Жануарлар



Pdf көрінісі
бет12/17
Дата27.03.2017
өлшемі13,22 Mb.
#10527
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Көкқұстар
Ұялары
Көкқұстар қуыстарға ұя салады. Көкқұстардың 
көп түрлері көлдер, өзендер және басқа да 
тұщы су нысандарының жандарындағы 
жерлерде ін немесе жер асты жолдарын 
қазады. Кейбір көкқұстар термит 
төбешіктерінде де ұя салады. Олар 
ұяға орналасқан соң ұрғашы 
көкқұстар 3-6 жұмыртқаға 
дейін салады, оларды 
ұрғашысы 
да, еркегі де 
басады.
Өзен көкқұстары
Өзен көкқұстары Африкада, Шығыс 
және Оңтүстік Азияда және Австралияда 
кездеседі. Өзен көкқұстарына жататын 
еуропалық көкқұс деп аталатын жалғыз түрі бар. 
Өзен көкқұстарының жиырма шақты түрі белгілі. 
Олардың ішіндегі ең көп тарағаны – кәдімгі 
көкқұс. Өзен көкқұстарының түсі ашық 
түсті болады, арқалары құбылмалы 
көк және меруерттей жасыл 
түсті, ал құрсағы ашық қоңыр 
түсті болады. Олар қысқа 
құй рықты және ұзын 
тұмсықты келеді.
Кәдімгі көкқұстар
Кәдімгі көкқұстар Еуразия мен Солтүстік 
Африкада кездеседі. Олар ағыстардың, жай ағатын 
өзендердің, тоғандардың және көлдердің 
жандарын мекендеп, сонда су жәндіктері мен 
кішкентай балықтарды аулайды. Олардың 
өзен жанындағы ағаш басында қонақтап 
отырып балықты аңдығанын жиі көруге 
болады. Судан балықты көре сала суға 
ұшып барып, сүңгіп, тұмсығын 
сұғып, кейін балықты тұмсығына 
қыстырып, қайта шығады.
Су көкқұстары
Су көкқұстары – Африка, 
Солтүстік Америка және Азияда 
кездесетін үлкен көкқұстар. Су 
көкқұстарының тоғыз түрі белгілі, олардың 
барлығы да балықпен қоректенеді.
Балық 
ұстаған 
көкқұс
Кәдімгі көкқұс
100

Ағаш көкқұсы
Ағаш көкқұсы, негізінен, Австралия мен Азияда 
кездеседі. Олар – барлық көкқұстардың ішіндегі 
саны жағынан ең көбі. Ағаш көкқұстарының 
60-тан аса түрлері белгілі.
Күлекеш кукабара (алып көкқұс)
Күлекеш кукабара – ең үлкен көкқұс. Бұл ағаш 
көкқұстарына жатады. Ол ормандарды, ашық 
бұтақты аймақтарды және Австралияның 
жазықтарын мекендейді. Бұл – етқоректі 
құс, барлық басқа көктарғақтар секілді бұл 
да құрбанын жағалаудағы ағаш бұтағында 
қонақтап отырып, бақылау арқылы ұстайды. Ол 
кішкентай қосмекенділерді, жорғалаушыларды, 
сүтқоректілерді және құстарды ұстап жейді.
Күлекеш кукабаралар күлген секілді дыбыстар 
шығаратындықтан осылай аталады
Қызыл тұмсықты көкқұс 
Қызыл тұмсықты көкқұс – үлкен ағаш көкқұс. 
Мұны Еуропа мен Азияның кей аймақтарында 
кездестіруге болады. Сонымен қатар, олар 
жазықтардан бастап Гималай тауларына дейін 
мекен етеді.  Үндістандағы Сундарбан ағаштары 
көптеген қызыл тұмсықты көкқұстардың үйі 
болып табылады.
Қызыл тұмсықты көкқұстар 
Белбеулі теңбіл көкқұс
Белбеулі теңбіл көкқұстар
Белбеулі теңбіл көкқұстар – Солтүстік 
Америкадағы көкқұстардың ішіндегі жалғыз 
түрі. Оның үлкен айдары, ақ иегі, тамағы, 
мойны және көк түсті көкірек жолағы болады. 
Бұл көкқұс балық аулайтын кезде судың бетінде 
ысылдаған дыбыс шығарып қалықтап жүреді де, 
балықты көзі шала суға басымен сүңгіп кетеді.
Үлкен теңбіл көкқұс 
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
Құстар
101

Тоқылдақ тоқылдақтар тұқымдасына жатады. Бұл тұқымдасқа 
кішкентай тоқылдақтар мен дүпілдектер де жатады. Бұл 
тұқымдасқа кіретін шамамен 210 түр бар. Тоқылдақтарды 
полюстерден, Австралазиядан, Тынық мұхиты мен Мадагаскар 
және Ирландия аралдарынан басқа жерлердің барлығынан 
кездестіруге болады. 
Тоқылдақтар
 Тұмсықтары
Аталған тұқымдасқа жататын 
құстардың барлығы ағаш діңдеріндегі 
жәндіктерді алу үшін ағаштарды 
тесіп тастайтындығымен белгілі. 
Олар жәндіктерді өздерінің ұзын 
тілдерімен алады. Кішкентай 
тоқылдақтар мен дүпілдіктерге 
қарағанда тоқылдақтардың 
тұмсықтары ұзынырақ, үшкірірек 
және мықтырақ болып келеді.
Қоректері
Тоқылдақтар, кішкентай 
тоқылдақтар және дүпілдектер – 
бунақденелілермен, жәндіктермен 
және басқа да омыртқасыздармен 
қоректенеді. Кейбіреулері, сонымен 
қатар, жемістермен, шырындармен және 
шірнелермен де қоректенеді. Олардың 
ұзын тілдерін жабысқақ шырыш қаптап 
тұрады, соның көмегімен қоректерін 
ұстайды.
Кішкентай тоқылдақтар
Кішкентай тоқылдақтар – қысқа құйрықты 
кішкентай құстар. Кішкентай тоқылдақтардың 
29 түрі белгілі. Олардың көбі Оңтүстік Америкада 
кездеседі. Әдетте, олар ұяларын қылқан жапырақты 
ағаштарға салады.
Айдарлы тоқылдақ
Мамықты 
тоқылдақ
102

Тоқылдақтар
Тоқылдақтар ағаш діңдерін 
тұмсықтарымен ұрып қатты дыбыс 
шығаратын болғандықтан, осылай 
аталады. Тоқылдақтардың 180-дей түрі 
бар. Олардың көбі Оңтүстік Америка 
мен Оңтүстік-шығыс Азияда кездеседі. 
Тоқылдақтардың өлшемдері де әр түрлі 
болады. Мысалы, үлкен америкалық 
король тоқылдағының ұзындығы 
69 см-ден асса, Солтүстік Американың 
ең кішкентай мамықты тоқылдағының 
өлшемі шымшықтай ғана.
Америкалық король тоқылдағы
Америкалық король тоқылдағы – үлкен 
сүйекті тұмсығы бар ақ және қара 
тоқылдақ. Еркектерінің қызыл айдары 
мен желкесі болады. Ұрғашыларының 
ұзын иілген қара айдары болады. Бұл 
тоқылдақ 1956 жыл дардан бері көрінген
жоқ. Кезінде бұл құстар Мексиканың 
тропиктік ормандарында көптеп 
кездесетін. Алайда мекен ету орта-
ларының жойылуы мен аңшылық 
олардың жойылып кетуіне себеп болса 
керек. Бұл құсты әлі күнге дейін 
жойылғандар қатарына толығымен 
кіргізбейді, кейбір ғалымдар олардың 
бірнешеуі тірі болуы мүмкін деп 
болжайды.
Ақ тұмсықты король тоқылдағы
Ақ тұмсықты король тоқылдағы – 
әлемдегі ең үлкен тоқылдақтардың бірі. 
Оларды 2005 жылға дейін, бұл құстың 
Арканзастың батпақты ормандарында 
көрінгенін дәлелдейтін видеотаспаны 
көргенше жойылып кетті деп санап 
келген болатын. Содан бері ақ тұмсықты 
тоқылдақ жойылу алдында тұрған құстар 
қатарына кіргізілді.
Айдарлы тоқылдақ
Айдарлы тоқылдақ – Солтүстік 
Америкада кездесетін үлкен тоқылдақ. 
Олар Канадада, Америка Құрама 
Штаттарының шығыс жағында және 
Тынық мұхит жағалауларында жұмыртқа 
салып, сонда үлкен қураған ағаштарда ұя 
жасайды.
Емен тоқылдағы
Емен тоқылдағы – 
Солтүстік, Орталық және 
Оңтүстік Америкада 
кездесетін орташа 
өлшемді тоқылдақ. 
Емен тоқылдағы 
емен ағашының 
қуыстарындағы жемісті 
жинайтын болғандықтан 
емен тоқылдағы 
деп аталып кеткен. 
Сонымен қатар, олар бұл 
жемістерді адам баласы 
жасаған құрылыстарда да 
сақтайды.
Кіші тоқылдақ
Кіші тоқылдақ – 
тоқылдақтар ішіндегі ең 
кішісі, салмағы 24­32 г. 
Шұбар тоқылдақтар 
туысына жатады.  
Қазақстанда тек үш 
жерде: Алтайда, Жайық 
өзенінің алқабында және 
Көкшетау ормандарында 
кездеседі. Жапырақты, 
ақ қайыңды және 
көктеректі ормандарды 
ұнатады.  
Қызылбас тоқылдақ
Қызылбас тоқылдақ – 
Америка Құрама 
Штаттары мен 
Канадада кездесетін 
кішкентай тоқылдақ. 
Оны қызыл басына, 
мойнына, тамағына 
және кеудесінің жоғары 
жағына қарап оңай 
тануға болады.
Қара тоқылдақ
Қара тоқылдақ – 
Еуразияда кездесетін 
үлкен тоқылдақ. Оның 
өлшемі қарғаның 
өлшеміндей, ал басының 
қызыл айдарынан  басқа 
барлық жері қара болып 
келеді.
Льюис 
тоқылдағы
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
Құстар
103

Тотықұстар мен какадулар жылы және тропиктік аймақтарда кездеседі. Тотықұстар нағыз 
тотылар тұқымдасына жатады, ал какадулар какадулар тұқымдасына жатады. Олар бірігіп 
тотытәрізділер деп аталатын жоғары топқа жатады. Тотықұстар Оңтүстік және Орталық 
Америка, Азия, Африка және Австралияда кездессе, какадулар тек Филиппин, Индонезия 
және Австралазияда ғана кездеседі.
Тотықұстар мен какадулар
Тотықұстар
Тотықұстардың 300-ден аса түрі бар. 
Олардың өлшемдері ең кішкентай тоқылдақ 
тәрізді тотықұстардан үлкен гиацинт 
тотықұстарына дейін болады. Әлемнің 
барлық тотықұстарының жартысына 
дерлігі Орталық және Оңтүстік 
Америкада, Кариб аралдарында 
кездеседі. Тотықұстардың төмен 
қарай иілген тұмсықтары 
және тырнақты үшкір 
аяқтары болады. Олар 
тұмсықтарының 
көмегімен тұқымдарды 
шағады. Ал аяқтарының 
көмегімен тамақтарын 
көтеріп, ауыздарына 
апарады.
Үнділік сақиналы 
тотықұс
Үнділік сақиналы 
тотықұстың мойнының 
айналасында қара және 
қызыл жағаның болуына 
байланысты осылай аталады. 
Әдетте, олардың түсі жасыл, 
аяқтары қара және тұмсықтары 
қызыл болып келеді. Олар 
Солтүстік және Батыс Африка, 
Қытай және Үндістан 
континентіндегі жапырақты 
ормандарды, шабындықтарды 
және тропиктік 
ормандарды мекендейді. 
Бұл құстардың 
кішкентай жабайы 
тобы, сонымен қатар, 
Америка Құрама 
Штаттары мен Англияда да кездеседі. 
Үнділік сақиналы тотықұстар – көп 
тараған үй құстары. Оларды ең алғаш 
рет осыдан 3000 жылдай бұрын 
Үндістанда қолға үйреткен.
Бекзат  тотықұс
Бекзат 
тотықұстар – 
Австралия, 
Соломон 
аралдары, Сумба, 
Жаңа Гвинея 
аралдарының  және  
жақын орналасқан 
аралдар мен Молук 
аралдарының 
жергілікті 
тотықұстары. Бұл 
тотықұстардың 
еркектері мен 
ұрғашыларының 
түстерінің 
айырмашы-
лықтары өте 
үлкен болады. 
Ұрғашы бекзат 
тотықұстардың 
түсі қызыл-қара, 
ал тұмсықтары 
қара түсті болып 
келеді, еркектерінің 
түсі жасыл, ал 
тұмсықтары сары 
болады.
Үнділік сақиналы тотықұс 
104

Қызыл тотықұс 
Қызыл тотықұс – 
әлемдегі ең түрлі түсті 
құстардың бірі. Бұл 
құстардың денесі қызыл, 
ал қанаттары көк, жасыл 
және сары түсті болып 
келеді, ал құйрықтары 
ұзын болады. Қызыл 
тотықұстар Орталық және 
Оңтүстік Американы мекендейді. 
Олар жидектермен, тұқымдармен, 
жемістермен, жаңғақтармен 
және гүлдермен қоректенеді. 
Сонымен қатар, бұл құстар өзен 
жағалауларындағы саздармен де 
қоректенеді. Саз оларды абайсызда 
жеп қойған зиянды заттардан қорғауы 
мүмкін.
Африкалық сұр тотықұс
Африкалық сұр тотықұстар – 
Орталық және Батыс Афри ка­
ның тропиктік ормандарында 
кездеседі. Бұл – ең ақылды 
құстардың бірі және де ең 
кеңінен тараған тор ішіндегі 
тотықұс. Африкалық сұр 
тотықұстардың екі түр тар­
мағы болады, олар:  Конго афри­
калық сұр тотықұсы және 
Тимней африкалық сұр тоты­
құсы. Конго африкалық Тимней 
африкалыққа қарағанда 
үлкенірек келеді.
Кемпірқосақ лорикеті
Кемпірқосақ лорикеті өзінің 
түрлі түсті келбетіне 
қарай осылай аталады. 
Оның қызғылт тұмсығы 
мен қызыл, сары, жасыл 
және көк қауырсындары 
болады. Кемпірқосақ 
лорикеті Австралияның 
тропиктік ормандарында, 
ашық ормандарында, бұталы 
аймақтарында, батпақты 
жерлерінде, мангр ағашты 
ормандарда, саябақтарында 
және бақшаларында кездеседі.
Какадулар
Какадулар – үлкен және орташа 
құстар. Какадулардың 21 түрі бар. 
Какадулардың түстері тотықұстарға 
қарағанда біркелкі болады. Әдетте, 
олардың түсі қара, сұр немесе ақ 
болып келеді, көбінің бастарында 
әдемі айдарлары болады.
Корелла
Корелла – какаду тұқымдастарының 
ішіндегі ең кішкентайы. Бұл  – 
Австралияның жергілікті құсы,  
ол ылғалды аймақтарды, бұтақты 
және талды ормандарды мекендейді. 
Кореллалар – кең тараған үй құстары.
Қызыл тотықұс
Үйге үйретілген африкалық 
сұр тотықұс
Кемпірқосақ лорикеттері
Қызғылт какаду
Қызғылт какаду немесе қызғылт 
кеуделі какаду – ең көп тараған 
какадулардың бірі. Олардың 
арқалары ақшыл сұр түстен 
қанық сұр түске дейін, беттері 
мен кеуделері қызғылт және 
айдарлары ашық қызғылт түсті 
болып келеді. Олар –  кеңінен 
тараған үй құстары.
Молук какадуы
Молук какадуы – қозғалмалы 
айдары бар үлкен ақ какаду. 
Молук какадуы Индонезияның 
Оңтүстік Молук аралдарында 
кездеседі. Олар бір­бірімен өте 
дос. Табиғатта олар 20 немесе 
одан да көп даралардан тұратын 
топтар құрып өмір сүреді.
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
Құстар
105

Колибрилер – әлемдегі ең кішкентай 
құстар. Олар тек Америка құрлықтарында 
ғана кездеседі. Колибрилердің көбінің түсі 
ала-құла болып келеді. Олардың кішкентай 
мықты денелері және ұзын күрек тәрізді 
қанаттары болады. Колибрилердің аяқтары 
өте қысқа болғандықтан, оларға жүру 
қиынға соғады.
Колибрилер
Жоғары-төмен ұшу
Колибрилер – қанаттарын шеңбер бойымен қаға 
алатын жалғыз құстар. Олар жоғары қарай, 
төмен қарай, жанына қарай және айналып та 
ұша алады. Сонымен қатар, бұл – артқа қарай 
ұша алатын жалғыз құс.
Түрлері
Колибрилер колибри тұқымдасына жатады. 
Колибрилердің шамамен 320 түрі белгілі. 
Олардың көбі Оңтүстік Америкада кездеседі. 
Олардың ішіндегі шамамен 16 түрі Америка 
Құрама Штаттары мен Канадада жұмыртқа салса, 
қалғандары Орталық және Оңтүстік Америкада 
өмір сүріп, көбейеді.
Қызыл жемсаулы колибри
Қызыл жемсаулы колибридің ересек еркек 
дараларының тамақ тұсында қызыл түсті дағы 
болады. Қызыл жемсаулы колибрилер Америка 
Құрама Штаттарының шығысы мен Канаданың 
оңтүстігінде жұмыртқа салады. Күзде Орталық, 
Оңтүстік Америка мен Батыс Үндістанға қысты 
өткізу үшін орын ауыстырады.
Ұрғашы қызыл жемсаулы колибри гүл 
шырынымен қоректенуде 
Қызыл жемсаулы колибри 
106

Алып колибрилер
Алып колибри – ең үлкен колибри. Оның 
ұзындығы шамамен 20 см, ал салмағы 
18-20 г-дай ғана болады. Алып колибрилер 
Оңтүстік Американың батысында Анд 
тауларында теңіз деңгейінен 2-3,4 км 
биіктікте кездеседі. 
Ара колибри
Куба мен Хувентуд аралдарында кездесетін 
колибрилердің ең кішкентай түрі. Мұның 
ұзындығы 2,35 см-дей, ал салмағы 30 г-ға да 
жетпейді.
Каллиопа колибриі
Каллиопа колибриі – Солтүстік Американың 
ең кішкентай құсы. Каллиопа колибриі 
Америка Құрама Штаттарының солтүстік-
батысындағы таулы аймақтарда жұмыртқа 
салып, қысты Мексикада өткізеді.
Анна колибриі
Анна колибриі – қысқа түзу тұмсықты, 
орташа өлшемді колибри. Мұның арқа жағы 
жасыл болып, төменгі жақтары сұр түсті 
болады. Ересек еркек колибрилердің жасыл 
түсті айдарлары болады.
Жалпақ құйрықты колибри
Жалпақ құйрықты колибри – орташа өлшемді колибри. 
Оның ұзындығы 9,5 см-ге дейін болады. Денесі ұзын 
ашық жасыл түсті және жалпақ қаралау құйрығы бар. 
Жалпақ құйрықты колибридің ұрғашылары еркектеріне 
қарағанда үлкенірек болады. Сонымен қатар, олардың 
құйрықтары да еркектерінікіне қарағанда жалпақтау 
келеді. Жалпақ құйрықты колибрилер салқын 
түндерден аман өту үшін денелерінің температурасын 
төмендетіп, ас қорытуын баяулатып, қимылсыз күйге 
ене алады.
Коста колибриі
Коста колибриі – кішкентай шөл колибриі. 
Бұл Калифорнияның Соноран және Мохаве 
шөлдерінде жұмыртқа салып, көбейеді. Оның 
ұзын түзу тұмсығы, ашық жасыл арқасы мен 
айдары бар.  Бауыры ақ және құйрығы қара 
болады.
Қоректері
Колибрилер – тағам талғамайтын құстар. Олар гүлдердің 
шырындары мен сірнелерін, жәндіктер мен өрмекшілерді 
қорек етеді. Олардың ұзын тұмсықтары түтік тәрізді 
гүлдерден шырындарын соруға бейімделген болып 
келеді. Әдетте, олар қанты көп гүлдердің шырын-
сірнелерін ішеді. Егер де гүл сірнесіндегі қанттың 
мөлшері 10%-дан төмен болса, олар оған бармайды. 
Сонымен қатар, колибрилер тозаңдандырғыштар рөлін 
атқарады. Қоректену кезінде олар көптеген өсімдіктерді 
тозаңдандырады.
Ұялары мен 
жұмыртқалары
Колибрилер өсімдік 
сабақтарын, өрмекші 
торларын, құрттар мен 
мүктерді пайдалана отырып 
кесе тәріздес кішкентай ұялар 
салады. Әдетте,  көп түрлерінің 
ұрғашылары сопақша пішінді екі 
жұмыртқа салады. Барлық құстардың 
ішінде олардың жұмыртқалары – ең 
кішкентайы. Жұмыртқаларын 15-20 күн 
басқан соң  жарады. Жарып шыққан балапандары 
соқыр болғандықтан, қорек пен қорғаныс үшін ата-
аналарына тәуелді болады.
Аллен колибриі
Аллен колибриі – Калифорнияның жағалауы мен 
Оңтүстік Орегонның кішкентай аймақтарында 
көбейетін жағалау колибриі. Оның ұзындығы 
7,6­9 см­дей болып, салмағы 3 г­дай ғана болады. 
Аллен колибриінің екі түр тармағы бар, олар:  
орын ауыстырмайтын орнықты және орын 
ауыстыратын көшпелі колибрилер.
Қызыл­қоңыр колибри
Қызыл­қоңыр колибри – ашық қызғылт түсті құс. 
Бұл солтүстікті мекендейді. Оңтүстік­шығыс 
Аляскадан Солтүстік Калифорнияға дейінгі 
аймақта көбейеді. Қызыл­қоңыр колибрилер – жыл 
құстары. Олар жартасты тауды және жанындағы 
ойпаттарды бойлай, шілде және тамыз айларында 
Мексика жаққа қыстауға ұшып өтеді. 
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
Құстар
107

Пингвиндер – ұшпайтын су құстары. Олар оңтүстік жарты шардың жағалау аймақтарында, 
Жаңа Зеландия, Австралия, Оңтүстік Африка мен Оңтүстік Америкадан Антарктидаға 
дейінгі алқаптарда кездеседі. Пингвиндердің 18 түрі белгілі. Олардың ішіндегі ең үлкені – 
Антарктидадан табылған император пингвині. Барлық пингвиндер өте жақсы жүзіп, жақсы 
сүңгиді. Олар өмірлерінің жартысына дерлігін суда өткізіп, балықтармен, кальмарлар мен 
және шаянтәрізділермен қоректенеді.
Пингвиндер
Император пингвиндері
Император пингвиндері Антарктиданы 
және маңайындағы бірнеше аралдарды 
мекендейді. Олар – Антарктиданы жыл 
бойы мекендейтін жалғыз пингвиндер. 
Олардың бойы 1,2 м немесе одан да биік 
болады, салмақтары 22-37 кг жетеді. 
Олар суда өте жақсы жүзеді. Қорек 
іздеп мұхитта 50 күннен артық бола 
алады.  Олардың 520 м-дей тереңдікке 
сүңгігендері де белгілі. 
Император пингвиндерінің көбеюі
Император пингвиндері Антарктиданың қыс мезгілінде 
жұмыртқа салады. Олар – осылай көбейетін жалғыз түр. 
Сонымен қатар үлкен топтар құрады. Ұрғашы пингвин 
бір жұмыртқа салып, теңізге қарай қорек іздеп кетеді. 
Еркек пингвин жұмыртқаны аяғында ұстап, балапан 
салатын қатпарларына салып, жылы ұстайды. Жұмыртқа 
64 күннен кейін жарып шығады. Осы мерзім ішінде  
еркек пингвин суық желдер мен борандарға төтеп беріп, 
жұмыртқаны сақтайды. Егерде жұмыртқа аяғынан түсіп 
кетсе, оның ішіндегі балапан төмен температурада бірден 
өліп қалады. Балапан жұмытрқа жарып шыққаннан соң 
ұрғашы пингвин мұхиттан келіп, жеген қорегін құсу 
арқылы балапанын қоректендіреді.
Бір топ император пингвиндер 
108

Антарктида пингвині 
(жолақ иекті пингвиндер)
Антарктида пингвиндері 
бастарының астындағы жіңішке 
қара жолақтары болғандықтан 
жолақ иекті пингвиндер деп 
аталады. Олар Оңтүстік Сандвич 
аралдары, Антарктида, 
Оңтүстік Оркней аралдары, 
Оңтүстік Шетланд аралдары, 
Оңтүстік Георгия, Буве аралы 
мен Баллениде кездеседі. Бұл пингвиндер ашық 
мұхиттардағы үлкен айсбергтерде өмір сүреді.
Король пингвині
Король пингвиндері – император пингвиндерінен 
кейінгі екінші үлкен пингвиндер. Олар өте жақсы 
жүзіп, сүңги алады. Олар су астында өте жақсы 
көреді. Король пингвиндері субантарктидалық 
аралдарда, Фолклен аралдарында және Отты жер 
аралдарында көбейеді. Шамамен 455 000 жұп 
болатын үлкен көбею жұптары Үнді мұхитының 
оңтүстігіндегі Кроза аралдарында, тағы да басқа 
үлкен топтары Эдуард ханзада аралдарында, 
Кергелен аралдарында және Оңтүстік Георгия 
аралдарында кездеседі.
Кіші пингвин
Кіші пингвин немесе ғажайып пингвин – ең 
кішкентай пингвин. Оның биіктігі 28-33 см, ал 
салмағы шамамен 1 кг-дай болады. Кіші пингвиндер 
Австралия мен Жаңа Зеландияда мекендейді. 
Король пингвиндерінің бойы 
1,2 м-ге дейін болады 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет