жыртқыштардан қауіп төнуін болдырмау
мақсатында жануарлардың мінезқылқының ерекшеліктерін зерттеген. Үйге
үйрету де жанкарлардың мінезқылқын білуді талап етті. Біздің заманымызға дейін
жеткен аңыздардан көптеген ғасырлар мен мңжылдықтар бұрын адамдар
жануарлардың мінезқылқының ерекшеліктерін білгенін айтуға болады. Қазіргі
уақытта ауыл шаруашылығы тәжірибесінде жануарлардың мінезқылқының
ғылыми зерттеулерінің нәтижесіне сүйеніп,
оларды қолдану өнімділігін
арттыруға, азықтандыру, көбейту және экономикалық жағынан тиімді ағып қағу
шараларын жақсартуға мүмкіндік береді.
Өткен ғасырдың соңғы жылдарында жануарлардың мінезқылқын зерттеу
мақсатында екі бағыт қалыптасты. Олардың бірі жануарлардың үйренуін
зерттеумен байланысты болса (И.П. Павловтың мектебі), екіншісі инстинктивті
мінезқұлықтызерттеуге (К. Лоренц пен Н. Тинбергеннің мектептері) бағытталған.
И.П. Павлов пен оның ізбасарлары Жоғарғы жүйке
қызметінің негізінде жатқан
физиологиялық механизмдерді, яғни шартты рефлекстерді зерттеген. Бірақ
сонымен қатар олар жануарлардың мінезқылқының бейімделуінің негізінде
жатқан ағзаның барлық жүйке реакцияларын зерттеудегі үлкен маңыздылығын
мойындаған. И.П. Павлов мінезқұлықтыңиндивидуалды
қалыптасуын негізге ала
отырып туа біткен, генетикалық, шартсыз рефлекстер – инстинкттер туралы
88
мағлұматтардың аз болғанына қатты өкінді. Бірақ кез келген Мінезқылықакті ішкі
тітіркендіргіштерге де реакция болып табылады. Тиісінше, барлық мінез –
қылықтық реакциялар генетикалық факторлар
мен сыртқы ортаның әсерінен
қалыптасады.
Шартты рефлекстерді зерттеу үшін жүргізілген тәжірибелер жоғарғы жүйке
қызметінің негізінде жатқан физиологиялық механизмдерді, жаңа жағдайларда
жануарлардың бейімделушілік мінезқылқын оқып үйренуге бағытталған.
Этологияда Мінезқылық жануарлардың қоршаған ортамен сан алуан түрлі
әрекеттесуі ретінде қарастырылады. Этология ағзаны бір бүтін ретінде қарап,
қбақылау арқылы және зерттеу арқылы олардың реакцияларының негізінен ішкі
көріністерін зерттейді. Физиология жануарлардың мінезқылқын қамтамасыз
ететін мидың қызметінің жүйке механизмдерін зерттейді. Этологтар,
негізінен
зоологтар, қазіргі уақытқа дейін әлемнің көптеген жануар түрлерінің мінез –
қылқын сипаттайтын мәліметтерді жинаған.
Достарыңызбен бөлісу: