Жарасымды жақсылық тақырыбы


Жастық, махаббат, сүйіспеншілік тақырыбы



бет2/3
Дата17.09.2022
өлшемі19,89 Kb.
#39353
1   2   3
Байланысты:
Қазыналы Қара өлең сайыс

Жастық, махаббат, сүйіспеншілік тақырыбы:


Қағаздың қасың сұлу сиясындай,
Тоғайдың мойны ұзын миясындай.
Қолымды саған қайтсем жеткіземін,
Сұңқардың жатқан жерік ұясындай.

Ауылым көшіп барады Қызылжарға,
Таң атар Шолпан туып сызылғанда.
Осы әнге қоңырлатып сала берем,
Көңілім қалқаны ойлап бұзылғанда.

Ауылым көшіп барады Құрайкөлге,
Жарасар дүрия бешпет қынай белге.
Кеткенде ауылың алыс, беу қарағым,
Көлдетіп көздің жасын жылай көрме.


  1. Көшпенді өмір салты тақырыбы:


Ауылым көшіп барады Алмалыға,
Кім көнбейді Алланың салғанына.
Өлең айтып көңілді көтерелік,
Біз кепіл бұл өмірдің жалғанына.

Ауылым көшіп барады Алтынқұмға,
Келіп-кетіп жүрсеңші сайрандауға.
Бірге өскен кішкентайдан қимас қалқам,
Асығайық үй болып, сөз байлауға.

Көшкенде жылқы айдаймын кертөбелмен,
Жайлауға таңдап қонар ерте келген.
Жаңғырта жол-жөнекей ән салғанда,
Ауылымның көңілі өсіп, бір кенелген.

Көшкенде жылқы айдаймын, қиқу салып,
Қолыма бір солқылдақ шыбық алып.
Бірге өскен кішкентайдан беу қарағым,
Не болар көрген қызық сенен қалып.


  1. Еркін тақырып


Қорадан қой өреді жосылып-ай,
Айтады екеу өлең қосылып-ай.
Дәстүрін қара өлеңнің сақтай келдік,
Риза болсын халқымыз осыныма-ай.

Өлеңде шабыс та бар, желіс те бар,
Жеңіліс топ алдында, жеңіс те бар.
Қиыннан қиыстырып тауып айтар,
Аузында қос қалқаның періште бар.

Сынама хас батырды жаралыда,
Сынама хас сұлуды қаралыда.
Жиынына Қара өлең келген қауым,
Қарап үйрен дәстүрдің қабағына.

Іші алтын өлеңімнің сырты күміс,
Жақсы атқа бірдей бітер жорға жүріс.
Қара өлең жақсылардың жан азығы,
Басталды үлгі тұтар тағы бір іс.

Көркейіп салтымыз бір өзгеріп тұр,
Құлақпен естігенді көз көріп тұр.
Жаңғыртып салтымызды өнерменен,
Айтқызып Қараөлеңмен сөз беріп тұр.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет