Бас пен мойын жарақаты кезінде таңғыш қою тәртібі
Басқа таңғышты - «тақияны» мынандай әдіспен қояды. 1 метрге жуық бинт кесіндісін төбеге қояды, оның ұшын (байламын) тік құлақ қалқанының алдынан төмен түсіреді. Басты айналдыра (20асурет) отыра байлайды (1), содан соң түйінге жеткен соң бинтті оның төңірегінен екі жағынанда орап қиғаштай желкеге жеткізеді (3), желке мен маңдай арқылы (212) кезекпен орап, бастың бүкіл шаштың бөлігін жабады (20бсурет). Бұдан кейін 2-3айналдыра орап таңғышты бекітеді, таңғыштың ұшын иектің астынан бинтпен бекітеді.
сурет. Басқа‚ тақия‚ тәріздес таңғыш орау
Бас ауқымды жараланған кезде беттің үстіндегі олардың орналасуына орай‚ ауыздық‚ тәріздес таңғыш қойған жақсы. Маңдай арқылы (1) 2-3 рет айналдыра мығым орағаннан кейін бинтті желке арқылы (2) мойын мен иекке апарады, иекпен төбе арқылы бірнеше рет тіктей орайды (3-5), содан соң иектен бинт желкеге апарылады (6). Мойынды көмей мен иекті жабу үшін таңғыш (21суретте) көрсетілгендей қойылады.
21сурет. Басқа ‚ауыздық‚ тәріздес таңғыш орау
Мұрынға, маңдайға, иекке сақпан тәріздес таңғыш қояды. Бұл таңғыш енді бинтпен немесе ұзындығы 75-80 см мата кесіндісінен жасалады. Сол үшін таңғыштың ұшын екі жағынан оның ұзындығы 15-20 см орта бөлігі тұтас қалатындай есеппен айналдыра кеседі. Қиындының кесілмеген бөлігін қажетті жерге көлделең бағытта орайды.
Көзге таңғыш қою маңдай желке арқылы айналдыра ораудан басталады (22сурет), екінші айналымда желке төңірегінен мойынға жақынырақ түсіреді және құлақтан төменірек алып, бетті қамтып көздің жаны арқылы маңдайға апарады. Үшінші айналымшеңберлік, бекітуші. Келесі айналымда жанай отырып желкеден құлақ, көздің үсті арқылы маңдайға апарады. әрбір айналым сайын біртіндеп үстіңгі жаққа қарай орау арқылы көздің маңайын толық жабады. Сол және оң көзге таңғыш қою әдісінің ерекшелігі мынандайš оң көзді орау кезінде бүкіл бинтті солдан оңға қарай, ал сол көзді орау кезінде оңнан солға қарай байлайды.
22сурет. Көзге таңғыш қою
Мойын, көмей немесе желке жараланған кезде крест тәріздес таңғыш салынады (23сурет).
Бинтті орай отырып әуелі бастың маңдайын бекітеді (1,2), бұдан кейін жоғарырақ және сол жақтың артынан қиғаштап оны мойынға түсіреді (3). Бұдан кейін бинтті мойынның оң жақ бүйірдегі үстімен жүргізіліп, оның алдыңғы үстіңгі бетін жауып, желкеге қайтадан әкеледі (4), оң және сол жақтан жоғары өткізіп, орауды қайталайды. Таңғышты басқа айналдыра отырып бинт орамдарымен бекітеді.
23сурет. Крест тәріздес таңғыш қою
Достарыңызбен бөлісу: |