Жарасымды жақсылық тақырыбы



бет3/3
Дата17.09.2022
өлшемі19,89 Kb.
#39353
1   2   3
Тұрмыс салт тақырыбы:


Алтын да алтын дегенге алтын да алтын,
Қадірлей біл ұлтыңның дәстүр салтын.
Бірге өскен құрбыңмен болсаң салқын,
Бұрынғыдай болмайды жүзің жарқын.

Жапалақ жалп етеді жар басында,
Немене жоқтың күні бар қасында.
Дос болып қас болғаннан сақта Құдай,
Қасқыр да қас қылмайды жолдасына.

Жақсының ісі оңар әу басынан,
Жаманның арылмаған дау басынан.
Күңкілдеп, жаман жүрер қырын қарап,
Жаңылған саудагердей саудасынан.

Көреді бірін-бірі есен кісі,
Топты жарып сөйлейді шешен кісі.
Үй тұрмысын таза ұста, жарасымды,
Сыйлап өтсін өзіңді бөтен кісі.

Жөн болар өз ісіңді шамалаған,
Оңбайды ағайынды алалаған.
Мерейі ер жігіттің арта түсер,
Салт дәстүрін халқының бағалаған.


  1. Туған жерге сағыныш тақырыбы


Қазақта ел басқарған ардақтысы,
Тентектің келе бермес мал баққысы.
Туған жерін тұмардай сақтайды екен,
Жігіттің тегі жақсы саңлақтысы.

Мал жақсы, жылқы деген аман болса,
Бағады жігіт неге жаман болса.
Бала күннен жайқалған өскен жерім,
Ойнап- күліп жүретін заман болса.

Биік көкте қалықтар қара құмай,
Қаратаудан көш құлдар ұбай-шұбай.
Ата қоныс жайлауға жүк түсіріп,
Күліп-ойнар күн қайда баяғыдай.

Алтай тауы тама тауда ұлы дейді,
Терісайрық ел қыстауға жылы дейді.
Жер судың аты-жөнін өлең қылсам,
Текті жердің той бастар ұлы дейді.


  1. Туған елге сағыныш


Мінемін той дегенде дөненімді,
Елден мен аямаймын өнерімді.
Осындай топ алдында сынға түссем,
Халқыма шырқап салам өлеңімді.

Үйіңнің мал өтпейді шарбағынан,
Шебердің бал тамғандай бармағынан.
Кіндік кесіп, ер жеткен туған жерді,
Сақта Құдай дұшпанның қармағынан.

Шығады өлең қайдан сөз болмаса,
Жүреді кім жетелеп көз болмаса.
Адамның бағы өнерде ашылар ма,
Осындай елдің тойы кез болмаса.

Басталар оқу басы әліпбиден,
Жарасар сөз қиюы әдептімен.
Ел ішінде өнердің кеніші бар,
Қолдаса ес-жұртымыз халықпенен.

Қызыл-ала төселген сырмағымыз,
Жерге кілем жайқалтып құрғаныңыз.
Жаңғыртып қара өлеңді жатқан кезде
Жарасар ма бекер қарап тұрғанымыз.

Үлкеннің жолды ашар ақ батасы,
Түйенің ойнақтайды жас ботасы.
Сабақты ине сәтімен той жасапсыз,
Тойымыз құтты болсын ел атасы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет