4.1 Аннотация Бизнес-жоспар тақырыбы: Жануартану пәніне мультимедиялық анимация процессін жасау бизнес жоспары.
Фирма аты: «Copy Land».
Мекен-жайы:Шымкент қаласы, Тауке-хан 4/3 үй.
Телефон: 53-43-93
Жетекшісі: Қасымбекова Ұлдар Байтемірқызы
Кіммен жасалған: Омаров Талғат Муратович.
Бизнес сферасы: Бағдарламамен қамтамасыз ету.
Қызметтің негізгі түрлері:Бағдарлама құрлымын құрастыру, бағдарлама құруға тапсырыс берушілерге толық қызмет көрсету.
Басталу мерзімі: 22.01.2008 жыл.
Бизнес-жоспар қандай мерзімге есептеліп жасалған: 2 апта.
4.2 Түйін
«Copy Land» кәсіпорынның негізгі ортасы программалалық құралдар құру және виртуальды лаборатория құру. Бұл сала Қазақстан нарығы үшін енді дамушы сала болып саналады. Көптеген фирмалар осы бағдарламаларды қолданады емес, өйткені бұл мәселе тек кітап жүзінде ғана іске асырылып отырды. Сондықтан көптеген мектептер мен электронды кітапханаларда осы бағдарламалық құралдарға сұраныс көп. «Copy Land» компаниясы осы мекемелерге сапалы бағдарламалық құралдар дайындауға арналған.
Кәсіпорын өнімдері уақытылы және сапалы жасалады және өз өнімін уақытылы бақылау мен жөндеу жұмыстарын да жасайды.
Кәсіпорынның негізгі мақсаты – болашақта өз саласында дамып, тек Оңтүстік Қазақстан Облысы емес бүкіл Қазақстандық нарыққа шығу және өнімдерді тек тапсырыс бойынша емес, сонымен қатар көпшілікке арналған әмбебап бағдарламалық өнімдер шығарып, сату. Осы мақсатқа жету үшін Кәсіпорынның алдағы жылдардағы жоспары :
шағын және орта жобаларды (тапсырыстарды) қабылдау;
Қазіргі уақытта кәсіпорын М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеттен тапсырыс алған. Delphi ортасында pascal программалау тілі бойынша анимациялық программа құру және білім беру саласын жеделдету жұмысына тапсырыс алған. Жобаның негізгі мақсаты мектептер мен электронды кітапханаларды бағдарламалық құралдармен қамтамасыз ету. Жоба тапсырыс берілген мекемелерге электронды түрде виртуальды лаборатория жұмыстарын терңдету мақсатында жасалады.
Жобаны іске асыру үшін жаңа техникалық құралдар мен технологиялар қажет. Материалды-техникалық базасын жасау үшін «Copy Land» компаниясы ЖШС Алянс Банкінен 500 000 теңге кредит алады. Бұл қаражат жалпы операциялық шығындарды және бастапқы шығындарды жабуға қажет. Жобаны жүзеге асыру үшін Тәуке-хан көшесінде офис ашылды. Біздің қызметкерлер штаты осы саладағы білікті мамандардан тұрады.