104
Осы теріс әсерін болдырмау үшін жануарларды дұрыс ұстау керек. Сол
уақытта жануарлардың қабілеті орталық жүйке жүйесінің дамуымен артты.
Жоғары дамыған жануарларың, тіпті ойлау қабілеті басынан белгіленген. Біз
ойлауды физиологиялық жағынан қарастыратын болсақ, ол ми қыртысының
талдау-синтетикалық құбылыстардан негізделген. Жануарлардың ойлау қабілеті
шартты рефлексия негізіне сүйенеді. Ойлау – жануарлардың нақты жолын, нақты
жағдайын зерттеу үшін өз жинақталған тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік береді.
Белгілі бір құбылысты атап айтқан жөн ол стресс, ол жануардың іс-әрекет
нәтижесінде туындауы мүмкін. Стрессті тудыратын факторлар: бейтаныс адамның
үй-жайда пайда болуы, белгісіз және жаңа орта, белгілі бір ауа-райы, азық, шу,
жануарды ұру, тасымалдау және т.б. Анықтамадан, стресс - физикалық немесе
психикалық күшті тітіркендіргіштерге, әрекетке жауап болып табылады. Ұзақ
жалғасып келе жатқан стресс, психосоматикалық ауруларына әкеліп, ағзаның
қалыпты жұмыс істеуін бұзуы мүмкін.
Стресс шошқаға генетикалық қабылдағыштық зерттеу барысында рецессивті
гендер арқылы анықталады деген қорытындыға әкелді . Стресс әсерінен шошқада,
аяқ-қолдың дірілідегені және бадырақ көздік байқалады; Мұндай жануарлардың
еті бозарған экссудативті болады. Осыған байланысты, асыл тұқымды шошқа
үшін таңдалған ет түсіне назар аудару керек. Жағымсыз факторларды, қоздырғыш
жүйке жүйеді, (ГФ— АКТГ) гипофиздің адренокортнкотропный гормоны
босататын заттардың гипоталамуспен ерекшелеуге мүмкіндік туғызып жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: