Жапырағы мен жемісін асқынған асқазан



Pdf көрінісі
бет11/11
Дата18.01.2017
өлшемі3,63 Mb.
#2169
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

КІШІ ҚАРАОЙ – есіл алабындағы тұзды көл. Солт. 

қазақстан обл. Ақжар ауд-ның солт. бөлігінде орна-

ласқан. теңіз деңгейінен 53,6 м биіктікте. Аум. 100,8 

км

2



, ұз. 12,7 км, ені 12,1 км, жағалау бойының ұз. 73,4 

км. Көл қазаншұңқыры дөңгелек пішінді, түбі тегіс, 

біраз  бөлігі  тұнбалы.  жағалаулары  жайпақ,  бат-

пақты. Су жиналатын алабының 80%-ы жыртылған, 

қалған  бөлігінде  бетеге,  сұлыбас,  боз  өскен.  жаға-

лауы мал жайылымына пайдаланылады.



КІШІ ҚАРАТАУ ЖЕР АСТЫ СУ АЛАБЫ, жам-

был  обл.  Сарысу  және  талас  аудандарының  аума-

ғында орналасқан. жер асты суын алғашқы зерттеулер 

1946 – 47 ж. басталған. 1947 – 92 ж. Оңт. қазақстан геол. 

басқармасы Кіші қаратауда фосфор кен орындарының 

ашылуына байланысты шахталар жүйесіне құйылатын 

жер асты суының көлемін анықтау және ауыз сумен 

төмендеу жерде 2,26 м

3

/с. қаладағы бау-бақшаны су-



ғаруға пайдаланылады.

КІШІ  АЛМАТЫ  МҰЗДЫҚТАРЫ  –  Іле  Алатауы-

ның солт. беткейінде, Кіші Алматы өз. бастауындағы 

мұздықтар тобы. Алматы қ-ның оңт-нде 30 км жерде. 

ең биік жері Орджоникидзе шыңы (4410 м). мұздықты 

1902 ж. С.Дмитриев ашқан. К. А. м. 12 мұздықтан тұ-

рады;  бастылары:  Орт.  тұйықсу,  игілі  тұйықсу,  мо-

лодежный,  м.мәметова,  з.Космодемьянская.  жалпы 

ауд. 11,4 км

2

, оның 3,86 км



2

-і мұзқар (фирн) алаңы, 4,74 

км

2

-і  ашық  жатқан  мұздық  тілі,  2,8  км



2

-і  борпылдақ 

жыныстармен жабылған. мұздық көл. 0,39 км

3

. Беткі 



мұздықтар жауып жатқан мореналық қабат астында қа-

лыңд. 100 м-ге жететін көп жылғы тоң мұз жатыр, одан 

көбіне сел тасқыны бастау алады. Селден қорғану мақ-

сатында Кіші Алматы өз. аңғарында (медеуде) күрделі 

тосқауыл (плотина) салынды. 

КІШІ БЕРГІЕЛ, К і ш і   Б е р е л  – Алтайдағы қатын 

жотасының оңт. беткейіндегі аңғарлық мұздық. Бұқ-

тырма алабындағы Ақбұлақ өз-нің бастауында; 3830 м  

биіктіктен басталады, қарлы жиегі 2810 м-ден өтеді. 

Ұз. 8,3 км. жалпы аум. 6,5 км

2

, көл. 0,37 км



3

. Орташа 

қалыңд. 80 м. мұздық жылдан-жылға қысқаруда.

КІШІ БОҒДА, К і ш і   Б ө г д е  – Ащықақ (тұздықақ)  

сорының  оңт.-батысын  ала  орналасқан  аласа  оқшау 

қырат.  Батыс  қазақстан  обл.  Бөкей  ордасы  ауд-нда, 

шоңай т. ж. ст-нан 38 км жерде. Абс. биікт. 37 м, шы-

ғысындағы Ащықақ сорымен салыстырғандағы биікт. 

Кіші

молодежный мұздығы

Кіші Бергіел мұздығы

Кіші Борсық құмындағы жүзгінді құм төбе



305

қамтамасыз ету үшін кең көлемді гидрогеол. жұмыс-

тар  жүргізді  (т.Айтуаров,  м.жұмағұлов,  Р.Ахметов, 

Р.Айымбетов,  т.б.).  жер  асты  суы  кембрий-ордовик 

кезеңдерінің карсттық-жарықшақты әктастарында та-

ралған. Сулы қабаттың қалыңд. 40 – 300 м. Осы терең-

дікке бұрғыланған гидрогеол. ұңғымалардан тәулігіне 

2,2 – 86,4 мың м

3

 су шығады. жер асты суының мол 



көзі  тектоник.  жарылымдарда  қалыптасқан.  өзен 

аңғарларында  және  тектоник.  жарылымдарда  көпте-

ген қайнар бұлақтар (жылыбұлақ, т.б.) бар. Олардан 

тәулігіне 4,3 – 34 мың м

3

 су шығады. жер асты суы 



тұщы,  минералд.  1,0  г/л-ден  аспайды,  хим.  құрамы 

гидрокарбонатты-кальцийлік  түрге  жатады.  Алапта 

10 кен орны жете зерттелген. Оның ішінде Бүркітті, 

Көктал,  майтөбе,  тамды  су  кен  көздері  қаратау, 

жаңатас қалаларын, т.б. елді мекендерді ауыз сумен 

қамтамасыз  етуге  пайдаланылуда.  жер  асты  суы-

ның пайдалануға болатын тәуліктік жалпы қоры 216  

мың м


3

 көлемдей деп болжанған.



КІШІ ҚАРАТАУ КЕНДІ АУДАНЫ – өзімен аттас ан-

тиклинорий құрылымды қамтитын тараз қ-нан солт.-ба-

тысқа қарай созылған кенді өңір. Негізгі кен байлықтары 

палеозойдың шөгінді қабаттарымен байланысты. Кенді 

ауданның атын шығарған төм. кембрий жыныстарымен 

қабаттасқан әйгілі қаратау фосфорит алабы 100 км-ге со-

зылып, 45 кен орнын біріктіреді. ең ірілері: Ақсай фос-

форит кені, Көкжон фосфорит кені, шолақтау фосфорит 

кені. Олар қаратау, тараз және шымкент қалаларында 

орналасқан  хим.  өндірістердің  шикізат  базасы  болып 

табылады.  К.  қ.  к.  а-ның  жалпы  қоры  2  млрд.  т-дан 

астам  деп  болжанған.  Ауданда  қазір  қоры  сарқылған 

Сүлейменсай,  Байжансай  сияқты  гидротермальды  қор-

ғасын-мырыш кен орындары бар. К. қ. к. а-нда әктас, до-

ломит, гипс (Бурыл), шақпақтас (шабақты, қызыләуіт), 

целестин (тұзкөл) көп тараған, аздаған тас көмір қоры 

да (Бурыл) ұшырайды. Көкжон жотасында кварц-желілі 

формацияға жататын алтын кендері барланған. Кішігі-

рім  вольфрам-молибден,  темір-марганец  кендері  кале-

дон интрузивтерімен байланысты.



КІШІ  ҚОБДА  –  жайық  алабындағы  өзен.  Ақтөбе 

обл-ның қобда ауд. және Ресей жерімен ағып өтеді. 

Ұз. 116 км, су жиналатын алабы 1240 км

2

. Бастауын  



Ресейдегі  Сабындыкөл  атырабындағы  қыратты  бұ- 

лақтан  алып,  қобыланды  а.  тұсында  қобда  өз-не  

құяды. Ағыны баяу, су деңгейі көктемде 18 – 20 тәу- 

ліктей  көтеріледі.  жылдық  орташа  су  ағымы 

0,44 м

3

/с. Суында сазан, шортан, қарабалық бар. егін 



суғарылады. жағалауы – жайылым. 

КІШІ  ҚОСҚОПА  –  Сарықопа  көлінің  алабындағы 

тұзды  тұйық  көл.  қостанай  обл.  Амангелді  ауд. 

қаламқарасу  қонысында  орналасқан.  теңіз  деңгейі-

нен 111 м биіктікте. Аум. 6,8 км

2

, ұз. 4 км, енді жері 3 



км, жағалау бойының ұз. 11,2 км. Көктемгі еріген қар 

және жер асты суларымен толысады. жазда айдыны-

ның көп бөлігі тартылып, шалшықты көлге айналады. 

жағалауында қалың қамыс, құрақ өскен. Көл түбі лай-

лы. Кейбір бөліктерінде тұз тұнбалары шөккен. Суы 

желтоқсанда  қатып,  сәуірде  ериді.  Кейбір  жылдары 

айдынында суы тартылып, батпақты сорға айналады. 

жағалауы – шабындық.



КІШІ ОБА (ҮБІ) – шығыс қазақстан обл. Глубоков 

ауд-ндағы өзен. жалпы ұз. 97 км (Сол Обамен бірге), 

су  жиналатын  алабы  2096  км

2

.  жылдық  орташа  су 



ағымы 0,31 м

3

/с. Бастауын Оба жотасының солт.-шы-



ғыс бөлігінен алып, Каменуха а-ның тұсында Оба өз-

не құяды. Аңғары тар, ағыны қатты.



КІШІӨЗЕН, қ. Сарыөзен.

КІШІ СҮЙЕЛЖАЗАР (Heliotropium parvulum) – ай- 

лауықтар  тұқымдасы,  сүйелжазар  туысына  жататын 

бір жылдық шөптесін өсімдік. қазақстанда тек Алма-

ты  обл.  еңбекшіқазақ  ауд-ндағы  Бұғыты  тауларын-

да  кездеседі.  таудың  тастақты  және  қиыршықтасты 

беткейлері  мен  төм.  бөлігіндегі  жазықтарда  өседі. 

Биікт. 10 см-дей, бұтақты, сыртын ақ киіз сияқты ма-

мық  басқан  аласа  өсімдік.  жапырақтары  ұсақ  (ұз.  1 

см-дей), дөңгелек жұмыртқа тәрізді. тостағанша жа- 

пырақшалары  жіңішке  қандауыр  тәрізді,  жемісі 

түскеннен кейін де сақталып қалады. Күлтелері ұсақ, 

жіңішке цилиндр тәрізді түтікшелі, ақ түсті. 5 – 10 гүлі 

бірігіп, шоғырбас гүлшоғырын құрайды. тұқымынан 

көбейеді. маусым – шілде айларында гүлдеп, жеміс-

тенеді.  жемісі  –  ұзынша  жұмыртқа  тәрізді,  жылтыр 

жаңғақша.  К.  с.  –  өте  сирек  кездесетін  эндемик  түр, 

сондықтан  қорғауға  алынып,  қазақстанның  «қызыл 

кітабына» енгізілген.



КІШІТАУ  –  қарағанды  обл.  Ұлытау  ауд-ның  орта 

тұсындағы тау. Ұлытау жотасының оңт.-батысында

Дулығалы  жыланшық  өз-нің  бастауында  орналас-

қан.  Абс.  биікт.  793  м.  Солт-тен  оңт-ке  қарай  10  –  

12  км-ге  созылып  жатыр,  ені  6  –  8  км.  протерозой 

жыныстарынан  түзілген.  тау  басы  тегіс,  көлбеу 

беткейлері  қорымтасты.  К-дан  батысқа  қарай  Ду-

лығалы жыланшық, оңт-ке қарай қумола, шығысқа 

қарай жезді өзендері бастау алады. Беткейлеріндегі 

аласатаулық  сұр  топырағында  қара  жусан,  көкпек 

өседі. Баурайы мал жайылымына қолайлы. 

КІШІ ТОБЫЛЖАН – ертіс алабындағы тұзды тұ-

йық көл. павлодар обл. успен ауд. Равнополь а-ның 

шығысында 10 км жерде орналасқан. теңіз деңгейінен 

92 м биіктікте. Аум. 10,9 км

2

, ұз. 7,2 км, енді жері 2,8 



км, жағалау бойының ұз. 18 км. жағалауы жайпақ, кө-

біне сортаңды, оңт. батпақты болып келеді. Көктемгі 

еріген  қар  және  жер  асты  суларымен  толысады.  қа-

раша айының аяғында суы қатып, сәуірде ериді. түбі 

лайлы. көлден кәсіптік маңызы бар ас тұзы алынады.

КІШІ ТОРАҢҒЫЛ – Солт. қазақстан обл. шал ақын 

ауд-ндағы көл. Новопокровка және Белоглинка а-дары 

аралығында  орналасқан.  теңіз  деңгейінен  179,2  м 

биіктікте. Аум. 25,5 км

2

, ұз. 6,4 км, ені 5 км, жағалау 



бойының ұз. 18,4 км. Суының көл. 89 млн. м

3

, су жи-



налатын аум. 970 км

2

. жағалауы құмдақты, тік жарлы 



келген. Көл түбі негізінен тегіс, тұнбасының қалыңд. 

Кіші

Кіші қобда өзенінің қамысты жағалауы



306

Кіші

0,1 – 0,3 м. Суының минералд. 2,5-тен 8 г/л-ге дейін. 

Балдырларға бай (52 түрі кездеседі), олар 4 түрге (көк 

жасыл,  жасыл,  диатомды  және  эвгленді)  бөлінеді. 

ихтиофаунасында  балықтың  19  түрі  кездеседі.  Көл 

облыстағы балық аулайтын негізгі нысандардың бірі. 

Суы түрлі шаруашылықтарға пайдаланылады.

КІШІ  ҮЛБІ  –  шығыс  қазақстан  обл-ның  зырян, 

Глубоков аудандары жеріндегі өзен. ертіс алабында. 

Ұз. 119 км, су жиналатын алабы 2300 км

2

. жылдық 



орташа  су  ағымы  6,45  м

3

/с.  үлбі  жотасының  солт.-



шығыс  бөлігінде  жоғ.  үлбі  бөгенінен  басталып, 

жаңа үлбі а. тұсында үлбі өз-не құяды. Аңғары тар, 

жағасы тік жарлы. жаңбыр, қар және жер асты сула-

рымен толығады. 



КІШІ ҮЛБІ БӨГЕНІ, шығыс қазақстан обл-ндағы 

Риддер қ-ның оңт.-шығыс жағында 35 км жерде орна-

ласқан. 1938 ж. іске қосылған. Аум. 6,5 км

2

, ұз. 5 км, 



енді жері 3 км, жағалауының ұз. 40 км, орташа тереңд. 

13,4 м, шарасының су сыйымд. 87,8 млн. м

3

. Су жина-



латын алабы 40,5 км

2

. Энергет. мақсатта салынған.



КІШІ  ШАБАҚТЫ  –  Ақмола  обл-ның  Бурабай  ауд-

ндағы  ағынсыз  тұзды  көл.  Бурабай  а-ның  жанында. 

Ауд.  21,4  км

2

,  ұз.  13,6  км,  енді  жері  2,7  км,  жағалау 



бойының ұз. 29,2 км, терең жері 6,6 м. Көлдің тасты, 

саздақты келген солт. және батыс жағалауы түйетайлы, 

оңт.-шығысы ұсақ шоқылы төбеге тіреледі. Суы тұзды 

(2,7 г/л). мал суаруға пайдаланылады.

Кіші үлбі өзенінің орта ағысы

Кіші үлбі бөгені



ҚАБАНҚҰЛАҚ – Бақырлытау тауының солт-ндегі 

төбе. Оңт. қазақстан обл. Созақ ауд. Бақырлы а-ның 

солт-нде 45 км жерде орналасқан. Абс. биікт. 185 м. 

Солт.-шығыстан оңт.-батысқа қарай 4 км-ге созылып 

жатыр, енді жері 1,5 км. Оқшауланған төбенің етегі 

тегіс, жазық келген. Солт. бөлігін шу сағасындағы 

көл қазаншұңқырлары мен сор алқаптары алып жа-

тыр. маңында Бұғыжел құдығы мен қоныс орында-

ры бар.

ҚАБАНҚҰЛАҚ  –  Айырқызыл  құмының  оңт.-шы-

ғысындағы төбе.  Ақтөбе обл. ырғыз ауд. ырғыз а-

ның оңт.-батысында 11 км жерде орналасқан. ырғыз 

өз-нің аңғарында жатыр. Абс. 213 м. Солт.-батыстан 

шығысқа қарай доғаша иіліп 5 км-ге созылған, енді 

жері 2 км. төбенің оңт. бөлігі көлбеулеу, солт-не қа-

рай құмды төбешікті қырқаларға ұласады. Солт-нде 

Сабынкөл, оңт.-шығысында Соркөл көлдері, оңт-нде 

Ақмұрын, батысында Бөгенбай төбелері орналасқан. 

тақыр  типтес  сортаңды  қоңыр  топырағында  қара 

жусан, құм жусан, бұйырғын, күйреуік өседі. 

ҚАБЫЛАН  (Acіnonyx  jubatus)  –  сүтқоректілер  кла-

сы,  мысық  тұқымдасына  жататын  аң.  қазақстанда 

18 ғ-дың аяғы – 19 ғ-дың басында Каспий мен Арал 

т-дерінің  аралығындағы  шөлді  аймақта  тіршілік  ет-

кен.  20  ғ-дың  50-жылдары  сирек  болса  да,  үстірт 

пен  маңғыстау  түбегінде  кездескен.  мыс.,  1947  –  

64 ж. осы өңірден 16 қ. ауланған. 1965 жылдан бері 

бұл өңірлерде қ. кездестірілмеді. қ-ның дене бітімі 

ұзынша, тұрқы 120 – 150 см, құйрығының ұзындығы  

60 – 75 см. қалың, қысқа, сарғылт түсті түгінің үс-

тінде  қара  дақтар  болады.  қ.  тропиктік  және  суб-

тропиктік  аймақтардағы  ормандарда,  тау  беткейле-

рінде, жазық далалар мен саваннада, өзен бойындағы 

тоғайларда тіршілік етеді. Ағаш басына, жартастарға 

тез өрмелеп шығады. қ. тұяқты аңдарды (газель, ар-

қар, т.б.) қуып жүріп аулайды (жылд. 110 км/сағ-қа де-

йін жетеді). шөлді жерлерде мекендейтін қ-дар жы-

ныстық жағынан 3 – 4 жылда жетіледі. желтоқсан –  

қаңтар айларында ұйығып, 90 – 95 күннен кейін 2 –  

4  мысық  дүниеге  келеді.  қ-дар  қолға  тез  үйренетін 

жыртқыш,  сондықтан  хайуанаттар  саябағында  ұс- 

тауға  бейім  аң.  терісі  бағалы,  кезінде  өте  көп  ау- 

ланған. қазір қ-дардың жылдан-жылға санының аза-

юына  байланысты  қорғауға  алынып,  Халықаралық 

табиғат қорғау одағы мен қазақстанның «қызыл кі-

табына» енгізілген. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет