Жаратылыстану факультеті


Жыныстық жетілу, жыныстық тәрбие. Ep және қыз балалардың жыныстық жетілуі



бет16/44
Дата02.11.2022
өлшемі0,63 Mb.
#46947
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44
Жыныстық жетілу, жыныстық тәрбие. Ep және қыз балалардың жыныстық жетілуі.
Эмбрионның үшінші аптасында жыныстық жетілу басталады. Бұл кезде алғашқы жыныстық белгілер пайда болады. 4-5 айдағы ұрықта жыныстық белгілер айқынырақ. Бұл кезден бастап аталық жыныс безінің өсу қарқыны 1 жасқа дейін біркелкі, 1 жастан бастап жыныстық жетілу басталғанша өте баяу дамиды, оның мөлшері де айтарлықтай ұлғаймайды. Ал аналық жыныс безінің өсу қарқыны ұрықтық дамудың 7-9 айында және 1 жасқа дейін күшті болады, сонан соң 7-9 жасқа дейін өсуін күрт баяулатады. Осыған байланысты балалық кезең ер балаларда 9-11, қыз балаларда 7-9 жасқа дейін созылады. Аталған мерзімдерге дейін ер балалар мен қыз балалардың өсуі мен дамуы бірдей болады. Олар бір-бірінен алғашқы жыныстық белгілер мен әр жынысқа тән тұқым қуалайтын психикалық ерекшеліктер бойынша ғана ерекшеленеді.
Бұл кезеңде ер балаларда жыныс безінің ұрық жасайтын түтіктері жіңішке, әлсіз және оның өзі де әлі жіктеле қоймаған эмбриондық эпителий клеткаларының бір қабатынан ғана тұрады. Қыз балаларда аналық жыныс безі эмбриондық кезеңде фолликулалардан тұрады. Олардың өсуі өте баяу. Қабықтанған фолликулалардың саны өте аз, ал Грааф көпіршігі мүлде болмайды. Бұл мезгілде ер және кыз балалардың несебінде андрогендік және эстрогендік гормондар біршамада және аз болады. Бүл гормондар жыныс безінде түзілмей, тек бүйрек үсті безінің қыртыс қабатында өнеді.
Жыныстық жетілу мерзімі жалпы алғанда балалар мен жастардың тұқым қуалайтын қасиеттеріне, жейтін тамағына, тұрмыс жағдайына, тәрбиесіне, тұратын жерінің ауа райына, ұлттық ерекшеліктеріне т.б. сыртқы ортаның жағдайларына байланысты. 
Балаларды жыныстық тәрбиелеу. Ep және қыз балалардың жыныстық жетілуі бұл кезеңнің көптеген қиындықтарына тағы да біреуін қосады - бұл жыныстық тәрбие мәселесі. Балалар мен жастарды жыныстық тәрбиелеудің маңызы зор. Мұндай тәрбие ерте басталғаны жөн. Дұрыс жыныстық тәрбие алған жастардың дендері сау, еңбек қабілеті жоғары, жасына лайық, болашақта дұрыс жақсы отбасын құратын болады.
Жыныстық тәрбие бірнеше бағытта жүреді:
1. Ep бала мен қыз баланың арасындағы жыныс мүшелерінің айырмашылығын дұрыс, мезгілінде түсіндіру мектеп жасына дейін басталады. Шешеге, апа-қарындастарына, сіңлілері мен інілеріне деген көзқарасты қалыптастыру қажет. Оларға сыйлауды, құрметтеуді үйрету отбасындағы әке-шешенің бір-бірімен дұрыс қарым-қатынаста болуынан басталады. Ep балаларға жұмыстың ауырын, қыз балаларға жеңілін жүктеудің негізін кішкентай балаларға дұрыс түсіндірсе ғана олардың арақатынастары дұрыс қалыптасады, үйлесімді бағытталады. Өйтпесе теріс түсініп, олардың арасыңда қайшылықтар туып, жалпы жыныстық көзқарастар теріс қалыптасады. Мұнымен қатар, жыныс мүшелерін күтуді, әсіресе кішкентай қыздарға үйрету қажет. Біртіңдеп жыныстық жетілу басталғанға дейін жасөспірімдердің жыныстық жетілу белгілерін дұрыс түсіндіре бастаған жөн. Оларда жыныстық қарым-қатынас туралы алғашқы түсінік дұрыс болғанда ғана болашақ отбасы да бақытты, жақсы, үлгілі жанұя болады. Балалармен бағытталған жыныстық қарым-қатынас туралы түсініктеме ертерек басталғаны жөн. Баланың бос уақытын текке кетірмей, пайдалы спортқа, еңбекке баулу керек. Тәрбиенің мұндай түрлері балалар бақшасында, отбасында, мектепте жүргізіледі.
2. Бастауыш сыныптарда қыздардың жыныстық жетілуі басталады. Оның үстіне олардың денесінің өсуі күшейіп, өздерімен құрдас ер балалардан ерекшелене бастайды. Сондықтан бастауыш мектептердегі жыныстық тәрбиенің маңызы өте зор. Қыздарға болашақта көрінетін етеккірдің себептерін, оған байланысты дене тазалығының маңызын алдын ала түсіндіріп, олардың психикасын дайындап, гигиеналық дағдыларын қалыптастыруға ат салысу керек. Бастауыш сынып мүғалімдері қыздардың аналарымен байланыса отырып, жыныстық тәрбиені ұйымдастыруы қажет. Осы бастан-ақ ер балалар мен қыздарға жыныстық айырмашылықтар, жыныс мүшелерінің құрылысы, жыныстық жетілу туралы алғашқы қажетті ұғымдар беріп, бағытты тәрбиені жүргізу керек.
Лекция №6


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет