Жарақаттану кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек көрсету


Электр тоғымен жарақаттану



бет9/13
Дата21.10.2023
өлшемі0,54 Mb.
#120099
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Жарақат. Күю.Үсу.

3.2.7 Электр тоғымен жарақаттану
Электр тоғының немесе найзағайдың  атмосфералық әлектр түйісінің әсерінен болатын зақым электр жарақаты деп аталады. Электр тоғының немесе найзағайдың электр ұшқынының организм арқылы өтуі жергілікті және ортақ бұзушылықты туғызады.
Жергілікті зақымдау электр тоғы кіріп шыққан жерлердегі ұлпалардың күюінен көрінеді.
Тоқтың соғуы  организмге термиялық, электрлік және механикалық әсерден туындайтын күрделі әсерден туындайтын құбылыс.
Электр тоғы өткен кезде зардап шегушінің жеке түйсінулері әртүрлі: жеңіл соққы, дененің күйіп ашуы, бұлшық еттің құрсуы, дірілдеу.
Белгілері: тері жамылғыларының ағаруы, сілекейдің көп бөлінуі, құсықтың келуі, жүрек төңірегінің сырқырауы.
Тоқтың әсерін жойғаннан кейін зардап шегуші шаршауды, бүкіл денедегі ауырылықты, еңсесін басуды немесе қозуды сезінеді. Электр жарақаты кезіндегі жүйке жүйесіне электр тоғының әсері нәтижесінде пайда болған ортақ құбылыстар аса қауіпті. Тоқ соққан адам бірден есінен айырылады, бұлшық еттің қысқаруынан кейде зардап шегушіні электр тоғы бар өткізгіштен ажырату өте қиынға түседі.
Жүйке клеткаларының зақымдалуының нәтижесінде сырқаттар ауыр күйді бастан өткереді.
Естен айырылу, дене температурасының төмендеуі, тыныс алуының тоқтауы, жүрек қызыметінің әлсіреуі, дененің құрысуы.
Тоқтың денеге кіретін нүктесінен шығатын жеріне дейінгі жолы тоқ ілгегі деп аталады. Ол төменгі, жоғары және толық ілгек болып бөлінеді.
Төменгі ілгек  аяқтанаяққа (онша қауіпті емес).
Жоғары ілгек  қолдан қолға (қауіптірек)
Толық ілгек  өте қауіпті. Бұл жағдайда тоқ міндетті түрде аяқ қол мен жүрек арқылы өтеді, нәтижесінде жүрек қызметі бұзылуы мүмкін.
Электр жарақаты төрт дәрежеге бөлінеді:
I  дәрежеде зардап шегуші есінен айырылмай бұлшық етінің дірілін сезінеді;
II  дәрежеде зардап шегушінің бұлшық еті дірілдеп, артынша есіне айырылады;
III  дәрежеде зардап шегушіде есінің айырылуымен қатар жүрек қызметі мен тыныс алуы бұзылады;
IV  зардап шегуші клиникалық өлім жағдайында болады.
Электр жарақатындағы алғашқы медициналық көмек: алғашқы көмек көрсеткен сәттердің бірі  зардап шегушіні электр тоғына тез босату. Бұны қауіпсіздік тәртіптерін сақтай отырып, мұхият жасаған жөн. Бұған бүкіл тізбекті тоқтан ажырату, рубильникті, қосқышты, тығынды ажырату, өткізгіштерді кесу, зардап шегушінің денесінен электр өткізгіштерді құрғақ таяқпен алып тастау арқылы қол жеткізіледі. Ажыратылмаған өткізгіштері жатқан кезде зардап шегушіні жалаң қолмен ұстау қауіпті. Зардап шегушіні өткізігштен босатып, қауіпсіз жерге апарғаннан кейін оны мұхият тексеру қажет. Жергілікті зақымдануды термиялық күйік кезіндегі сияқты емдеп, таңғышпен жабады.
Жеңіл ортақ құбылыстар қоса болатын (талықсу, естен уақытша айырылу, бастың айналуы мен ауыруы және жүректің шаншуы), зақымдалу кезінде алғашқы медициналық көмек оқиға болған жерде жедел және үздіксіз көрсетілуге тиіс, ал клиникалық өлім жағдайындағы адамға «ауыздан  ауызға»және «мұрынға  ауыз» әдісімен жасанды демалдыру мен жүректің жанама сылауын жүргізу қажет.
Электр жарақатын алған барлық адам ауруханада жатуы тиіс. Осындай сырқаттарды стационарға тасымалдаған кезде жасанды тыныс алдыруды тоқтатпау керек, ол жүйелі, табанды және үздіксіз жүргізілуге тиіс.
Жүрек тоқтаған кездегі алғашқы көмек жасанды тыныс алдыру мен жүректің сыртқы сылауын біруақытта жүргізу арқылы ертерек басталуға тиіс.
Егер жасанды тыныс алдыру мен жүректі сылау мүмкіндігі болса оны жүрек дәрі  дәрмектер (ішкі бұлшық ет кордиаминның 2 мл 2% ерітіндісі, кофейннің мл % ерітіндісі, эфрединнің  мл % ерітіндісі) және тыныс алуды қоздыратын дәрмектерді (мл цититон, терінің астына лобелиннің мл% ерітіндісін) берумен орындалу қажет
Тұрмыста кеңірек таралған найзағай соққан адамды жерге көміп тастау керектігі туралы пікір өрескел қате болып табылады. Найзағай соққан адамды жерге көмуге мүлдем тыйым салынады! Зардап шегушіні жерге көміп тастау қосымша қолайсыз жағдайды тұғызады: тыныс алуды нашарлатады, зардап шегушінің денесін суындырады, қан айналымын қиындатады, ең бастысы пәрменді көмек көссету уақытын созады. Жылыту, жасанды демалдыру, жүректің жабық сылауы, өз уақытында тасымалдау  зардап шегушіні құтқарудың бірден  бір ықтимал нұсқасы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет