Жарақаттану кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек көрсету



бет8/13
Дата21.10.2023
өлшемі0,54 Mb.
#120099
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Жарақат. Күю.Үсу.

Орташа деңгейде  адам ағзасында күрделі өзгерістер сезіледі.
Тері қабаты ашық қызыл түсті болса, ерін мен тырнақтар көк түсті болады. Дем алуы қиындап, бірнеше рет құсады. Есі ауып, денесінің қызуы 39Сге дейін көтеріледі. Жүрек қағысы минутына 120 рет соғады.
Алғашқы медициналық көмек:
 уланған адамның демалатын жолдары ылғалды орамалмен немесе кез келген ылғалды шүберекпен жауып, көміртек тотығының жоғары қанықпасы бар аумақтан оны таза ауаға алып шық, сулы мата ағзаға уытты өнімдерді еңгізбейді;
 түтіндеген аумақтан уланған адамды алып шыққанан кейін оған таза оттекті жастықшадағы ауамен демалдыруды ұйымдастыру қажет.
Ауыр деңгейде уланған адам естүссіз болады, тері қабатты көк пеңбек. Артериалды қан қысым өте әлсіз, дем алысы бұзылған. Тырыспалар пайда болады, ессіз күй дамуы мүмкін.
Алғашқы медициналық көмек:
 уланған адамның мұрны мен аузын матамен бітеп, тез арада оны түтіндену аумағынан шығар. Оттекті жастықшадан таза оттегімен дем алғыз.
Егер уланудың әсеріне демалу немесе жүрек қағысы тоқтап қалса:
 ауызданауызға арқылы әдіспен дем алуды қалпына келтір;
 жүрек қызметін жүрекке жанама сылау жасау арқылы қалпына келтір;
 содан соң, дем алу органдарын сулы матамен жауып, уланған адамды түтіндеу аумағынан тез арада шығар, сонымен бірге медициналық қобдишадағы оттекті жастықшамен үзіліссіз дем алдыру қажет.
Ит қапқан адамның иттің тісі тиген жерге иод жағып, таза дәкемен байлайды. Содан кейін ол адамды жедел емханаға жеткізу керек. Алғашқы көмектен кейінгі емді дәрігер маман жүргізеді.
Жылан шаққан кездегі, у әсерінің жалпы белгілері: әлсіздік билеу, бас айналу, талықсу, жүректің айнуы және құсу. Ауыр жағдайда есіне айырылып қанталайды және шаққан жер домығады. Шаққан жердің уын жедел ауызбен сорып тастау керек. Жылан шаққан жерді кезкелген, дәрідәрмекпен залалсыздандыру қажет (йод, спирт). Зардап шеккен адамды жедел ауруханаға апару керек, өйткені естен тану жағдайы болуы мүмкін.
Сонаның араның шағуы қатты ауыртады және ине сұғып алғандай сезіледі. Шаққан жері күрт күлбірейді, алайда организмге жалпы әсері елеусіздеу: аратұра бас ауырады, жүрек айниды, қалтырауды сезінеді.
Көмек көрсету барысында терідегі ара бездерін (сона бізгек қалдырмайды) оны үлкен саусақтың тырнағымен қыса отырып, алып тастау керек, бұдан кейін жараға суық компресс қою немесе оған антигистаминдік май жағу, адамды аяғы оның басынан кейін биік болатындай етіп жатқызу қажет.
Шаянның шағуы кезінде улану бір жарым  екі тәулікке созылады, оның белгілері әсіресе шаққаннан кейінгі алғашқы сағаттан соң қатты білінеді, шаққан жер күлбірейді, кейде бүршіктер де пайда болуы мүмкін, төңірегіндегі сөл түйіндері мен сөл жолдары домығады. Жалпы улану белгілері әр түрліš жоғарғы тыныс жолдарының тітіркенуі, дене температурасының көтерілуі, дененің жалпы ауыруы, бастың ауыруы және айналуы, қалтырау, демігу, мазасыздық жағдайды селқостық ауыстырады, тердің қатты шығуы, көзден жас ағу және мұрыннан су сорғалау, жүрек айналасының шаншуы. Шаққан жерге кезкелген өсімдік майын жағу, ыстық қыздырғыш қою, анальгин мен антигистаминдік дәрі  дәрмектер ішу (супрастин, димедрол, пипольфен).
Қарақұрттың ұрғашысы ғана улы болады. Қарақұрттың уы орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Шаққаны білінбейді 10-15 минуттан кейін дененің бойына қатты сыздау жайылады. Улану 4-12 күнге созылады және зардап шегуші айыққаннан кейін көп уақыт бойы өзін әлсіз сезініп, жылдам шаршайды.
Улану белгілері: бұлшық еттің қатты әлсіреуі, қозғалыс ырғағының бұзылуы, аяқ қолдың, белдің сырқырауы және іштің ауыруы, көздің қабағында ісік пайда болуы мүмкін, жоғары температурада қалтырау, тердің қатты шығуы, қысымның көтерілуі, адам кейде жүре алмай, өз аяғынан тұра алмайды.
Алғашқы көмек: Марганецтік калий ертіндісімен шайылған суық баспаны шаққан жерге қояды, зардап шегушіге көп су, физиологиялық ертінді, жүрек дәрі дәрмектерін береді. Жедел көмекті шақырады, немесе оны қарақұртқа қарсы сары су егетін емдеу мекемесіне жеткізеді. Емдеу дәрігердің тағайындауы бойынша жүргізіледі.
Өрмекшінің, бүйінің қауіпсіз, алайда олардың шағуы қатты сырқыратады, шаққан жер ісінеді, олар теріден өтіп, улы бездерін еңгізе алмайды.
Алғашқы көмек: шаққан жерге марганец қышқылды калийдің, мүсәтір спиртінің немесе магний сульфатының ерітіндісімен шайылған суық баспа қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет