Лашын
Лашын-жыртқыш құс. Оның арқасы көк сұр. Ал алқымы ақсұрлау
болып келеді. Лашынның көзі дөп-дөңгелек, қап-қара. Қанаты ұзын және
сүйір. Онымен құсбегі аң аулайды.
Мәтіндегі барлық сөйлемдер бір тақырыпқа шоғырландырылған.
Әрбір сөйлемде тақырыпқа қатысты сөздер бар, әрқайсысында да лашын
туралы айтылып отырады. Лашын-оның-лашынның. Осы мысалға қарап
бұл мәтін тақырыптық-мазмұндық бірлікте құрылған деп айтуға болады.
Тақырып пен мазмұнның сәйкес келуіне әр түрлі қайталаулар,
тақырыптық тірек сөздер, синонимдер т.б. амал-тәсілдер көмекке келеді.
Жоғарыдағы мысалдар лашын сөзінің «оның» есімдігімен алмасуы
тақырыптың мазмұнын ашуға себеп болып тұр. Ендеше шығармада
тақырып басты рөл атқарады.
Мәтінді әрі қарай талдайық. Бірінші сөйлем Лашын-жыртқыш құс
тақырыпқа қатысты отырып, оқушыны мәтіннің әрі қарай ашылуына
жетелейді.
Зер салып қарасақ, бұл сөйлем лашынға алдын ала мінездеме беріп,
өзінен кейінгі сөйлемдерден сол айтылғанды әрі қарай аша түсуді талап
етіп тұрғаны көрінеді. Бұл жерде лашынның жыртқыш құс екені айтылады
да, оның дене бітіміндегі ерекшеліктерді нақтылай түсуді қажет етіп
тұрғанын аңдаймыз. Міне, тақырыпты ашу бірінші сөйлемнен бастап іске
асады екен.
131
Келтірілген соңғы сөйлемнің мазмұны да тақырыпқа қатысты болып
тұр. Бұл сөйлем бірінші берілген ойды қорытып, тиянақты тұр, яғни лашын
жыртқыш құс болғандықтан, онымен аң аулауға болатындығы туралы ойды
түйіндеп тұр.
Жоғарыда сөз болған пікірлерге сүйене отырып, оқушыларға мына
мәселелер үйретілуі қажет:
-мәтін бір тақырыпқа негізделіп құрылады;
-мәтіннің тақырыбы жазылмақ ойдың не туралы болатынын анықтап,
тақырыптық-мазмұндық біртұтастық жасауда маңызды рөл атқарады;
-мәтіннің мазмұны тақырыпты толығымен ашады, ал бұл екеуінің
сәйкес келуіне тілдік амалдар септігін тигізеді;
-тақырыптың мазмұнын ашу кезінде бірінші сөйлем жазылмақ ойдың
бағытын анықтап, сол ой одан әрі сипатталып, нақтыланып, соңғы сөйлем
міндетті түрде тақырыптың мазмұнын тиянақтайды.
Бұдан келіп шығатын екінші лингвоәдістемелік шешім: берілген
тақырыптың мазмұнын ашу кезінде оқушылар қиналып қалмау үшін
мәтіннің барлық сөйлемдерінің ішкі мазмұны тақырыппен байланысты
болуы керек екені және бірінші сөйлемі жазғысы келген бағытын көрсетіп,
одан әрі сол ой бірте-бірте дамытылып, ең соңында жазылған мәселеге баға
беріп, оны қорыту қажет екенін меңгертіп, соны тікелей іске асыруға
дағдыландыруға қажет. Оған қоса, осы кезеңде тақырыпты аша білу және
мәтінге ат қоя білу дағдыларын қалыптыру тиіс. Бұл, үшін ең басты
мәселе-шығарма немесе әңгіменің мәтіннің құрап жазу барысында
тақырыпты есінде үнемі нысана етіп берік ұстауға және ой желісін сақтап,
бар мүмкіндігін сол тақырыптың мазмұнын ашуға өзін толық
жұмылдыруға төселдіру қажет. Осы екі мезанизм тақырыпты нысана етіп
ұстау және тақырып мазмұнын ашуға өзін жұмылдыру тақырып пен ішкі
мазмұнының бірлігін қамтамасыз етеді.
Келесі мәтіннің құрылымдық біртұтастығы қасиеті – оқушыларға
мәтін туралы білім беруде ескерілуі тиіс маңызды белгілерінің бірі.
Оқушыларға мәтіннің құрылысы туралы түсінік қалыптастыру үшін,
ең алдымен, мәтіннің «бірнеше сөйлемнен құралатындығы» жайында
белгілі бір дәрежеде білім беруіміз керек. Өйткені қатысымдық қарым-
қатынастың тілдегі ең кіші бірлігі сөйлем болып табылады. Сөйлеу
әрекетінің қайсысы болсын сөйлем құрау арқылы яғни кез-келген ойды
сөйлеммен білдіру арқылы іске асады.
Мектепте синтаксистен берілетін ұғымдар оқушының мәтін түзуге
үйрету үшін жеткіліксіз болып табылады. Сондықтан, ең алдымен,
оқушыларды мәтін түзуге дағдыландыруда айтылатын ойдың күрделі
ойдың жігін сөйлемдерден дұрыс ажыратып, әрбір ойды күрделі ойдың бір
тармағын жеке даралап жеткізуге үйретудің маңызы зор. Оған қоса,
сөйлемдерден мәтін ішінде қалай болса солай, ретсіз орналаспайтынын,
олардың орналасу реті, белгілі бір заңдылығы бар екенін білдіру қажет.
Осыған байланысты оқушыларға мәтін ішінде алғашқы сөйлем айтылатын
ойға бағыт беріп, оны дайындап, келесі сөйлем сол ойды дамытып, оған
132
айтылуы тиіс жаңа ой қосып отыратынын меңгерту керек. Мұны
білмейінше, оқушы шығарманы саналы жазуға тез үйрене алмайды.
Бағдарламада оқушылардың мәтін түзуге үйретуде мәтіннің сыртқы
құрылысымен таныстыру міндеті қойлған. Осыған байланысты
бағдарламада мәтіннің алғашқы бөлігінде тақырыпты анықтау,
екіншісінде-тақырыпты ашып мазмұндау, соңғы бөлігінде аяқтау,
қортындылау жұмыстары орындалатынын санасына сіңіреді. Мәтіннің ой
бөліктерін анықтау оның мағыналық және құрылымдық біртұтастығын
тануға көмектеседі:
Жаттығу. Әңгімені оқы. Ондағы бөліктердің бөліп жазылуына назар
аудар. Неліктен бұлай берілгенін түсіндір.
Біз әкеміз екеуміз бақ ішінде қыдырып жүргенбіз. Басы
Кенет ағаш басынан ұлпа жүнді тиін секіріп түсті. Негізгі бөлім
Бізден қорыққан жоқ. Адамдарға әбден үйреніп алған.
Мен оның алдына қолымдағы қарағай жаңғағын тастай
салдым. Тиін жаңғақты қақшып алды. Содан соң
олжасын жақын маңдағы ағаш түбіне көме бастады.
Тиін қысқы азығын осылай жинайды екен. Соңы
Композициялық
бөліктер
Мазмұны
Басы:
Әңгімелегенде, түсіндіргенде немесе суреттегенде
тыңдаушыны одан кейінгі айтылатын ойға дайындайсың,
келесі ойдың не туралы болатындығын аңдатасың.
Негізгі бөлім:
Сол негізгі айтайын дегеніңді ашып, мазмұндайсың.
Соңы:
Мәтін бойынша айтайын деген ойыңды барлығына
түсінікті етіп қорыта аяқтайсың.
Мәтіннің мұндай сызбасы оқушылардың өз бетінше жазба
жұмыстарын орындағанда немесе шығарма жазғанда, жалпы мәтіннің
мазмұндық бөліктерін түсінуге, ажыратуға жол ашады. Мұндай мәтін
сызбасының мазмұны нақты жоспарда да беріледі:
Сызба Жоспар
1.Басы:
оқиғаның басталуы- 1) Көксеректің өсіп, ер жетуі
2.Негізгі бөлім:
оқиғаның дамуы- 2) Ауылдың иттерімен сыйыспауы.
оқиғаның шиеленісуі- 3) Ауыл малына тиісуі
3.Соңы:
оқиғаның аяқталуы- 4)Көксеректің адамдар арасынан кетуі.
Мұндағы әрбір бөлікті ажырата білу, оны құрастыра білу, тақырыбын
анықтау, ат қою құрылымдық тәсілі арқылы мүмкін болады. Мысалы.
Жаттығу. Мәтінді оқы. Мәтін неше бөліктен тұрады? Мәтіннің басқа
133
бөлігін көшіріп жаз. Барыс – бағалы аң...
Жаттығу. Мәтіннің басқы, негізгі және соңғы бөлігін тап, орны
өзгертілген сөйлемдерді әңгіме шығатындай етіп өз орнына қойып жаз.
Түнде таған құс өзінің қай жерде екенін ұмытып, өзінше айғай
салды. Таған көгершіндедің даяр тамақта, жылы орында тұрғанын көрді де,
жүнін ақ бояумен бояп, соларға келіп қосылды. Сонда көгершіндер оның
бөтен құс екенін біліп, қуып жіберді. Осы қалпымен таған көгершіндерге
де қосылмай, өз жолдастарына да қосылмай, көрген күні қараң болды.
Бұдан кейін таған өзінің жолдастарына келіп қосылды. Жолдастары жүні
ақ болған соң, танымай қуып жіберді.
Жаттығу. Мәтінді оқы.
Жолбарыс Азияны мекендейді. Ол – аң аулауға аса шебер жыртқыш.
Оның құмартып аулайтыны-бұғы, жабайы шошқа мен киіктер.
Жолбарыс тордағы тіршілікке де оңай үйренеді. Бұл жыртқышты
көптеген хайуанаттар бағынан көруге болады. Ол үй мысығына ұқсас.
(«Ол кім? Бұл не?» кітабынан)
Мәтін неше бөліктен тұрады? Әр бөлікте не туралы айтылған?
Мәтіндегі «жолбарыс» сөзін алмастырып тұрған сөздерді тап. Мәтіннің
негізгі бөлімін көшіріп жаз.
Жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.
Екі дос үй-үйдің арасымен әңгімелесіп келе жатты. Оның біреуі –
Ақселеу де, екінші – Абыз. Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре
алмайтын, демікпе сырқаты болатын.
Бір үйдің жанынан өте бергенде, дәу қаратөбет абалап үріп шыға
келді.
- Ақселеу, қаш, әне, ит келіп қалды!-деп, Абыз айғайлап жүгіре
жөнелді.
- Ақселеу жерден бір шыбық алып, қашпастан итке қарсы ұмтылды.
Айбар шекті. Көршілер келіп, Ақселеуді айырып алды. Бірақ оның
шалбары жырым-жырым болды.
- Абыз Ақселеудің жанына келіп:
- Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашсаң, сен де аман қалатын
едің,-деді.
- Мен қашсам, денсаулығың жоқ, алысқа жүгіре алмайтын сен
тұтылып, мен құтылатын едім. Сені қорғап қалу үшін әдейі қашпадым,-
деді Ақселеу.
- Ақселеу бала да болса, азамат екен! Оның мұнысы нағыз достық!-
деді екеуінің әңгімесін тыңдап тұрған бір ақсақал сүйсініп (М.Төрежанов)
Мәтіннің басы, негізгі бөлімі, соңғы бөліктері бойынша жоспарын
құр.
Мәтіннің құрылымдық біртұтастығы туралы түсінік қалыптастыруда
оқушыларды мәтіннің үш бөлігінің әрқайсысына тән тілдік көрсеткіштерін
(лексикалық және синтаксистік) үйрету, шығарма жазу барысында көп
көмегін тигізеді. Бұндай көрсеткіштерді анықтау үшін балалар
жазушыларының әңгімелерін, мәтіндерін, қазақ тілі оқулықтарынан
134
іріктеп, таңдап алдық. Өйткені, шығарманың басқы бөлігінде балалар
лексикалық мағынасы толық сөздерді қолдануы керек. Оған қоса «бір күн»,
«ертеде», «ерте-ерте ертеде», «баяғыда... өмір сүріпті» және сипаттау
мәтіндерінде кездесетін жалпылама сипат беретін мәндегі сөйлемдерді
пайдаланады. Негізгі бөлігінде «кенет», «алғашқыда», «одан кейін», «онан
соң», «онан әрі», «содан кейін», «біріншіден», «екіншіден» ... т.с.с. сөздер
мен тіркестер қолданылады. Мәтіннің ең соңғы бөлігінде «сөйтіп»,
«сонымен», «ақыры», «ақырында», «қорыта келгенде», «міне», «...осы»,
т.с.с. сөздер қатысады.
Сонымен, дұрыс құрылған мәтінде барлық бөліктер өз орнында
тұрып, әрі бір-бірімен тұтастық байланыста болса, барлығы қосылып
біртұтас ойды білдірсе, онда мәтіннің құрылымдық-біртұтастық қасиеті
дұрыс іске асқанын көрсетеді. Қорыта келе, оқушыларға өз жанынан
шығарып құрған шығармасының мәтінін дұрыс үйрету үшін мына
жайттарға көңіл бөлу қажет: 1) сөйлемдерді бірінен соң бірін ретімен
дұрыс бере білу, олардың жігін дұрыс ажырату; 2) шығарманың басқы,
негізгі, соңғы бөліктерін түгел қатыстырып, толық мазмұнды, логикалық
ой желісі сақталған мәтін түзе білу; 3) мәтіннің әрбір бөлігін әзірлеп
дайындауда, жазуда қажетті тілдік көрсеткіштерді орынды, дәл тауып
пайдалана білу.
Мәтіннің негізгі қасиеттерінің бірі – қатысымдық мақсаттылығы.
Мәтін сөйлеу әрекетінің жемісі екендігі белгілі. Кез-келген әрекет сияқты
сөйлеу әрекетінің де мақсаты мен уәжі болады. Осы мақсаты пен уәж
сөйлеудің не жайында, не туралы екендігін анықтап береді. Адам белгілі
бір ойды білу я білдіру мақсатын көздейді, яғни сөйлеу мақсатының
артында үнемі негізгі ой тұрады. Лингвистикалық және әдістемелік
әдебиеттерде сөйлеудің мақсаты. Негізгі ой, идея деген терминдер бір-
біріне жақын мәнде қолданылады. Біз оқушылардың түсінігіне сай “негізгі
ой” ұғымын пайдаландық. 4-сынып қазақ тілі оқулығында негізгі ой
ұғымын төмендегідей мағлұмат берілген: «Мәтіндегі негізгі ой – автордың
айтқысы келген басты пікір». Оқулықта мәтіндегі негізгі ойды анықтау
тапсырмалары бірнеше жаттығулар арқылы берілген. Мысалы
жаттығуларда Б.Бұлқышев шығармасынан үзінді беріліп, мәтіндегі негізгі
ойды анықтау тапсырмасы қойылады.
Оқушыларға мәтіннің келесі белгісі – сөйлеудің функционалдық-
мағыналық типін танытудың мәні зор. Мәтіннің әңгімелеу, сипаттау,
пайымдау түрлері табиғатынан екіжақты құрылым ретінде түсіндіріліп
жүр. Ол – ойлаудың бір түрі, яғни ойлау әрекетін жүзеге асырады, әрі
сөйлеу әрекетінің бір түрі, яғни қатысым түріне жатады. Мәтіннің бұл
түрлерін үйретуде де оның осы екі қыры ескеріуі керек, себебі мәтінде
сөйлеу мен ойлаудың заңдылықтары тоғысып жатады.
А.Байтұрсынов мәтіннің бұл үш түрін былай түсіндіреді: «Дүниедегі
нәрсенің қайсысы туралы сөйлессек те, бір жағынан ғана емес, әр жағынан
алып сөз қылуға болады. Мәселен, бір адамды сөз қылуға алсақ, я ол
адамның істеген ісін, айтқан сөзін әуезе қылып сөйлейміз, я тұлға-
135
тұрпатын, кескінін, көркін айтып, пернесін әліптеп сөйлейміз, я болмаса ол
адамның істеген істерінің, өзінің жақсы-жаман болғанының мәнісін,
себебін тексере, байымдай сөйлейміз. Осыған орай сөйлеген сөзіміздің түрі
не әуезе, не әліптеме, не байымдама болып шығады».
Мәтін туралы оқушылардың білімдері сөйлеу формаларының тұтас
шығарма ішінде берілуін айқындау арқылы тереңдей түседі. Мәтін
түрлерін сұрақ қою арқылы таптыру әдістемелік ерекшелігін ескерілген:
Мәтіннің қандай түрлері болады?
1
Мен 5-сыныпта оқимын. Бізге
Не істеді? Әңгімелеу.
Айман апай сабақ береді.
Біздің оқитын сыныбымыз кең, Қандай? Сипаттау.
жарық. Төбесі биік, қабырғалары
аппақ.
Біз сыныпты таза ұстаймыз. Неліктен? Пайымдау.
Өйткені, ол-біздің екінші үйіміз.
Мұны балалардың бәрі жақсы біледі.
Мәтннің бұлайша құрылуын анықтау шағын мәтіндер арқылы
болады.
Әңгімелеу мәтіннің құрылымындағы сөйлемдер оқиғаның дамуына
байланысты бірінен кейін бірі жалғасып келіп, бір-бірімен тығыз
байланыста құрастырылады. Мұндай құрылым мәтіннің синтакситік
жағынан ұйысдасқан түрде қатысуын да анықтайды. Сөйлемдердің бір-
бірімен байланысында олардың баяндауыштардың шақтық
мағыналарының сәйкестігі, лексика-грамматикалық амал-тәсілдердің
(шылау, есім сөздер, үстеу т.б.) қызметі ерекше мәнге ие болады.
Оқушылар осы мәселелерді білумен қатар, әңгімелеу мәтіннің құрылымын
да есіне ұстауы қажет:
1) оқиғаның басталуы;
2) оның әрі қарай дамуы (негізгі ойдың көрінісін табуы);
3) оқиғаның аяқталуы.
Сипаттау мәтінмен жұмыс оқушыны салыстыра білуге,
аңғарымпаздыққа және бақылампаздыққа үйретеді. Сипатталатын зат
немесе құбылыс оқушыларға өте таныс, жандарына жақын болуы қажет.
Мұғалім оқушылардың сипаттау кезінде заттың немесе нәрсенің
барлық белгілерін тізіп, түгендеп жатудың қажеті жоқ екенін, оның негізгі
я айрықша белгілерін ғана мән беру керектігін және бұл белгілерді біртұтас
образ шығатындай етіп бейнелеу керектігін ескертеді. Сипаттап отырған
затына немесе нәрсесіне өзінің пікірін, содан алған әсерін, сезімін, сондай-
ақ ол заттың адамға пайдалы немесе пайдасыз екенін білдіру де естерінде
болғаны дұрыс.
Сипаттау мәтінде сөйлемдердің басталуы, аяқталуы бірдей тұлғада,
сөздердің орналасу тәртібі де біртектес т.с.с. болып келеді.
Сипаттау мәтінінде негізгі ой тақырып бірлігін сақтайтын тірек
136
сөздер, түрлі көркемдегіш құралдар арқылы жүзеге асады. Ал бұл жұмыс
оқушылардың сөздік қорының молдығын, әсіресе, синонимдер мен
антонимдердің жеткіліктілігін, лексикалық қайталауларды, теңеу, эпитет
т.б. орнымен қолдана білулерін қажет етеді. Сондықтан да мектепте сөздік
жұмысына басты мән берілуі – оқыту ісінде күн тәртібінен түспейтін өзекті
мәселе.
Оқушыларға пайымдау мәтінмен жұмысты ұйымдастырудың өзіндік
әдістемелік ерекшелігі бар. Тұтастай мәтіннен сұрақ қою арқылы
(неліктен?) таптыру, оның құрылымдық бөліктерімен (дәлелденетін пікір,
дәлелдеу немесе түсіндіру пікір, қортынды пікір) таныстыру және оларды
мәтін ішінен, тапқызу, бір бөлігін беріп, қалған бөлігін оқушылардың
өздеріне тапқызу т.с.с.
Пайымдау мәтіні грамматикалық жағынан сөйлемдердің бір-бірімен
сабақтастық байланыстар арқылы жасалады. Сонымен бірге мұнда
қыстырма сөздер: «біріншіден», «екіншіден», «ендеше», «олай болса»,
«сондықтан», «сол себепті» т.б. қолданылады.
Зерттеу тақырыбымызға жақын еңбектерге (С.Рахметова, Н.Құрманова)
жасалған талдау балалардың өз сөйлеуінде сөз тіркестерін белсенді
қолданатындығын көрсетеді. Оқушылар жұмыстарында заттың, қимылдың
белгілерін білдіретін сөздерді көптеп кездестіруге болады. Бұл, сөз жоқ,
оқушыларды сөйлеу дәлдігіне, бейнелегіне жетуге талпындырады. Бірақ,
балалардың сөздік қоры әрдайым бай емес, синтаксистік құрылымдары
әртүрлігімен ерекшеленбейді, балалар шығармалары мен мазмұндамаларында,
мәтін құрауда стильдік қателер көптеп кездеседі. Демек, бұл айтылғандар қазақ
тілі сабақтарында оқушылардың байланыстырып сөйлеуін жетілдіру
бағытында бағдарламада қарастырылған грамматикалық тақырыптармен өзара
байланыста сөз тіркесін мәтінмен жұмыс жасауда қабылдау және
шығармашылықпен қолдану арқылы қатысымдық біліктілігін қалыптастыру
тұрғысында әдістемелік жүйені жетілдіру қажеттігін дәлелдейді. Мәтінмен
жұмыс жасауда сөз тіркестерін автордың түпкі ойын бейнелеу құралы,
оқиғаның даму шегін (динамикасын) көрсету құралы, мәтін құрылымын
түзудің құралы ретінде қолдануға болады.
Әлі күнге дейін сөз тіркесі теориясы туралы, оның табиғаты туралы
орныққан пікір жоқ. Бірақ ғалымдардың көзқарастарын жақындататын
тұтары бар. Мысалы, сөз тіркесі мен сөйлеу – синтаксистің объектісі
(М.Балақаев), сөйлеу қарым-қатынас жасауда жетекші рөл атқарады
(Оразбаева Ф.Ш.). Сонымен бірге кейбір ғалымдар (Х.Аханов) сөз тіркесін
сөйлем құрамынан таныту, сонан соң оны талдаудан өткізу әдісін қолданады.
Қазіргі зерттеулерде сөз тіркесін оқыту проблемасының екі
бағыттылығы байқалады: Бұл тіл бірлігінің тілдік және қатысымдық
қасиеттерін үйрету мәселелері.
Лингвистикалық әдебиеттерді талдау сөз тіркесін оның белгілерін
(мағынасын, формасын, қызметін) бірлікте үйрету арқылы анықтауға
мүмкіндік береді. Қазақ тілін оқытуға қатысымдық тұрғыдан келу
оқытудың жаңа нәтижелі әдіс-тәсілдері мен құралдарының пайда болуына
137
себепші болды. Бұл сөз тіркесі ұғымын қалыптастыру, оны синтаксистік
бірліктің мағынасы және қызметі тұрғысында қарастыру үдерісіне әкеліп
отырады.
Мектепте сөз тіркесін функционалды-семантикалық тұрғыда іске
асырудың негізгі құралы ретінде мәтін танылады. Мұндай тәсіл сөз
тіркесінің мәтін жүйесін ұйымдастырушы, мәтіндегі автордың негізгі
міндеттері мен ойын беру тілдік құралы ретіндегі мол мүмкіндіктерін
көрсетуге жағдай жасайды. Сондықтан әдістемелік әдебиеттерді талдау
функционалды-семантикалық тәсілді жүзеге асыруды қамтамасыз етуде
тілдік бірліктердің мәтіндегі рөліне бақылау жасау керек екендігін
көрсетеді.
Сөйлеу әрекеттерінің мәні туралы психологиялық-педагогикалық
зерттеулер негізінде оқушылардың белсенді танымдық әрекетін
қамтамасыз ететін, тілдік құбылысты жетік меңгеруіне мүмкіндік беретін
проблемалық оқу міндетін қою оқушылардың қатысымдық
мұқтаждығының пайда болуына мүмкіндік жасайтын сабақта тілдік
жағдаяттар жасау шарттары анықталды.
Қорыта келгенде, сөйлеу әрекеті сөйлеудің қабылдау және сөзді
тудыру үдерісін қамтиды. Осы үдерістердің негізінде жағдаяттың дұрыс
элементтерін таңдаудан, оларды біріктіруден, әрқайсысының
салыстырмалы өлшеуішін таңдаудан, оларды біріктіруден, әрқайсысының
салыстырмалы өлшеуішін анықтаудан тұратын алдын-ала болжау және
түсіну жатыр.Сөйлеу әрекетінің мазмұны мен құрлымына ден қою барабар
таңдаудың қатысымдық мәнділігі біліктілігін, сөйлеу әрекетінің рецептивті
және продуктивті түрлері сөз тіркестерін қабылдау мен қайта жасауды
анықтауға мүмкіндік берді. Сөз тіркесінің функционалды-семантикалық
аспектісі бойынша мәтінмен жұмыстың психологиялық және
психолингвистикалық негіздемесіне келесі факторлар: а) алғашқы көркем
мәтінді елестете алуда оқушылардың өмірлік және тілдік тәжірибеліктерін
тірек ету; ә) көркем мәтінді қабылдауда және өзі мәтін құрауда тілдік
тұлғалар деңгейлерінің өзара көмектесе әрекет жасауы жатады. Сондықтан
емлені үйрету мәтін арқылы жүргізу нәтижелі болмақ.
Емлені тыныс белгімен байланысты игертудің ерекшеліктері.
Мәтінмен жұмыс істеудің сапалы да тиімді әдістері көп ретте
синтаксистік түсіндіру барысында мол байқалады. Оның ішінде әсіресе,
сөйлем, сөйлем мүшелері туралы түсінік беру барысында мәтіннің
табиғатын таныту әдістері молаяды.
«Сөйлем мүшелері» тақырыбында, оның ішінде «Тұрлаулы
мүшелер», «Тұрлаусыз мүшелер», «Сөйлем мүшелерінің байланысы»,
«Сөйлемнің біріңғай мүшелері», «қыстырма сөздер», «қаратпа сөздер»
тақырыптарын оқыту барысында олардыың қызметі-мәтін құрумен
байланысты танытылу керек. Ол үшін оқулықта берілген жаттығу
мәтіндері талданып, арнайы жаттығулар іріктелді.
Сөйлемнің біріңғай мүшелері тақырыбын оқыту барысында тек даяр
мәтінмен бірыңғай мүшелерді тапқызып қоймай, олардың бірыңғай мүше
138
екенін дәлелдету арқылы пайымдау мәтінін құруды меңгерту керек. Ол
үшін оқушыларға, алдымен, дәлелдеу үлгісі беріледі: Әркім күрек,
сүймен, зембілдерін ала барды деге сөйлемдегі күрек, сүймен, зембілдер
бірыңғай мүше болып табылады. Өйткені бұлар нені? деген бір ғана
сұраққа жауап береді, бәрі де ала барды деген баяндауышқа қатысты
болып тұр және бұлардың барлығы – еңбек құралдарының аттары.
Келесі сөйлемдер осы үлгімен талданып, пайымдау мәтіні
құрастырылады. Мысалы, Қаз, үйректің балапаны өте нәзік болады
деген сөйлемдегі қаз, үйрек бірыңғай мүше болып табылады. Өйткені
бұлар ненің? деген бір сұраққа ғана жауап береді, бәрі де балапаны деген
бастауышқа қатысты болып тұр және бұлардың барлығы құс атаулары.
Тұжырымдағанда мәтінмен жұмыс тыныс белгілерге негізделіп
жүргізіледі. Мсыладар келтірейік.
Қаратпа сөздер, қыстырма сөздер, одағайлар туралы түсінік берілген
соң, олардың тұтас мәтінде алатын орны, атқаратын қызметі туралы білім
қалыптастыруы қажет. Осы ретте, олардың қолданылу мақсаты –
сөйлемдердің біртұтастыққа бірігуіне, мәтіннің жасалуына үлкен байланыс
орнату екендігі анықталады. Сондықтан, мұғалім оқулықта берілген
жаттығулардың мәтінін осы бағытта талдап, қаратпа сөздердің, қыстырма
сөздердің, одағайдың қызметіне, онда да мәтін құруға байланысты
қызметіне оқушылардың назарын аудартады. 1. Мысалы, мәтіннің ішіндегі
одағай сөздерді алып тастап, сөйлемді өзгертіп көру мағынасы мен
құрлымына нұқсан келтіре ме, жоқ па, соны анықтату:
Кәкеннің демалысы кезінде әкесі:
- Ертең жолға шығамыз, балам, тағы да тауға шығып кетпе,-деді.
- Қайда барамыз, көке?- деп, Кәкен кәдімгідей көңілденіп, қуанышын
жасыра алмай қутыңдап қалды.
- Ауылға барамыз, бабаңа сәлем беріп, батасын алып қайтамыз.
- Баба деген кім ол, көке?
- Бабаң – әкеңнің атасы, атаңның әкесі.
(Әдібай Табылдиев)
2. Қаратпа сөз туралы түсінік беруде диалог-мәтін қолданудың
артықшылығын тұстары бар. Тақтаға жазылған диалог талданады:
- Айгүл сен математикадан есепті шығардың ба?
- Иә, Темірлан, барлығын шығарып келдім.
- Балалар, мұғалім келе жатыр.
Осындағы асты сызылған сөздер не үшін қолданылып тұрғанын
анықтату проблемалық сұрақ қою арқылы іске асырылады. Сөйлеуші
ауызекі сөйлеуде екінші адамның назарын дыбыспен немесе қимылмен
өзіне аударып алады. Мұнда, әрине, белгілі кідіріс болады, жазуда оны
үтірмен белгілейміз. Ендеше оқушыға қаратпа сөздің басты белгісін
тыңдаушы назарын аудару екенін түсіндіру аса қажет, назарын аудару –
тыңдату деген сөз. Мәтін туралы түсініктерін бекітуде диалог-мәтінге ат
қойдыру тапсырмасын беруге болады.
Сонымен қатар, мәтінмен жұмыс жасаудың тәрбиелік жағын да
139
мұғалім әрдайым есіне сақтауы тиіс.
Қыстырма сөздердің тек сөйлемді ғана емес, тұтас мәтінді де «ұстап
тұра алатын» қызметін таныта түсу үшін мынадай салыстырулар қолдануға
болады:
Сөйлем
Кірпіш, біріншіден, барлық жерден табылатын саз бен құмнан
жасалады, екіншіден, отқа, суға ерімейді, үшіншіден, қатты аязда да
шытынымайды.
Достарыңызбен бөлісу: |