39
Бірақ рефлекстер жайлы концепция ұзақ уақыт бойы орталық жүйке
жүйесінің төменгі бөлімдерінің функциясымен байланысқан автоматты актілер
деген ұғым ретінде қолданылды.
Рефлекстерді, үлкен жарты шардың функциясын қамтитын құбылыс ретінде
орыс материалист-ғалымы И.М. Сеченов өзінің танымал « Бас миының
рефлекстері» атты кітабында сипаттап, «барлық
актілер шығу тегіне қарай
рефлекстер болып табылады» деп жазған. И.П. Павлов, И.М. Сеченовтың ойын
жалғастыра, шартты рефлекстер жайлы ілімді сипаттап, үлкен жарты шардың
функцияларын зерттеу мақсатында шартты рефлекстердің әдістерін қолданған.
Рефлекторлы доға. Рефлекстер қоздырғыштардың арнайы жолдар –
рефлекторлы доға бойымен өтуден пайда болады.
Нейрондардың санына байланысты рефлекторлы доғалар жай және күрделі
болуы мүмкін. Жай рефлекторлы доға араларында бір синапстан, екі нейроннан
құралған рецепторлы және эффекторлы доғалар болады.
Мұндай рефлекторлы
доғаны екі нейронды немесе моносинаптикалық деп атайды. Моносинаптикалық
рефлекторлы доғалар жиі кездеспейді. Оған мысал ретінде бұлшық еттің
жиырылуының рефлекстік доғасын айтуға болады.
Көптеген рефлекстердің рефлекторлы доғалары екі емес,
одан да көп
нейрондардан тұрады: афферентті, бір немесе бірнеше аралық нейрондар және
эффекторлы.
Рефлекторлы доғаларды көп нейронды және полисинаптикалық деп атайды.
Бұл доғалардың ең қарапайымы екі синапстан құралған үш нейроннан тұрады.
Басқа полисинаптикалық доғаларда эфферентті нейрон бірнеше аралық
нейрондармен байланысқан болуы мүмкін, олардың
әрқайсысы бір немесе
бірнеше эффекторлы нейрондарда синапстарды түзеді. Бірнеше афферентті
нейрондары бір немесе бірнеше арлаық нейрондармен байланысқан рефлекторлы
доғалар да кездеседі. Полисинаптикалық рефлекторлы доғалар өте күрделі болуы
40
мүмкін. Есте сақтайтын жайт, рефлекстер дененің белгілі бір жерінде орналасқан
бір емес бірнеше рецепторлардың тітіркенуінен туындайды.
Рефлекстерді
тудырған дененің бөлігін тиісті рефлекстің рефлексогенді зонасы немесе
рецептивті аймағы деп атайды.Сондықтан рефлекторлы доғаның схемасын
афферентті, аралық және эффекторлы нейрондардан тұратынын ескеру керек. Жай
рефлекторлы доға шартты түрде «моносинаптикалық» деп аталуы мүмкін. Ол бір
синапс емес, афферентті нейрондардың тобын эффекторлы нейрондармен
байланыстыратын параллельді орналасқан синапстардың тізбегін құрайды.
Синапс арқылық оздырғыштарды баяу өткізу жүйке талшықтарына
қарағанда импульстардың жүйке орталықтарымен асықпай өтуі бірден бір себебі
болып табылады. Рефлекс қаншалықты күрделі болса,
оның доғасы соншалықты
көп мөлшерде нейрондарды қосады және орталық кідіру ұзағырақ болады.
Орталық кідіру уақыттың жанама ұзақтығын немесе латентті периодын,
яғни тітіркендіргіш рецепторлардың басынан жауап реакциясының пайда болуына
дейінгі уақытты қамтамасыз етеді. Бұл аралықта мынадай үрдістер өтеді: 1)
тітіркендіргіштердің қозуы; 2) қоздырғыштардың афферентті нейрондарға
афферентті жүйке талшықтары арқылы өтуі; 3)
қоздырғыштардың афферентті
нейрондардан синапстардың бір немесе бірнеше қатарынан эфферентті
нейрондарға өтуі; 4) қоздырғыштардың ортаға тартқыш жүйке талшықтары
арқылы өтуі; 5) қоздырғыштардың жүйкеден эффекторға өтуі. Демек, рефлекстің
уақыты осы үрдістердің ұзақтығының қосындысына тең.Рефлекстің уақыты
тітіркендіргіштің әсер ету күшіне және ағзаның физиологиялық күйіне
байланысты. Тітіркендіргіштің күші артқан сайын рефлекс уақыты азая түседі.
Шарғаннан ол
ұзарады, ал қоздырғыштық артқан сайын және орталық жүйке
жүйесінің нейрондарының лабильділігі азая түседі.
Шартты
Достарыңызбен бөлісу: