Жаратылыстану факультеті


-сурет. Көз алмасының құрылысы



бет13/44
Дата02.11.2022
өлшемі0,63 Mb.
#46947
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44
1-сурет. Көз алмасының құрылысы.
1 - қасаң қабаты, 2 - аддыңғы сұйық камерасы, 3 - нұрлы қабық, 4 - артқы сұйық камерасы, 5 - цинн тарамыстары, 6 - кірпікті дене, 7 - көз бұршағы, 8 - тамырлы қабық, 9 - торлы қабық, 10 - сары дақ, 11 - көру нерві, 12 - шыны тәрізді дене.

Дыбысты қабылдаудың жас ерекшелігі және гигиенасы.
Дыбысты қабылдау. Дыбыс толқындары дабыл жарғағы мен дыбыс сүйектерінен өтіп, сопақша тесіктің жарғағы арқылы перилимфа сұйығын шайқайды. Перилимфаның шайқалу жиілігіне байланысты негізгі мембрананың белгілі бір дәнекер талшықтары қозғалады. Жоғары дыбыстың әсерінен ұлу сүйегінің түбінде орналасқан дәнекер талшықтар, ал төмен дыбыстың әсерінен ұлу сүйегінің жоғары жағындағы фиброздық талшықтар қозғалады. Дыбыс неғұрлым күшті болса, перилимфаның және фиброзды талшықтардың қозғалысының амплитудасы соғұрлым биік болады, яғни жабын мембранаға тиген талшықтар көбірек иіледі. Дыбыс тембрі негізгі дыбысқа қосылатын қосымша дыбыстардың әсерінен қозғалатын фиброз талшықтарының мөлшеріне байланысты. Сонымен, корти мүшесі дыбыс жиілігін, оның күшін және тембрін сезеді.
Ересек адамның құлағы 16 герцтен 20 мың герцке дейінгі дыбыс ырғақтарын қабылдайды, әсіресе 1000 герцтен - 3000 герц жиілігіндегі дыбысты жақсы қабылдайды.
Қалыпты жағдайда ересек адам 5 м қашықтан сыбырлаған дауысты естісе, есту қабілеті қанағаттанарлық деп есептеледі. Есту қабілетін аудиометр деп аталатын аспаппен анықтайды.
Дыбыс талдағышының жас ерекшелігі. Жаңа туған сәбидің сыртқы құлақ түтігі тар, оның терісінде түктер көп болады. 1 жасқа дейін құлақ түтігі өсіп, ұзарып, кеңейеді. Дабыл жарғағы жаңа туған нәрестеде ересек адамға қарағанда анағұрлым көлбеу орналасқан (ересек кісіде 45 градус, балада 15 градус). Жарғақтың екі жағындағы эпидермисі қалың болғандықтан қозғалысы нашар. Сәбидің ортаңғы құлағы сұйыққа толы болады да, біртіндеп барып ауаға толады. 1 жастағы бадада Евстахи түтігі қысқа, кең, түзу болады. Ішкі құлақ 1 жылдың ішінде ересек адамның құлағымен теңеседі.
2-3 жаста сыртқы құлақ түтігі сәл иіледі де, 4-6 жаста ересек адамның түтігіндей болады. Дабыл жарғағы 2-3 жаста-ақ ересек адамның жарғағына жақындайды, бірақ орналасуы 30-35 градус болып, тек 4-6 жаста 45 градусқа теңеледі. Ортаңғы құлақтың көлемі 2-3 жаста ересек адамның құлағынан кішірек келеді. Ол 4-6 жаста ересек кісінің ортаңғы құлағының көлеміне жетеді. Евстахи түтігі 2-3 жаста ұзарып 6 жастан асқанда ғана ересек адамдай болады. Ішкі құлақ 2-3 жастын арасында-ақ ересек адамның құлағымен теңеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет