«Жануарлар физиологиясы және биохимиясы 2» пәні бойынша дәрістер жинағы Қамбаров А.Ә. ӘДістемелік нұСҚау шымкент, 2020 ж


г) Аргининосукцинаттың аргининге және фумаратқа ыдырап



бет33/35
Дата10.03.2023
өлшемі1,31 Mb.
#72943
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
г) Аргининосукцинаттың аргининге және фумаратқа ыдырап айырылуы. Бұл реакция аргинино-сукцинатлиаза ферментінің әсер етуімен қайтымды түрде жүреді.
Фумарат лимон қышқылы циклына қосылады.


Аргинин Орнитин

д) Аргининнің мочевинаға және орнитинге ыдырауы. Бұл гидролиздік қорытынды реакция. Оны бауырда ғана кездесетін аргиназа, М 120 000, катализдейді.
Осы соңғы реакциядан көрініп отырғандай, мұнда моче-вина мен орнитин түзіледі. Түзілген орнитин карбамоил-фосфатпен қайта конденсация-ланады да, мочевина циклы тағы қайталанады (9.2.сурет).





Мочевина - уы аз, бейтарап қосылыс. Ол қанға өтеді де одан бүйрекке жеткізіледі. Бүйректен зәрмен бірге сыртқа шығарылады. Ол сүтқоректі жануарлар организміндегі азотты заттар алмасуының негізгі де соңғы өнімі.
Тағаммен бірге түсетін гемоглобин қарында тұз қышқылының әсер етуімен оңай гидролизденіп глобинге және гемге бөлінеді.

Глобинге пепсин, трипсин және басқа да ферменттер әсер етеді де, ол амин қышқылдарына ажырап бөлінеді. Гем ішекке барғаннан кейін тотығып, гематинге айналады және сол күйінде нәжіспен бірге бөлініп шығады. Жануарлар организмінде қорек хромопротеиндеріндегі гем тиісті белоктар синтезделу үшін пайдаланыла алмайды.
Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Сейітов З.С., Бейсебеков М.Қ. Физикалық және коллоидтық химия. –Алматы, 1993.

  2. Болдырев А.И. Физическая и коллоидная химия.–М.:«Высшая школа», 1983.

  3. Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы. –Алматы:«Ана тілі», 1993.

  4. Сеитов З.С. Биохимия.– Алматы: «Қазақ университеті», 2001.

Дәріс15. Нуклеотидтер. Нуклеин қышқылдары-РНҚ, ДНҚ. Нуклеин қышқылдарының ұлпадағы катоболизмі. Пуриндік және пуримединдік негіздердің катоболизмі.
Дәріс жоспары:
1. Нуклеин қышқылдары - тұқым қуалау негіздері.
2. Нуклеин қышқылдарының химиялық құрамы.
3. Нуклеин қышқылдарының біріншілік құрылымы.
4. ДНҚ биосинтезі.
5. Ген және гном.
6. РНҚ биосинтезі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет