Жапырағы мен жемісін асқынған асқазан



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата18.01.2017
өлшемі3,63 Mb.
#2169
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

КООПМАН  ӨГЕЙБҰТАСЫ  (Euonymus  koopman-

nii) – өгейбұта туысына жататын мәңгі жасыл бұта. 

қазақстанда  талас  Алатауында,  өгем  жотасында 

кездеседі. таудың көлеңкелі тастақты беткейлерінде, 

орманды жерлер мен өзен аңғарларында, сондай-ақ 

бұталы тоғайлар арасында өседі. Биікт. 1 м-дей. Са-

бағы жер астынан жетіледі, өркендері тік, көбінесе 

жоғары қарай бағытталған. Бұтақтары жіңішке, көп 

қырлы,  қалың  жапырақ  жауып  тұрады.  жапырақ-

тары етжең, пішіндері әр түрлі (таспа, жалпақ қан-

дауыр  тәрізді),  қысқа  сағақтарынан  шығады.  Гүлі 

дара  немесе  2  –  3-тен  жиналып,  жарты  шатырша 

гүлшоғырын  құрайды.  тұқымынан  және  вегета-

тивтік  жолмен  көбейеді.  маусым  айында  гүлдеп, 

шілде  –  тамызда  жемістенеді.  жемісі  –  алмұрт  не-

месе жүрек тәрізді, 4-қалақты қауашақ. Бұлар піскен 

кезде қызғылт түске айналады. К. ө. – сәндік өсімдік, 

тамырының  қабығында  гуттаперчи  (қатты  тері  тә-

різді өнім) болады. Бұл өте сирек кездесетін реликт 

түр,  сондықтан  қорғауға  алынып,  қазақстанның 

«қызыл кітабына» енгізілген.

КОРЖЕНЕВСКИЙ  МҰЗДЫҒЫ  –  Іле  Алатауы-

ның солт. беткейіндегі аңғарлық мұздық. қазақстан 

мұздықтары арасындағы ең ірісі. шілік өз. алабын-

дағы Оңт. есік өз. бастауында. 1903 ж. С.е.Дмитриев 

сипаттап жазған. Ұз. 14,4 км (оның ішінде ашық жат-

қан бөлігі 11,5 км), жалпы аум. 36,8 км

2

, көл. 4,05 км



3

мұздыққа қарама-қарсы Іле Алатауындағы ең биік 



талғар шыңы (5017 м) жатыр. К. м-ндағы қар жиегі  

Королев

Конституция мұздығы

Корженевский мұздығы


284

шекарасы  3880  м,  мұзқар  (фирн)  сызығының  биікт.  

3770 м. мұздықтың көл. 0,11 км

3

. мұздықтан құтыр- 



ғанкөл өз. бастау алады.

КОШЕВОЙ  ШЫҢЫ  –  Іле  Алатауының  орт.  бөлі-

гіндегі  талғар  –  Алақыр  тау  сілеміндегі  шың.  Ал-

маты обл. талғар ауд-нда орналасқан. қазақстан мен 

қырғызстанның  шекарасында.  Абс.  биікт.  4253  м. 

шың  протерозой  мен  палеозойдың  граниттерінен 

түзілген.  К-дың  солт.-шығыс  етегінде  Дмитриев, 

солт.-батысында  Городецкий,  оңт-нде  Сапожников 

мұздықтары жатыр.



КӨБЕЙТҰЗ  –  теңіз  көлінің  шығысындағы  тұзды 

тұйық  көл.  Ақмола  обл.  ерейментау  ауд.  ереймен-

тау қ-ның солт.-шығысында 25 км жерде орналасқан. 

өлеңті  өз.  алабында.  теңіз  деңгейінен  253  м  биік- 

тікте жатыр. Аум. 6,9 км

2

, ұз. 3,5 км, енді жері 3,1 км,  



жағалау бойының ұз. 11 км. жағалауы құмды, саз- 

дақты ойлы жазық. жағасы күрделі пішінді, су көп 

жылдары пішінін жиі өзгертіп тұрады. қараша – сә- 

уір айлары аралығында суы қатып жатады. Суы тұз- 

ды. жауын-шашын және жер асты суларымен толы-

сады. Көл айдынында жыл бойы су болады. мал су-

арылады, жағалауы шабындық.

КӨГЕЛ  –  Батыс  үстірт  кемерінің  солт.-шығыс  бө-

лігіндегі тау. маңғыстау обл. Бейнеу ауд. Бейнеу а-

ның  оңт.-батысында  25  км  жерде  орналасқан.  Абс. 

биікт. 116 м. Солт-тен оңт.-шығысқа қарай 20 км-ге 

созылып жатыр, енді жері 15 км. Батыс, оңт.-батыс 

кемері  жарқабақты  (биікт.  10  –  15,  кейде  солт-нде 

20 м-ге жетеді). Батыс кемері өліқолтық сорына ұла-

сып кетеді. Эрозиялық және денудац. процестердің 

нәтижесінде  пайда  болған.  Беткі  қабаты  неогендік 

әктастан, гипстен түзілген. Сортаң топырағында бұ-

йырғын, жусан, т.б. өседі. Оңт. етегінен шағын ма-

наши өз. ағып өтеді.



КӨГЕН – Балқаш көлінің солт.-шығыс бөлігіндегі 

оқшауланған тау массиві. шығыс қазақстан обл. Ая-

гөз ауд. Ақтоғай кентінен солт.-батысқа қарай 30 км 

КОРОЛЕНКО МҰЗДЫҒЫ – жетісу (жоңғар) Ала-

тауының солт. беткейіндегі аңғарлық мұздық. Ақтас 

өз-нің  бастауында  орналасқан.  тентек  шыңынан 

(4098  м)  басталып,  3000  м-ге  дейін  төмендейді. 

Ұз.  3,2  км,  оның  ашық  жатқан  жері  4,8  км.  жалпы 

аум. 4,8 км

2

, көл. 0,26 км



3

, мұзқар (фирн) алаңы 2,2 

км

2

.  мұздықтан  тентек  өз-нің  салалары  толығады. 



мұздыққа орыс жазушысы в.Г.Короленконың есімі 

берілген (1957).



КОРОЛЬКОВ БӘЙШЕШЕГІ (Crocus korolkowii) –  

құртқашаштар тұқымдасы, бәйшешек туысына жата-

тын көп жылдық өсімдік. қазақстанда Оңт. қаратау 

мен талас Алатауының сілемдерінде кездеседі. тау-

дың  төм.  белдеулеріндегі  ұсақ  қиыршықтасты  бет-

кейлерінде өседі. Биікт. 10 – 20 см, тамыр түйнектері 

шар  тәрізді  домалақ  болады,  сыртын  торлы  қабық 

жапқан. жапырақтары ұзын таспа тәрізді (ұз. 15 см, 

ені 3 мм). Гүлі ашық сары түсті, оның ұзын түтікшесі 

болады.  тұқымынан  кейде  вегетативті  көбейеді. 

Наурыз – сәуір айларында гүлдеп, жемістенеді. же-

місі – цилиндр тәрізді қауашақ. К. б. – сәндік өсімдік. 

жылдан-жылға таралу аймағы азайып бара жатқан-

дықтан қорғауға алынып, қазақстанның «қызыл кі-

табына» енгізілген. 

КОРОЛЬКОВ ҚЫЗҒАЛДАҒЫ (Tulipa korolkowii) –  

лалагүлділер  тұқымдасы,  қызғалдақ  туысына  жата-

тын  көп  жылдық  өсімдік.  қазақстанда  қызылқұмда 

және  өзбекстанмен  шекаралас  жерлерде  кездеседі. 

Аласа таулардың ұсақ қиыршықтасты беткейлері мен 

құмды жерлерінде өседі. Биікт. 10 – 15 см, жуашығы 

жұмыртқа  тәрізді  (қалыңд.  2  см-дей),  сыртын  қара 

қоңыр  ұзынша  қабықтар  жапқан.  Сабағы  жіңішке, 

онда  шеттері  иректелген  3  жапырақтары  болады. 

Дара гүлі сабағының ұшында жетіледі, гүл тозаңдары 

сары, ал гүл жүйкелері қанық қызыл түсті. тұқымы-

нан көбейеді. Наурыз – мамыр айларында гүлдеп, ма-

мыр – маусымда жемістенеді. жемісі – қауашақ. К. қ. –  

сәндік  өсімдік.  өте  сирек  кездесетін  болғандықтан 

қорғауға  алынып,  қазақстанның  «қызыл  кітабына» 

енгізілген.



КОТЛЯКОВ МҰЗДЫҒЫ – Алматы обл. қаратал ауд. 

құтырғанбұлақ  өз-нің  аңғарында  орналасқан.  жал-

пы  бағыты  аңғар  бойынша  шығысқа,  оңт.-шығысқа 

қарай  бағытталған.  мұздықтың  жалпы  ұз.  2,6  км, 

ашық бөлігінің ұз. 2,2 км. жалпы аум. 2,9 км

2

, ашық 



бөлігі 2,4 км

2

. мұздықтың төм. шекарасы 3315 м, жоғ. 



Короленко

Корольков қызғалдағы

Кошевой шыңы


285

сызығы 4 мың м биіктікте жатыр, мұздық тілі 3730 м  

биіктікте.

КӨКГҮЛ,  г е н ц и а н а   (Gentіana)  –  өзімен  аттас 

гүл  тұқымдасқа  жататын  бір  жылдық,  кейде  екі 

жылдық  шөптесін  өсімдіктер  туысы.  400-ге  жуық 

түрі белгілі. қазақстанда 31 түрі бар. Ақтөбе, шы-

ғыс  қазақстан,  қостанай  облыстарында,  жетісу 

(жоңғар), Іле, Күнгей, теріскей Алатауларында, Ал-

тайда, тарбағатайда өседі. Биікт. 2 – 12, кейде 40 – 70 

см.  жапырағы  қарама-қарсы  орналасқан,  сопақша 

қандауыр  пішіндес.  Гүлі  көк,  ақшыл  көк,  кейде 

сары  түсті  келеді.  Гүлшоғыры  –  жартылай  шатыр-

ша. шілде – тамыз айларында гүлдеп, тамыз – қыр-

күйекте  жеміс  береді.  жемісі  –  қорапша,  сопақша 

келген, қос жақтаулы, көп дәнекті болып біткен. К-

дердің ішінде дәрілік түрлерінің (кәдімгі К., оливье 

К-і, т.б.) ерекше мәні бар. Олардың тамырында алка-

лоид,  глюкозид,  жапырағында  аскорбин  қышқылы 

бар. әсем және шірнелі өсімдік. Ал жоңғар (жетісу) 

К-і  (G.  dshungarіca)  –  өте  сирек  кездесетін  эндемик 

түр.  Оның  жылдан-жылға  таралу  аймағының  аза-

юына байланысты қорғауға алынып, қазақстанның 

«қызыл кітабына» енгізілген. 

КӨКДОМБАҚ – жетіқоңыр және мойынқұм құмды 

алқаптары  аралығындағы  қырат.  қарағанды  обл. 

Ұлытау ауд. Сарысу өз-нің аңғарында орналасқан. ең 

биік жері 331 м. Батыстан шығысқа қарай ендік ба-

ғытта 20 км-ге созылып жатыр, енді жері 10 км. Бет-

кейі жайпақ келген. палеоген және бор кезеңдерінің 

шөгінділерінен  түзілген.  Сортаңды  қоңыр  топырақ 

жамылғысында жусан, жүзгін, еркек шөп, теріскен, 

ебелек өседі.

КӨКЕКТЕР  (Cuculіdae)  –  көкектәрізділер  отряды-

ның бір тұқымдасы. қазба қалдықтары жоғ. эоцен-

нен белгілі. жер шарында кең тараған 39 туысы, 129 

түрі белгілі. Дене тұрқы 15 – 70 см. К-дің көпшілік 

түрі моногамды. қазақстанның барлық облыстарын-

да  кездесетін  к ә д і м г і   К.  (Cuculus  canorus)  және 

Оңт. Алтайда ғана мекендейтін м е ң і р е у  К. (Cu-

culus saturatus) бар. Дене тұрқы 25 – 40 см. қауыр-

сыны айқын түсті емес, аяқтары 4 бармақты (екі-екі-

ден қарама-қарсы біткен), ағаш басында жүруге бе-

йім. К-тер тіршілігін, негізінен, ағаш, бұта басында 

өткізеді.  Олардың  қазақстанда  кездесетін  түрлері 

ұя  салмайды  (басқа  құстардың  ұясын  пайдалана-

ды),  балапан  баспайды.  К.  балапаны  жұмыртқадан 

шығысымен-ақ  ұядағы  басқа  балапандарды  немесе 

жерде орналасқан. Бақанас және Аягөз өзендерінің 

аралығында. Абс. биікт. 507 м. Солт.-батыстан оңт.-

шығысқа қарай 17 км-ге, енді жері 7 км-ге созылып 

жатыр.  Беткейі  көлбеу  келген.  жер  қыртысы  гер-

цин  қатпарлығының  андезит,  дацитриолиттерінен 

түзілген. Сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында 

эфемерлі сұр жусан, баялыш, терек өседі. Баурайы 

мал қыстағы ретінде пайдаланылады.

КӨЗЖЕТПЕС, қ ұ с ж е т п е с  – Арал т-нің шығыс 

бөлігіндегі бұрынғы арал. қызылорда обл. Арал ауд. 

жерінде, жыңғылдытөбе мен қосарал аралдарының 

аралығында орналасқан. теңіз суы тартылғанға де-

йін ол теңіз жағасынан батысқа қарай 19 км жерде, 

аум. 3 км

2

, ұз. 7 км, ені 0,8 км, теңіз деңгейінен 3 – 



6 м көтеріңкі болған. құмайтты топырағында бұта, 

жағалауында  шалғынды  сораң  өседі.  қазір  арал 

құрлықпен бірігіп кеткен.

КӨКАЛАҚҰМ  –  үлкен  Борсық  құмының  оңт.  бө-

лігіндегі  құмды  алқап.  Ақтөбе  обл.  шалқар  ауд. 

қаңбақты  а-нан  7  км  жерде  орналасқан.  Солт.-шы-

ғыстан  оңт.-батысқа  қарай  10  км-ге  созылған,  енді 

жері 5 – 6 км. теңіз деңгейінен шамамен 140 м биік-

тікте жатыр. жалды шағыл құмдардың шетінде қыз-

ғалдақ,  жиек,  т.б.  қыстаулар  орналасқан.  палеоген 

тау  жыныстарының  үгілуінен  қалыптасқан.  жер 

асты суы 1 – 25 м тереңдіктен шығады. қоңыр топы-

рағында  жусан,  шеңгел,  жүзгін,  изен,  сексеуіл,  т.б. 

өседі. мал жайылымы ретінде пайдаланылады.

КӨКАРАЛ  –  үлкен  Арал  мен  Кіші  Аралды  бөліп 

тұрған бөгет. қызылорда обл. Арал ауд-нда. 2005 ж. 

Кіші Арал т-нің су деңгейін сақтап қалу мақсатында 

(бұрынғы  Көкарал  түбегі  мен  Берг  бұғазы  аралы-

ғында)  жасалған.  Кезінде  түбек  болған  К-ға  ұз.  13 

км, орташа биікт. 4 м, бүйір беткейінің мөлш. 44,5 м,  

үстіндегі жолдың ені 9 м бөгет салынған. Ол секун-

дына  295  м

3

  суды  үлкен  Аралға  еркін  жібере  ала-



ды. Бөгет арқылы Арал т-нің шығысы мен батысын 

жалғастыратын төте жол өтеді.



КӨКБҰЛАҚ  –  Іле  Алатауының  солт.  беткейінде 

орналасқан мұздық. Алматы обл. еңбекшіқазақ ауд. 

есік  өз-нің  саласы  –  Көкбұлақ  өз-нің  бастауында. 

мұздықтың  оңт-нде  өзімен  аттас  тау,  оңт.-шығы-

сында Григорьев мұздығы орналасқан. К-тың ұз. 1,7 

км,  көл.  1,4  км

3

,  ашық  жері  1,4  км



3

.  мұзқар  (фирн) 



Көкектер

Көкбұлақ мұздығы

Кәдімгі көкек


286

аралас туфтан түзілген; ал тілімденген көлбеу солт. 

беткейінің негізі палеогеннің конгломерат шөгінділе-

рімен жабылған. Оңт.-шығысы тік. етегі мен беткей-

лерінде жусан, бетеге, изен, сай-жыраларында бида-

йық, қарабас өседі.



КӨКЖИДЕ  –  құмжарған  құмының  оңт.-батысын-

дағы құмды алқап. Ақтөбе обл. мұғалжар ауд. жем 

және  темір  өзендерінің  суайрығында  орналасқан. 

Солт.-шығыстан  оңт.-батысқа  қарай  40  км-ге  созы-

лып  жатыр,  енді  жері  17  км.  теңіз  деңгейінен  270 

– 280 м биіктікте. К-нің жер бедері жалды-төбешікті 

келеді. құм беткейлері жусан, қияқ, қау, бетеге, жүз-

гін, т.б. шөптермен бекіген. Грунт суы жақын жатқан 

ойпауытты жерлерінде қамыс, тал шоғырлары өскен. 

мал жайылымына қолайлы. К-нің солт-нде Көкжиде 

мұнай кен орны орналасқан.

КӨКЖОН  ФОСФОРИТ  КЕНІ,  жамбыл  обл.  Са- 

рысу ауд. жаңатас қ-ның оңт.-батысында 12 км жер-

де  орналасқан.  Кен  орны  1939  ж.  ашылған.  Барлау 

жұмыстары  1969  –  71  ж.  жүргізілді.  Кен  алаңы  4 

телімнен  (Аралтөбе,  қыштас,  қисықтөбе,  Атқұм) 

тұрады. Кен ортаңғы кембрий кезеңі шөгінділерімен 

(шолақтау  шоғыры)  жапсарласқан.  төсеніш  жыныс-

тар төм. кембрийдің малтатас, тақтатас, құмайт және 

аргиллиттерінен  тұрады.  фосфорит  қабатының  ор-

таша  қалыңдығы  қыштаста  15  м,  Аралтөбеде  10  м. 

фосфорит  қабатында  қалыңд.  2  –  2,5  м  фосфорит-

кремний жыныстары кездеседі. қыштаста 400 – 600 м, 

Аралтөбеде 300 м тереңдікте де фосфорит қабаты бар 

екені  анықталды.  фосфорит  құрылымы  кристалды, 

жабық  кристалды,  түйіршікті,  оолитті;  оның  түйір-

шіктері  карбонатты,  кремнийлі,  фосфатты  заттармен 

тұтасқан; құрамындағы Р

2

О



5

 мөлш. 22,8%-дан 36%-ға 

дейін. К. ф. к. қаратау фосфорит алабындағы ірі кен-

дер қатарына жатады. 



КӨКЖОТА  –  жетісу  (жоңғар)  Алатауының  шы-

ғыс бөлігіндегі тау сілемі. Алматы обл. Алакөл ауд. 

үшбұлақ  а-ның  оңт-нде  45  км  жерде  орналасқан. 

Орта тентек  өз-нің  сол  саласы  Аттапқан  өз-нің  су-

айрығында.  ең  биік  жері  3500  –  3600  м  шамасын-

да. Солт-тен оңт-ке қарай бойлық бағытта 18 км-ге 

созылып жатыр, енді жері 4 км. жер қыртысы төм. 

палеозой  қабаттары  кристалдық  тақтатас,  кварцит, 

гнейс, әктас, мәрмәр жыныстарынан құралған. тау-

дың биік көтеріңкі жерлерінде палеозой граниттері 

кездеседі. Биік таулы белдеуде тянь-шань шыршасы 

мен  самырсын  ағаштары  және  шалғынды  субаль-

пілік ландшафттармен сипатталады.

жұмыртқаларды ұядан бір-бірлеп құлата бастайды. 

Бұған оны итермелеуші – табиғи түйсігі (инстинкт). 

К. балапанының арқасына өте сезімтал бүртік пайда 

болады. Осы бүртікке басқа зат жанасса-ақ балапан 

оны лақтырып тастауға бейімделе қалады. К. негізі-

нен  зиянкес  түкті  жұлдызқұрттармен  қоректенеді. 

Сондай-ақ олар орманның зиянды жәндіктерін жеп 

пайда да келтіреді. К-ді халқымыз аты жоқ құс деп те 

атайды, өйткені ол өз атын өзі шақырады. К. – жыл 

құсы.  Олар  жылы  жақтан  біздің  республикамызға 

сәуір айында ұшып келеді. Бұл айда қар кетіп, күн 

жылынып, К. шақыра бастайды. қазақтың дәстүрлі 

күнтізбесіндегі сәуір айының көне атауының көкек 

деп те аталуы осыған байланысты.

КӨКЕНЖОН  –  Балқаш  көлі  мен  лепсі  өз.  аралы-

ғындағы қырқалы үстірт. Алматы обл. Сарқант ауд-

нда батыстан шығысқа қарай 40 – 45 км-ге созылып 

жатыр,  ені  17  –  20  км.  Орташа  биікт.  350  –  420  м,  

абс.  биікт.  467  м.  үстірт  палеоген  кезеңінің  құм-

тас,  туф  және  туфтектес  тақтатастарынан  түзілген. 

шығысында Белсексеуіл, оңт-нде лепсі өз. арқылы 

Күшікжал  құмды  алқабымен  шектелген.  Орта  тұ-

сында  сор  батпақ  кездеседі.  шөлдің  қоңыр  сұр  то-

пырағында бұйырғын, еркек шөп, теріскен, көкпек, 

баялыш, жусан өседі.

КӨКЕНТАУ, К ә к е н т а у  – Семейтау тауларының 

оңт-ндегі тау. шығыс қазақстан обл. Семей қалалық 

әкімдігіне  қарасты  аумақта  орналасқан.  тау  солт.-

батыстан оңт.-шығысқа қарай 15 км-ге созылып жа-

тыр, ені 10 км-ге жуық. Абс. биікт. 825 м. тау герцин 

дәуірі гранитоидтарынан түзілген. Солт. беткейі тік, 

шатқалды, борпылдақ жынысты, оңт. көлбеу. қиыр-

шықтасты  қызғылт  қоңыр  топырағында  селеу,  жу-

сан, сай-жыраларында қараған, итмұрын, т.б. өседі. 

мал жайылымына қолайлы.



КӨКЕШИЕЛІ, К ө к ш е г е л і  – малайсары жота-

сының  солт-ндегі  тау.  Алматы  обл.  Көксу  ауд-нда. 

Іле және Быжы (қараталдың саласы) өзендері аралы-

ғында,  мойынқұм  құмының  оңт-нде  оңт.-батыстан 

солт.-шығысқа қарай 25 – 30 км-ге созылып жатыр, 

ені  8  –  10  км.  Орташа  биікт.  1000  м.  ең  биік  жері 

1189  м.  К.  негізінен  пермьдік  эффузивті  жыныстар 

Көкенжон

Көкенжон үстіртінің Балқаш көлі беткейі

Көкжота тауының жартасты беткейлері


287

КӨКЖОТА  –  қызылқарағай  (листвяга)  жотасын-

дағы тау. шығыс қазақстан обл. қатонқарағай ауд. 

және  Ресейдің  Алтай  өлкесі  шекарасында  орналас-

қан. Абс. биікт. 2495 м. жер қыртысы палеозой шөгін-

ділері мен метаморфтанған жыныстарынан түзілген. 

тау етегінде кембрийдің әктас, саздақты тақтатасы 

және ордовиктің туф шөгінділері кездеседі. Беткей-

лері  тік  жартасты.  Онда  самырсын,  қызылқарағай, 

майқараған,  етегінде  қайың,  көктерек  ормандары 

өседі.  К-ның  баурайынан  таскүрке,  Сеничев,  Ресей 

аумағында (солт. беткейінде) қатын өз-нің салалары 

бастау  алады.  К-ның  таскүрке  өз-не  қараған  батыс 

етегі жазғы жайлау, қысқы қыстау саналады.

КӨКЖЫРА  –  қараөзен  аңғарындағы  сор.  Батыс 

қазақстан обл. жаңақала ауд. Саралжын а-ның оңт.-

шығысында 10 км жерде орналасқан. Солт.-батыстан 

соңт.-шығысқа қарай доғаланып 9 км-ге созылып жа-

тыр, енді жері 5 км. Сордың орта және шет бөліктерін 

төбелі қырқалар қоршаған. Сор жағалауында құлын, 

әке, т.б. көптеген жайлаулар орналасқан. Батысында 

Баяр (Бояр), Батпақ, Бастау сорлары бар. 



КӨКИІРІМ,  К ө к ө р і м   –  Бетпақдала  шөлінің 

шығыс бөлігіндегі құдық. жамбыл обл. Сарысу ауд. 

жайлаукөл а-ның солт-нде 123 км жерде орналасқан. 

тереңд. 7 м, су шығымы 400 л/сағ. теңіз деңгейінен 

шамамен  370  м  биіктікте.  құдықтың  маңы  тақыр 

келген.  шығысында  Кеттітақыр  қонысы,  оңт-нде 

тоқымтыққан құдығы мен Сортаң қонысы, батысын-

да ескібұтақ қонысы мен Борқонақ құдығы, солт-нде 

қызқазған құдығы орналасқан.

КӨККЕЗЕҢ – Оңт. Алтай жотасының солт.-батысын-

дағы тау массиві. шығыс қазақстан обл. қатонқарағай 

ауд. жамбыл а-ның солт.-батысында орналасқан. Бұқ-

тырма  өз.  аңғарында.  Абс.  биікт.  2367  м.  Солт-тен 

оңт.-батысқа  қарай  15  км-ге  созылып  жатыр,  енді 

жері  9  км.  таудың  жер  қыртысы  гранит,  тақтатас, 

құмтастардан түзілген. Оңт.-батыс беткейінен черно-

вая, тихая өзендері бастау алады. Беткейлерін қылқан 

және  жалпақ  жапырақты  орман  алқаптары  алып  жа-

тыр. Оңт. баурайы мал жайылымына пайдаланылады.



КӨККӨЛ  СУҚҰЛАМАСЫ  –  қазақстандағы  ең 

биік сарқырамалардың бірі (70 м). Алтайдың ең биік  

шыңы – мұзтаудың оңт.-шығысында 15 км жерде, Ақ-

бұлақ өз. бойындағы Көккөл кенішінен төменіректе. 

құлап  аққан  суқұламаның  түбінде  шашыраған  су-

дың әсерінен кемпірқосақ көрінеді. 



КӨК  ҚАРҒА  (Coracіas  garrulus)  –  көкқарғатәріз- 

ділер  отрядының  бір  түрі.  қазақстанның  оңт-нде-

гі  шөлейт  аумақты  мекендейді,  сондай-ақ  жайық 

өз.  мен  оның  тармақтарындағы  аңғарларда,  ертіс 

өз. маңында кездеседі. Дене мөлшері кептерден сәл 

кішірек, қанатының ұз. 18 – 20 см, салм. 180 – 200 г.  

К.  қ.  өте  әдемі  құс,  басқа  құстардан  жабын  қана-

тының  жасылдау  көгілдір  реңі  бойынша  және  өте 

жылдам  ұшатынына  байланысты  оңай  ажыратуға 

болады. жерде қолапайсыз жүретіндіктен, көбінесе 

К.  қ.  ағаш  бұтағына  қонақтайды.  К.  қ.  әдетте,  жұп 

құрады және ұяны бір жұбынан екінші жұбы едәуір 

алшақ салады. К. қ. – жыл құсы. қазақстандағы ор-

манды-далалы аймақтарға, жалғыз ағаш өскен ашық 

далаға,  шөлейтті  жерлерге  мамырда  ұшып  келіп, 

өзен  жарқабақтарынан  ін  қазып  не  ағаш  қуысына, 

түрлі құрылыстардың бұғат, саңылауларына ұя сала-

ды. Ұядағы ақ реңді 2 – 7 жұмыртқаны аталығы мен 

аналығы кезектесіп басады. 18 – 19 күнде жұмырт-

қадан  қызылшақа  балапан  шығады.  Балапандары  

26 – 28 күнде қанаттанады. қыркүйекте қыстау үшін 

жылы жаққа (Африкаға) ұшып кетеді. К. қ. бұзаубас, 

шегіртке, шекшек, қоңыздармен қоректенеді. Кейде 

кесірткелерді,  бақаларды,  тіпті  ұсақ  кемірушілерді 

де жейді. К. қ. әр түрлі зиянды жәндіктерді жеп, пай-

да да келтіреді. 



КӨКҚИЯСАЙ,  т ө р қ о р а ,   и т қ ы р ы л ғ а н   –  

Сырдария  алабындағы  өзен.  қаратау  жотасының 

оңт.-шығыс беткейінде. Оңт. қазақстан обл. түркіс-

тан  қалалық  әкімдігіне  қарасты  аумағымен  ағады. 

Ұз.  68  км,  су  жиналатын  алабы  274  км

2

,  су  ағымы 



Ұйық а. тұсында 0,4 м

3

/с. Бастауын тұрлан асуының 



оңт-нен  алып,  Арыс  –  түркістан  каналына  құяды. 

жоғ.  ағысында  тауаралық  шатқалмен  ағады,  төм. 

ағысы  жаз  айларында  тартылып,  қарасуларға  бөлі-

ніп қалады. Көктемде мал суаруға пайдаланылады.



КӨКҚОРЫМ  –  матай  тауларының  шығысындағы 

тау.  Алматы  обл.  Кербұлақ  ауд.  шанханай  а-ның 

оңт.-шығысында 22 км жерде орналасқан. Абс. биікт. 

2352 м. Солт.-шығыстан оңт.-батысқа қарай 12 км-ге 

созылып  жатыр.  Солт.-батыс  беткейі  тік  шатқалды, 

оңт.-шығыс, оңт. беткейлері тіктеу келген. Ол біртін-

деп жазыққа ұласады. жер қыртысы палеозой дәуірі-

нің  герцин  қатпарлығынан  пайда  болған.  Беткейлері 

мен  етегінде  қорымды  тастар  көп  кездеседі.  К-ның 

батыс  және  шығыс  етегінен  шағын  өзендер  бастау 

алады.  шығысында  Алтынемел  асуы  орналасқан 

(1711 м). тау баурайындағы бозғылт қоңыр топырақ 

жамылғысында бұта аралас жусан, изен, бетеге, селеу 

өседі. етегі мал жайылымына пайдаланылады.



КӨКҚҰТАН  (Ardea  cinerea)  –  дегелектәрізділер  от-

ряды,  құтан  тұқымдасына  жататын  құс.  қазақстан- 

да Сырдария алабында, шу-Іле тауларында, Балқаш –  

Алакөл қазаншұңқырында, зайсан көлінде, қара ер-

тіс  өз-нде,  Каспийдің  солт-нде,  негізінен,  далалық 

жерлерде кездеседі. тұрқы 1 м-дей, денесі бүйірінен 

қысыңқы тұмсығы ұзын (13 см-дей), түзу, өткір. Аяқ-

тары ұзын. желкесінде қауырсында қара айдары бар. 

Арқасы,  бүйірі  сұр,  бауыры,  мойны,  басы  ақ,  бірақ 

мойнында  қара  дағы  болады.  қанаты  қара  жолақты. 

өсімдігі  мол  өзен,  көл,  батпақ  жиектерін  мекен-



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет