Жапбаров Амангелді Оқушылардың орфографиялық икемділіктері мен дағдысын қалыптастыра оқытудың ғылыми



Pdf көрінісі
бет10/15
Дата08.01.2017
өлшемі0,69 Mb.
#1463
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Ойын жаттығулары. 1.Оңынан да солынан да бірдей оқылатын сын
есімдерді табыңыз. 
2.Құрамында 3 "а" кездесетін туынды сын есімді табыңыз. 
3 .Бір буыннан ғана құралған қандай сын есімдер бар? 
4.Құрамында 3 "т''' әрпі келетін негізгі сын есімі айтыңыз. 
5.Сөз   ішінде   қосарлы   дауыссыз   дыбыстары   бар   сын   есімдерді
табыңыз. 
2-жаттығу.   Күрделі   атаулардан   тұратын   төмендегі   кестені
толтырыңдар. 

Қыз балалар есімі 
Ер балалар есімі 
1.
2.
Нұржамал
Ақмарал
Бауыржан
Нұрсұлтан 
Іздену   жаттығуы.   Төмендегі   қос   создердің   түсініксіз     сыңарына
этимологиялық талдау жасаңдар.
Мақсаты   -   қазіргі     кезде     мағынасыз     делінетін     қос   сөз
сыңарларының  ерте  кезде мағынасы болғанын, ол сөздердің басқа тілден
енген   сөз     екендігіне   оқушыларды   іздендіру   арқылы   көз   жеткізу.
94

Оқушылардың     ізденімпаздық,   өз   бетімен   жұмыс   жүргізу   қабілеттерін
арттыру.
Жүн-жұрқа,   жөн-жосақ,     киім-кешек,     иіс-қоныс,     көйлек-көншек,
қуғын-сүргін,   жолдас-жора,     ескі-құсқы,   айла-шарғы,   азық-түлік,   шала-
шарпы, сәлем-сауқат.
1-жаттығу. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінен  жапырақ, сөз, 
құрт, сыңарлы біріккен сөздер теріп жазыңдар.
2-жаттығу.
І.Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңінде кездесетін аң-құс, өзен-
көл аттарын теріп жазып, сөздерді дара, күрделі түріне қарай жікте.
Тұжырымдағанда, қазіргі кезде мұғалімдердің сабақта қолданып 
жүрген жаттығуларының мынадай түрлері бар;
1.Өтілген  тілдік материалдарды оқушыларға қайталап жатқа айтқызу
арқылы жаттықтыру (емле, ереже т.б.)
2.Өтілген тілдік материалдарға (оқушыларға) мысалдар тергізіп, сол
мысалдырды  тәжірибелеріне пайдалану мақсатында жаттықтырылады;
3.Әріптердің емлесіне байланысты, калдырылып қолданған сөздерге
орнына тиісті әріптер жаздыру. Мысалы; ме...мил...қу.. т.б.
4.Түбір   сөздер   беріп,   оған   қосымшаларды     жалғатып     жаздыру.
Мақсаты- сөз түрлендіруші мен сөз тудырушы косымшлардың ерекшелігін
таныту.  а)   жаңа   сөздер   тудырудың   амалдарын   білдіру   мақсатында.
Мысалы:   жұмыскер,     Бақытжан   т.б.   ә)   Сөйлемдегі     қосымшалардың
байланысын білдіру мақсатында. Көптік-жіктік; ілік-тәуелділік;
5.Жеке   әріптердің   беріп-сөз   құрату,  бірнеше   сөздерді   беріп   сөйем
құрату, сөйлемдерден қайырым, қайырымдардан мәтін түзу;
6.Бір   категорияның   грамматикалық   белгілерін   кестелеп   талдай
жаздыру. Мысалы, тәуелдеу, септеу (мәтін теріп жаздыруға да болады).
7. Белгілі   бір   орфографиялық   ережеге  байланысты   қосымшаны
немесе  сөйлем ішінен сөздерді  аттап кетіп, оны оқушыларға таптыртып
жаттықтыру. Мысалы: ...кісінеді. ...тоқыды.
8. Өткен   грамматикалық   белгілерді   тапқызып,   астын   сыздырады
және оны  дәлелдеттіреді;
9.   Мәтіннің ішінен белгілі   үйретілген   грамматикалық белгілердің
теріп жаздыру;
10.
 Сөздік жасату жолымен жаттықтыру (синоним жасау, антоним,
зат есім, түсті білдіретін сөздер);
11.
  Бір   грамматикалық   белгіден   екінші   грамматикалық   белгіні
ажырату жолымен жаттықтыру (көмектес септік пен шылауды ажырату);
12.
 Мәтіндердің ішінен грамматикалық белгілерді тауып жаздыру
немесе   оқушылардың   жіберген   қателерін   дұрыстап   көшірту   жолымен
жаттықтыру (дұрыс жаздырады, ережесін айтқызады,   мысалы   келтіреді
т.б.)
13.
  Өтілген   тілдік   материалдар   бойынша   мысал   тергізіп,   сол
мысалдарды тәжірибесінде  пайдалануға жаттықтыру;
95

14.
 Сөз мағыналары мен сөздердің жазылу емлелеріне қарай 
сөздік жасату жолымен жаттықтыру;
15.
 Талдау жүргізу аркылы жаттықтыру.
16.
 Мәтінмен  жұмыс жүргізу арқылы жаттықтыру.
18. Қазақ   тілінен оқытуды   көбінесе   оқулық пен  оқу  құралдарында
берілген   жаттығу   мақсатында 
 ұйымдастыруды    талап   етеді   т.б.
Жаттығуларды   орындаудың   да   тәртібі    бар,    яғни   жаттығуларды
орындағанда оқу үдерісі өтілуінің  заңдылықтарымен  айқындалған белгілі
дидактикалық  дәйектілікті қажет етеді.
1.
Алдымен   біліміді   берік   меңгертудің   қамтамасыз   ететін,   яғни
жаңа   оқу   материалдарын   жаттап   алуға,   есте   сақтауға,   саналы   түсінуге
бағытталған   жаттығулар   орындалуы   тиіс.    Бұл     ретте   жаңа   сөздерді,
ережелерді, мазмұнды жаттап немесе білу болады. Өзге бір жағдайлар да
бұл   жазу   үдерісінің   барысында   оқушыларға   жаңа   материалды   игеріп
алуына көмектесу мақсатында болады. Мысалы;  мәтіннің ішіненен игеріп
алуына   көмектесу   мақсатында   теріп   жаздыру,   бір   грамматикалық
материалмен екінші материалды (форма, категория т.б.) салыстыру т.б.
2.
Бұдан   соң   оқығанды,   үйретілгенді   жаңғыртуды   көздейтін,
игеру,  жаттау, білу  сапасын   тексеретін   жаттығулар   орындалуы  тиіс.  Бұл
оқушының да мұғалімнің де жұмыс  нәтижесін анықтайды.
3.
Енді анағұрлым күрделі жұмысты  қажет  ететін, білімді қолдана
білуге   бағыталған,  тәжірибелік  қолдана   білу   дағдысын   қалыптастыруға
бағытталған жаттығулар жүргізіледі. Бұлар - іріктеп таңдауды, басқа құбылыс
ерекшеліктермен салыстыруды т.б. қажет ететін жаттығулар. Педагогикалық
әдебиеттерде   жаттығудың   бұл   түрін   кейде   жартылай   шығармашылық   деп
атап жүр.
4.
Соңынан   оқушылар   жаңа   білімдерін   тәжірибеде   қолдануды
үйренген   соң,   білім   мен   іскерлікті   өз   бетімен   шығармашылықпен
қолдануды   көздейтін   жаттығуар   деп   аталатын    анағұрлым   қиын
жаттығуларды (шығарма, өз бетімен мәтін құрау) қолданылады.
Соңғы кездерде дербестікті дамытуға,  қабілеттерді  қалыптастыруға
және белсенді    ойлауға    көңіл    аударудың күшеюіне байланысты іздену -
проблемалық,   шығармашылқ  типтегі,   танымдық   және   дамытушылық
маңызы   бар   жаттығулар   жасауға   және   кұрастырылуға   айрықша   мән
берілуде.   Сонымен   жаттығу   білімді   бекітудің   және   іскерлік   пен
дағдыларды   қалыптастырудың   сондай-ақ   оқушылардың   ойлау   қабілетін
дамытудың негізгі әдісі болып табылады.
Қорыта келгенде, жаттығуларды орындағанда нақты, белгілі талаптар
сақталғанда   ғана   тиімді   болмақ.   Оқушылар   оны   саналы   түрде   орындау
қажет.   Ол   үшін   мұғалім   мынадай   мәселелерге   ажыратып,   мақсатын
түсіндіріп отырады:
1. Оқушы  ұсынатын  жаттығуды қай  материалдар бойынша беріліп
отырғанын анық білуі (ереже,  анықтама, емле т.б.)
2.   Жаттығуды   қандай    мақсатпен   орындалу   жолдарын   білу
(терминдер мен анықтамаларды жаттап   алу, естеріне түсіру, жаңа ережені
96

меңгеру)
Жаттығуда  қалай орындау  қажет екенін білу (мұғалімнің түсіндіріп
көрсетуі, окулықта берілген  үлгі арқылы т.б.)
Мектепте   қазак   тілі   білімі   белгілі   жүйе   бойынша   беріледі.   Атап
айтқанда   5   сыныпта   синтаксис   және   орфография,   фонетика,   лексика,
морфологиядан алғашқы мәлімет берілсе, 6 сынып  лексика  морфология,
7   сыныпта   морфология,   синтаксис,     8-9   сыныптарды   синтакситің
категорияларынан білім беру көзделеді.
Жаттығу жүргізудің  әдіс-тәсілдері сан алуан. Тәжірибелі мұғалімдер
оны әр мақсатта  түрлендіріп  жүргізіледі:
1.   Сабақтың   құрылысы,   бөлшектері     мен   мақсатына   байланысты
жаттығу   жүргізу.  Олар:   өткен   материалды     қайталап,   естеріне   түсіруге
байланысты теориялық анықтама, ережелерге мысалдар ойлап таптыру;
2.   Оқушылардың   бұрынғы   білімі   мен   жаңа   игерілетін
материалдармен   байланыстырып, тіл білімінің жүйесін түсіндіру арқылы
тілдік материалдың емлесі бойынша жаттығу жүргізу;
3.   Оқушылардың   қызығушылығын   арттыру   үшін   жаттығу   жүргізу.
Онда:     ойын   элементтерін   пайдалану,  кеспе,   кесте,   сызба   т.б.   түрлерін
пайдалану т.б.
4.  Оқушының   сауатты   жазу  дағдысын   ойын,  тілін   дамыту   мен   тіл
мәдениетін  жетілдіру үшін жаттығу жүргізу. Сондай-ақ жаттығу жүмысы
әр сыныптаға қазақ тіл білімі материалдарымен байланысты жүргізіледі. 
2.2.2 Орфографиялық талдау әдісі
Мұғалім орфографиялық талдау жүргізгенде емлелік материалдарды
жақсы   білетін   бір   ғана   оқушының   меңгеруімен   есептеспей,   бүкіл
сыныптың жете меңгеруімен санасуы тиіс. Оқушылардың негізгі білмейтін
жерлерін   есепке   алып,   соған   байланысты   талдаулар   жасатып   отырады.
Мектеп   оқушыларының   сауатты   жаза   білуі   қазақ   тіліне   қатысты
орфографиялық ережелерді жете меңгеріп, оны іс жүзінде еркін қолдана
алуына байланысты екендігі белгілі. 
Талдау –  нәрселердің   қасиет-белгілерін  ойша  ажырату. Бір   нәрсені
екінші   нәрседен   ажырата   білу   –   яғни   анализдік   деп   аталатын
психологиялық   үдеріс   негізінде   пайда   болады.  Яғни   орфографиялық
ержелерді   ажыратып   түсіну,   басқа   да   грамматикалық   материалдармен
салыстыра үғыну сияқты, жүйелік ұстанымына негізделеді. 
Орфографиялық   талдау   тұсында   дыбыстардың   түрлері,   олардың
жасалуы, дыбыс пен буын заңдылықтары, үндестік заңының ерекшеліктері
пысықталып қайталанып отырылуы тиіс. Мысалы, орфографиялық талдау
мазмұнына қарай төмендегі тәртіпте жүргізіледі: дыбыс  пен  әріпке қарай
еріндік   дауысты   дыбыс   әріптерінің   жазылуына,   езулік   дауысты   дыбыс
әріптерінің   қолданылуына,   қосарлы   дауысты   дыбыс   әріптерінің
жұмсалуына, үнді дауыссыз дыбыс әріптерінің жазылуына, ұяң дауыссыз
дыбыс   әріптерінің   жұмсалуына,   қатаң   дауыссыз     дыбыс   әріптерінің
97

қолданылуына,   дыбыстар   тіркесінің   емлесіне,   буын   жігіне   байланысты,
тасымалға лайықты талдау басқыштары арқылы жүзеге асырылады. Талдау
сыныпта да, үйде де, ауызша да, жазбаша да орындала береді. 
Қазақ тіліне қатысты  орфографиялық  талдау мынандай әдістемелік
жүйе   негізінде   іске   асады:   1)   орфографиялық   талдау   қайсы   тақырыпқа
байланысты   жүргізілетіндігі   ескеріледі;   2)   белгілі   бір   орфографиялық
тақырыптарға   сай   сөйлем   не   мәтін   таңдалады;   3)   сөйлем   не   мәтінді
оқушылар   дауыстап   оқиды;   4)   сонан   соң   мұғалім   осы   сөйлемнен   не
мәтіннен қайсы орфографиялық ережелерді байқау керек екендігін айтады;
5)   орфографиялар   анықталып   оқушылардың   сөйлемдегі   не   мәтіндегі
әріптер   мен   буындардың,   сөздер   мен   сөз   тіркестерінің   жазылуын
түсіндіреді: Талдау таңдап алынған сөйлем не мәтін ішіндегі барлық сөзді
талдап   жатудың   қажеті   жоқ,   тек   сол   сөйлем   не   мәтін   ішіндегі   ерекше
орфограммалық жақтан көзге түсетін, талдау мақсаты мен шартына жауап
бере алатын сөздер мен сөйлемдерді талдаған жөн. 
Оқушылардың   жазба   жұмыстарында   байқалған   олқулықты
болдырмау   мақсатымен   олардың   әр   түрлі   ойлау   әрекеттерін   дамыту
көзделіп,   жоғарыда   келтірілген   сөйлемдерді   талдау   мынадай   тәсілмен
жүргізіледі. Мысалы, Әңгіме әдсі арқылы ауызша талдау:
Мұғалім: Бірінші сөйлемдегі Бейсенбек пен Үсен деген сөздер қандай
сөз табына жатады?
Оқушылар: Екеуі де зат есім.
Мұғалім: Қандай сұраққа жауап береді?
Оқушылар: Кімдер? деген сұраққа жауап береді.
Мұғалім: Дұрыс. Осы сөйлемде  пен-ді қоспай-ақ  Бейсенбек, Үсенді
көрдім деп айтуға бола ма?
Оқушылар: Болады. Сөйлемнің мағынасы бұзылмайды.
Мұғалім:   Олай   болса,  пен  деген   сөздің   осы   сөйлемде   дербес
мағынасы бар ма?
Оқушылар: Жоқ. Бұл — шылау сөз.
Мұғалім: Дұрыс. Шылаулар қалай жазылушы еді?
Оқушылар: Алдыңғы және келесі сөздерден бөлек жазылады.
Мұғалім:  Дұрыс. Шылау сөздердің  бөлек жазылатынын  естеріңнен
шығармаңдар. Ал осы сөйлемдегі пен-ді сен қалай жазыпсың, Болат?
Болат: Мен бірге жазыппын, ағай.
Мұғалім: Қалай жазу керек?
Болат: Бұл сөйлемде пен бөлек жазылу керек. Өйткені ол шылау.
Мұғалім: Дұрыс. Енді мына сөйлемді талдап көрейік! Үсенмен бірге
келдім. He себепті бұл сөйлемде мен алдыңғы сөзбен бірге жазылған?
Оқушылар:  Мен  -   жалғау.   Алдыңғы   сөзбен   бірге   жазылады.   Бұл
сөйлемде  Үсенмен  бірге   деген   сөздер   бірыңғай   сөздер   емес.   Олар   бір
сұраққа жауап бермейді.
Мұғалім: Дұрыс. Үсен бірге келдім деп айтуға бола ма?
Оқушылар: Болмайды. Сөйлем ұқсаспайды.
Мұғалім: Үсен деген атау бірге келдім деген сөзбен байланысты болу
98

үшін не керек ?
Оқушылар: Бұл жерде міндетті түрде мен сөзі керек.
Мұғалім: Осы сөйлемге қандай сұрақ қойылады?
Оқушылар: Кіммен? Кіммен келдің?
Мұғалім: Дұрыс. Ал кіммен? деген сұрақ қандай жалғаудың сұрағы?
Оқушылар: Көмектес септіктің сұрағы.
Мұғалім: Сондықтан бұл сөйлемдегі мен сөзі қалай жазылады?
Оқушылар: Мен сөзі өзінен бұрыңғы сөзбен бірге жазылады. Барлық
жалғаулар алдыңғы сөзбен бірге жазылады.
Қазақ   тіліне   байланысты   оқушылардың   жазба   жұмыстарындағы
қателерін   дәптерде   не   тақтада   тексеріп   және   оны   түзетіп   отырудың
сауаттылықты арттыру үшін пайдасы мол. Сондықтан мұғалім сыныптағы
және   үйдегі   орындалатын   тапсырмаларды   дәптерде   қалай   орындап
отыратындықтарын   күнделікті   қадағалап,   тексеріп   отырғаны   жөн.
Теориялық   материалға   байланысты   сынып   дәптерінде   орындалған
тәжірибелік жұмыстар, үй тапсырмалары көшіріп жазылған мәтіндер мен
жаттығулар,   диктанттар,   мазмұндамалар   мен   шығармалар   мұғалім
тарапынан үнемі тексеріліп тұруға тиіс. 
Сынып   жұмыстарын   қадағалаумен   қатар   үй   тапсырмалары   да
төмендегі тәртіппен тексеріледі: 1) мұғалім парта үстіне қойылған әрбір
оқушының дәптерін жалпы барлап көріп шығады. Мұнда әрбір оқушының
үй   жұмысын   орындаған,   орындалмағанын,   онда   қандай   орфографиялық
қателер жібергенін байқайды; 2) бір оқушыны мұғалім тақтаға шақырып,
дәптеріндегі жазылған үй тапсырмасының қалай орындалғандығын айтып
беруді талап етеді; 3) үй тапсырмасының әрбір сөйлемі кезекпен оқылып
тексеріледі.   Мұғалім   сыныптағы   орындалған   жаттығуларды   сол   күні
тексеріп, нәтижесін айтады.
Оқушылардың дәптерде жіберілген қателері әр кезде қызыл сиямен
түзетіледі. Себебі қызыл сия оқушылар көзіне анық көрінеді. Қателерін тез
көріп, оны тез жою үшін жұмыс жүргізуге пайдасын тигізеді. Сондай-ақ
казақ тіліне байланысты орфографиялык кателерді түзетуде мына тәрізді
тәсілдер   іске   асырылады:   1)   дәптерде   жіберілген   орфографиялық
қателердің асты қысқа сызықпен сызылады да, дәптер жанындағы ақ жолға
кате жіберілген сөздің дұрысы жазып қойылады; 2) дәптерде жіберілген
қатенің асты сызылып, дәптер шетіне оқулықтағы ереженің параграфы мен
беті көрсетіледі. Мұндай тәсіл қате жіберілген орфограммаға байланысты
ережені   тауып   оқып,   неліктен   қате   жібергендігін   сезу   үшін   іске
асырылады; 3) дәптердегі жіберілген қателердің асты сызылады, бірак ол
түзетілмейді. Оқушылар асты сызылған сөздерге қарай отырып, неліктен
қате жібергендігін өздері тауып түсіндіреді. Бұл да оқушыларды өздігінен
іздендірудің   бір   түрі   болып   есептеледі.   Бұдан   кейінгі   дәптердегі
пунктуациялық қателердің асты қос сызықпен, стилистикалық қателердің
асты   ирек   сызықпен   сызылып   көрсетіледі.   Дәптер   соңында   қателердің
барлық түрі есептеледі.
Орфографиялық   сөздікпен   жұмыс   істеу   тәсілдері,     мектеп
99

оқушылары  үшін жазылатын орфографиялық сөздік төмендегі талаптарға
сәйкес   жазылуы   тиіс:   1)   орфографиялық   сөздік   әрбір   сынып
оқушыларының алған біліміне сай сөздік қоры мен сөз байлығын есептей
отырып   жасалуы   қажет;   2)   ол   сөздікке   арналған   бағдарламаға   сәйкес
жазылуы   тиіс;   3)   мұнда   орындалуы   қиын   деген   сөздердің   жазылуы
көрсетілуі керек; 4) сөздік жасауда оқушылардың әр сабақ сайын   қанша
сөз меңгеретіндігі ескерілуі жөн; 5) әр оқушы, әр сынып жыл сайын қанша
жаңа   сөз   үйренетіндігі     де     қарастырылуы   қажет;   6)   сөздікте   әрбір   сөз
екпінмен   ажыратылып   түрғаны   дұрыс.   Осындай   талаптармен   жасалған
орфографиялық  сөздіктің  пайдасы мол.
Мектеп   оқушыларын   сөзді   жылдам   орфографиялық   сөздіктен   таба
алатындай   дәрежеге   жеткізу   үшін   төмендегі   құрамда   тәжірибелік
дағдылардың   жүйесі   іске   асырылуы   тиіс:   1.   Орфографиялық   сөздіктеті
алфавиттік кесте 3 - 4 окушыға дауыстап оқытылады. 2. Бұрын жатталған
әріптердін,   алфавиттік   тәртібі   қайталанады.   3.   Алфавиттегі   әріптердің
қайсысы қайсысынан бұрын және кейін келетіндігі таптырылады. Мәселен
л әрпі қ әрпінен бұрын да, м әрпінен кейін. 4. Бір әріптен басталған сөз
алынады   да,   осы   бірінші   әріптен   кейінгі   келген   әріптердіқ   тәртібі
акықталады.   Мысалы,   бақша,   бақшашы,   бақшашылық.   5.   Бір   әріптен
басталған сөздер алынады да, осы бірінші әріптен кейін алфавит тәртібі
бойынша   қандай   әріптер   келетіндігіне   мысалдар   таптырады:   Мәселен,
дабыл, дағды,  дайым,  дақыл, дала,  дамыл,  дана, даңғыл т. б. 6. Орыс тілі
арқылы   енген   сездердің   жазылуы   орфографиялық   сөздіктен   қарап
алынады.   7.   Кейбір   термин   сөздердің   жазылуы   сөздіктен   қаралады.
Мәтіндегі кейбір сөздердін, жазылуы сөздіктен таптырылады. 8. Қазақ тілі
материалдарын   өтуде   орфографиялық   сөздік   пайдаланылады.   9.   Қазақ
тіліне байланысты морфологиялық материалдарды оқытуда сөздік жұмысы
іске   асырылады.   10.   Орфоэпиялық   тақырыптарды   өтуде   орфографиялық
сөздік   пайдаланып   отырылады.   11.   Дауысты   және   дауыссыз     дыбыс
әріптерінің   емлесін   үйретуде   сөздік   жұмыстары   алып   барылады.   12.
Дауыссыз   дыбыс   әріптерінің   емлесін   оқытуда   орфографиялық   сөздік
жүзеге   шығарылады.   13.   Дыбыстар   тіркесінін   емлесін   үйретуде   сөздік
пайдаланылады.   14.   Орфографиялық   сөздіктен     мысалдар     таптырып,
оларды буынға бөле  отырып тасымалданады. 15. Түрлі жазба жұмыстарын
жүргізу   тұсында   орфографиялық   сөздік   пайдаланылады.   16.   Өтіліп
отырған   материалға   байланысты   әр   түрлі   әріптерден   басталатын   сөздер
орфографиялық сөздік бойынша игертіледі.
2.2.3 Орфографияны игертуде диктант жұмысын жүргізу
Оқушыларға орфографияны және өз ойын жазбаша дұрыс бере білуге
дағдыландыратын және үйрететін жаттығу көп қолданылатын тәжірибелік
әдістерінің бірі диктант жаздыру болып табылады. Диктанттың мақсатын
әр әдіскер мен озат мұғалімдер әр түрлі анықтайды. 
Ш.Әуелбаев   диктант   жұмысының   мақсатын   былайша   анықтайды:
100

«Жатқа жазу оқушылардың граммтикалық ережелерді дұрыс меңгергенін
есту қабілетінің жазуға төселу машығының қаншалықты  қалыптасқанын
байқатады. Әр диктанттың әр түрін жазуға дайындық болады. Сыныпта жиі
жазылатын   диктанттың   түрлері:  көру,   сөздік,   шыгармашылық,   талдау,
түсіндірме,  ескертпе диктанттары.  Диктанттың бұл түрлерін жүргізуге
арнайы сағат бөлінбейді. Мұғалім күнделікті сабақ жоспарын жасағанда
диктанттың   бір   түріне   мәтінді   дайындап   келіп,   сабақтың   тиімді   бір
кезеңінде   \10-15   минут\   жаздыруға   болады»,   -   дей   келіп,   бақылау
диктантына арнаулы сағат бөлу керек дейді.
Бұған қарағанда, бұл авторлар жаздыру мақсатына қарай диктанттың
екі түрі бар екенін меңзейді.
1. Үйрету бағытындағы;
2. Бақылау, білім сынау бағытында [93].
Ал,   Д.Әлімжанов   пен   Ы.Мамановтың   «Қазақ   тілін   оқыту
методикасында»   диктант   туралы     былай   жазады:   «Оқушыларға
орфографияны   үйретуде     көп     қолданылатын   әдістердің   бірі   -   диктант
жаздыру болып табылады.  Диктанттың бірнеше түрі бар. Диктанттың бұл
көрсетілген түрлерінің барлығы да орфография мен грамматиканы үйрету
үшін қолданылады. Тек бақылау диктанты оқушылардың білімін тексеру
үшін жүргізіледі» [94].
Қ.Жолынбетов   «Қазақ   орфографиясын   игертудің   негіздері»   \1957\
кітабында диктантты мынадай екі топқа бөліп қарастырады: 
1) Үйрету диктанты 
2) Бақылау диктанты [85].
Мұндағы  үйрету  диктантын  былайша  топтастырады:
1)көру,  2)шығармашылық,  3)ерікті,  4)өздік,  5)сөздік,  6)ескерту.
Тіптен   Р.  Мұратәлиев,   Ә.Марасұлов,   Н.Қасабековалар   диктанттың
бастауыш  сыныптардағы   мынадай   түрлерінің  бар  екендігін    анықтайды:
1)әріп   диктанты,   2)   6уын   диктанты,     3)   сөз   диктанты,   4)   сөйлем
диктанты,   ал   көру, өздік, сөздік,   терме,   бақылау диктанттарын  осы
сөйлем  диктанттарына жатқызады. 
Диктант     жаздыруда     жеңілден     қиынға,     белгіліден     белгісізге
деген   жалпы педогогикалық  ұстанымға сүйеніп жүргізіледі.
Бұл  ұстаным бойынша әр сынып оқушылардың  жас  ерекшеліктері
мен   білім  дәрежесі   есепке   алынады.   Мысалы,   бірінші   сыныпта   екі-үш
әріпті   өтісімен   әріп  диктанты,   олардан   құралған   буындарды   игерту
мақсатында буын диктанты, бірте-бірте сатылай қиындатып, сөз, сөйлем,
графикалық   диктанттарға   ұласады.   Сөйтіп   оқушылар   жоғарыда
көрсетілген   диктант   түрлерін   әбден   меңгерілгеннен   кейін   барып   үйрету
диктанттарының күрделі түрлері /терме, көру,  шығармашылық, ескерту т.
б./ жаздырылады.
Диктант жұмысын жүргізу екі мақсатты көздейді.
1) Диктант   жұмысын   жүргізу   көбінесе   оқушылардың   теориялық
білімін   сынауға   қолданады.   Олардың   өткен   материалды   қаншалықты
меңгергені   диктант  жазу   барысында   айқындалып   отырады.   Оның
101

нәтижесінде  мұғалім қай оқушының қандай тақырыптан қате жібергенін
айқындайды.   Әрі   қарай  мұғалім   қандай     шара  қолдану   жолын   белгілеп,
жұмыс жоспарын анықтайды.
2) Диктант   жұмысын   үйрету,   қайталау,   пысықтау   мақсатында
жүргізіледі. Бұл кезде диктант жұмысын   ұйымдастырып   отырған жаңа
білімді бекіту, кейбір ерекшеліктерін саналы таныту үшін қолданылады.
3)   Диктант   жұмысын   ұйымдастырып   жүргізудің   өзіндік   талаптары
бар:   диктант   жүйелі   түрде   түрлендіріп   жүргізілуі;   диктанттың   мәтін
мазмұны,   ережелердің   саналы   игерілуі;   жайдан   күрделендіріп,   оңайдан
қиынға қарай ұйымдастырылуы. 
Қазақ  тілінен  ұйымдастырылатын   басқа  да   жазба   жұмыстары
сияқты диктант жаздырудың да өзіндік әдіс тәсілдері бар. Олар: мұғалімнің
диктант алуға даярлығы,     диктант     жүргізуге     оқушыларды     дайындау
және   жүргізу   болып табылады.
Мұғалім   диктант   жүргізуде   ең   алғаш   мәтін   таңдаудан   басталады.
Диктантқа мәтін дайындауға мынадай талаптар қойылады:
1. Диктант     мәтіні,   мазмұны     жағынан   оқушыларға   түсінікті,
тәрбиелік мәні бар және әдеби тілдің талаптарына сай болуы керек;
2. Диктант әр түрлі жанрдағы шығармалар, үзінділер, арнаулы мәтін
болуы;
3. Диктант мәтінінің  құрамындағы сөздердің бәрі  оқушыға түсінікті
болуы керек. Егер түсініксіз және өте сирек қолданылатын емлесі қиын сөз
кездессе,  ол  түсіндіріліп, көрсетіледі;
4. Диктант   мәтінінің   емле   қиындығы   орташа   дәрежеде   болып,
бағдарламаға сай сұрыпталады;
5. Диктант   мәтініне   әрбір   2-3   орфографиялық   және   тыныс
белгілерінің нысандар болуы тиіс т.б.
Мұғалімнің келесі бағыттағы жұмысы - диктантты тексеру. Диктант
жұмысының    қай   түрі   болса   да   тексеріледі.   Әсіресе,   бақылау  жұмысын
тексеріп, оқушылардың    жіберген    қателерін сұрыптай отырып, олардың
жіберу себептерін    анықтайды.  Соңынан қатемен  жұмысты жүргізу мен
оның болдырмау әдіс-тәсілдерін ойластырады.
Мұғалімнің оқушыларды диктант жазуға даярлауы сол сабақ үстінде
немесе  үй   тапсырмасына   байланысты   жүргізіледі.  Бұл   диктант     өтіліп
отырған   грамматикалық     материалға   байланысты   және   сөздер   мен   сөз
тіркесін қатесіз жазу үшін жаздырылады. Берілген мәтін ішінен   өтілген
ережеге   байланысты   сөздерді   немесе   сөз   тіркестерін   теріп   жазып,   оған
талдау жасалады. Бұл оқушылардың сөздік қорын байытуға көмектеседі.
Сөздік диктантын жазғанда оқушылар жеке сөздердің мағынасымен
таныса  отырып, жаңа сөздерді   игереді. Бұл   диктантты   жаздыру   үшін
үйретіліп   отырылған  теориялық   мәселеге   байланысты   мұғалім   мәтін
таңдайды,   онда   оқушыларға   орфографиялық   немесе   фонетикалық
мағынасынан ауырлық келтіріп  жүрген  сөздерге ерекше назар аударады.
Сөздік диктантты жүргізу үшін мұғалім бірнеше тәсілді /көру, есту,
түсіндіру   т.б./   қолданады.   Сондай-ақ   сөздік   диктантын   күнделікті   сабақ
102

барысында 5-8 минут уақыт бөліп өткізуге болады. Бұл диктанттың түрі
сабақтың     кез     келген     уақытысында,   кезеңінде   жаздырылады.   Сөздік
диктантына оқушылардың жыл бойы меңгеруге тиісті термин сөздер мен
жазылуы қиын байырғы сөздерді де алуға болады. Бұл диктанттың  көлемі
әр сыныпта әр түрлі болмақ:

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет