107
ретінде қарастырамыз.
Жалпы дарақтардың қарым-қатынасы барлық ішкі популяциялық топтарға
сәйкес және оларды айқын немесе одан кем басымдылық жүйесіні жақызуға
болады. Басымдылықтың нақты формасының көрінісі әр түрлі түрлерінде кеңінен
құбылып отырады. Осындай өзара қарым-қатынас жүйесін
иерархиялық деп
атайды. Мұндай жүйе кезінде топ құрамында түрлі дәрежеге жеткен дарақтар
ерекшеленеді: «доминант», «субдоминант» (доминантқа бағынады, бірақ
басқалардан жоғары болады). Мұндай иерархиялық жүйе көптеген түрлерде
болады. Атап
айтқанда, ол зертханалық ақ тышқандарда зерттелген. Осындай
иерархиялық жүйе кейбір бауырымен жорғалаушыларда да сипатталған, атап
айтқанда игуаналарда аумақтық қарым-қатынастар қалыптасады, яғни доминанты
дарақтар көршілес аймақтарына кіріп, олардың тарапынан қауіпке ұшырамайды.
Ішкі популяциялық иерархияда басқа да нұсқалары болады. Мысалы,
нильдік қолтырауының Crocodylus
niloticus популяциясын алсақ, оларда
доминанты аталықтар аумақтарды жаулап, оларды қорғайды, ал
барлық қалған
дарақтарда аумақтар болмайды. Жекелеген түрлерінде «диспотикалық»
басымдылық байқалады. Мұндай қарым – қатынастың құрылымы атжалмандарға
Onychomys lucogaster breviauritus тән. Әсірессе, өзара қарым-қатынас жабайы үй
тышқандарда байқалады және олар адамадардың тұйық құрылыстарында
мекендейді.
Басымдылық қарым-қатынасы жиі аталық жануарлар
арасында ғана байқалады, бірақ бірқатар түрлерінің паралелі қалыптасады, яғни
доминанты ұрғашы жануар болады. Осының
басты биологиялық мәні
ұйымшылдық дәрежесінің артуы, табынның «басқарылуы» және өзара қарым-
қатынас ерекшелігі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: