«Жануарлар физиологиясы және биохимиясы 2» пәні бойынша дәрістер жинағы Қамбаров А.Ә. ӘДістемелік нұСҚау шымкент, 2020 ж



бет16/35
Дата10.03.2023
өлшемі1,31 Mb.
#72943
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
Байланысты:
лек. биохим

Дәріс 6. Тақырыбы: «Көмірсулар биохимиясы. Көмірсулардың қорытылуы және сіңуі»
Дәріс мақсаты: Тірі организмдегі көмірсулардың биологиялық маңызы және олардың алмасуы жөнінде толық мағлұмат беру.
Негізгі терминдер: Моносахарид, ди- және полисахаридтер, мальтаза, сахараза, гексокиназа, глюкокиназа, амилаза, гликоген.
Жоспары:
1. Көмірсулар туралы жалпы түсінік.
2. Көмірсулардың қорытылуы және сіңуі.
3. Күйіс қайыратын жануарлар мен жылқы организмінде көмірсулардың қорытылу ерекшелігі.
4. Моносахаридтердің сіңуі.
Көмірсулар немесе қанттар өсімдік организмінде синтезделеді. Көмірсулар - барлық тірі организмде негізгі энергия беретін зат және көміртегінің көзі. Ал көміртегі дегеніміз - бүкіл тіршіліктің негізгі элементі.
Өзінің атынан да көрініп тұрғандай, «көмірсу» деген термин көміртегі мен су деген екі сөзден құралған. Өйткені, олардың эмпириялық формуласы Сn(Н2О)m. Қазіргі кезде құрамына кіретін сутегі мен оттегінің ара салмағы формуладағыдан өзгеше де заттар кездеседі, бірақ олар да, сөз жоқ, көмірсулар класына жатады.
Көмірсу жасыл өсімдіктердің жапырағында көмірқышқыл газ СО2 мен судан және күн энергиясының есебінен, хлорофиллдің белсенді араласуынан синтезделеді. Бұл процесс фотосинтез деп аталады. Фотосинтездің мәнін XIX ғасырдың соңына таман ұлы орыс ғалымы К. А. Тимирязев ашты.
Көмірсулар жануарлар үшін негізгі қорек. Ол азық рационының 70% шамасындай. Ал адам қорегінің 50% көмірсулардың үлесіне тиеді. Қорытылу ерекшелігіне қарай көмірсулар мынадай екі топқа бөледі: 1) крахмал, гликоген, сахароза, лактоза, 2) целлюлоза, маннандар, лигнин, пектиндер, пентозандар және басқалары. Екінші топқа жататын көмірсуларды омыртқалылардың бәрі бірдей қорыта алмайды. Оларды күйіс қайыратын және кейбір жануарлар ғана микробтық ферменттің көмегімен қорыта алады (бұл мәселе жеке қарастырылады).
Крахмалдың, гликогеннің қорытылуы ауыз қуысынан басталады, ол екеуінің қорытылуына аздап болса да сілекей ферменттері әсер етеді. Сілекейдің негізгі қызметі - қоректі ылғалдандыру, сөйтіп оның шайналуына және ас қорыту жолымен жүруіне жағдай жасау. Сілекейдің құрамында шырышты гликопротеиндер (муциндер) бар, олар қорекке жағылып, оны жұмсартады.
Қоректің негізгі бөлігі болып табылатын крахмал ауыз қуысында аздап қана қорытылады, өйткені қорек ауыз қуысында ұзақ болмайды және жануарлар сілекейінің рН көрсеткіші ферменттер әсері үшін қолайлы емес.
Крахмал амилозадан және амилопектиннен құралады. Ол екеуінің ұйқы безінен шыққан α-амилаза ферменті әсерінен болатын гидролизі ретсіз емес, 2-6 байланыстарды α (1→4)-байланысы бойынша біртіндеп ыдырату жолымен жүреді. Бұл глюкоза, мальтоза және ірі олигосахаридтер қоспасының пайда болуына әкеп соғады. Ал α-амилаза ферментінің α(1→6)-байланысын гидролиздеу қабілеті жоқ. Сондықтан тек амилоза ғана жаңағы айтқан өнімдерге бөлінеді. α(1→6) - байланысты тармақтары бар амилопектин (гликоген де) біршама ғана ыдырайды. Дегенмен амилопектин молекуласының тармақталған жеріндегі α(1→6)-гликозидтік байланысын үзетін изомальтаза ферменті [α(1→6)-гликозидаза] болады. Соның әсерінен изомальтоза түзіледі. Изомальтазаның әсері нәтижесінде амилопектин қалдығы сызықтық құрылымға ие болады да, әрі қарай α-амилазамен гидролизденеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет