Жануарлар



Pdf көрінісі
бет2/17
Дата27.03.2017
өлшемі13,22 Mb.
#10527
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Арыстан
Барлық мысық тұқым дастардың ішіндегі ең 
танымалы – арыстандар. Қызыл-қоңыр терісі бар 
арыстанда ғана үрпиген құйрық пен жал болады. 
Тек еркек арыстандарда ғана жал өседі. Арыстандар – 
ең көпшіл мысықтар. Олар прайдтар деп аталатын 
үлкен топтарда өмір сүреді. Әдетте, прайд ересек 
ұрғашы арыстандар мен олардың күшіктерінен 
тұрады. Прайд мүшелері баланы қоректендіру 
жауапкершілігін өзара бөліседі.
Арыстандардың түр тармақтары мен таралуы
Арыстандардың сегіз түр тармағы бар. Бұл түр 
тармақтарының ішіндегі ең үлкені – жалды арыстан. 
Бұл – қазір табиғатта жойылып кеткен түр. Тағы да 
жойылған түрге Африка арыстаны жатады, ол 
1860 жылы құрып бітті. Арыстандардың басқа да түр 
тармағына Үндістандағы Гир орманында кездесетін 
Азия арыстаны, Батыс Африкада кездесетін 
батысафрикалық арыстан, Конгода кездесетін 
Солтүстік-шығыс Африка арыстаны, Африканың 
оңтүстік-батысында кездесетін Оңтүстік-батыс 
Африка арыстаны және де Африканың оңтүстік-
шығысында кездесетін Оңтүстік-шығыс Африка 
арыстаны жатады.
Ягуар
Ягуар – үлкендігі жағынан жолбарыс пен 
арыстаннан кейінгі үшінші мысық. Әдетте 
ол Оңтүстік және Орталық Американың ну 
ормандары, ағашты аудандары мен саванна-
ларында өмір сүреді. Бұл – Оңтүстік Америкадағы 
ең үлкен және күшті мысық. Бұл – мықты, қысқа 
бойлы және бұлшық етті денелі, үлкен басты аң. 
Мұның денесіндегі сары немесе қызғылт түсті 
терілерін дақтар мен теңбілдер (қара, формасы 
жоқ дөңгелекшелер) қаптап жатады. Кейбір 
ягуарлар өздері қара болып келеді. Олар Оңтүстік 
Американың ну ормандарында жүреді. Қара 
ягуарларды әдетте ілбісін деп атайды.
Қабылан
Қабыландар – мысық тұқым дастардың ішіндегі 
ең епті, жылдам жүгіруге бейімделген жыртқыш 
аң.  Олардың ұзын құйрығы, үлкен басы және 
күшті бұлшық етті денесі болады. Олар өте 
жақсы өрмелеп, жүзе алады. Қабыланның ашық 
қызыл-қоңыр сарғыш терісін дақтар басып 
жатады. Қабыландар кез келген ортада қорегін 
табуға дағдыланған. Олар Африкадағы Сахара 
маңында, Солтүстік-шығыс Африкада, Орталық 
Азияда, Үндістанда және Қытайда өмір сүреді.
мысық тұқымдас 
ірі жануарлар
Қабыландардың 
алыстан көру 
қабілеттері өте 
жоғары
Әдетте 
тропиктік 
қараңғы 
ормандарда 
кездесетін 
ягуарлардың 
түсі қара болып 
келеді.

Жолбарыс
Жолбарыстар – барлық жабайы мысықтардың ішіндегі ең үлкені. 
Олардың жолақталған ерекше әдемі терісі болады. Негізінде, 
жолбарыстар жолақты жүні бар жалғыз мысық болып табылады. 
Сонымен қатар, олар – әлемде жойылып кету қаупінде тұрған 
жануарлардың бірі.  ХХ  ғасырдың басында әлемде шамамен 
100 000 жабайы жолбарыс болған. Ал қазіргі таңда шамамен 
6 000 данасы ғана қалған. Көптеген аймақтардағы аңшылық пен 
тіршілік ету орталарын құрту олардың санын азайтып жіберді. 
Адамдар жолбарыстарды әдемі терілері үшін аулайды. 
Тіршілік ортасы және жолбарыстардың 
түр тармақтары
Жолбарыстар саванналар, тропиктік ормандар 
және қарлы ормандар секілді түрлі орталарда 
өмір сүре алады. Жолбарыстардың сегіз түр 
тармағы бар, олардың үшеуі: каспийлік, 
малайзиялық және балилік жолбарыстар 
құрып кету алдында тұр. Қытай жолбарысы 
деп аталатын төртінші түр тармағы да жойылу 
алдында тұр деп есептеледі.
Сілеусін
Әлемдегі ең жылдам жануар – сілеусіндер сағатына 
110 км-ге дейін жүгіре алады. Олардың ұзын 
аяқтары мен ықшамды денелері құрбандарына жету 
үшін жоғары жылдамдыққа жүгіруге бейімделген. 
Қара дақтардан тұратын әдемі терісі оларды басқа 
үлкен мысықтардан ерекшелеп тұрады. Сонымен 
қатар мұрындарының жандарынан аузына қарай 
бағытталған ұзын қара сызығы болады.
Өзінің 
құрбанын 
қуып келе 
жатқан 
сілеусін
Сібірлік 
жолбарыстар 
негізінен 
Ресейдің 
аққайыңды 
ормандарын 
мекендейді.
Тістері
Көптеген етқо­
ректілермен 
салыстырғанда 
мысықтардың 
тістері азырақ 
болады. Олардың 
жақтарының 
алдында және 
артында үшкір 
күрек тістердің 
кішкене қатары 
бар. Олардың 
үлкен және ұзын 
иттістері құр­
банын жұлып, 
тістеуге 
мүм кін дік береді. Иттістерінің артында 
үстіңгі және астыңғы жақтарда азу тістер 
болады. Азу тістері қайшы секілді бір­бірімен 
үйлесіп орналасып, құрбанының қалың терісін 
жұлмалап жыртуға көмектеседі. 
Қарақал
Қарақал – мысықтар тұқымдасына жататын жыртқыш 
аң. Қазақстанның шөл, шөлейтті жерлерінде және тау 
аңғарында кездеседі. Денесінің ұзындығы 70-80 см, 
құйрығының ұзындығы 20-32 см, салмағы 8-12 кг.  
Құлағының сыртқы жағы түгелдей қара. Арқасы 
қоңыр сары, бауыры ақшылдау. Құлағының ұшында 
ұзын шашағы болады. Қарақал – шапшаң қозғалатын 
жыртқыш. Негізінен, тышқандарды, қосаяқтарды, 
бауырымен жорғалаушыларды, жәндіктерді азық 
етеді. Қарақалдар ін қазбайды, түлкінің, т.б. індерін 
паналайды. Жыл сайын саны азаюда, сондықтан 
қорғауға алынып,  Қазақстанның «Қызыл кітабына» 
енгізілген. Қазір қарақал Қазақстанда Үстірт қорығында, 
Ақтау-Бозащы, Қарақия-Қарақол қорықшаларында 
кездеседі. 
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
сүтқоректілер
11

Қасқырлар – иттер тұқымдасының ең үлкен мүшелері. 
Олар шибөрілер мен үй иттеріне өте жақын. Алайда 
олар шибөрілермен және үй иттерімен салыстырғанда 
үлкенірек.  Жақтары күшті, аяқтары мықты болып 
келеді және үлпілдек жүнді құйрығы бар. Кезінде 
Солтүстік жарты шарда көп болған. Қазіргі кезде  
Солтүстік Америка, Еуропа және Азияның кейбір 
аймақтарында ғана кездеседі.
Қасқырлар
Үйір құратын жануарлар
Қасқырлар – топ-топ болып үйірлер құрып тіршілік 
ететін жыртқыштар. Үйірде ересек аталық пен 
аналық, яғни басты жұптан және олардың 
ұрпақтары мен бірнеше туыс емес қасқырлардан 
тұрады. Қасқырдың бөлтіріктері ата-анасымен 
10-54 айға дейін бірге тұрады. Үйірді «көсемі» 
басқарады. Басты жұп ұрпақ көбейту 
үшін қосылады. Үйірде басты еркек 
қасқыр мен ұрғашы қасқырларға ғана 
ұрпақ әкелуге рұқсат етіледі. Үйірдің 
мүшелері жас бөлтірікке бірге 
қарап, бірге аңға шығады.
Байланыс
Қасқырлар да үй иттері секілді үреді, 
арсылдайды, қыңқылдайды, қыңсылайды, 
ырылдайды және ыңырсиды. Әсіресе, 
олар қатты ұлиды. Қасқырлар бір-бірімен 
байланысу үшін дауыс шығарудан бөлек әр 
түрлі дене қимылдарын да жасайды. Олар 
өздерінің ашулы екендігін көрсету үшін 
тістерін ақситып, басшы екендігін көрсету 
үшін құйрықтарын бұлғаңдатады.
Қасқырдың екі түрі мен түр тармағы
Қасқырлардың екі түрі бар, олар – сұр 
қасқырлар мен қызыл қасқырлар. Сұр 
қасқырлар солтүстік жарты шарда 
мекендейді. Арктикада кездесетін қасқырлар 
Поляр қасқырлары деп аталса, субарктикалық 
аймақтарда кездесетін қасқырлар қарапайым 
қасқырлар немесе шығыстық қарапайым 
қасқырлар деп аталады. Мексикалық сұр 
қасқыр сұр қасқырлардың түр тармағына 
жатады.
Сұр қасқыр
Сұр қасқырлар – барлық жабайы иттер тұқымдастарының 
ішіндегі ең үлкен түрлері. Олар, әдетте, ақшыл сұр немесе 
қара түсті, тіпті түгел ақ түсті болады. Сұр қасқырлардың 
үлкен тобы 1930 жылдарға дейін Солтүстік Америкада 
кездескен. 1930 жылдардағы кеңінен таралған аңшылық 
қасқырлардың санын кемітіп, олар қазір тек Канада мен 
Америка Құрама Штаттарының Аляска, Айдахо, Мичиган, 
Миннесота, Монтана, Висконсин және 
Вайоминг штат тарында кездеседі.  
Мексикалық сұр қасқыр
Ұлып тұрған сұр 
қасқыр
12

Поляр қасқыры
Поляр қасқыры (ақ қасқыр деп те 
аталады) – канадалық Арктиканың 
солтүстігінде немесе Гренландияның 
кейбір бөліктерінде өмір сүретін 
сұр қасқырлардың бір түрі. Қазіргі 
таңда сұр қасқырлардың ішінде осы 
түрге ғана қауіп төніп тұрған жоқ. 
Арктикалық қасқырлардың қақаған 
суық ауа райына төтеп беретін арнайы 
бір бейімділігі болады. Біріншіден, 
олардың аппақ терісі сұр қасқырлардың 
терісіне қарағанда қалыңырақ келеді. 
Екіншіден, құлақтары кішкентай, 
тұмсықтары мен аяқтары қысқа 
болады.
Қызыл қасқыр
Қызыл қасқырлар сұр қасқырлармен 
салыстырғанда кішірек келеді. 
Олардың түсі қызғылт реңкі бар 
қара, қоңыр, сұр немесе сары 
болады. Қызыл қасқырлар – 
қасқырлардың ішінде жойылып кету  
қаупі бар қасқырлар. 1980 жылдары бұл 
қасқырларды құртып жіберу шегіне дейін 
аулаған. Кейбір іс-шаралардан кейін ғана бірнеше 
дараларын фермаларда жасанды өсіріп, далаға 
жіберді. Қазіргі кезде әлемде жабайы өсіп жатқан 
50-80 ғана қасқыр бар.
Қазақстандағы  
қасқырлар
Қазақстанда қасқырлар 
шөлейт жерлерді, далалы 
және таулы аймақ тарды 
мекен дейді.  Елімізде 
қасқырдың төрт түрі 
кездеседі: Солтүстік 
қасқыры – қасқырлардың 
ішін дегі ең ірісі. Оның 
ересегінің салмағы – 
80 кг.  Дала қасқыры 
далалы жерлерде, ал 
салмағы 40 кг болатын 
шөлейт қасқыры еліміздің 
оңтүстігі мен батысында 
кездеседі. Тау немесе 
Тибет қасқыры таулы 
жерлерді мекендейді.   
Қоректері 
Қасқырлар етпен қатар жеміс-жидектерді 
де жейді. Сонымен қатар олар кішкене 
жәндіктермен, шұбалшаңдармен және 
өлекселермен қоректенеді. Олардың қорегі 
көбіне өздерінің өмір сүретін географиялық 
аймақтары мен маусымдарға тәуелді болады. 
Азық мол болған кезде олар өте көп қоректенеді. 
Алайда олар азықсыз бір аптадан аса жүре 
алады. Сұр қасқырлар бұғы, американдық бұлан, 
бұлан және солтүстік маралы секілді тұяқты 
жануарларға шабуыл жасайды. Ал мұндай үлкен 
жануарлар аз жерлерде олар қояндарды, тиіндерді, 
тышқандарды, тіпті құстарды аулайды. Жаз 
кезінде олардың қорегінің көп бөлігін құндыздар 
құрайды. Көптеген аймақтарда қасқырлар тіпті 
балықтарды да қорек етеді. Қызыл қасқырлардың 
қорегіне қояндар мен кеміргіштер сияқты 
сүтқоректілер, сонымен қатар жәндіктер, 
жидектер және кей кездері бұғылар да кіреді.
Поляр қасқыры бұғыларға, 
ақ қояндарға және 
маралдарға шабуыл 
жасайды.
Қызыл қасқырлардың көзі түнде жақсы 
көреді.  Олар түнде, таң алдында және 
қараңғыда шабуылға шығады.
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
сүтқоректілер
13

Мінез-құлықтары
Негізінен, түлкілер – түнгі жануарлар, яғни 
олар күндізге қарағанда түнде белсендірек 
болады. Олардың көру, иіс сезу және есту 
мүшелері өте жақсы дамыған. Түлкілер тамақ 
талғамайтын жануарларға жатады. Олар 
қояндар, тышқандар, құстар және жәндіктер 
секілді ұсақ жануарларды аулайды. Олар 
аңға жалғыз шығады, өздерінің құрбандарын 
аса қулықпен және төзіммен байқатпай аңду 
арқылы алады. Көптеген түлкілердің қорегі 
олардың өмір сүрген орталарына байланысты 
әр түрлі болып келеді. 
Кейбір түлкілер жемістерді, 
көкөністерді, балықты және 
жұмыртқаны да жей береді.
Түрлері
Түлкілер он екі түрге бөлінеді. 
Поляр түлкісі, Америка 
түлкісі, Африка түлкісі, 
Бенгал түлкісі, Ауған түлкісі, 
Оңтүстік Африка түлкісі, дала 
түлкісі, Тибеттік құм түлкісі, 
құм түлкісі, қарсақ, қызыл 
түлкі және фенек жатады.
Шығыс Америка қызыл түлкісі
Шығыс Америка қызыл түлкісі – 
Солтүстік Американы 
мекендейтін қызыл түлкілердің 
бір түрі.
Індері
Әдетте, түлкілер інде 
түнемейді. Олар құйрықтарына 
оранып алып ашық аспан 
астында ұйықтағанды ұнатады. 
Америкалық түлкілер ғана інде 
өмір сүргені болмаса, басқа 
түрлерінің көбі өмірге ұрпақ 
әкелер кезде ғана індерде өмір 
сүреді.
Сұр түлкі
Солтүстік Америка 
және Оңтүстік Америка 
аймақтарында кездесетін сұр 
түлкі нағыз түлкіге жатпайды. 
Ол арал және Козумель 
түлкісімен бірге солтүстік 
жарты шар түлкілеріне 
жатады. Сұр түлкі – ағашқа 
өрмелей алатын жалғыз түлкі.
Түлкілер – ең кіші жабайы иттер. 
Олардың аяқтары қысқа, тұмсықтары 
ұзын жіңішке, құлақтары тікірейіп 
тұратын үшбұрыш пішінді, терілері 
қалың және құйрықтары ұзын 
үлпілдек болады. Түлкілердің 
көздері мен мұрындарының 
арасында қара түсті үшбұрыш 
тәріздес сызық болады, сонымен 
қатар құйрықтарының ұшының 
түсі денелерінің қалған бөлігіне 
қарағанда басқаша түсті болып келеді. 
Түлкілер қос Америка, Еуразия және 
Африканың орманды, бұтақты және 
шөлді аймақтарын мекендейді.
Америка түлкісі
Америка түлкісі – үлкен 
құлақтары бар кішкене 
аң. Ол Америка Құрама 
Штаттарының батысы мен 
Мексиканың солтүстігіндегі 
құрғақ және шөлді аймақтарды 
мекендейді.
Қызыл түлкі
Қызыл түлкілердің қызғылт сары түсті терісі, тікірейген 
қара құлақтары, қара аяқтары мен табандары және 
ұзын үлпілдек құйрығы болады. Тек мойыны мен 
көкірек тұсындағы жүні ақ түсті болады. Олар – барлық 
түлкілердің ішіндегі ең көп тарағаны.  Қызыл түлкіні 
Орталық Америка мен Азиядан, Еуропа мен Африканың 
көп жерінен кездестіруге болады.  Түлкілердің бұл түрі 
ормандарға, шөпті аймақтарға, тауларға, шөлдерге және 
тіпті қала маңы секілді әр түрлі өмір сүру орталарына 
бейімделіп кеткен. Олар – өте үркек және күйгелек 
жануарлар, сондықтан да адамдардан аулақ жүреді.
Түлкілер
14

б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
сүтқоректілер
15
Түлкілердің құйрығы 
Түлкілер тепе-теңдікті сақтау үшін құйрықтарын 
пайдаланады. Сонымен қатар, олар құйрықтарымен 
өздерін жылытып қана қоймай, оны бұлғау арқылы 
басқа түлкілермен байланысады.
Қарсақ (дала түлкісі)
Қарсақ – дене тұрқы  45-
60 см, құйрығының 
ұзындығы 35 см, салмағы 
1,7-3,2 кг болатын терісі 
бағалы аң. Қарсақ 
Қазақстанның далалы, 
шөл-шөлейтті аймақтарын 
мекендейді. Қыс кезінде 
қарсақтың терілері өте 
қалың сұр түсті болса, жаз 
кезінде оның түсі сары, 
қоңыр немесе қызыл-
қоңыр түске айналады. 
Әдетте, бұл түлкілер 
жұп болып немесе бес-
алты мүшеден тұратын 
кішкентай топтарда өмір 
сүреді. 
Фенек түлкісі
Сахара шөлінде немесе Солтүстік Африканың 
басқа да аймақтарында кездесетін фенек түлкісі 
немесе шөл түлкісі – әлемдегі ең кішкентай түлкі. 
Оның едәуір үлкен құлақтары болады. Құлақтары 
ыстықты өзіне сіңіріп, ыстық ортада түлкінің 
денесінің салқын болуын қамтамасыз етеді.
Поляр түлкісі
Поляр түлкісі Солтүстік полюске жақын Еуропа, Азия, Солтүстік Америка, 
Гренландия және Исландияның арктикалық аймақтарында өмір сүреді. Олар 
тіпті -58°С-ге дейінгі төмен температураларға да шыдай береді. 
Олардың денесін жылытып тұратын қалың
 ақ жүнді терілері болады. Олардың терілері 
барлық жануарлардың ішіндегі ең 
жылысы, тіпті ақ аю мен поляр 
қасқырының да терілері мұның 
терісіне жетпейді. Олардың жүнді 
табандары, қысқа құлақтары және 
қысқа тұмсықтары болады, бұл 
ерекшеліктерінің бәрі олардың 
тундраның салқын ауасына 
бейімделуіне мүмкіндік береді. 
Поляр түлкісінің ақ терілері 
жаздыгүні сұр немесе 
қоңыр түске өзгереді.
Поляр түлкілерінің қоректері
Поляр түлкілері – қорек талғамайтын аңдар. 
Жаздыгүні, яғни қорек табу оңай болған кезде 
жолында кездескен барлық жануарды дерлік (тірі 
не өлі болсын) жей береді. Кейбіреулері, тіпті 
жәндіктер мен жидектерді де жейді. Сонымен қатар 
олар қоректің кейбір бөлігін қысқа, яғни тамақ 
тапшы кезге сақтап қояды. Ал қыс кезінде олар 
көбіне теңіз жануарларымен, олардың ішінде теңіз 
құстарымен және сақтап қойған тамақтарымен 
қоректенеді.
Поляр түлкілерінің ақ түсті 
терілері олардың қыстыгүні 
тығылып қалуына мүмкіндік береді.
Түлкінің 
күшіктері
Қарсақтардың 
тырнақтары ілмек 
тәрізді, олардың ағашқа 
өрмелеуіне көмектеседі.
Көбеюі
Әдетте түлкілер қыс кезінде шағылысып, 
ұрғашысы 50­55 күнге созылатын буаздық 
кезеңінен соң  2­ден 20­ға дейін күшіктерін 
дүниеге әкеледі. Ата­анасы күшіктеріне жаз 
бойы қарап, 
олар күзде өз 
тамақтарын 
тауып жейтін 
халге жеткенше 
асырайды. 

Шибөрілер, кайоттар және жабайы иттер, мысалы, 
африкалық жабайы иттер мен австралиялық динго – жабайы 
ит тұқымдасының мүшелері. Шибөрілер 
Африка, Азия және Еуропаның кей 
бөліктерінде кездессе, кайоттар Солтүстік 
Америкада мекендейді. Африкалық 
жабайы иттер Африканың 
жергілікті иттері болса, динголар 
Австралияның жергілікті иттері 
болып табылады.
Шибөрілер, кайоттар және 
жабайы иттер
Шибөрі
Шибөрі – ит тұқымдасына жататын жыртқыш. 
Дене тұрқы 80-90 см, салмағы 9-12 кг, пішіні 
қасқырға ұқсас, бірақ одан екі есе кіші жануар. Олар 
Қазақстанда Сырдарияның орта тұсынан оңтүстікке 
қарай кездеседі. Шибөрі өзен, көл бойындағы 
тоғайлы, қамысты жерде мекендейді, кейде шөлде, 
тау бауырында, елді мекенге жақын жерде де 
кездеседі. Олар қоян, тышқан, жылан, кесіртке, 
бақа, жануарлар өлексесімен, әр түрлі жемістермен, 
қарбыз, қауынмен қоректенеді.  
Мінез-құлықтары
Шибөрілер үйірлер деп аталатын топтарда өмір сүреді. 
Бір үйір ата-аналар жұбы мен олардың балала рынан 
тұрады. Олар бірге тұрып, бірге шабуылға шығады. 
Отбасы, әдетте, күндіз үңгірлерде немесе ағаш 
бұтақтарының арасында жапырақтардың астында 
жасырынып жатып, түнде қорек іздеп шығады. 
Шибөріоердің ата-анасы бірге күшіктерін өсіруге 
қатысады.
Шибөрілердің 
түрлері
Шибөрілердің үш 
түрі бар, олар: алтын 
шибөрі, қара жонды 
шибөрі және кәдімгі 
шибөрі. 
Кәдімгі шибөрі
Кәдімгі шибөрі – ең көп тараған шибөрінің түрі. 
Оның терісінің түсі қоңыр немесе алтын түсті, кейде 
қызыл түске дейін, тек арқа жағында ғана қара 
дақтар болады. Тамағының астында өзіне ғана тән 
ақ дағы болады.
Қара жонды шибөрі
Қара жонды шибөрілердің осылай 
аталу себебі олардың бас жағынан 
басталып, құйрықтарының 
ұшына дейін  қара жолақ созылып 
жатыр. Олар – салмағы 4­9 кг 
болатын ұсақ қасқырлар. Қара 
жонды шибөрілердің екі түр 
тармағы бар, оларға оңтүстіктік 
қара шибөрі және шығыстық 
қара жонды шибөрілер жатады. 
Шығыстық қара жонды шибөрілер 
Аден шығанағынан оңтүстікке 
қарай Танзанияға дейінгі аймақта 
кездессе, оңтүстіктік қара жонды 
шибөрілер оңтүстікте, Қайырлы 
Үміт мүйісінен Оңтүстік­батыс 
Анголаға дейін және шығыста 
Зимбабве мен Мозамбикке дейінгі 
аралықта кездеседі.
Азиялық қызыл ит
16

Африкалық жабайы ит
Африкалық жабайы ит (сонымен қатар мүйістік аңшылық иті немесе 
үшкір тісті ит деп те аталады) жабайы иттер арасында жойылып кету 
алдында тұр. Кезінде бұл иттер Африка жерлерінде көптеп кездескен. 
Алайда қазіргі таңда олар тек Африканың Сахара маңында ғана 
қалған. Африкалық иттердің түрі өте ерекше келеді, олардың жүндері 
қоңыр, қара, ақ және сары түстермен араласып, ала-құла болады. Бұл 
иттердің аяқтары ұзын, құлақтары домалақ және үлкен болып келеді.
Динго
Динголар – жүні  
қызыл-қоңыр немесе 
сарғыш түсті, қысқа 
үшкір құлақтары мен 
үлпілдек құйрығы 
бар иттер. Динголар – 
Австралияның 
жергілікті иттері.
Кайот
Кайоттар (шалғын қасқырлары) Солтүстік 
Американың шөпті жазықтарын, ормандары 
мен тауларын мекендейді. Олардың алыстан 
көру және иіс сезу мүшелері өте жақсы 
дамыған, сонымен қатар барлық жабайы 
иттердің ішіндегі ең жылдамы. Олар сағатына 
65 км-ге дейін жүгіре алады. 
Дингоның күшіктері
Динголар жылына бір рет шағылысады. Ұрғашы 
динго бірден сегіз күшікті дүниеге әкеледі. Күшіктер 
екі жыл бойы аналарының қасында болады. Олар тек 
төрт жасқа толғанда ғана аналарымен бірге кішкентай 
жануарларға шабуылдауды үйрене бастайды.
Кайот топтары
Кайоттар – үйір құратын жануарлар. Олар 
кішкене территорияларда 3-7 мүшеден 
тұратын топтарда өмір сүреді. Әдетте бір 
топта ата-ана, күшіктері және бірнеше 
туыстары болады. Кайоттарда отбасылық 
байланыстар, қамқорлықтар өте жақсы 
дамыған. Ұрғашы кайот күшікті дүниеге 
әкелгеннен соң, аналық пен аталық 
күшіктерді қоректендіру мен қорғауды 
бірігіп жүзеге асырады.
Африкалық иттер – етпен қоректенетін 
аңдар. Олар бөкендерге, зебраларға, 
гнуларға, қарақұйрықтарға және 
импалаларға шабуыл жасайды.
Динголар мыңдаған жылдар бұрын қайтадан 
жабайыланған үй иттерінен шығуы мүмкін.
Кайоттың 
күшігі
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
сүтқоректілер
17

Аюлар – мығым аяқты, қысқа құйрықты 
және ұзын тұмсықты алып сүтқоректілер. 
Олардың денесін сабалақ жүнді тері 
қаптап жатады. Аюлар тау, орман, тіпті 
арктикалық аймақтар сияқты түрлі 
орталарда кездеседі. Олар Африка, 
Антарктида және Австралиядан басқа 
барлық құрлықта мекендейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет