Жануарлар



Pdf көрінісі
бет13/17
Дата27.03.2017
өлшемі13,22 Mb.
#10527
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Адели пингвині
Адели пингвиндері – Антарктида мен оның 
жанындағы аралдарды мекендейтін орташа 
өлшемді пингвиндер. Оларды көздерін қоршап 
тұрған ақ сақиналары мен тұмсықтарының 
ұшындағы қауырсындарына қарап, оңай 
ажыратуға болады. Бұл пингвиндер 
Антарктидада топтанып көбейеді. Олар өздерін 
алға итеріп жүру үшін аяқтарын қолдана отырып 
мұз үстінде сырғанайды. 
Папуа пингвиндерінің ұялары мен 
жұмыртқалары
Папуа пингвиндері тастарды пайдалана отырып 
үлкен ұялар жасайды. Олар тастарды шеңбер 
бойымен орналастырады. 
Ұрғашы пингвиндер  
көбею мерзімінде екі 
жұмыртқа салады. 
Жұмыртқаны 
басу үшін еркегі 
де, ұрғашысы да 
отырады. Балапандар 
34­36 күн ішінде 
жұмытрқа жарып, 
шамамен бір айдай 
ұясында болады.
Папуа пингвині
Папуа пингвині – император пингвині мен 
король пингвинінен кейінгі үлкен пингвин. 
Оларды қызыл­сары түсті тұмсықтары 
мен басының төбесіндегі ақ дағына 
қарап оңай ажыратуға болады. Папуа 
пингвиндері – су астында ең жылдам 
жүзетін пингвиндер. Олар сағатына 35 км 
жылдамдықпен жүзе алады. 
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
Құстар
109

Кит-акула
Кит-акула – әлемдегі ең үлкен 
балық. Олардың ұзындықтары 
12 м-ге, ал салмақтары 15-20 тон -
наға жетеді. Олар – сүзіп қорек-
тенетін акулалар. Олар суда жалпақ 
ауыздарын ашып алып жүзіп, судағы балдырлар 
мен балықтардың барлығын сумен бірге жұта 
береді. Сосын олар ауыздарын жауып, суды 
желбезектері арқылы шығарады да, тек балдырлар 
мен балықтарды сүзіп қалдырады. Кит-акула – 
әлемдегі ең сыпайы акулалардың бірі және де 
адамдарға зиян келтірмейді. Бұрынғы кездері жүзіп 
жүрген адамдар бұл акуланың арқасына отырып 
қызықтайтын да болған.
Алты желбезекті акула (бұқа акула)
Алты желбезекті акулаларды олардың келте 
тұмсықтары мен ашулы мінез-құлықтары үшін 
бұқа акула деп те атайды. Олар – ең ашулы 
және ең жыртқыш жануарлардың бірі. Олар 
теңізде балық, дельфин, тіпті басқа акулалар 
секілді аузына түскеннің барлығын жей береді. 
Үлкен ақ акула
Үлкен ақ акулалар – әлемдегі ең үлкен жыртқыш 
акулалар. Олардың ұзындықтары 4,5-6,1 м-ге 
дейін жетеді, ал салмақтары 2,5 тоннадай болады. 
Үлкен ақ акулалар теңіз арыстаны, теңіз құстары, 
кішкентай киттер, құрбақалар, тіпті басқа акулалар 
секілді үлкен теңіз жануарларына шабуыл 
жасайды. Олар өздерінің 80 л суда бір тамшы 
қанның барлығын сезе алу қабілеттерімен атақты. 
Суда болмашы қанның бар екендігін 4,5 км жерден 
біліп қояды.
Акулалар мен скаттар
Акулалар мен скаттар – шеміршекті балықтар, яғни 
олардың қаңқалары мықты, майысқыш және жеңіл 
салмақты шеміршектен тұрады. Әлемде акулалардың 350-
ден аса, ал скаттардың 400 түрі белгілі. Акулалар – 
әлемдегі ең ежелгі жануарлардың бірі. Олар 
тіпті динозаврлардың өзінен де бұрын 
пайда болған. Ең ерте пайда болып, 
құрып кеткен акулалар осыдан 
400 миллиондай жыл бұрын 
силур дәуірінде тіршілік 
еткен. 
Мако-акула
Мако-акула – әлемдегі ең жылдам акула. Олар 
сағатына 32 км жылдамдықпен жүзе алады. 
Олар жылдамдықтарын ұзақ қашықтыққа 
жүзуде де төмендетпей, 37 күн ішінде шамамен 
сағатына 58 км жылдамдықпен 2124 км жерді 
жүзіп өтеді. Сонымен қатар, мако акулалары 
өздерінің таңғажайып секірулерімен де белгілі, 
бұл секірулерінің арқасында олар әлемдегі ең 
танымал ойын акулалары деп те аталады.
Үлкен ақ 
акуланың 
3 000-дай тісі 
болуы мүмкін 
Кит- 
акуласының 
жалпақ 
басы мен 
дөңгелек 
танауы бар
110

Скат
Скаттар – әлемдегі ең оңай тануға болатын 
балықтардың бірі. Олардың тіпті бастарына дейін 
жететін үлкен жүзбеқанаттары, жалпақ денелері 
және ұзын құйрықтары болады. Олар әлемдегі 
барлық мұхиттарда кездеседі. Кейбір 
скаттарды өзен сағаларынан да 
көруге болады.
Үлкен теңіз шайтаны (манта)
Манталар – ең үлкен скаттар. Олар әлемде 
тропиктік аймақтардан бастап, орташа 
температуралы жерлерге дейін, әсіресе 
маржан рифтері жанында көп кездеседі. Бұл 
үлкен скаттар – сүзіп жегіштер. Сүзіп жегіш 
акулалар секілді бұлар да ауыздарын ашып 
жүзіп, балықтары мен балдырлары бар көп 
мөлшердегі суды жұтады.
Электр скаттары
Электр скаттары уақыттарының көп бөлігін 
ұйқымен, теңіз түбіндегі құмда жартылай көміліп 
өткізеді. Мұндай қылықтары оларды жыртқыш 
акулалар мен басқа да үлкенірек скаттардың 
шабуылынан қорғайды. Электр скаттарының 
көздері олардың арқа жағында, ал ауыз, танаулары 
мен желбезектері құрсақ тұсында болады. 
Ауыздарының жанында орналасқан электр 
қуатын шығаратын органдары арқылы  қорегінің 
жақындағанын сезеді. Сонымен қатар, бұл 
скаттардың у шашатын 
үшкір және ұшты инелері
болады.
Тістері
Акулалардың 
тістері үлкен 
немесе кішкентай, 
үшкір немесе 
доғал, кетілген 
немесе біркелкі 
болады. Тістерінің 
пішіні мен 
өлшемдері 
олардың 
қоректеріне 
байланысты. 
Акулалардың 
жақтарында 
бірнеше тіс 
қатарлары 
болуы мүмкін. Тістері осы қатарлардағы 
қызыл иектерге бекітілген. Егерде бір қатар 
тістерінен айырылса, келесі қатарын қолдана 
береді. Акулалардың кейбір түрлері өмір бойы 
тістерін ауыстырып жүреді, олар өмірлерінде 
шамамен 30 000 тіске дейін ауыстырып үлгереді.
Балға басты акула
Балға басты акулалар бастарының ерекше 
пішінді болуына байланысты осылай аталады. 
Олардың бастары жуан жалпақ және балға 
тәрізді, соның көмегімен электр скаттары 
мен балықтарға шабуыл жасайды. Сонымен 
қатар, олардың басы суда өздерін бағыттауға 
көмектеседі. 
Үлкен теңіз шайтаны 
(манта) суда жүзуде
Мұхит түбінде 
жатқан электр скаты
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
балықтар
111

Тікенқұрсақтылар мен 
арқамүйіз-балықтар
Тікенқұрсақтылар мен арқамүйіз-балықтар – тропиктік маржан рифтері маңын 
мекендейтін мұхит балықтары. Тікенқұрсақтылар тікенқұрсақтәрізділер тұқымдасына 
жатса, арқамүйіз-балықтар арқамүйізтәрізділер тұқымдасына жатады. Қос тұқымдас та 
тікенқұрсақтәрізділер отрядына кіреді. Бұл балықтардың жақтары тұмсық секілді көрінеді.
Қоректері
Тікенқұрсақтылар мен арқамүйіз-балықтар – 
етқоректі балықтар. Олардың қоректері 
көптеген шаянтәрізділерден, ұлулардан және 
планктондардан тұрады. Сонымен қатар, олар 
балдырлармен және басқа да теңіз өсімдіктерімен 
қоректенеді. Олардың тістері ұлулар мен 
шаяндардың сауыттарын уатуға мүмкіндік 
беретіндей қатты және үшкір болып келеді. 
Олар тістерін ұлу және басқа да былқылдақ- 
денелілердің сауыттарын уату арқылы қайрап 
отырады.
Тікенқұрсақтылар
Тікенқұрсақтылар – жапырақ бақадан кейінгі 
әлемдегі ең улы жәндіктер. Олардың терілері мен 
бірнеше ішкі мүшелерінде өте улы тетродотоксин 
болады. Тетродотоксиннің дәмі жүрек айнытады 
және организмге енгенде өлтіріп жіберетін 
қасиетке ие болады. Тікенқұрсақтылардың 
100-ден аса түрі белгілі. Бір тікенқұрсақтыда бар 
тетродотоксин 30 адам баласын құрбан ете алады.
Үрлену қабілеттері
Тікенқұрсақтылар өздерін үрлеу қабілеттерімен 
белгілі. Олар суда нашар жүзетін болғандықтан, 
көптеген жауларының алдында әлсіз болып 
табылады. Оларға қауіп төнгенде көп мөлшерде 
су мен ауаны жұтып, өзінің бастапқы өлшемінен 
бірнеше есе үлкен шарға айналады. Осы 
қабілеттеріне байланысты оларды үрленбелі 
балық немесе шар тәрізді балық деп те атайды.
Фугу және пакпао
Фугу мен пакпао Жапония мен Тайландта тамаққа 
пайдаланатын тікенқұрсақтылар деликатестер 
болып табылады.  Оларды тек тәжірибелі 
аспазшылар ғана әзірлейді. Тікенқұрсақтылар 
уын тарқататын дәрі жоқ болғандықтан, бұл 
тағамды жеу адам өмірі үшін қауіпті болуы 
мүмкін. Шындығына келгенде, Жапонияда жыл 
сайын көптеген өлім осы тікенқұрсақтылар уымен 
уланғаннан орын алады.
Ақ дақты тікенқұрсақты
Ақ дақты тікенқұрсақты тек Гавай аралдарында 
ғана және оның айналасында ғана кездеседі. Ақ 
дақты тікенқұрсақтылардың түсі жасыл-қоңыр 
және ұсақ ақ дақтары болады. Олардың ұзын жуан 
денесін кішкентай мүйіздер қаптап тұрады. Олар – 
жалғыз жүретін агрессивті балықтар, сонымен 
қатар, өз аумақтарына ешкімді кіргізбеуге 
тырысады.
Шар тәрізді балық
Ақ дақты тікенқұрсақты
112

Ақ дақты аротрон 
Ақ дақты аротронның түсі қара, қоңыр 
немесе алтын сары түсті болады. Мұның 
денесін көптеген ақ дақтар қаптап 
жатады. Аузы үлкен тұмсық тәрізді. 
Бұлар Үнді және Тынық мұхиттарының 
рифтерін мекендеп, маржандармен, 
шаянтәрізділермен және ұлулармен 
қоректенеді.
Арқамүйіз­балық
Арқамүйіз­балық  – Атлант, Үнді және 
Тынық мұхиттарындағы маржандар мен 
мұхит өсімдіктерінің арасында кездесетін 
түрлі түсті балықтар. Олардың денелері 
жалпақ, сыртын үлкен қабыршақтар 
қаптап жатады. Ауыздары кішкентай, 
тістері үшкір болып келеді. Арқамүйіз­
балықтардың көбі нашар жүзеді.
Мүйіс арқамүйіз­балығы 
Мүйіс арқамүйізі немесе қара торлы 
арқамүйіз – Үнді­Тынық мұхиттарының 
рифтерін мекендейтін жарқыраған түсті 
арқамүйіз­балығы. Сонымен қатар, бұл 
балық өзінің гавай тіліндегі ұзын атымен 
белгілі «гу­му­гу­му­ну­ку а пу­а­а», бұл 
«шошқа тұмсықты беті бар балық» дегенді 
білдіреді.
Титан арқамүйіз­балығы
Титан арқамүйіз­балығы – ең үлкен арқамүйіз­
балық. Мұның ұзындығы 76 см­ге дейін жетеді. 
Сонымен қатар, титан арқамүйіз­балығының 
еріндерінің үстіндегі мұртқа ұқсас қара 
сызықтың болуына байланысты оларды 
мұртты арқамүйіз­балық деп те атайды. 
Барлық басқа арқамүйіз­балықтар секілді 
бұл балық та агрессивті және өзінің жеке 
аумағы болады. Олар сүңгуірлерді, адамдарды  
жақтырмайды және олар аумақтарына қатты 
жақындап кетсе тістеп те алулары мүмкін.
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
балықтар
113

Жыланбалықтар
Жыланбалықтар – жыланға ұқсас балықтар. 
Алайда олардың балықтар сияқты 
қабыршақтары болмайды. Денелерін 
сырғанақ шырыш қабаты қаптап жатады. 
Олар теңіз суларында да, тұщы суларда 
да кездеседі. Теңіз суларының жылан- 
балықтары әлемдегі барлық таяз 
жағалауларды мекендейді. Тұщы 
сулардың жыланбалықтары көбею 
кезеңінде ғана жағалауларға шығады.
Түрлері мен тұқымдастары
Жыланбалықтардың шамамен 600 түрі бар. Бұл 
түрлер 22 тұқымдасқа бірігеді. Жыланбалықтардың 
ең белгілі тұқымдастарына тұщы су жыланбалықтары
ксеноконгерлер, шылаушан тәрізді жыланбалықтар, 
мурен жыланбалықтар, атылғыш жыланбалықтар, 
біріккен қабыршақты жыланбалықтар, қысқа 
құйрықты атылғыш жыланбалық, теңіз 
жыланбалығы, шортантұмсықты жыланбалық, 
үйректұмсықты жыланбалықтар, мойынды 
жыланбалықтар, үшкір құйрықты жыланбалықтар, 
паразит жыланбалықтар және көптеген басқа да 
түрлері жатады.
Тұщы су жыланбалығы
Тұщы су жыланбалықтарының үлкен үшкір 
бастары және арқаларының жартысынан бастап 
құйрықтарына дейін үлкен жүзбеқанаттары болады. 
Бұл балықты әсіресе Еуропада тағамға пайдалану 
үшін көп аулайды. Тұщы су жыланбалықтарының 
шамамен 16 түрі бар. Кәдімгі тұщы су 
жыланбалықтарына америкалық жыланбалық, 
еуропалық жыланбалық, жапондық жыланбалық 
және бірнеше мурен жыланбалықтары жатады. 
Америкалық жыланбалық
Америкалық жыланбалық – Солтүстік Америкада 
кездесетін жалғыз тұщы су жыланбалығы. Оны 
Канададан бастап Орталық және Оңтүстік Американың 
Атлант мұхиты жағалауларынан кездестіруге 
болады. Негізінен, бұлардың түсі қою жасыл, сары 
немесе көкшіл-сұр болып, құрсақ бөлігінің түсі 
ақшыл болып келеді. Америкалық жыланбалықтар 
алдына түскен қорекпен қоректене береді. Олар 
кішкентай балықтармен, теңіз түптерінде жүретін 
шаянтәрізділермен, жәндіктермен және ұлулармен 
қоректенеді.
Америкалық жыланбалық – тұщы су 
жыланбалығы
Дақты бақша жыланбалығы
Дақты бақша жыланбалықтары – 
Орталық Тынық мұхиты мен Қызыл 
теңіз аймақтарында кездесетін теңіз 
жыланбалықтары. Бұл жыланбалықтар 
мұхиттың құмды түптерін мекендейді. 
Әдетте олар құмдағы індерге жартылай 
көміліп жатып, мұхит ағыстарымен 
қозғалады.
114

Еуропалық жыланбалық
Еуропалық жыланбалықтар – түнде белсенді 
балықтар. Әдетте, олар күндіз тастардың астында, 
үңгірлерде немесе балшықтағы індерге тығылып 
жатады да, кешке қарай қорек іздеуге сыртқа шығады. 
Бұл жыланбалықтар Скандинавиядан Мароккоға 
дейінгі Атлант мұхиты жағалаулары аймақтарында 
және Солтүстік Атлант, Балтық және Жерорта 
теңіздерінің өзендерінде кездеседі. Сонымен қатар, 
оны Еуропаның Қара теңізден Ақ теңізге дейінгі 
жағалауларынан да кездестіруге болады.
Мурен жыланбалығы
Мурен жыланбалықтары – жыланбалық­
тардың ең үлкен түрлерінің бірі. Олардың 
көбінің ұзындықтары 1,8 м­ге дейін жетсе, 
кейбір өте үлкендері тіпті 3,2 м­ге дейін 
жетеді. Мурен жыланбалықтарының шамамен 
200 түрі белгілі. Олардың ішіндегі ең үлкені – 
алып мурен, оның ұзындығы 3,2 м, ал салмағы 
40 кг.  Ал ең ұзыны  жіңішке алып мурен болып 
табылады, оның ұзындығы 4 м­ге дейін жетеді.
Жасыл мурен
Жасыл мурен (сонымен қатар жасыл конго, 
жасыл теңіз жыланбалығы немесе жасыл 
жыланбалық деп те аталады) – ең үлкен 
жыланбалықтардың бірі. Оның ұзындығы 
2,5 м­ге дейін, салмағы 30 кг­ға дейін жетеді. 
Жасыл мурендердердің түсі, шындығында, 
қоңыр. Алайда олардың денесін сары 
шырыш қаптап жататындықтан, соның 
әсерінен түсі жасыл болып көрінеді. Жасыл 
мурендерді Батыс Атлант мұхитынан, 
Мексика шығанағынан және Кариб теңізінен 
кездестіруге болады.
Дақты мурен
Дақты мурен – Солтүстік Каролинадан 
Бразилияға дейінгі Батыс Атлант мұхиты 
жағалауларынан кездесетін орташа өлшемді 
жыланбалық. Дақты мурендер – жалғыз
жүретін жыланбалықтар. Олар уақытта­
рының көп бөлігін мұхит түбінде өткізіп, 
балықтар және шаянтәрізділермен 
қоректенеді.
Үйректұмсықты жыланбалық
Үйректұмсықты жыланбалықтардың ұзын жіңішке 
бастары мен танаулары және үшкірлене біткен 
құйрықтары болады. Оларды Атлант, Үнді және 
Тынық мұхиттарының тропиктік және жылы 
температуралы аймақтарынан кездестіруге болады.
Ленталы жыланбалық
Ленталы жыланбалықтар – мурен жыланбалық-
тарының бір түрі. Оларды Үнді және Тынық 
мұхиттарынан кездестіруге болады, олар 
уақыттарының көп бөлігін құмға көміліп немесе 
тастақтар мен маржандардың астында тығылып 
өткізеді. Олардың денелері ұзын және жіңішке, 
ұзындықтары 90 см-ге дейін жетеді.
Ленталы жыланбалық мұхит түбіндегі інінен 
шығып тұр.
Үйректұмсықты жыланбалық
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
балықтар
115

Шыны губка 
Губкалар
Губкалар – қарапайым көпжасушалы 
теңіз және тұщы су жануарлары. Әдетте, 
олардың денелері бос түтікше тәрізді 
болып, саңылаулар деп аталатын 
көптеген тесіктер мен ауыздар қаптап 
жатады. Осы тесіктер арқылы су 
губка денесіне кіріп-шығып 
жатады. Губканың ішіндегі 
саңылаулар көптеген 
кішкентай шаяндарға, 
теңіз жұлдыздарына 
және басқа да мұхит 
омыртқасыздарына 
баспана болады. 
Губкалар – ең қарапайым 
жануарлардың бірі. 
Олар осыдан шамамен 
570 миллион жыл бұрын 
кембрий дәуірінде пайда 
болған.
Шыны губка
Шыны губкалар – әлемдегі ең қарапайым 
жануарлардың бірі. Олар – терең теңіз 
губкалары. Көбіне олардың пішіні кесе пішінді 
болып, қаңқалары алты ұшты кремнийлі сүйек 
инелерінің торынан жасалған. Басқа губкаларға 
қарағанда шынылы губкалардың өз денелерін 
кішірейту қабілеттері жоқ.
Шыны губкалар рифі
Бұрыннан бері жойылып кетті деп саналып 
келген рифтер түзетін шыны губкалар 
1980 жылдары Канададағы Британдық 
Колумбияда қайта табылды. 2007 жылы шыны 
губкалардың рифтері АҚШ-тағы Вашингтонның 
Грейс-Харбар округінен табылған. Бұл рифтердің 
ұзындығы мыңдаған километрге, ал биіктіктері 
4,5 см-ге дейін жетеді. Маржан рифтері секілді 
губка рифтері де көптеген жануарларға ұя 
болып табылады. Мыңдаған зоопланктондар, 
теңіз алабұға-
лары, омарлар 
және басқа да 
шаянтәрізділер 
осы рифтерді 
паналайды.
«Венера гүл 
кәрзеңкесі» 
шыны губкасы
Сүзіп жегіштер
Губкалар – сүзіп қоректенетін жануарлар. 
Олардың денелерінің ішінде суды жұтып, 
шығаратын күрделі каналдар жүйесі бар. 
Су саңылаулардан кіріп, каналдар арқылы 
әрі қарай өтеді. Каналдар «хоаноциттер» 
деп аталатын арнайы бұрама сызықтарға 
жалғасады. Осы бұрама сумен бірге кірген 
бактериялар, планктондар және детриттер 
секілді қоректерді ұстап, қорытады. 
Губкалар қоректендіру каналдары арқылы 
минут сайын өздерінің өлшемдерінен бес 
есеге дейін көп мөлшердегі суды жұта алады.
116

Түрлері
Губкалар губка тұқымдасына жатады. Губкалардың 
шамамен 5000 түрі белгілі. Губкалардың көбі 
жылы мұхит суларын мекендейді. Кейбіреулерін 
тұщы сулардан да кездестіруге болады. Губкалар, 
негізінен, үш топқа бөлінеді, олар: шыны губкалар, 
кәдімгі губкалар және ізбесті губкалар.
Бөшке тәрізді губка
Бөшке тәрізді губкалар – 
биіктіктері 1,8 м­ге дейін 
жететін үлкен бөшке 
пішінді губкалар. Оларды 
Батыс және Орталық 
Үнді мұхитының маржан 
рифтері маңынан табуға 
болады. Олардың денелері 
ортасында үлкен тесігі бар 
қалың бөшке тәрізді болады.
Сары түтікті губка
Сары түтікті губкалар, 
аттары айтып 
тұрғандай­ақ түтік 
тәрізді болып келеді. 
Олардың биіктіктері
60 см­ге дейін жетеді.
Көбеюі
Губкалар жынысты жолмен де, жыныссыз 
жолмен де көбейеді. Олар, негізінен, 
гермафродиттер. Бір ғана губка аталықтың 
да, аналықтың да рөлін атқара алады. 
Губкалардың тұрақты көбею мүшесі болмайды. 
Жыныстық жолмен көбейетін губкалардың 
кейбір мүшелері көбею мерзімінде ұрықтар 
немесе жұмыртқалар шығару үшін түрін 
өзгертеді. Ұрықтар губкадан сумен бірге 
сыртқа шығарылады. Суға шыққаннан соң 
ұрықтар басқа бір губкаға кіріп, жұмыртқасын 
ұрықтандырады. Ұрықтанған жұмыртқа-
жасушалар бірнеше күннен соң (бұл уақыт 
мерзімі сыртқы әсерлерге байланысты болады) 
суға шығарылады. Мұнда жұмыртқа-жасуша 
дернәсілдерге көбею не бүршіктену арқылы, не 
геммулалар түзу арқылы жүзеге асады. Әдетте, 
тұщы су губкалары геммулалар түзу арқылы 
көбейеді.
Маржан рифінде өсіп 
тұрған үлкен бөшке 
тәрізді губка
Сары түтікті губка
Кәдімгі губкалар
Кәдімгі губкалар губкалардың кең тараған 
түріне жатады. Олар әлемдегі губкалардың 
шамамен 95%-ын құрайды.
Түтікті губкалар – кәдімгі губкалардың бір 
түрі.
б
а
ла
лар энцик
лопедиясы
Теңіз омырТқасыздары
117

Теңіз жұлдыздары, теңіз 
қиярлары және теңіз кірпілері
Теңіз жұлдыздары, теңіз қиярлары және теңіз кірпілері – тікентерілілер.  Олардың 6000-нан 
астам түрі белгілі. Тікентерілілерді әлемдегі барлық мұхиттардың жағалауларынан бастап 
түбіне дейінгі әр түрлі тереңдіктерде кездестіруге болады. Барлық тікентерілілердің қатты 
немесе инелі терілері және симметриялы денелері болады.
Теңіз жұлдыздары
Теңіз жұлдыздарының пішіндері, түстері және 
өлшемдері әр түрлі болып келеді. Барлық теңіз 
жұлдыздарының орталық дискісі болады, 
сол дискіден қолдары тарайды. Барлық теңіз 
жұлдыздарының кем дегенде бес қолы болады, 
ал кейбіреулерінің тіпті 30-ға жуық қолдары 
бар. Теңіз жұлдыздарының астыңғы жағында 
кішкентай түтікті аяқтары болады, арқалары 
тікенді келеді. Сонымен қатар, олардың үстіңгі 
жақтарында кішкентай қатпары болып, сол 
арқылы тыныс алады. Теңіз жұлдыздарының 
не милары, не қандары болмайды. Олардың 
жүйке жүйелері қарапайым болып, қолдарына 
тарайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет