Жапбаров Амангелді Оқушылардың орфографиялық икемділіктері мен дағдысын қалыптастыра оқытудың ғылыми



Pdf көрінісі
бет12/15
Дата08.01.2017
өлшемі0,69 Mb.
#1463
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


Сөздер
Өзіңіз жазыңыз
1
Ізденушілік
ізденушілік
2
Ілеспе аударма
3
Іссапар
4
Іргелесуі
5
Ірлендіру
113

6
Ішкі-сыртқы
7
Ішнара
16-тапсырма. Берілген реттік сан есімдерді жазбаша жазыңыз және
сөздерді біріктіре отырып сөйлем құраңыз. 1,2,6,7,8
18-тапсырма. Берілген сөйлемдердің құрамында жалғау жалғанғанда,
түбірдегі і дыбысы түсіріліп жазылған сөздерді табыңыз. 
Екеуінің орны да бос, қолайлы адам жоқ. Астана көркі жаңа, сәнді
ғимараттармен көз тартады. Бірінші әрпі үлкен әріппен жазылатын сөздер.
Асхат еркінен тыс жаңа жоба жасауға мәжбүр болды. 
22-тапсырма. Сөздерден сөз тіркесін құраңыз. 
Бәсекелестік,   қабілеттілік,  елдестіру,  елшілік,  мәміле,  келу,  мереке,
ісшара, жеке, іс парақ. 
1
бәсеке қабілеттілік
2
3
4
Қорыта келгенде, дыбыстардың жазылу емлесін үйрету фонетикалық,
орфоэпиялық, орфографиялық ережелерге орай жаттықтырылады.
2.3.2. Сөзжасам емлесін үйрету
«Сөзжасам» тарауы туралы түсінікте айтып кеткеніміздей, жаңа сөз,
жаңа   ұғым   атауларының   жасалуы   алуан   түрлі.   Олардың   өзіндік   жазылу
емлесі бар. Соның бірі - негізгі сөз. Терминнің, яғни тілдік тақырыптың,
өзі айтып тұрғандай, басқа жаңа сөз, жаңа ұғым атауларын жасауға негіз
болады. Мысалы, ек, егін, егіндік, егінші, өнім, өнімді, өндіргіш; 
Бұған   байланысты   қортындыланады   ережесі:   жаңа   сөз,   жаңа  ұғым
атауларын сөз жасауға ұйытқы болатын сөздің түрі негізгі сөз деп аталады.
Есте сақтайтын жағдай: 
1.   Негізгі   сөздің   өз   ішінде   бөлшектенбейтіңдігі   аңғартылуы   тиіс;
Яғни,   негізгі   сөздердің   дыбыстық   құрамы   әр   түрлі   болғанмен,   бір
лексикалық   мағынаны   білдіріп,   бір   ғана   ұғым   атауы   болатындығы,
сондықтан сөз жасайтын құранды бөлшектерге бөлінбейтіндігі бір бүтін,
дербес сөздер екеңдігі аңғартылуы тиіс. 
Мысалы, 
 
   Негізгі сөз
ал 
ана
кеше
тал 
жаңбыр
бес 
қант 
тақта
ақ
2.   Басқа   жаңа   сөздердің   түрлерін   жасауға   негіз   болатындығы
114

аңғартылуы тиіс; 
3.   Әрі   өзі   жасауға   негіз   болған   басқа   сөздердің   мағыналарымен
ұштасып   жататындығы   аңғартылуы   тиіс.   Сондықтан   да   бір   негізден
тараған сөздер негіздес сөздер (бұған дейін түбірлес сөз деп келген) деп
аталатындығы да түсіндірілуі тиіс; Мәселен, 
орақ 
орақ
орна               арна
ор 
орақшы  
орын 
орындық
Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздер.  Жаңа сөз, жаңа ұғым
атауларының жасалуы алуан түрлі. Соның бірі - жаңа, туынды сөздердің
сөз тудырушы, яғни сөзжасамдық жұрнақтар арқылы жасалуы. Мысалы,
өнер,   өнерлі,   өнерпаз   сөздерінің   заттық   ұғымды   білдіретін   негізгі   өнер
сөзіне -лы, --паз сөзжасамдық жұрнақтарының жалғануы арқылы екі жаңа
сөз, жаңа сындық ұғым атаулары жасалып тұр. 
Ал   ек,   егін,   егінші,   егіншілік,   егіндік   сөздерінің   қимыл   ұғымын
атайтын   ек   сөзіне   -ін,   -ші,   -ш   ілік,   -ін+дік   жұрнақтарының   жалғануы
арқылы   төрт   жаңа   сөз,   яғни   әр   түрлі   лексикалық   мағына   жасалып   тұр.
Қорытындыда бұл категорияның ережесі жасалады: сөзжасамдық жұрнақ
арқылы жасалып, жаңа бір ұғым атауын білдіретін сөзді жұрнақ арқылы
жасалған туынды сөз дейміз. Есте сақтайтын жағдай: 
1.   Сөзжасамдық   жұрнақтар   арқылы   әр   түрлі   ұғым   атаулары
жасалатындығы аңғартылуы тиіс. Мысалы: 
а) Заттық ұғым атаулары: оқушы, сауыншы, көрме, шығарма, бұрғы,
көрермен, жақсылық; 
ә) Сындық ұғым атаулары: сулы, шөпті, үлгілі, қайырма (жаға), сырма
(тон); 
б) қимыл ұғым атаулары: тұзда, шегеле, түсте, жарқылда, тарсылда,
көгер; 
в) Сандық ұғым атаулары: екінші, алтыншы. 
2.   Сөзжасамдық   жұрнақтардың  қолданылу  аясына   қарай   екіге
бөлінетіндігін аңғартылуы тиіс; 
а)   Өнімді   жұрнақтар:   Мысалы,   әнші,   өрмекші,   диірменші,   сүзбе,
жазба, бөлме, керме, қойма, жарма, т.б. 
ә)   Өнімсіз   жұрнақтар:   озат,   қырат,   болашақ,   берешек,  келімсек,
көрермен, шабарман, сағалдырық, т.б. 
3.   Сөзжасамдық   жұрнақтардың   омонимдес   болып  та   келетіндігін
аңғартылуы тиіс; Мысалы: 
а) бастама, мазмұндама, аялдама, керме, бұл жерде баста, мазмұнда,
аялда,   кер   деген   қимыл  ұғымы   атауларынан,   -ма,   -ме,   -ба,   -бе,   -па,   -пе
өнімді сөз жасамдық жұрнактар арқылы заттық ұғымы жасалса; 
ә)   ал   қынама,   қайырма,   кезбе,   терме   (көп   жағыдайда   мағынасы
контексте   танылады)   бұл   жерде   қына,   қайыр,   кез,   тер   қимыл  ұғымы
атауларынан   жоғарыда   көрсетілген   сөзжасамдық   жұрнақтар   арқылы
сындық ұғым атаулары жасалып тұр. 
4.   Сөз   жасамдық   жұрнақтардың  туынды  сөздерден   кейін   де
115

жалғанып, жаңа сөз, жаңа ұғым атауларын жасай беретіндігі аңғартылуы
тиіс; Мысалы, талаптылық сөзін алайық, талап - негізгі сөз, заттық ұғым
атауы,   талапты   -   жұрнақ   арқылы   жасалған   туынды   сөз,   сындық   ұғым
атауы, талаптылық - жұрнақ арқылы жасалған туынды сөз, заттық ұғым
атауы; 
5.   Сөзжасамдық   жұрнақтар   қазақ   тілінің   сөздік   қоры   мен   сөздік
құрамын байытатын ең өнімді тәсіл екендігі де аңғартылуы тиіс; 
6. Сөзжасамдық жұрнақтардың қазақ тіліндегі дыбыстардың үндесу
заңдылығына байланысты  бірнеше дыбыстық  варианттары болатындығы
аңғартылуы тиіс, т.б; Мысалы,  қар+лы, қырат+ты, ел+ді. 
Сонымен   бірге,   сөз   топтарына   байланысты   мынадай   сөзжасам
сұрақтарымен таныстырылады:
1.   Заттық,   сындық   ұғым   атауларынан   сындық   ұғым   атауларын
тудыратын сөзжасамдық жұрнақтар: 
-лы, -лі, -ды, -ді, - ты, -ті: ну-лы, тас-ты, дене-лі, көрік-ті, өнер-лі т. б. 
-сыз, - сіз: үй-сіз, жер-сіз, қызмет-сіз, дос-сыз, орман-сыз т. б. 
-ғы, - гі, -қы, - кі: жаз-ғы, іш-кі, сырт-қы, соң-ғы, күз-гі, түн-гі т. б. 
2.  Қимыл ұғымының атауынан сындық ұғым атауларын тудыратын
сөзжасамдық жұрнақтар: -ғақ, -гек, -қақ, -кек, -ақ, -ек: майыс-қақ, тай-ғақ,
т. б. 
-ғыш, -гіш, - қыш, -кіш: оқы-ғыш, жүз-гiш, кеңес-кіш, тыңда-ғыш т. 
-ғыр, -гір ,-қыр, - кір: өт-кір, ал-ғыр, тап-қыр, біл-гір, т. б. 
1.   Заттық,   сындық   ұғым   атауларынан   заттық   ұғымын   жасайтын
сөзжасамдық жұрнақтар 
1. -шы, -ші: қойшы, жыршы, әнші, күйші, т.б. 
2. -шылық, -шілік: шаруашылық, қиыншылық, кеңшілік, т.б. 
З. -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: балалық, кісілік, адалдық, т.б. 
4. -кер, -гер: айлакер, саудагер, қызметкер, т.б. 
2.  Қимыл ұғымы атауларынан заттық ұғым жасайтын сөзжасамдық
жұрнақтар 
1. -м, -ым, -ім: байлам, күзем, қысым, түсім, т.б. 
2. -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: бұрма, көрме, қазба, сүзбе, баспа, т.б. 
3. -қы, -кі, - ғы, -гі: шапқы, тепкі, бұрғы, т.б. 
4. -с, -ыс, іс: талас, айтыс, жүріс, т.б. 
1.   3аттық,   сындық   ұғым   атауларынан   қимыл   ұғымы   атауларын
жасайтын сөзжасамдық жұрнақтар 
-ла, - ле, - да, - де, - та, - те: тісте, қолда, баста, шегеле, т.б 
-а, - е: сана, сына, міне, боса, т.б. 
-ой, - ай, - ей: күшей, молай, қарай, т.б. 
-р, - ар, ер: жұқар, көгер, т.б. 
-қар, -кер,-ғар,-гер:басқар,ескер,оңғар,теңгер, т.б. 
2.   Елікrеу,  бейнелеу   ұғымы   атауларынан   қимыл   ұғымын   жасайтын
сөзжасамдық жұрнақгар 
-ыра, -іре: салбыра, күркіре, зырқыра, желбіре, т.б. 
-ырай, -ірей: шақырай, күжірей, шікірей, т.б. 
116

-и, (-ый, -ій): қылти, торси, ерби, т.б. 
Тұлға жағынан алып қарағанда, қазақ тілінде сөздер бес түрлі тұлғада
қолданылады (негізгі түбір, туынды түбір, қос сөз, біріккен сөз, қысқарған
сөз). Олардың әрқайсысының өзіндік тұлғалық ерекшелігі болғаны сияқты,
әрқайсысына   тән   орфографиялық   ерекшеліктері   де   бар.   Сөздердің
жазылуындағы морфологиялық өлшем негізгі түбір болмақ. Негізгі түбірге
қосымша жалғануы арқылы сөз түрленеді, өзгереді немесе грамматикалық
қарым-қатынасқа түседі.
Түбір   сөздің   жазылуының     да   өзіндік     заңдылығы     бар.   Қазақ
тіліндегі   түбір   сөздерге   тән   қасиет   олардың   кілең   жуан   дыбыстардан
немесе   кілең   жіңішке   дыбыстардан   тұратындығы   (жұмысшы,   мемлекет
т.б.) Бұл   ерекшелікті негізгі сипат ретінде үйрету керек. Ескерту ретінде
кейбір санаулы сөздерде жуан және жіңішке дыбыстар араласа келетіндігі
айтылады (қызмет, кітап т.б.)
Туынды   түбір   жасайтын   қосымша   да   (жұрнақ),   сөз   бен   сөзді
байланыстыру     қызметін     атқаратын   қосымша   да   (жалғау)   түбір   сөздің
жуан     я     жіңішкелігіне     қарай   үйлесе   қосылады:   (оқы+ған,  өнер+лі,
бала+ға,   іні+ден   т.б.)   Бұл   ережеге   бағынбай   қосылатын   қосымшалар
фонетикаға   байланысты   айтылған.   Сонымен   бірге   қосымшаның   басқы
дыбысы   түбір   сөздің   соңғы   дыбысына   үндесе   ыңғайласады.
Орфографиялық   бұл   ерекшеліктерді   үйрету   барысында   грамматикалық
ереже  мен   жаттығу   жұмыстарын   араластыра   жүргізу   тиімді.   Сондықтан
сабақта   бұл   мәліметтердің   емлесі   тіл   материалдарының   анықтама,
ережелірін негізге ала үйретіледі.
Түбір сөздердің жазылуы. Түбір мен қосымшаға бойынша мынадай
анықтама беріледі: 
1.   Көп   буынды   түбір   сөздер,   көбінесе,   біріңғай   жуан   не   жіңішке
болып келеді: мәдениет, азамат, кездесу, ерекше, әлеумет, ақпарат, жоспар,
құрылыс, мәселе, мәжіліс, мекеме, маман, жоғары, тәжірибе 
2. Көп буынды түбір сөздер аралас (жуан, жіңішке) буынды болып та
келеді: қызмет, кітап, қауіп, қадір, қасиет 
3.   Аралас   буынды   сөздер,   негізінен,   араб-парсы   тілдерінен,   орыс
тілінен келген кірме сөздердің бірқатары соңғы дауысты а дыбысын түсіріп
қалыптaсқандықтан,   сол   ықшамдалған   түрінде   жазылады:   газет   (газета
емес), минут (минута емес). 
4.   Жазу тәжірибесінде кейбір түбір сөздер екі түрлі дыбысталуына
қарай екі (кейде үш) нұсқада беріліп жүр. Олардың барлық нұсқасында
қатар қолданаылады: байымдау - пайымдау - бағамдау; секілді-сықылды,
өзге - өңнe, уәде - уағда, жahан - жиhан. 
5.  Тек бір нұсқасын қабылдап, соның жазылуын сақтайтын сөздер де
бар: қазір (кәзір, казыр емес), міне (міні емес). 
6. Түбір сөздердің негізгі тұлғалары өзгертілмей жазылады.
Бұл ережеге орай мынадай жаттығулар қолданылады. 
1-тапсырма. Сөздерді оқыңыз. Дәптерге көшіріп, олардың жазылуын
есте сақтаңыз. 
117

Әлеумет, мәжіліс, жоспар, кеңістік, өнім, тағайындау, сайлау, аумақ,
бейбіт, болжам, ұжым, біліктілік, еңбекақы, өкім, орынбасар, көмек, зәру,
талап,   тәртіп,   мүгедек,   қаржы,   қолдау,   алка,   жергілікті,   толғандыру,
жандандыру, тұрғын, басқарма, кәмелетке толу, қоғамдық бірлестік, үкімет,
үкіметтік емес ұйымдар. 
2-тапсырма.   Көп   нүктенің   орнына   тиісті   әріптерді   қойып,   көшіріп
жазыңыз. 
А-Ә
Қ-К
Ы-І
...леумет
...оғам
өн...м
...қп...р...т
аума...
тәрт...п
м...жіліс
...өме...
ұж...м
...лқ...
ә...ім
ор...нбасар
т...ғ...йынд...у
ү...імет
жерг...л...кт...
з...ру
...аржы
тұрғ...н
3-тапсырма. Төмендегі кестеде берілген сөздерге септiк жалғауларын
жалғап түрлендіріңіз. 
Атау септік
Ілік
септік
Барыс
септік
Табыс
септік
Жатыс
сеотік
Шығыc
септік
Көмектес
септік
Кім?
Кімнің? Кімге?
Кімді?
Кімде? Кімнен? Кіммен?
Не?
Ненің?
Неге?
Нені?
Неде?
Неден?
Немен?
адамгершілік
Есте сақтаңыз! Орыс тілінен және орыс тілі арқылы енген сөздердің
басым   көпшілігі   орыс   орфографиясы   бойынша   жазылады.   Алайда   орыс
тілінен енген сөздердің ішінде дыбысталуы өзгеріп қалыптасқан бірқатар
сөздер   сол   өзгерген   күйінде   жазылады.   Олардың   дені   қазақ   тілінде
ертеректе   ауызша   сөйлеу   тілі   арқылы   енген   сөздер:   барқыт   (бархат),
бәтеңке   (ботинка),   бәтес   (батист),   бөрене   (беревно),   зауыт   (завод),   келі
(кило), шіркеу (церковь), сот (суд), шенеунік (чиновник).
1-тапсырма.   Берілген   кіріккен   түбірлі   сөздердегі   дыбыстық
өзгерістерді түсіндіріңіз. 
Жаздыгүні, бүрсігүні, білезік, әпер, апар, түрегел, биыл. 
2-тапсырма.   Берілген   сөйлемдердеri   орыс   тілінен   және   орыс   тілі
118

арқылы   енген   сөздерге   жақшаның   ішіндегі   тиісті   қосымшаны   жалғап,
көшіріп жазыңыз. 
1.   «Мемлекеттік   сатып   алу   туралы»   Қазақстан   Республика(-сы/-сі)
Заңын   іске   асыру   шеңберінде   отандық   тауар   өндірушілерді   мемлекеттік
қолдау» тақырыбына арналған «дөңгелек үстел» өтті. 2. Астана қаласында
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидер(-лер/-лар )інің ІІІ съез(-ын/-ін) және
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съез(-ы/-і) Хатшылығының VІІІ
отырысын өткізу жоспарланып отыр. 
3-тапсырма.   Оқыңыз.   Мәтіндегі   түбірлі   сөздерді   анықтай   отырып,
дыбыстық өзгерістерді көрсетіңіз. 
Әлеуметтік қызмет
Әлеуметтік   қызмет   саласын   кеңейту,   әлеуметтік   қызмет   көлемін
apттыpy және оның сапасын жақсарту мақсатында кепілді және қосымша
әлеуметтік   қызмет   түрлерінің   кестесін   белгілеу   және   оны   заңды   түрде
бекіту,   сонымен   қатар,   мұндай   қызмет   түрлерін   көрсетудің   тәртібіне
өзгерістер енгізу, әлеуметтік қызмет түрлерінің мемлекеттік стандарттарын
белгілеу,   әлеуметтік   қызмет   көрсетумен   айналысатын   ұйымдардың
қызметін   міндетті   түрде   лицензиялау   және   олардың   қызметкерлерін
аккредитациядан   өткізу   қажет.   2008   жылғы   29   желтоқсанда   "Арнаулы
әлеумепік   қызметтер   туралы"   арнайы   заң   қабылданып,   жұмыс   істей
бастады. 
11-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті о, ө; ұ, ү; н, ң әріптерді
қойып, жазыңыз. 
О-Ө
Ұ-Ү
Н-Ң
Қ...сымша
...йым
Те...ге
К...рсету
М...гедек
Е...гізу
...згеріс
К...ндіз
Ке...ейту
...рындау
Т...рғын
Жа...у
...ткізу
Ж...мыс
За...
Б...лімше
Қ...н
Ар...айы
11-тапсырма.   Берілген   сөздердің   жасалуындағы   кездесуі   мүмкін
дыбыстық   алмасуларды   түсіндіріп,   оларды   қатыстырып,   сөйлемдер
құраңыз. Жандандыру, Қолдау, Тағайындау, Орындау. 
13-тапсырма.   Жақшаны   ашып,   қажетті   қосымшаларды   жалғап,
көшіріп жазыңыз. 
1.   Әлеуметтiк   қызмет   көрсету(-мен/-бен)   айналысатын   ұйымдар(-
дың/дің) қызмет(-ы/-і)н мiндeттi түрде лицензиялау және олар(-дың/-дің)
қызметкерлер(-ы/-і)н аккредитaция(-дан/-ден) өткізу қажет. 2. 2008 жылғы
29 желтоқсан(-дa-де) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер тypалы" арнайы заң
қабылданды. 
15-тапсырма. Көру диктанты. Сөздерді оқып, есте сақтап, дәптерге
жатқа жазыңыз. 
Мәжіліс 
көмек 
зәру
Шенеунік 
әлеумет
кәсіпорын
Қолдау 
зауыт 
тағайындау
119

Қосымшалардың   жазылу   емлесі   бойынша   мынадай   ережелер
үйретіледі. 
1. Қосымшалар түбір сөздің соңынан келіп, сөзбен бірге жазылады:
аймақтар, салаға, негізді, сауданы, жобаның, мiндeттeмегe. 
2. Қосымшалар  сөзге үндестік  заңы бойынша сөздің  соңғы буыны
мен   дыбысына   үндесе   жалғанады:   даму+ға,   болашақ+ты,   кездесу+ді,
ұйым-дас-тыр-у-шы-лар, үлес-ті, бақыт-ты, қызмет-кер-лер-ді. 
Назар аударыңыз.
7-тапсырма.   Төмендегі   сөздерге   септік   жалғауларын   жалғап
түрлендіріп жазыңыз. 
Атау
Ілік
Барыс
Табыс
Жатыс
Шығыс Көмектес
септік
септік
септік
септік
септік
септік
септік
3-тапсырма.   Берілген   сөздерге   жақшаның   ішіндегі   қосымшаның
тиістісін жалғап, көшіріп жазыңыз. 
Асфальт (-қа, -ке)
Вальс (-ты, -ті)
Рельс (-ты, -ті)
Фестиваль (-ы, -і)
Ансамбь (-ы, -і)
Роль (-ға, -ге)
4-тапсырма.   «Орфографиялық   сөздікті»   пайдалана   отырып,
төмендегідей қосымшa жалғанған сөздерді теріп жазыңыз. 
5-тапсырма. -сыз, -қор, -пікі, -паз, -шы, -ша, -шақ. -шық, -кер, - гер, -
са, -мен, -қой, -кес сияқты қосымшаларды тиісті сөздерге қосып жазып,
дыбыс, буын үндестігіне бағынатындарын бір бөлек, бағынбайтындарын
бөлек топтап жазыңыз. 
Үндестік занына бағынатын
қосымшалы сөздер
Үндестік занына бағынбайтын
қосымшалы сөздер
120

7 -тапсырма. «Орфоrpaфиялық сөздікті» пайдаланып, сс, лл, тт, пп, ст,
кст, сть, зд, кк дыбыстарына аяқталғaн орыс тілінен енген сөздерді теріп
жазып, қосымшалар қосып түрлендіріңіз. Олардың үндесу заңдылықтарын
түсіндіріңіз. 
Лексикалык   тәсіл   арқылы   жасалған   туынды   сөздер   емлесін
үйрету. Ең алдымен, пән мұғалімінің лексикалық тәсіл - негізінен сөздік
қордың, сөздік құрамның басқа тілден сөз алмасу (сөз ауысу) тәсілі аркылы
баю жолы екеңдігі түсіндіріледі. 
Бұл жерде әңгіме семантикалық тәсіл жайында болмақ. Себебі сөздік
қор, сөздік құрамның дамуына сыртқы себептер мен қоса ішкі себептер,
яғни   ішкі  тілдік   құбылыстар,   сөз   мағынасының   кеңеюі  деген   мәселелер
(семантикалық құбылыстар) әсер етеді. 
Тілдегі байырғы сөздер мен олардың мағыналары жаңа мағына, жаңа
үғымның соған сай жаңа сөздердің пайда болуына ықпал жасайды. Сонда
ережесі:   тілдегі   байырғы   сөздердің   мағынасын   ауыстыру   арқылы   пайда
болып, жаңа ұғым атауы болатын сөздің түрі лексикалық (семантикалық)
жолмен жасалған туынды сөз деп аталады. Мысалы, калың кітап, қалың
шөп, қалың тұман, калың ой, т.б. 
Аталған   сөздің   мағынасы   «қазақ   тілінің   түсіндірме   сөздігінде»   (5-
том,   601-бет)   былай   беріледі.   Қалың-   жұқа   емес,   қабат-қабат   деген
лексикалық мағынаны білдіретін, сыңдық ұғым атауы. 
Қалың-   сөз   мағынасын   ауыстыру   нәтижесінде   пайда   болған   “көп”
деген лексикалық мағынаны білдіретін, сындық ұғым атауы. 
Қалың- сөз мағынасын ауыстыру нәтижесінде пайда болған қою, жиі
деген лексикалық мағынаны білдіретін, сындық ұғым атауы. 
Қалың- сөз мағынасын ауыстыру нәтижесінде пайда болған шексіз
деген лексикалық мағынаны білдіретін, сындық ұғым атауы. 
Лексикалық (семантикалық) тәсілдің бірнеше түрі бар: 
1. Заттар мен құбылыстарды ұқсастығына қарай екінші бір зат пен
құбылыстың   атымен   атау   тәсілі.   Ол   тіл   ғылымында   метафологиялық
немесе ұқсату тәсілі деп аталады. 1 Мысалы: а) Арқаның кызыл түлкісі. 
ә) Болат түлкі мінезін танытты; 
2.   Туыс,   жақын,   іргелес,   шектес   зат   пен   құбылыс   ұғымының
атауларын бірінің орнына бірін алмастыру арқылы бір ғана атаумен беру
тәсілі.   Ол   тіл   ғылымында   меmонимиялық   тәсіл   деп   аталады.   Мысалы:
Мұқағалиды   таныдық   –   ақындығын   түсіндік   дегенді   білдіреді   немесе
“Мұқағали” сөзі “ақындығын” деген ұғымды атап тұр. Немесе, үй іші аман
- туған-туыс, ата-ана аман дегенді білдіреді. Сонда «үй іші» сөзі «туған-
туыс», «ата-ана» ұғымын білдіріп тұр. 
3.   Туыс,   жақын,   іргелес,   шектес   заттық   және   құбылыстық   ұғым
атауларын алмастыру арқылы бүтінді бөлшегімен, бөлшекті бүтінімен атау
тәсілі. Ол тіл ғылымында cинехдохалық тәсіл деп аталады. 
Мысалы: жүзін сағындым - ұлын, немесе қызын, немесе құрбысын
сағындым дегенді білдіреді. Бұл жерде «жүз» сөзі арқылы бүтін (ұл, қыз,
құрбы заттық ұғымдары) аталып тұр. 
121

Есте сақтайтын жағдай: 
1.   Сөз   мағынасын   ауыстыруда,   яғни,   семантикалық   тәсіл   арқылы
жаңа ұғым атауын, жаңа сөз жасауда сөздің «бастапқы», «негізгі», «тура»
мағынасы ауыспалы мағынаның, яғни, туынды мағынаның негізгі ұйтқысы
болатындығы баса аңғартылуы тиіс; 
2.   Сөзжасамның   амал-тәсілдері   арқылы   жаңа   сөз,   жаңа   ұғым
атауларын   жасау   мәселесі,   әсіресе,   лексика-семантикалық   тәсіл   арқылы
туынды   сөз   жасау   мәселесі   тілдің   «Лексика»   саласымен   байланысты
меңгертілуі тиіс. 
Сөздердің бірігуі арқылы жасалған туынды сөздер. Жаңа сөз, жаңа
ұғым атаулары сөздердің біріryі арқылы да жасалады. 
Мысалы, сары+тау+құм деген үш түрлі ұғым атауынан Сарытауқұм
деген төртінші жаңа геоrpафиялық ұғым атауы, ал ай+гүл деген екі түрлі
ұғым   атауынан   Айгүл   деген   үшінші   қыз   балаға   қойылатын   есім   ұғымы
атауы туып тұр. 
Сонда   ережесі:   кемінде   толық   мағыналы   екі   сөздің   бірігуінен
жасалып, жаңа лексикалық мағынаны білдіріп, жаңа ұғым атауы болатын
туынды сөздің түрін біріккен сөз дейміз. Есте сақтайтын анықтағыштар: 
1.   Сөздердің   бірiryі   арқылы   әр   түрлі   ұғым   атаулары
жасалынатындығы меңгертілуі тиіс; 
а)   Заттық   ұғым   атаулары:   Мәселен,   1.   өсімдік,   аң,   құс,   жәндік
атауларын: алабота, мысыққұйрық, аққу, күркетауық, қосаяқ, көртышқан. 
2. Кісі есімі ұғым атаулары: Назипа, Ерсайын, Cұлтaнмaxмұт. 
3.   Планета,   геоrpафиялық   ұғым   атауларын:   Темірқазық,   Көкшетау,
Айнакөл. 
4. Ауру ұғымы атаулары: есекжем, көкжөтел соқырішек. 
5. Анатомиялық ұғым атаулары: ащышек, асқазан. 
6. Қоғамдық ұғым атаулары: ақсақал, елбасы, әнұран, жолбасшы. 
7. Ойын ұғым атаулары: ақсүйек, алтыбакан, соқыртеке. 
8.   Ән,   күй   ұғым   атаулары:   «Кісенашкан»,   «Қайран   шешем»,
«Жанбота». 
ә) қимыл ұғым атаулары: әкет, апар; 
б) Мезгіл ұғым атаулары: жаздыгүнi, таңертең, биыл, т.б. 
2.   Біріккен   сөздердің   құрамындағы   сөздердің   ешбір   өзгеріссіз
тұлғалық ерекшелігін сақтап, әрі тұлғалық ерекшелігін сақтамай дыбыстық
өзгеріске түсіп бірігетіндіктері,  бойынша  екіге бөлінетіндігін  түсіндірілуі
тиіс; 
а)   Тұлғалық   ерекшелігін   сақтап,   тұтаса   біріккен   сөздер:   Мысалы,
Жақсытұз, Ғалымжан, Құрманбай, егінді көл т.б. 
ә) Тұлғалық ерекшелігін сақтамай, дыбыстық өзгеріске түсіп, кіріге
біріккен сөздер: Мысалы, апар, әкел, бүгін, қарлығаш, білезік, күздігүні,
т.б. 
3.   Біріккен   сөздер   тақырыбы   емле   зандылығымен,   яғни
орфографиялық, орфоэпиялық заңдылықтармен бірлікте түсіндірілуі тиіс;
Мәселен, 
122

а)   Егер   біріккен   сөздің   бір   сыңары   ретінде   еш,   бір,   әр,   кей,   әлде
сөздері   есімдіктермен   тіркесіп   келсе,   бірігіп   жазылатындығы;   Мысалы,
ешкім, бірнешеу, әркім, кейбіреу, әлдеқашан, т.б. 
ә)   Егер   біріккен   сөздің   бір   сыңары   ретінде   еш,   бір,   әр,   кей,   әлде
сөздері заттық ұғым атауларымен тіркесіп келсе, бөлек жазылатындығы; 
Мысалы, еш адам, бір үй, әр қала, әлде зат, әлде хайуан, т.б. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет