«Жануарлар физиологиясы және биохимиясы 2» пәні бойынша дәрістер жинағы Қамбаров А.Ә. ӘДістемелік нұСҚау шымкент, 2020 ж


Нуклеин қышқылдары - тұқым қуалау негіздері



бет34/35
Дата10.03.2023
өлшемі1,31 Mb.
#72943
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Нуклеин қышқылдары - тұқым қуалау негіздері
Алғашқы тіршілік нышандары бұдан 3,2 млрд жыл бұрын пайда болған. Ұзаққа созылған эволюция нәтижесінде табиғи сұрыпталу жолымен қазіргі тіршілік иелері - жануарлар, адам, өсімдіктер, микроорганизмдер дүниеге келді. Тірі организмдердің аса ғажап қасиеті - ата тегіне ұқсас өзіндей жаңа организмді жарыққа шығаруы. Осы бір табиғаттың ұлы жұмбағы ғылым үшін әрқашанда аса маңызды проблема болып келді. Оны шешуге бүкіл дүние жүзінің ғалымдары атсалысты.
Сөйтіп, нуклеин қышқылдары дегеніміз - тұқым қуалайтын (генетикалық) зат. Енді тіршіліктің осы бір негізгі молекуласына анықтама берейік және оның химиялық табиғаты мен қасиеттерін қарастырайық.
Нуклеин қышқылдарының химиялық құрамы
Нуклеин қышқылдары (НҚ) дегеніміз - нуклеотид қалдықтарынан тұратын жоғары молекулалы органикалық қышқылдар. Нуклеотидтер (мононуклеотидтер) пуриндік немесе пиримидиндік негізден, пентозадан (D-рибоза немесе D-дезоксирибозадан) және фосфор қышқылынан құралады. Нуклеин қышқылының құрамына кіретін пурин негіздерінің ішінде әсіресе аденин (А) мен гуанин (Г); пиримидин негіздерінің ішіндегі әсіресе маңыздысы - урацил (У), тимин (Т) және цитозин (Ц).
Пуриндік және пиримидиндік негіздердің құрылым формулалары 13.1.Суретте белгіленген.

Нуклеин қышқылдарының құрамына кіретін бес азоттық негіздердің - адениннің, гуаниннің, урацилдың, тиминнің және цитозиннің құрылымдық формулалары.
Нуклеотидтер құрамына кіретін қанттардың бір-бірінен айырмашылығы екінші жағдайдағы көміртек атомындағы гидроксил тобында. D-рибоза молекулада 21-ОН тобы бар, ал дезоксирибозада бұл жағдайда сутек (Н) атомы болады. Азотты негіздердің атомдарынан айыру үшін пентозаның көміртек атомдары 1--пен белгіленеді.
Төменде пентозалар (D-рибоза, D-дезоксирибоза) ашық альдегид және циклды (β-фураноза) түрінде көрсетілген.
Ген дегеніміз - организмнің қандай да бір белгісін анықтайтын, тұқым қуалау затының бірлігі. Әр ген әрбір белоктың (ферменттіқ немесе клеткадағы басқа белоктың) синтезі үшін жауапты. Гендер белоктың түзілуін айқындай отырып, организмдегі бүкіл химиялық реакцияны басқарады, сөйтіп организмнің белгілерін (қасиеттерін) жарыққа шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет