Жаратылыстану факультеті


Баланы есту қабілетінің бұзылуынан алдын ала сақтандыру



бет14/44
Дата02.11.2022
өлшемі0,63 Mb.
#46947
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44
Баланы есту қабілетінің бұзылуынан алдын ала сақтандыру.
Баланы есту қабілетінің бұзылуынан алдын ала сақтандыру жұмысын ең алдымен ата-аналар және балалар мекемелерінің тәрбиешілері жүргізеді.
Алдын ала сақтандыру шараларын екіқабат ананы бағып – күтіп баптап, баланың құрсақтағы кезеңіндегі дамуына бастау қажет. Бала туғаннан кейін оның құлағын әрдайым таза ұстап есту мүшелерінің ісіп қызару барысын сақтандыру керек, күнделікті жұмыстың әр түрлі келеңсіз жәйттерінен зақымдануын болдырмау үшін барлық сақтандыру шараларын жасай отырып денсаулығын мұқият қадағалау қажет. Кішкентай баланың суықтан өте-мөте қатты сақтау керек, өйткені жиі суықтан ауруының салдарынан сөйлеу тілі аппаратының әр түрлі патологиясының байқалуы мүмкін.
Есту қабілетіне кенеттен шыққан қатты дауыс, айқай, топтың шуылы өте зиян екенін есте сақтаған дұрыс. Сондықтан баланы денесін түршіктіретін күшті дауыстан қорғайтын жағдай жасау керек. Оған қатты айқайлап сөйлеуге болмайды, оны әр түрлі жағымсыз, қорқынышты дыбыстан мұқият сақтау ережесін әрдайым ұқыпты түрде орындау қажет. Есту қабілетін бұзылудан сақтандыру мақсатымен врач-отоларинголог баланы оқтын-оқтын тексеруден өткізіп отыру керек. Бұл есту қабілетінің бұзылуына себеп болуы мүмкін болмашы патологиялық өзгерістерді уақытында жоюға жәрдем береді.
Егер баланы есту мүшелерінде іштен туа біткен немесе кейінен шыққан зақым бар болса, онда бұған дәрігердің міндетті түрде араласуы қажетті, өйткені ол есту қабілетінің бұзылуы қандай сипатта болатынын және сөйлеу тілі қызметінің қалыптасуына қандай ықпал жасайтынын анықтап емдеуді басынан дұрыс бағыттап жүргізеді.
Лекция №5
Ішкі секрециялық бездер физиологиясы
1. Ішкі секрециялық бездер және олардың маңызы туралы жалпы түсініктеме.
2. Ішкі секрециялық бездердің гормондары, олардың қызметі.
3.Жыныс бездері және жыныстық жетілу. Жыныстық тәрбие. Ep және қыз балалардың жыныстық жетілуі.
Ішкі секрециялық бездер және олардың маңызы туралы жалпы түсініктеме.
Организмде бездер көп, барлық бездерді ішкі және сыртқы секрециялық бездер деп екі топқа бөледі. Cыртқы секрециялық (лат. секреция - сөл шығару) бездердің өзектері арқылы олардың өнімдері, яғни секреттері (лат. секрет - без өнімдері) қуыс мүшелерге құйылады (мысалы, ауыз қуысына сілекей безінің өнімі - сілекей) немесе дененің сыртына шығады (мысалы, тер безінің өнімі - тер дененің сыртына шығады). Сондықтан оларды сыртқы секрециялық немесе экзогендік (грек, экзо - сыртқы, сыртқа + ген - тек, болмыс) бездер деп атайды. Бұларға сілекей, қарын, май, тер, ішек және қарын асты бездері, бүйрек, бауыр т.б. жатады. Ал ішкі секрециялық немесе эндокриндік (грек, эндон - ішкі + крино - бөліп шығару) бездердің өнімі тікелей қанға құйылатын ерекше мүшелер жүйесіне жатады. Олардың өз өнімдерін сыртқа шығаратын өзектері болмайды. Олардың өнімі тікелей қан тамырлары арқылы қанға сіңеді де, қанмен бүкіл денеге тарап, мүшелердің қызметіне әсер етеді. Ішкі секрециялық бездер зат алмасу процесіне қатысады, сөйтіп адам организмінің күллі тірлігіне өз ықпалын тигізеді.
Ішкі секрециялық бездердің өнімдерін гормон (грек. гормо - іске қосамын, қозғаймын) деп атайды. Гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің өсуін, дамуын, организмнің физиологиялық қызметтерін үйлестіруге, зат және энергияның алмасуына, мүшелердің қызметін реттеуге қатысады. 1980-2000 жылдары гормондардың молекулалық тетіктерде тұқым қуалау мәліметтерін тасуға және организмнің биологиялық ырғағын анықтауға қатысатыны дәлелденген. Сонымен, гормондар жүйке жүйесімен бірге организмнің қызметтерін реттейді. Қазіргі кезде 40-тан астам гормондар бары белгілі. Олардың көбі жақсы зерттелген және адамдарды емдеуге қолданылады. Ішкі секрециялық бездерге гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқан серік, айырлы (тимус), бүйрек үсті, ұйқы (қарын асты) безінің Лангерганс аралшықтары, жартылай жыныс бездері жатады. Қарын асты және жыныс бездері қос секрециялық бездерге жатады, себебі олар әрі сыртқы, әрі ішкі секрециялық қызмет атқарады. Соңғы кездерде жартылай ішкі секрециялық безге бүйректерді де жатқызып жүр, өйткені оларда қанның қысымын арттыратын ренин және эритропоэтин деген заттар түзіледі. Бұлар бұйректің нефрондарының тамырлы полюстерінде орналасқан юкстагломерулалық аппаратыңда өндіріледі. Баланың эмбриондық дамуы кезінде кейбір ішкі секрециялық бездер қызмет атқара бастайды да, жатырдағы баланың дамып, жетілуіне әсер етеді. Бала туғаннан кейін ол бездердің қызметінің басталуы әр безде әртүрлі болады. Түрлі эндокриндік бездердің қызмет дәрежесі баланың өсуі мен дамуы барысында оның жасына, жынысына, ауа райының жағдайына және басқа мүшелері мен мүшелер жүйесінің қызмет қабілетіне байланысты болады.
Организмдегі гормондық тепе-тендік баланың жоғары жүйке әрекетіне әсер етеді. Себебі денеде эндокриндік жүйенің ықпалынан тыс қалатын ешқандай қызмет жоқ. Дегенмен ішкі секрециялық бездер өзінің қызметін жүйке жүйесі арқылы реттейді. Олай болса, организмдегі барлық қызметтерді реттейтін біртұтас жүйкелік-гормондық реттелу бар деп айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет