Терме диктант. Терме диктанты белгілі бір орфографиялық ережеге,
сөздер мен сөз тіркестерін жазуға байланысты жүргізіледі. Бұл диктант
арқылы грамматикалық түрлі ереже, анықтамаларды пысықтауға, қайталап
естеріне түсіруге болады.
Атап айтқанда, оқушыларға күрделі бір мәтін ұсынып, соның
ішінен сөз тұлғаларының бірін немесе сөз таптарының бірін теріп жазуға
тапсырма береді. Терме диктантта оқушылар берілген мәтіннің керекті
сөздерін ғана көшіріп қоймай, оның қандай тұлғада тұрғанын ажыратады.
Мысалы, сан есімді өткен кезде сан есім сөздердің емлесі бойынша
терме диктанттың үлгісі:
Ең үлкен.
Жан-жануарлардың ішіндегі ең үлкен кит. Оның ұзындығы 33 метр,
салмағы 150 тонна. Мұндай салмақ - 30 піл немесе 150 өгіздің салмағына
тең деген сөз. Мұндай киттің жүрегінің салмағы - 700 килограмм,
тілінің салмағы 2 тонна. Ал жаңа туған киттің баласының ұзындығы 8
метр, салмағы 6 тонна.
Сондай-ақ қос сөзді өткен кезде қос сөздің емлесі бойынша терме
диктант.
Теңіз дауылы
Теңіз кеңістігінің беті ойлы-қырлы болып өзгеріп, қара
қошқылданып қалыпты. Қазір бір шаңырақ құзды, қара сұрлау қойнына
өтіп кететін тәріздіміз. Теңіз беті минут сайын құбылып, тау құзға,
құм тауға айналды. Ашулы толқын арс-арыс етіп, теуіп кеткен сайын,
біз қонақтаған шағын ғана мұз шыңы бір жағы төңкеріліп бара
жатқандай дөңбекшіп-дөңбекшіп алады. Әр жерден бір опырылып түскен
мұз, кесектер жандана тулаған көкжалдан төбесіне қарғып, қарғып
түседі.
Ескерту диктанты. Мұғалім сөйлемді дауыстап оқиды да, бір оқушы
қайталап ішіндегі сөздердің жазылу емлесін айтады. Мұнда қандай сөзге,
нысанға тоқталу керек екендігін мұғалім көрсетіп, түсіндіріп, ескертеді.
Соңынан сол сөйлемді оқушылар жатқа дәптеріне жазып, ережесі
талданған сөздің астын сызып белгілейді, оның жазылу емлесін айтып
береді. Қалған оқушылар өздерінің жазған жазуларын тексеріп, жіберген
қателері болса түзетеді.
Өздік диктант. Өздік диктантты оқушылар мәтінді мұғалімнің
айтуы бойынша емес, өздігінше жатқа жазады. Өзіндік диктанттың
жаздырудың бірнеше жолы бар.
Бірінші өтілген тақырыпты бекіту мақсатында мұғалім диктант
мәтінін тақтаға жазады. Жеке сөздердің жазылуы, грамматикалық ереже
түсіндіріледі. Соңынан оқуышлар мәтінді бірнеше рет оқып, жаттап алады.
103
Содан кейін тақтадағы мәтін беті жабылып қойылады да, оқушылар оны
жатқа айтады.
Екінші мұғалім мәтінді оқулықтан, кітаптан, газет, журналдан үзінді
көрсетіп береді. Мәтінді оқушылар бірнеше оқып қайталаған соң кітап,
оқулық т.б. жабылып оқушылар жатқа жазады. Соңынан мәтінмен
салыстырылады.
Үшінші - оқушыларға жаттаған өлеңдерді, кара сөздерді жатқа
жаздыру. Өздік диктант арқылы оқушылардың өткен сабақты меңгергенін
ғана емес, орфографиялық және синтаксистік ережелерді қалай ұғынғанын,
оларды тәжірибеде қалай пайдалана білетінін байқауға болады.
Іздету диктанты. Бұл диктанттың басқа диктанттардан айырмасы -
мұнда оқушы барлық мәтінді не сөйлемді түгел жазбайды, мәтіннің
ішінен анықтамаға не ережеге байланысты жеке сөз, сөз тіркесі,
сөйлемдерді тауып, теріп жазады. Немесе сөйлемді, мәтінді жазып болған
соң, сол нысан таптырады. Мысалы, Қаракөз Кенжетай мен Балтабектің
арасына отырады деген сөйлемді оқымастан бұрын, біріккен сөздердің
емлесін қайталап, өткенді естеріне түсіреді. Сонан соң осы сөйлемді
жайлап келесі әр сөзге кідіріс жасап оқиды. Оқушылар мұғалімнің
тапсыруына қарай мәтін ішінен біріккен сөзді теріп жазады, немесе түгел
сөйлемді жазып, біріккен сөздің жазылу емлесі талданады.
Түсіндірмелі диктант. Бұл диктант жаңа материалды игерту мен
бекітуде жаттығу әдісі ретінде өткізіледі. Сондықтан түсіндірмелі
диктантты жаздырудың өзіндік әдіс-тәсілдері бар:
Біріншіден, түсіндірмелі диктант жаздыру үшін мұғалім мәтін
таңдаудан бастайды. Алынатын мәтінге игерілетін немесе бекітілген нысан
болып, оны ажыратудың қиындығы орташа болады.
Екіншіден, мәтіндегі нысан оқушылардың игергені және ол туралы
мәліметі болуға тиіс;
Үшіншіден, мәтіндегі нысан нақты бір мәселе, ереже, анықтама,
категория, форманың көлемінде болады. Өйткені бұлар бірнеше болса,
оқушылардың ойы бөлініп, орындай алмауы мүмкін.
Төртіншіден, мәтіннің көлемі шағын болады, өйткені көлемді мәтінді
орындату уақытты алса, екіншіден, қайталана берген мәтіннің оқушының
орындау ынтасын төмендетеді.
Көру диктанты. Бұл диктант өтіліп, үйретіліп отырылған тақырыпқа
байланысты нысан материалдар сынып оқушыларына көрсетіліп
түсіндіруден басталады. Мұнда оқушы ережелерді игерген соң соған
байланысты мәтінді көріп, оқып, бақылау арқылы есте сақтай отырып
жаздырылады.
Диктант оқушылардың көру, есте сақтау, тану қабілеттерін дамыту
мақсаттарын жүргізіледі. Көру диктантына жазылуы қиын байырғы термин
сөздер, сөз тіркестері және шағынды мәтіндік жұмбақ, мақал-мәтелдер,
жаттауға берілген өлеңдерді де алуға болады.
Бақылау диктанты және қатемен жұмыс. Бұл диктанттың мақсаты
- оқушылардың грамматика тақырыптарын қандай дәрежеде меңгергенін
104
және сауаттылық деңгейінің қандай болғанын анықтау. Бақылау диктантын
жүргізу үшін мұғалім күні бұрын тапсырмалар беріп, жаттығу жұмыстарын
жүргізеді. Қайталауға тиісті ережелерді көрсетіп, үйге өз беттерінше
даярлануға үйге тапсырмалар береді. Олардың орындалу барысын үнемі
қадағалап отырады. Түсініксіз немесе шала қабылданған материалдар
сыныпта қайта талқыланылып, оқушы біліміндегі ақаулар түзетіледі.
Мұндай дайындық жұмыстары бақылау диктантының сапалы өтуіне
әсерін тигізеді.
Бақылау диктантына арналған мәтін мүмкіндігінше мағыналық
тұтастықта болғаны дұрыс. Диктант мына жүйеде жүргізіледі. Мұғалім
балаларды үзіліс кезінде жазылып қойылған диктант тақырыбымен
таныстырады.
Диктант мәтінін дауыстап бір рет оқып береді. Жазуда қандай
ережелерді басшылыққа алу керектігі қысқаша ескертіледі.
Әрбір сөйлемді мұғалім үш рет қана қайталап оқиды. Бірінші
оқыған кезде оқушылар жеке сөздерді сөз тіркестерін немесе сөйлемді
тыңдап, олардың мағынасын ұғып, жадында сақату керектігі ескертіледі.
Екінші рет оқыған кезде балалар сөйлемді жазуға кіріседі. Алғашқы
сөйлемнің сөзді қайырымнан (абзац) басталатыны түсіндіріледі. Үшінші
рет қайталағанда, олар жазған сөйлемнің дұрыстығын тексеріп, тыныс
белгілерін қоюы тиіс.
Мұғалім балалардың тегіс жазып отыруын қадағалап, ең баяу
жазатын оқушы аяқтасымен, келесі сөйлемді оқуға кіріседі. Дәл осы
сөйлемде кездесетін жазылуы қиын сөздерді немесе ережесі өтілмеген
сөздерді тақтаға жазып, оның жазылуына зер салуларын ескертеді.
Тақтаға жазылған сөздер көп болса, сынып оқушыларының жас
ерекшеліктеріне байланысты бір сөздің орнына екіншісін шатастырып
көшіруі мүмкін. Сондықтан сөйлемді оқушылар жазып бітісімен,
тақтадағы сөздер өшіріліп тасталғаны дұрыс.
Балалар жазған диктант мәтінін бір рет оқиды. Оқушылар мұғалімге
ілесе отырып жазғандарын тексеріп шығады. Қателерді түзетеді.
Әдетте бақылау жұмысында екі сағат бөлінеді. Бірінші сағатта
диктант жазылса, екіншісінде қатемен жұмыс жүргізіледі.
Қатемен жұмыс. Бастауыш сынып оқушыларының жұмысында жиі
кездесіп жүрген қателердің түрі негізінен мына төмендегідей болып
келеді.
1. Әріптердің емлесін білмеуден (ы-і, ү-і, у-ю, і-у, ы-у, ы-у-ю, і-ю, п-
б, н-ң, қ-ғ, м-н, т.б.);
2. Бас әріптің емлесін білмеуден (әсіресе жалқы есім мен жалпы
есімді көп шатастырады);
1. Шылаулар мен септік жалғауларын ажырата алмаудан;
4. Сұраулық
шылауларды соларға
ұқсас жұрнақтармен
шатастырудан (барма, бардың ба);
5. Қос сөздің, біріккен сөздің, қысқарған сөздің емлесін білмеуден;
6. Күрделі сын есім. Күрделі етістіктердің жазылу емлесін білмеуден;
105
7. Шылаудың қызметін және емлесін білмеуден;
8. Сөздерді дұрыс буынға бөлуді білмегендіктен, тасымалдай
алмаудан;
9. Үндестік заңын білмеуден;
10. Қосарлы дауыссыздардың бір сыңарын тастап жазудан;
11. Бастауыш пен баяндауштың арасына қойылатын сызықшадан;
12. Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін білмеуден,
13. Диалогты сөздерді жаза білмеуден;
14. Қаратпа, қыстырма, одағайлардың тыныс белгілерінен.
Міне, жоғарыдағы қателіктер оқушылардың жазба жұмыстарында
кездесіп отырады. Осы орын алып отырған олқылықтарды жою үшін
көптеген жұмыс түрін жүргізуге тура келеді. Атап айтқанда, бастауыш
сыныптардағы қазақ тілі бойынша мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге
болады:
1. Сауатты жазуды жолға қоюды ең алдымен қалам (не шарикті
автоқалам), сияның бірыңғайлылығы, дәптердің ұқыпты, таза ұсталуы;
әріп тұлғасының сақталып жазылуы. (каллиография); парақтың шетінен
жиектеме қалдыру, қайырымнан, жаңа жолдан бастап жазу; тақырып
атауынан кейін ешқандай тыныс белгісінің қойылмайтыны;
тақырыптың жолдың ортасында жазылуы; қатені таңбалаудың
белгілерін үйрету, дәптердің сыртын дұрыс толтыру - мұның бәрі
мұғалімнің бірінші күннен бастап қолға алатын жұмысы болу керек.
2. Әрбір диктанттан соң оған жан-жақты талдау жүргізудің
жолдарын белгілеп отырудың да маңызы зор. Бұл жұмысты тіркеп отыруға
мұғалім арнаулы дәптер арнауға болады.
3. Жаттығу диктанттарын жиі әрі жүйелі жүргізу оқушылардың
сауатын бекітіп, білімін тиянақтауға игі ықпал жасайды.
4. Жаңа сабақтың материалдары мен пысықтау жаттығуларында
жазылуы қиын, оқушылардың көп қате жіберетін сөздерінен мысалдар
келтіру де сауатты жазудың негізі болып табылады.
5. Жазылуы қиын сөздерден тірек сөздер беріп жүргізілетін
шығармашылық жұмыстарды жүйелі жүргізу.
6. Жазылуы қиын сөздер мен тыныс белгілерін игертуге
дидактикалық ойындардың нысаны етіп алуға да болады.
7. Фонетикалық талдауларды жүйелі жүргізу көптеген
орфографиялық қатеден сақтандыруға әрі қатені жоюға көмектеседі.
8. Оқушыларға орфографиялық сөздікті пайдалану дағдыларын
игерту қажет.
9. Қате жазылған сөздер бойынша жаттығулар өткізгенде, сөйлем
ішіндегі ондай сөздерді түзетуді оқушылардың өзіне жүктеген дұрыс.
Мұндай жаттығулар көбінесе бақылау диктантынан соң жүргізілсе,
пайдалы болмақ.
10. Синтаксистік талдауларды жүйелі әрі жиі жүргізу сөйлемдегі
тыныс белгілерін қоюға төселдіріп қана қоймай, сөйлемді стильдік
жағынан дұрыс құра білуге де үйретеді.
106
11. Сөздердің орны ауыстырылып берілген жаттығулар да сөйлемді
дұрыс құрып ой пікірді дұрыс бере білуге дағдыландыруда оқушыларды
қайсы бір стильдік қателерден сақтандырады.
12.
Диктантты тексергенде, қатенің астын ғана сызып, тұсындағы
жиектемеде қате жіберген грамматикалық категорияның астын ғана жабу.
(мысалы, қаратпа сөз, үндестік заңы, т.б. сияқты), ал түзетуді
оқушылардың өзіне қалдыру; келе-келе қатенің таңбасын ғана белгілеп,
түзетуді; окушылардың өздеріне тапсыру, қатемен жұмыс істеудің бір
түріне жатады.
Окушылардың диктант мәтіндерін тексерген кезде мұғалім
орфографиялық, пунктуациялық қателерді түзету мына төмендегідей
болып келеді:
1. Қате жіберілген сөздегі әріп артық болған жағдайда, ол
көлденеңінен сызылып тасталады. Мысалы, лақ, рахмет.
2. Сөздегі әріп қатені сызып, оған қажетті әріпті үстіне жазу. Мысалы
бүгін, құлын.
3. Тұтас сөздерді қателесіп бөлек жазылған кезде біріктіріп кесу.
Мысалы, шек, ара, кұрбақа, еш қашан.
4. Қате біріктіріп жазылған сөздердің ара жігін ажырату. Мысалы,
жер де, көк те, аппақ.
5.
Қатені түзетпей, астын ғана сызып көрсету. Мысалы, (ырыс,
ырас).
6.
Қате жіберілген сөзін түгелдей астын сызып көрсету. Мысалы,
(ырыс, ырас).
7. Қате жіберілген сөздердің астын сызбай жиектемеге шартты қою.
Мысалы, емле қате - 1, пунктуациялық қате - V, стильдік қате, жаңа жол
қатесі- І, бірге жазу -І, бөлек жазу - І, түсініксіз - ? белгілерімен көрсету.
8. Дәптердің жиектемесінде қате жазылған айтылуы ұқсас, емлесі
басқаша сөздерді жазып көрсету. Мысалы, Қазір жаз ба? Сен кітапқа
жазба!
9. Диалект сөздерге байланысты қате кеткен сөздердің астын сызып
талқылау кезінде бұл сөздің әдеби баламасын баланың өзіне не ұжым
болып таптыру. Мысалы, Абзалдың өткір бәкісі қолынан түсіп кетті. (бәкі
сөзі әдеби нормадағы пышақ сөзімен алмастырылады).
10. Қателердің астын сызып, жиектемелерге қате жіберген ережелерді
қайталау тапсырылады. Мысалы, Асан мен Айдар мектепке келді.
Жиектемеге мұғалім мынадай белгі қояды. §12. Яғни, 12-ші тарауды оқып
шық деген мағынаны білдіреді. (5 сынып).
Оқушы бұл тарауды «Бас әріппен жазылған сөздер» тақырыбын
тауып, ережені еске түсіреді. Қатесін жөндейді.
11. Сөзді сөздікке қарап анықтауда белгі қою. Қате кеткен сөздердің
астын сызып, жиектемеге «сөздік» деп жазу. Бұл тәсіл арқылы оқушыларды
сөздіктермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға болады.
Оқушылардың диктант жұмыстарын бағалау, министірлік бекіткен
нұсқау бойынша жүргізіледі.
107
Қорыта келгенде, диктант жұмысы әрбір тақырып, емле ережелерін
игерту мен жалпы сауатын бақылау бойынша жүргізіледі.
2.3. Орфографияны тіл материалдары негізінде игертудің
әдіс-тәсілдері
2.3.1. Фонетикалық білім негізінде жазу емлесін игертудің
әдіс-тәсілдері
Орфографияны үйрету сауат ашудан басталатындығы белгілі. Сауат
ашу әліппені оқыту арқылы жүзеге асырылады. Шын мәнінде, оқушының
жазу сауаттылығының түп қазығы - әліппені жүйелі оқыту. Қазақ мектебі
тарихында бұл мәселе ең басты көңіл бөлініп келеді. Латын жазуы
негізінде жасалған әліппелерді оқыту жөнінде жазылған мақалалар мен
Ә.Садуақасовтың 1940 жылы шыққан «Сауат ашу методикасы» еңбегін
айтпағанның өзінде, оқуды өмірмен байланыстыру жөніндегі әліппені
оқытуда елеулі ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүргізілді. Көрнекті ғалым-
педагогтарымыз Ә.Сыдықов, Ә.Ермеков, Ж.Жолаевтар бірлесіп, әліппені
оқыту жөнінде әдістемелік еңбек жазды.
Фонетиканы оқыту барысында ой құрау жөнінде дыбыстың роліне,
орфоэпиялық және орфографиялық дағды қалыптастыруға, оқушылардың
логикалық ойлауы мен сөйлеу тілінің дамуына басты назар аударылуы тиіс
фонетикалық материалдар лексика және грамматикамен тығыз байланыста
оқытылады. Өйткені дыбыс сөздің мән-мағынасын ажырату мүмкіндігін
береді (ән-өн, мен-сен, тек-ток т.б.). Дыбыссыз сөз құрылысындағы
өзгерістерді байқау да мүмкін емес, сөзге жалғанатын қосымшалар белгілі
дыбыстық жүйе арқылы сараланып отырылмақ.
Фонетиканы оқи отырып оқушылар әдеби тілдің орфоэпиялық
нормаларымен танысады. Бұған дауысты дыбыстар мен дауыссыз
дыбыстар, олардың жуан, жіңішке, үнді, ұяң, қатаң түрлері негіз болады.
Орфоэпиялық кемшілік сөйлеу кезінде дұрыс тыныс
алмаушылықтан, өте шапшаң немесе өте баяу сөйлеуден белгілі бір
дыбысты айта алмағандықтан болады. Бала көбінесе р, л, ш, ж, ч, щ, с, ц, э
дыбыстарын дұрыс айта алмайды. Соның әсері жазуға да тиіп, бар сөзін
бал, жоқ сөзін соқ деп қате жазады.
Сөйлеудегі кемшілікті жою үшін оқушы әрбір дыбыстың пайда болу
үдерісін, қандай дыбыстау мүшелері қатысатынын ұғынуы қажет. Бұл
үшін сөйлеу аппаратының дыбыс жасаудағы қалпын (қызметін) көрсететін
кесіндіні мұғалім оқушыларға таныстыруы тиіс. Сөйте отырып, белгілі бір
дыбысты айтқызып, олардың өздеріне байқау жасату тиімді. Тек байқау
нәтижесінде ғана оқушылар дыбыстың жасалу үдерісіне көз жеткізіп,
дыбыстау мүшелерінің қызметімен танысады. Осындай жолмен мұғалім
оқушылардың орфоэпиялық кемшіліктерін жоюға көмектеседі.
Фонетиканы оқыту барысында орфографияны берік меңгерту
оқушылардың ережені пайдалана отырып, дыбыс пен әріп ара
108
қатынастарын аша білуіне негізделеді.
Тілдегі көптеген сөздер естілу қалпынша жазылады. Мысалы от, ат,
мол, мал, келді т.б. Бұл сөздердің дұрыс жазылғандығы айтылуы бойынша
анықталып тұр. Егер мұндағы әріптің біреуі басқаша айтылса, сөздің
мағынасы мүлде басқаша болып кетер еді (өт, от , т.б.) Осылайша
дыбысты әріпке тура айналдырып жазу үшін, оқушы алфавитті жақсы
білуі тиіс.
Алайда, тіліміздегі сөздердің бәрі бірдей естілуі бойынша жазыла
бермейді. Бұған сөздің соңғы буындарында жазылатын ә, ө, ү, ұ әріптерінің
емлесін жатқызуға болады. Сондай-ақ үу, ұу, ыу, іу болып естілгенімен, бір
ғана у жазылатын, ый, ій болып естілгенімен, бірнеше түбірден басқа
сөздерде бір ғана и жазылатын жағдайлар да сөздердің айтылуынша
жазыла бермеуінің айғағы болып табылады.
Фонетиканың «Үндестік заңы» деп аталатын тақырыбы бастан-аяқ
орфографиялық мақсатты көздейді, мұнда орфоэпиялық та,
орфографиялық та ерекшеліктер қамтылады.
Буын үндестігі заңы бойынша, түбір сөздің соңғы буынының жуан я
жіңішке болып келуіне қарай қосымша да жуан я жіңішке болып үйлесуі
шарт. Бұл ережені оқушылар жеңіл меңгере алады. Алайда, тіліміздегі
барлық сөздерге қосымша осы тәрізді тәртіппен жалғана бермейді. Міне,
осыған байланысты ереже де, жаттығу да мол жүргізіліп, оқушылардың
игеруіне тиімді жағдайлар жасалуы керек.
Дыбыс үндестігі негізінен мынадай ережеге бағынуы тиіс. а) түбір
сөздің соңғы дыбысы дауысты, үнді я ұяң дауыссыз болса, дауыссыздан
басталды қосымшаның басқы дыбысы үнді я ұяң дыбыс болады; ә) түбір
сөздің соңғы дыбысы қатаң дауыссыз болса, дауыссыздан басталатын
қосымшаның басқы дыбысы қатаң болады т.б.
Тіліміздегі көптеген дыбыстар көрші дыбыстың әсерінен не өзі
өзгереді, не көрші дыбысты өзгертеді. Ондай дыбыстар әсіресе,
орфоэпиялық жағынан (айтылуды) көп өзгеріске ұшырайды, ал
орфографиялық жағынан көбінесе орфографиялық ұстанымға
бағындырылған. Мұндай дыбыстарға б-п, к-г, қ-ғ, ж-з, с-ш т.б. дыбыстарды
жатқызуға болады.
Фонетиканы оқытуды оқушылар тілі мен ойлауын дамытуға
көмектесетіндей етіп жүргізу үшін мұғалім: а) оқушылар білімінің жалпы
дәрежесін ескеруі тиіс; ә) оқу материалдарын логикалық жағынан дұрыс
және балалардың шама-шарқына, жас ерекшеліктеріне лайықтап
баяндауы керек; б) сыныпта жүргізілетін жұмыстар мен үй жұмыстарында
шығармашылық әрекет етуін ұйымдастыра отырып, балалардың белсенді
түрде ойлау білуін дамытуы қажет; в) оқулықпен қоса орфографиялық
сөздік, көрнекі құралдар пайдаланылады.
Оқушыларға өз ойын логикалық түрде жүйелі кұрып, дәл де айқын
және әдеби тілде баяндау, сондай-ақ дәлелдер келтіре отырып, өздігінен
қорытынды шығарып отыру талабы қойылады.
Тіл дыбыстары өтілетін сабақта фонетика туралы, тіл дыбыстары
109
туралы, дауысты және дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктері туралы
түсінік берілуі тиіс. «Фонетика» терминімен таныстыра отырып, мұғалім
«Фонетика» дыбыс туралы және дыбыстардың сөздерде үйлесуі туралы
ғылым» деген тәрізді логикалық анықтама береді. Одан әрі тіліміздегі
сөздер дыбыстардан тұратындығын, дыбыстардың дауысты және дауссыз
болып бөлінетіндігімен таныстырады. Дауысты және дауыссыз
дыбыстарды топтастырудағы ерекшеліктерін жеткізе байқату үшін,
оларды бір-бірімен салыстырып, ажырымдық белгілерін айтады.
Оқушылар дыбыстарды өздері айтып, байқау жасайды, алдымен жеке
дыбыстың, кейіннен тұтас сөз ішінде келтірілген сол дыбыстың қалай
жасалуына көз жеткізеді.
Бірақ аса маңызды бола тұра бұл құбылыстың бәрі бірдей жазуда
еленбейді. Өйткені жазу - «жүгіртіп» оқуға жеңіл, қабылдауға қолайлы
болуы қажет. Жазудың мақсаты сөздің айтылуы мен дыбысталуын дәлме-
дәл көшіру емес. Жазу қандай да болмасын белгілі бір ойды, сезімді
хабарлайды. Егер қоралы ат, төреге ерсең, тоналарсың дегендерді
айтылуынша жазсақ (қоралат) па, (қоралы) ат) па, (төрөгөрсөң,
тоналарсың) әлде төре көрсең, тон аларсың» ба?), ақпаратты қабылдауды
күрделендіре түсер еді де, артық әрекеті жұмсауға тура келеді. Сондай-ақ
(бірғанатты гөрдү) дегенді адресат «бір ғана атты көрді», «бір қанатты
көрді» деп, әртүрлі ұғынуы мүмкін. Сондықтан сөз ішіндегі, тіркес
шеніндегі дыбыстардың бір-біріне тигізер позициялық, комбинаторлық
әсер-ықпалын ескермей, дыбыстардың фонематикалық мәнін сақтап жазу
мәтінді қиындықсыз, кедергісіз оқуға мүмкіндік береді. Бұл - жазудағы
(графикадағы) фонематикалық ұстаным. Бірақ фонемалардың «мәнін»
сақтап жазу дегенді қалай түсінуге болады?
Фонемалардың сөз ағымында әртүрлі позициялық, комбинаторлық
реңктері болатыны белгілі. Ол реңктер (вариант, вариация) белгілі бір
фонетикалық қоршауда көрінеді. Мысалы, (н)-ның сөз басында, со-
норлармен іргелес келгенде де, жуан, жіңішке, еріндік, езулік дауыс-
тылармен қатар айтылғанда т.б. фонетикалық жағдайларға тәуелді әр қилы
реңктері болады. қысқасы, фонетикалық жағдай қанша болса, фонеманың
соншама дыбыстық реңкі болады. Бірақ солардың ішінде фонемалық
қоршауға неғұрлым тәуелсіздері негізгі реңк те, қалғандары қосымша реңк
болады. Мысалы, бүгін, бүгінгі сөздеріндегі (н)-ның фонетикалық
жағдайда тәуелділігі бірдей емес. Бүгін сөзіндегі (н)-ға қарағанда бүгінгі
сөзіндегі (н)-ның дыбыстық қоршауға тәуелділігі әлдеқайда басым
(бүгүңгү). Әрине, дыбыстардың барлық реңктерін орфоэпияда болмаса,
жазуда көрсетудің мәні жоқ. Жазуда фонеманың сөзтанымдық қызмет
атқаратын негізгі дыбыстық реңкі ғана белгіленеді. Морфеманың
фонемалық мәнін сақтап жазу дегенді осылайша түсіндіруге болады.
Фонематикалық ұстаным бойынша сөз (бешшылдық), (жұмұсшұ),
(башшы), (мұжжарғыш), (башшы), (.жүмүщщү), (сеңгейсің), (сембісің),
(ылашшыз) деп жазбай, басшы, жұмысшы, сенгейсің, сенбісің, лажсыз деп
таңбалауымыздың себебі өзінен-өзі түсінікті де тәрізді. Бұлай жазудағы
110
мақсат - сөздің «түбірін» сақтау. Бірқыдыру сөздерді басшы, жұмысшы, ақ
алма деп «түбір» сақтап жазып, (ш)-ның (с), (з)-ға, <а>ның <қ>-ға тигізер
әсері еленбейді. Ал бірсыпыра сөздердің жазылуында ақ - ағар, жоқ -
жоғал, теп - теуіп, тебін, тарақ - тарағы деп жазып, дауыстылардың
дауыссызға тигізер әсерін ескеруіміз неліктен? Сөздің түбірі ағ-, жоғ-, теу-,
теб-, тарағ- емес қой? т.б. түрінде, айтылуынша жазылмай, фонеманың
негізгі реңкі бойынша жазылады (бес;жылдық, басшы, мұз;жарғызj, сөйтіп,
сөздің мағыналы бөліктеріне нұқсан келмейді. Мұжжарғыш, күшшүгөр,
өшшү сөздеріндегі (з), (ж), (с) фонемалары іргелес дыбыстардың әсерінен
өзгеріске ұшырап (ж), (ш), (ш) түрінде айтылып тұр. Бұлар <з>, <ж>, <с>
фонемаларының дыбыстық варианты, өйткені фонетикалық өзге
ситуацияда олар өзінің негізгі реңкіне көшеді: мұ(з)ға, (ж)ігер, ө(с)ші.
Фонемалардың негізгі мәні (реңкі) ғана сөздің мағыналық
«жамылғышы» бола алады. Сондықтан сөзді фонемалардың негізгі мәні
арқылы танимыз. Фонемалардың қосалқы мәнін физикалық тұрғыда
түйсінгенімізбен, психикамыз функционалдық мәні жоқ дыбыстарды
автоматты түрде назардан тыс қалдырады. Психикамызда сөз өзінің негізгі
(«жамылғышында» ((өшші) емес, өсші) түрінде бейнеленеді.
Сонымен, жазуда фонемалардың позициялық, комбинаторлық
өзгерісінен пайда болған қосымша дыбыстық мәндері, яғни варианттары
ескерілмейді. Өйткені дыбыстардың позициялық, комбинаторлық игерілуі,
әртүрлі қосалқы мәні елене берсе, орфография тым күрделеніп, қолдануға
өте қолайсыз болып шығар еді. Бірақ басты себеп ол емес. Фонемалардың
қосалқы мәнінің (позициялық, комбинаторлық өзгерістердің) еленбеуінің
негізгі себебі - олардың қызметі, мағына айырымдық қызметі
болмағандықтан, дыбыстардың позициялық игерілуінен пайда болған
өзгерістер (варианттар), сонымен, жазуда елене бермейді. Бірақ бұндай
ұстанымға мынадай құбылыс қайшы келетін тәрізді. Мысалы: а) қап -
қабы, кітап - кітабы, сеп - сеуіп, теп - теуіп, кеп - кеуіп, жап - жауып т.б. ә)
ақ - ағар, көк - көгер, үк - үгер, бүк - бүгер, жақ - жағын, тақ – тағы, т.б.
тарақ - тарағы, құраққұрағы, ширақ - ширағы, сырық - сырығы, ;жарық -
жарығы т.б. деп неге «сындырып» жазамыз? Мұндағы о/б, к/ғ, к/г, о/у
дыбыстарының өзгерісі де белгілі бір позицияға (дауыстылардың аралығы)
тәуелді емес.
Мысалы, «с»-ның (ш) реңкіне көшуі үшін нақты бір фонетикалық
жағдайдың болуы, (с) мен (ш) дыбыстарының іргелес тұруы шарт: (ашша)
ашса, (ташша) тасша, (жұмұшшұ) жұмысшы т.б. Егер бұл шарттылық (( с )
(ш), (ш) (с) дыбыстарының іргелестігі) бұзылса, аталған фонемалар өзгеше
реңкте жұмсалады. Бұл заңдылықтан <с> мен <ш> немесе <ш> мен <с>
фонемалары іргелес келген ешбір сөз, ешбір морфема тысқары қалмайды.
Басқаша айтқан да дыбыстардың комбинаторлық позициялық,
комбинаторлық игерілуі ушін морфемалардың мәні жоқ. <з> фонемасының
(с) реңкі туралы да осыны айтуға болады: (бессе) безсе, (біссіз) бізсіз,
(ассың) азсың т.б. <з> фонемасының (с) реңкі пайда болуы ушін мейлі ол
шартты рай тұлғасы болсын, жоқтықты білдіретін аффикс болсын, немесе
111
жіктік жалғауы болсын, бәрі бір. Міне, осы ерекшелік - дыбыстардың
комбинаторлық, позициялық игерілуіне, реңктерінің пайда болуына тән
басты қасиет.
Ал жоғарыда айтылған қ - ғ, к - г, п - б - у дыбыс өзгерістерін (ақ -
ағар, тарақ - тарағы , терек - терегі, жүрек - жүрегі, кітап - кітабы, жауап -
жауабы, кеп - кеуіп, сеп - сеуіп) <қ>, <к>, <п> фонемаларының
позициялық, комбинаторлық реңкі деп тануға, басқаша айтқанда <с> - (ш)
<з> - (с) құбылыстарымен бір деңгейде деп қарауға болмайды. Өйткені <қ>
, <к>, <п> фонемалары кез келген морфемалар жігінде талғаусыз түрде (ғ),
(г), (б) дыбыстарына өзгеріп отырмайды. Сондықтан мұндай құбылыстар
фонемалардың алмасуына жатады: п>б, қ>ғ, к>г, п>у.
Осымен байланысты қазақ бірінші жағдайдағы дыбыс құбылыстары:
(сембе) (сенбе), (сізсіз) (сізсіз), (башшылық) (басшылық) т.б.
фонемалардың позициялық, комбинаторлық болғандықтан, жазуда
еленбейді де, екінші жағдайдағы дыбыс құбылыстары фонемалар алмасу
болғандықтан (ақ - ағар, қап - қабы) фонемалардың негізгі мәнін сақтап
жазу ұстанымына сәйкес орфографияда ескеріліп отырады.
Сонымен фонема - дыбыс - жазу бір-бірімен тығыз байланысты.
қазақ тіліндегі гемината дыбыстардың арнайы графикалық таңбасы жоқ.
Мысалы: махаббат, жаббар, әбді, мудде, жаннат, оппа, куллі, әмме, ыссы
т.б. Мұндай жүйеге қарағанда, небәрі үш түбір сөзде ғана (ашшы) ащы,
(кешше) кеще, (түшшы) тұщы айтылатын геминатаны арнайы щ әрпімен
таңбалау да басы артық информация.
Қосар дыбыстарға аяқталған сөздерге (орыс тілінен енген сөздерге)
қосымша жалғағанда, соңғы дауыссызды таңбалайтын әріпті түсіріп жазу -
қазақ графикасындағы шарттылықтың бірі. Мысалы: прогресс - прогреске,
металл - металға т.б. Бірақ баспасөз беттерінде былай жазудың
дұрыстығына күмәнмен қарайтын пікірлер де бар. Алайда қосар
дауыссыздың бірін түсірмей жазудың қолайсыздығы бар. Атап айтқанда,
грамм, класс, ватт т.б. сөздерді, олар кейбір қосымшалармен
түрлендіргенде, бірдей үш әріппен қатарынан таңбалауға тура келер еді.
Мысалы: граммен, ваттты т.б. Грамм, ватт, прогресс тәрізді сөздердің
ғылыми мәтінде жиі қолданылатындығын, тіпті екі сөйлемнің бірінде
дерлік қайталанып отыратындығын еске алсақ, оқырман тек әріптер
«шоғырынан)) көз жаза алмайтындай (психологиялық) қолайсыз күй кешер
еді. Бұл айтылғандар фонемалар реңкінің, фонема алмасуларының жазуға
қатысты жалпы мәселелері деуге болады. Енді осы ережелердің жеке
жақтары да, жеке сөздерге қатысты тұстары да бар.
Тұжырымдай келгенде, емлені үйрету сауатты жазуда тек
дыбыстардың емлесін дұрыс жазуға ғана емес, емлелік дағды
оқушылардың сөйлеу әрекетін қатысымдық негізде орфоэпиялық,
орфографиялық нормада қолдана білу дағдысын қалыптастырады.
Сондықтан фонетикалық емлеге байланысты оқытудың жүйесі бойынша
үлгі ұсындық.
І әрпінің емлесін игертуде І дыбысының ерекшеліктері игертіледі.
112
Мәселен, І дауысты дыбыс, жіңішке, қысаң, езулік. Еріннің кейін тартылуы
арқылы жасалатын дауысты дыбыс. Сонымен бірге мынадай емлелік
ережелер туралы мәлімет беріледі.
І әрпі сөздің түбіріне жалғанғанмен, дауысты дыбыстан басталған
қосымша жалғанғанда, сусып түсіп қалады. Ол мынадай болады: 1.Есім
және етістіктерге түрлі жұрнақтар жалғағанда; мысалы: жиын (ал) жинал,
бұйыр (ық) бұйрық. қорық (ыт) қорқыт, үрік (үркек). 2. Зат есімдерге
тәуелдік жалғаулары жалғанғанда; мысалы: ерік (і) еркі, көрік (і) көркі.
Ескерту. Егер ы, і дыбыстары тәуелдік жалғаулары жалғанғанда, анық
естілсе немесе оларды түсіріп айтқанда, сөз мағынасы өзгеретін болса, ы, і
әріптері сөздерде сақталады. Мысалы: киімі, пейілі, қадірі, көрігі (ұстаның
көркі болса, мағына басқа болады), дәуірі, бақыты.
3. Сан есім етістіктерге -ау, -еу, -у қосымшалары жалғанғанда ы, і
әріптері түсіп қалады. Мысалы: екі - екеу, жеті - жетеу, кемі - кему, алты-алтау.
Енді осы ерекшеліктерге байланысты дағды қалыптастыру үшін
жаттығуларды мынадай тапсырмалар арқылы орындаттырамыз.
3-тапсырма. Ы немесе І әріптерінің қажeттісін қойыңыз.
Мәж...л...с, Үк...мет үй..., министрл...ктер үй..., тәуелс...зд...к сарайы,
бейб...тш...л...к және кел...с...м сарайы, құр...лтайшы, ым...ра.
4-тапсырма. қысқарған сөздерді оқыңыз. Жалғауларын дұрыс
жалғауға жаттығыңыз. Ескерту: қысқарған сөздерге қосымша жалғауда
орфоэпиялық норма басшылыққа алынады. ІІМ (айтылуы: і-і-ім), демек,
ІІМ-нің; ТМД (айтылуы: ты-мы-ды), демек, ТМД-ның; ЖШС (айтылуы:
жы-шы-сы), демек, ЖШС-ның;
Өзіңіз қысқарған сөздерді дұрыс оқып, қосымша жалғаңыз.
СІМ, ҚМУ БҰҰ ҚХР
5-тапсырма. Түсіндірме сөздік арқылы сөйлем құра.
1. Ізгілік - жақсылық, адалдық, игілік
2. Ізденушілік - зерттеушілік, іздеушілік
3. Ілгерлеушілік - алға басушылық, ілгері жылжушылық.
4. Іргелес - бірімен-бірі шектес, көршілес
5. Іссапар - қызметкерді жұмыс бабы бойынша бір жерге
тапсырмамен жіберу.
6-тапсырма. Сөздерді аяқталған әріптен басталатын сөзді тауып бір-
бірімен жалғастырыңыз. Өзіңіз толықтырыңыз: Кепілдеме, тәуелсіздік,
міндеттеме, келісім, кіріс, еркіндік, сүйіспеншілік.
l3-тапсырма. Орфографиялық сөздіктің көмегімен сөздердің дұрыс
жазылуына мән беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |