Жануарлар



Pdf көрінісі
бет16/17
Дата27.03.2017
өлшемі13,22 Mb.
#10527
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Голиаф қоңызы
Голиаф қоңызы – ең үлкен қоңыздардың бірі. 
Бұл – Африканың жергілікті қоңызы. Оның 
денесінде жарқыраған қара, қоңыр және ақ 
дақтары, ал  басында мүйізі болады. Басындағы 
мүйізі басқа еркек қоңыздармен шайқасуда 
рычаг рөлін атқарып, көмектеседі. Ал 
ұрғашыларының мүйіздері болмайды, бастары 
жұмыртқаларды салу кезінде ін қазуға 
көмектесетіндей сына пішінді болып келеді.
Мүйізтұмсық қоңыз
Мүйізтұмсық қоңыздар – скарабей қоңыздардың 
бір түрі. Аталық мүйізтұмсық қоңыздардың 
басында ұзын мүйізі болады. Сонымен қатар, бұл 
қоңыздар – белгілі үй қоңыздары.
Колорадо қоңызы
Колорадо қоңызы – картоп дақылдарының 
зиянкесі. Бұл, сонымен қатар, қызанақтар 
мен баклажандарға да зиянын тигізеді. 
Олар – Колорадо штаты мен  Мексиканың 
жергілікті қоңызы. Колорадо қоңызы көптеген 
инсектицидтер мен пестицидтерге шыдамды 
болып келеді.
Жарық қоңызы
Жарық қоңызы – 
биолюминесцентті 
түнгі қоңыздар. Жарық 
қоңызының шамамен 
2000 түрі белгілі. Негізінен, 
олар әлемнің орташа темпера-
туралы және тропиктік 
аймақтарында кездеседі. 
Бұл қоңыздардың 
кұрсақтарында жарық 
шығаратын арнайы 
мүшелері болады. Олардың 
дене жасушаларындағы 
люциферин оттегі мен 
люцифераза ферментінің 
әсерінен тотығып жарық 
шығарады. Бұл реакция 
қоңыз тыныс алып, оттегі 
жеткілікті болған жағдайда 
ғана орын алады.
Геркулес қоңызы
Геркулес қоңызы – ең үлкен мүйізтұмсық 
қоңыздар. Олар Орталық және Оңтүстік 
Американың тропиктік ормандарын ме­
кендеп,  ең жақсы көретін азықтары – 
шіріп жатқан ағаштарды іздеп, орман 
топырағында жүреді.
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
Жәндіктер
139

Тарақандар мен термиттер
Тарақандар мен термиттер бір-біріне туыстас. Тарақандар – кең 
тараған үй зиянкесі. Олар полюстерден басқа әлемнің барлық 
бұрыштарынан кездеседі. Термиттер де басты зиянкес болып 
саналады. Олар ағаш бұйымдарына, дақылдар мен плантацияларға 
орасан зор  зиян келтіреді.
Тарақандардың дене сипаттамалары
Тарақандардың жалпақ сопақша пішінді 
денелері болады. Тарақандардың мықты сыртқы 
қабаты болады, тарақандар өздері өскен сайын 
қабаттарын жаңасына ауыстырып отырады. Әдетте, 
тарақандардың өлшемі 2-9 см, ал салмақтары 
30 г-дай болады. Барлық тарақандардың көздері 
күрделі болып келеді, яғни олар бірден әр түрлі 
бағытқа қарай алады. Әрбір көздің шамамен 
2 000 көз жанары бар. Тарақандардың иіс сезуіне 
көмектесетін ұзын қатты мұртшалары болады. 
Сонымен қатар, олар ауыздарымен де иіс сезе алады. 
Тарақандардың дене ерекшеліктеріне байланысты 
ең таңғаларлық жайттардың бірі – олардың бір 
аптадан артық уақыт бойы бассыз тірі жүре алуы. 
Алайда бір апта өткеннен соң басынан айырылған 
тарақан өледі. Бұған оның шөлдеп, басы болмаған 
соң ауызсыз су іше алмауы себеп болады. 
Америка тарақаны
Америка тарақаны – кәдімгі тарақанның ең үлкен 
түрі. Оны Америка Құрама Штаттарының оңтүстік-
шығыс жағынан кездестіруге болады және  ол басты 
зиянкес деп саналады. Оның ұзындығы 4 см-ге 
дейін жетеді. Америка тарақаны – ең жылдам 
жүгіретін жәндіктер. Бұл тарақандар айтарлықтай 
жылы аймақтардың қараңғы ылғалды жерлерін 
мекендейді. Олар суық температураларға төзе 
алмайды. Әдетте, бұл тарақандар кең тараған үй 
зиянкесіне жатады, олар үй іргелері мен кәріздер 
жүйесінде тығылып, шіріп жатқан органикалық 
заттармен қоректенеді.
Термиттердің ұясы
Термиттер  
Термиттер – аралар секілді үлкен қауымда бірігіп тұратын 
қоғамдық жәндіктер. Бір қауымға бірнеше жүзден бірнеше 
миллионға дейін мүше кіруі мүмкін. Құмырсқалар 
топтары секілді термиттердің топтарында да аналық, 
аталық термит және жұмысшы термиттер болады. 
Аталық термит патшайыммен өмір сүреді. Жұмысшы 
термиттер азық жинауға, жас термиттерді күтуге 
және ұяны сақтауға жауапты болса, солдат 
термиттер ұяны жаулардан қорғауға жауапты.
140

Тарақанның жұмыртқалары мен 
балалары
Аналық тарақандар жұмыртқа салып, 
оларды сақтықпен қабықшаның ішіне 
орналастырады. Бір қабықшада шамамен 
250 жұмыртқа болады. Көптеген аналық 
тарақандар қабықшаны құрсақтарының 
аяқ жағында алып жүріп, оларды тек 
ашылудың алдында ғана тастайды. Жас 
тарақандар шамамен үш-төрт айдың 
ішінде ересек формаға айналады.
Азиялық тарақан
Азиялық тарақандар – ұсақ тарақандар. Олардың 
ұзындықтары 2,5 см­ге дейін болады. Әдетте, 
олардың түсі қоңыр болып келеді. Азиялық 
тарақандардың қанаттары мықты және жақсы 
ұшады. Азиялық тарақан мен неміс тарақанының 
көп ұқсастықтары бар. Олардың арасындағы 
жалғыз айырмашылық – құрсақ бөліктеріндегі бір 
кесіктің пішіні мен аталықтарында кішкентай 
бездердің болуы.
Мадагаскарлық ысылдағыш тарақан
Мадагаскар аралдарында кездесетін ысылдағыш 
тарақан – ең үлкен тарақандардың бірі. 
Олар қатты ысылдаған дыбыс шығаратын 
болғандықтан ысылдағыштар деп аталады. 
Олар екі түрлі дыбыс шығарады: үрейлендіру 
ысылы және шайқасу ысылы. Бұл тарақандардың 
қанаттары болмайды, басқа тарақандар секілді 
ұша алмайды. Бұл зиянсыз жәндіктерді арнайы 
үйде өсіреді. 
Алып бразилиялық тарақан
Алып бразилиялық тарақан – 
әлемдегі ең үлкен тарақандардың 
бірі. Оның ұзындығы 9 см­ге 
дейін жетеді. Бұл тарақанды 
Панаманың жағалау аймақтарынан, 
Үндістанның батысынан және 
Оңтүстік Американың тропиктік 
ормандарынан кездестіруге 
болады. Әдетте, алып бразилиялық 
тарақандар күндіз қараңғы 
үңгірлерді мекендеп, түнде азық 
іздеуге сыртқа шығады.
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
Жәндіктер
141

Шырылдауық шегірткелер, көк шегірткелер 
және кәдімгі обыр шегірткелер
Шырылдауық шегірткелер, көк шегірткелер және кәдімгі обыр шегірткелер бір-бірімен 
туыстас болып келеді. Әсіресе, обыр шегіртке мен көк шегірткелер бір-біріне өте ұқсас. Бұл 
жәндіктердің барлығының денелері ұзындау, ал артқы аяқтары секіруге ыңғайлы болып 
келеді.  Аталған жәндіктер қанаттарының көмегімен дыбыс шығара алады.
Көк шегіртке
Көк шегіртке әлемнің тропиктік аймақтарында 
кездеседі. Көк шегірткелердің шамамен 10 000 түрі 
белгілі және әлі де ашылмаған түрлері бар. Көк 
шегірткелердің түсі жасыл, қоңыр немесе ашық 
жасыл болып келеді. Барлық жәндіктер секілді бұл 
шегірткелердің де сыртында қатты қабықтары болады. 
Олардың денесі үш бөлікке бөлінген: басы, кеудесі және 
құрсақ бөлігі. Олардың екі мұрты, алты аяғы және екі 
қос қанаты бар. Көк шегірткелердің екі түрі бар, олар:  
ұзын мұртты және қысқа мұртты шегірткелер. Аты 
айтып тұрғандай-ақ, ұзын мұрттылардың мұрты ұзын 
болып, қысқа мұрттылардың мұрты қысқа болады. 
Көк шегірткелердің секіруі
Көк шегірткелер өздерінің алыс 
қашықтыққа секіре алу қабілеттерімен 
белгілі. Олардың мықты ұзын аяқтары 
жоғары жылдамдықпен секіруіне 
мүмкіндік береді. Олар өз денелерінің 
ұзындықтарынан 20 есе үлкен 
қашықтыққа секіреді. Негізінен, 
көк шегірткелердің көбі тек секіріп 
қимылдауға бейімделгендіктен, өздерінің 
бастапқы ұшу қабілеттерінен айырылған.
Кәдімгі обыр шегіртке
Кәдімгі обыр шегірткелер – жалғыз 
жүретін жәндіктер. Алайда олар тобыр 
болып жүретін сатыдан өтеді. Осы кезеңде 
миллиондаған шегірткелер жиналып, 
бұлттай болып ұшып, дақылдар мен 
өсімдіктерді құртады. Олардың әкелген 
шығыны өте үлкен болуы мүмкін. Кей 
кездері олар бар қорек көзін жойып, 
ашаршылық тудыруы да ықтимал. Обыр 
шегірткелер секілді бұлт болып ұшатын 
көк шегірткелер де өте қауіпті болып 
табылады.
Қысқа мұртты көк шегіртке 
142

Шырылдауық шегіртке
Шырылдауық шегірткелердің жалпақ денелері және 
ұзын мұрттары болады. Олар көк шегірткелерге өте 
ұқсас болып келеді. Бұл шегірткелер Антарктида 
мен Солтүстік полюстен басқа әлемнің барлық 
түкпірлерінде кездеседі. Олардың ұзын мұрттары, 
ұзындау келген денелері және қатты қабықтары 
болады. Әдетте, олардың түсі қоңыр немесе қара 
түсті болып келеді. Шырылдауық шегірткелер – 
түнгі жәндіктер. Олар түнде азық іздеп шығады. 
Олардың көбі өсімдіктермен, басқа жәндіктермен, 
саңырауқұлақтармен және адамның азығымен 
қоректенеді.
Шырылдауық шегірткенің әні
Шырылдауық шегірткелер жоғары дауысты әндерімен 
белгілі. Мұндай дыбысты тек аталық шегірткелер 
ғана шығара алады. Олардың қанаттарында шығыңқы 
тұстары немесе «тістері» болады. Шырылдауық 
шегірткелер қанаттарын қаққанда сол тістері бір-
бірінің арасынан өтіп, дыбыс шығарады. Әндері 
шақыру және серігінің көңілін табу әндері болып 
бөлінеді. Екі әннің ішінде шақыру әндері қаттырақ 
болады. Аталық шырылдауық шегіртке аналық 
шырылдауықтың назарын өзіне аудару үшін шақыру 
әнін салады. Ал аналық шырылдауық шегіртке 
жанына жақындағанда көңілін табу әнін салады.
Үңгір шырылдауық шегірткесі
Аты айтып тұрғандай-ақ үңгір шырылдауық 
шегірткелері құдықтар, шіріген діңдер, жартастар мен 
жыралардағы жарықтар секілді ылғалды аймақтардың 
үңгірлерін мекендейді. Олар – дыбыссыз және 
қанатсыз шегірткелер. Бұл шегірткелердің бүкірейген 
арқасы, үлкен артқы аяқтары және ұзын мұрттары 
болады. Денелері ұзындау болып, 5 см-ге дейін жетеді.
Ағаш шырылдауық шегірткесі
Ағаш шырылдауық шегірткелері – 
ағаштар мен бұтақтарды 
мекендейтін түнгі 
шегірткелер. Әдетте, 
олардың түсі ашық 
жасыл болып келеді. 
Ағаш шегірткелерінің 
ұзын жіңішке 
денесі және ұзын 
мұрттары болады. 
Ересек ағаш 
шырылдауық 
шегірткелерінің 
қанаттары 
болады.
Жасыл шегіртке 
Жасыл шегірткелер – ұзын мұртты көк 
шегірткелер. Олардың ұзын жіпке ұқсас 
мұрттары болады. Кей кездері мұрттарының 
ұзындығы денелерінің ұзындығынан асып кетуі 
мүмкін. Олар жапырақтармен, гүлдермен 
және тұқымдармен қоректенеді.  Алайда, 
кейбір түрлері жыртқыш болғандықтан, 
жәндіктермен, ұлулармен немесе басқа 
да омыртқалылармен қоректене алады. 
Бұлар Оңтүстік Америкада көп кездеседі. 
Амазонканың тропиктік орманы жасыл 
шырылдауық шегірткелердің 2000­дай түріне 
баспана болып табылады.
Жапырақ шегірткесі
Жапырақ шегірткелері түсі ашық жасыл 
және  пішіндері жапырақ тәрізді болып келеді. 
Бұл  оларға өсімдіктер арасында тығылып 
қалып, жауларынан қорғануына көмектеседі.
Дала шырылдауық шегірткесі
Ағаш шырылдауық 
шегірткесі 
өсімдіктермен 
және жәндіктермен 
қоректенеді 
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
Жәндіктер
143

Бір күндік 
шыбындар, 
инеліктер және тең 
қанатты инеліктер
Бір күндік шыбындар, инеліктер және тең 
қанатты инеліктер қанатты жәндіктер 
тобына жатады. Әр түрлі қанатты және 
тең қанатты инеліктер  ең қарапайым 
жәндіктердің бірі. Олар шамамен 300 миллион 
жыл бұрын пайда болған.
Бір күндік шыбын
Бір күндік шыбындар – жұмсақ денелі және 
түссіз қанатты су жәндіктері. Олардың қысқа 
мұртшалары болады. Көптеген тамырлары 
бар  төрт қанаты болады. Алдыңғы қанаттары 
үлкендеу, ал артқы қанаттары кішірек, 
желпуіш тәрізді болып келеді. Бір күндік 
шыбындар ересектерінің өте қысқа уақыт 
өмір сүрулерімен белгілі. Ересек бір күндік 
шыбындардың өмірі бірнеше минуттан бірнеше 
сағатқа ғана созылуы мүмкін. Олардың өмірінің 
осыншалықты қысқа болуының себебі – 
олардың қоректенуге қабілетсіздігі.
Мекен ететін орталары
Бір күндік шыбындар Солтүстік жарты шардың 
орташа температуралы аймақтарында кездеседі. 
Бір күндік шыбындардың шамамен 2500 түрі 
белгілі. Тек Солтүстік Американың өзінде бұл 
шыбындардың шамамен 650 түрі бар. Барлық 
бір күндік шыбындар тұщы суларды мекендейді. 
Оларды өзендерден, көлдерден, тоғандардан және 
тау суы ағыстарынан көруге болады. Бір күндік 
шыбындар ластануға өте сезімтал, сондықтан да 
ластанған суларда өмір сүре алмайды. 
Бір күндік шыбындардың өмір сүру циклі
Ұрғашы бір күндік шыбын суға жұмыртқа салады. 
Олар жұмыртқаларды судың бетінде немесе астында 
салуы мүмкін. Жұмыртқадан жетілмеген дернәсілдер 
дамып, су бетіне жүзіп шыққанша бірнеше түлеу 
кезеңдерінен өтеді. Су бетіне жеткенде олар 
түлеп, қанатқа ие болады. Бұл кезеңде шыбындар 
субимаго деп аталады. Субимаголар жақын маңдағы 
су өсімдіктеріне ұшып барып, ересек бір күндік 
шыбынға айналады. Бұл кезең «имаго» деп аталады, 
яғни жәндіктің соңғы кезеңі болып саналады. 
Жұмыртқадан бастап ересекке дейін жетілу кезеңі бір 
жылға созылады, ал ересек кезеңі бір немесе екі күнге 
ғана созылады. Осы кезеңде ересек шыбындар ұшып, 
осы ұшуы барысында шағылысады. Әдетте, аталық 
шыбын шағылысқан соң бірден өлсе, ұрғашысы 
жұмыртқа салғаннан соң өледі.
Ересек бір күндік шыбын 
144

Әр түрлі қанатты инеліктер
Әр түрлі қанатты инеліктердің 
шамамен 5300 түрі белгілі. 
Әдетте олар әлемнің барлық 
орташа температуралы аймақтарында 
кездеседі. Бұл инеліктердің жақтары 
өте мықты. Олар – етқоректі, сондықтан 
да басқа жәндіктермен қоректенеді. 
Бұл инеліктер өте жақсы ұшады, көру 
қабілеттері де жоғары. Олар затты 12 м 
қашықтықтан жақсы көре алады. Олардың 
үлкен күрделі көздері болады. Әрбір көзінің 
шамамен 30000 көз бұршағы болуы мүмкін.
Әр түрлі қанатты инеліктердің өмір сүру 
циклі
Ұрғашы инеліктер су астында жұмыртқа салады. 
Жұмыртқалар дернәсілдерге дамиды. Бұл 
дернәсілдер су астында бірнеше ай немесе жыл 
өткізеді. Су астында дернәсілдер бірнеше рет түлеп, 
жетіледі.  Олар соңғы түлеуге дайын болғанда 
судың түбінен құрғаққа қарай шығады. Соңғы 
түлеу барысында олардың жабындары бұзылып, 
ішінен қанатты ересек инелік шығады.
Кәдімгі әр түрлі қанатты инеліктер
Кәдімгі әр түрлі қанатты инеліктер – Еуропаның, 
Азияның және Солтүстік Американың кейбір 
бөліктерінің жергілікті үлкен әр түрлі қанатты 
инелігі. Оның ұзын көк, жасыл немесе сары 
дақтары бар қоңыр денесі болады.
Нағыз инеліктер
Нағыз инеліктер әр түрлі қанатты инеліктердің 
үлкен тобын құрайды. Бұл тұқымдастың мүшелерін 
Австралия мен полюстерден басқа әлемнің барлық 
жерлерінен кездестіруге болады. Саны жағынан әр 
түрлі қанатты инеліктердің ішіндегі ең көбі болуымен 
қатар олар бұл инеліктердің ішіндегі ең ашық түстілері 
де болып табылады. Олар масалармен, шіркейлермен 
және басқа да зиянкестермен қоректеніп, пайда 
келтіреді. 
Тең қанатты инеліктер
Тең қанатты инеліктер әр түрлі қанатты 
инеліктерге қарағанда кішірек келеді. Әр 
түрлі қанаттылар мен тең қанаттыларды 
ажырататын тағы бір ерекшеліктері – 
олардың қанаттарының орналасуы. Әр түрлі 
қанаттылар демалып жатқанда қанаттарын 
арқаларына орап алса, тең қанаттылар 
қанаттарын жайып алады.
Әр түрлі қанатты инеліктердің 
ерекше ұшу қабілеттері бар. Олар әр 
түрлі бағыттарда ұша алады
Кәдімгі көк құйрықты инелік 
Он екі дақты нағыз инелік
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
Жәндіктер
145

Көбелектер мен шатырқанат 
көбелектер
Көбелектер мен шатырқанат көбелектер әлемдегі ең әдемі жәндіктердің бірі болып 
табылады. Көбелектердің түрлі түсті өрнектерді түзетін ұсақ қабыршақтармен қапталған екі 
үлкен қанаты болады. Шатырқанат көбелектердің де қабыршақты қанаттары болғанымен, 
олар көбелектерден өзгеше болып келеді. Көбелектер ашық түсті және күндіз белсенді 
болады. Ал шатырқанат көбелектердің көбінің түсі солғын болып келеді және түнде белсенді 
болады. Оларды тыныштықтағы қанаттарының орналасуы бойынша ажыратуға болады: 
көбелектердің қанаттары көтеріліп тұрса, шатырқанат көбелектер қанаттарын ашып, 
арқаларына қарай бүгіп қояды. 
Көбелектердің қоректері
Көбелектер гүл шырындарымен қоректенеді. 
Гүл шырынын сіміру үшін олар гүлге 
қонып, түтік тәрізді тілдерін гүлге кіргізеді. 
Кейбір көбелектер ағаш шырындарымен, 
тозаңдармен, шіріп жатқан жемістермен 
және жануарлардың қиымен де қоректенеді.
Монарх көбелегі
Монарх көбелегі – ең үлкен көбелектердің бірі. 
Оның қанат құлашы 9-10 см болады. Бұл әдемі 
көбелектер Солтүстік Америкада, Еуропа мен 
Австралияның кей бөлік терінде кездеседі.
Монарх көбелегінің  орын ауыстыруы
Монарх көбелегі де көп жануарлар секілді 
жылда орын ауыстырып отырады. Жыл сайын 
миллиондаған көбелектер күзде Канададан 
Орталық Мексикаға қарай 5000 км-дей 
қашықтыққа дейін көшіп, сонда қыстайды. 
Олар күніне 130 км-дей қашықтыққа ұшады. 
Жолында гүл шырындарымен қоректенуге 
тоқтайды.
146

Атлас көбелегі
Атлас  көбелегі – ең үлкен шатырқанат көбелек. Мұны Оңтүстік­
шығыс Азия мен Оңтүстік Қытайдан кездестіруге болады. Оның 
қанат құлашы 25 см, ал қанат үсті аймағы 165 шаршы см болады. 
Атлас шатырқанат көбелектерін фагара жібегін өндіру үшін өсіреді. 
Тотықұс түсті көбелек
Тоты құс түсті көбелек қанаттарындағы үлкен көз тәрізді 
дақтары үшін осылай аталады. Бұл дақтар тотықұс 
қанаттарындағы дақтарға ұқсас келеді. Тотықұс түсті 
көбелектер Еуропа мен Азияның гүлдері көп және 
орташа температуралы аймақтарын мекендейді. Ересек 
тотықұс түсті көбелектер қыстыгүні ұйқыға көшеді. 
Олар жартастардың үңгірлеріне немесе ағаштардың 
түбіріне  тығылып, көктемде шығады.
Көк морфо
Көк морфо – Оңтүстік Американың тропиктік орман-
дарында кездесетін әдемі көбелек. Олар көбіне орман 
түбінде жүреді. Бұл әдемі көбелектердің өмір сүру мерзімі 
қысқа, небәрі 115 күнді құрайды. Осы уақыт аралығында 
олар уақыттарын қоректенумен және көбеюмен өткізеді.
Александра патшайымның құс қанатты көбелегі
Александра патшайымның құс қанатты көбелегі – 
әлемдегі ең үлкен көбелек. Оның қанат құлашы 33 см,
ал ұзындығы шамамен 8 см болады. Бұл әдемі 
көбелектерге жойылу қаупі төніп тұр. Мұның мекен 
ететін ортасы Папуа – Жаңа Гвинеяның жағалау 
тропиктік ормандарында 98 шаршы километрге ғана 
шектеліп отыр. Александра патшайымның құс қанатты 
көбелегінің жойылуының бір себебі – олардың мекен 
ететін орталарының бұзылуы.
Шұбар көбелек
Шұбар көбелектер Солтүстік Американың, Еуропа мен 
Азияның көп бөліктерінде кездеседі. Бұл көбелектің 
қанат құлашы 4-10 см болады. Шұбар көбелектердің көп 
түрлерінің әдетте қара немесе қоңыр өрнектері бар ашық 
қызыл-сары түсті қанаттары болады.
Цинтия шатырқанат көбелегі
Цинтия шатырқанат көбелегі – Азияның жергілікті жібек 
өндіретін көбелегі. Сонымен қатар, оны айлант жібек көбелегі 
деп те атайды.
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
Жәндіктер
147

Цикадалар, 
шіркейлер және 
дельфацидтер
Цикадалар, шіркейлер және дельфацидтер теңқанаттылар 
тобына жатады. Бұл топтың жәндіктері құрсақтарының 
үстінде шатыр секілді бүгілетін алдыңғы жарғақты немесе 
қалыңдатылған қанаттарымен сипатталады. Олардың 
тесетін, соратын ауызы, сонымен қатар, басының ортасында 
немесе артында орналасқан мұртшалары қысқа немесе ұзын 
жіп тәрізді болады.
Цикада
Цикадалардың денелері мығым, бастары жалпақ болып келеді. 
Қысқа мұртшалары, үлкен көздері және түссіз тамырлы 
қанаттары болады. Әлемде цикадалардың 2500-ден 3000-ға 
дейінгі түрі белгілі. Олар әлемнің орташа температуралы 
және тропиктік аймақтарында көбірек кездеседі. Көбіне 
оларды ауыл шаруашылығы зиянкестері деп санайды. Жас 
дернәсілдері жер астындағы індерінде өсімдік тамырларын 
сорып өмір сүреді. Нәтижесінде ағаштарды бүлдіреді. 
Цикадалардың дыбыстары
Цикадалар өздері шығаратын ерекше 
дыбыстарымен белгілі. Кей кездері 
олардың дыбыстарын бір жарым 
шақырым жерден естуге болады. 
Аталық цикадалардың дыбыс 
шығаратын мүшесі денесінің астыңғы 
жағында орналасады. Цикадалар 
әр түрлі дыбыс шығарады. Кейбір 
дыбыстарының қаттылығы соншалық, 
олар адамның есту шегінен асып кетеді.
Цикада 
Шіркей
Шіркейлер өсімдіктермен қоректенеді. Олар өсімдіктерге 
орасан зор зиян келтіреді.  Олар өсімдіктердің шырын­
дарымен қоректену  барысында көбіне өсімдіктерге 
вирустар жұқтырады. Шіркейлердің 4400­дей түрі белгілі. 
Олардың ішінде шамамен 250 түрі өте үлкен зиянкестер 
деп саналады. Шіркейлер өте ұсақ болады. Олардың 
ұзындықтары 2 см­ге де жетпейді, көбі жасыл түсті, 
жұмсақ денелі болып келеді. Сонымен қатар, қара, қоңыр 
немесе қызғылт түстілері де көп кездеседі.
Құмырсқалар мен шіркейлер
Құмырсқалар мен шіркейлер бір­біріне пайдалы қатынас 
түзеді. Кейбір құмырсқалар шіркейлерді қорғайды. Оның 
есесіне, олар шіркейлер бөліп шығаратын шырынмен 
қоректенеді. Бұл симбиозды қатынас түзеді. Көбіне 
оларды фермерлік шіркейлер деп те атайды. Қыс кезінде 
құмырсқалар шіркейдің жұмыртқаларын қорғайды, 
жұмыртқалар жарып шыққан кезде шіркейдің балаларын  
жаңа өсімдіктерге апарады да, аталған үрдіс қайтадан 
басталады.
148


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет