Жаратылыстану факультеті



бет18/44
Дата02.11.2022
өлшемі0,63 Mb.
#46947
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44
Қаңқаның құрылысы. Адам қаңқасы бас, тұлға, аяқ-қол сүйектерінен тұрады.
Tұлға сүйектеріне омыртқа жотасы, 12 қос қабырғалар мен кеуде сүйегі жатады.
Омыртқа жотасы - бүкіл дененің тірегі. Ол бір-бірімен буын арқылы жалғасқан 33-34 омыртқадан тұрады.
Омыртқа жотасын беске бөледі: 7 мойын, 12 көкірек немесе кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз, 4-5 құйымшақ омыртқалары. Мұның ішінде құйымшақ және сегізкөз омыртқалары бір-бірімен бірігіп кеткен, қалғандары жеке-жеке болады.
Әрбір омыртқаның денесі, доғалары және өсінділері болады. Омыртқаның тығыз жері - денесі.
Омыртқалардың доғалары жұлын орңаласатын омыртқа жотасының каналын (өзегін) құрады. Омыртқаның 7 өсінділері бар: омыртқаның ортаңғы тұсынан басталып артқа қарай өскен 1 арқа өсіндісі, доғаның шетінен басталып жоғары және төмен бағытта орналасқан жұп 2 буын өсінділері, екі жанында орналасқан жүп бүйір өсінділері болады. Омыртқалардың жалпы құрылысы ұқсас болғанымен, өзіндік ерекшеліктері де болады.
Баланың сүйектерінің ерекшелігі. Жалпы алғанда балалар мен жас өспірімдердің сүйектері серпімді, жұмсақ, оңай өзгергіш келеді. Сондықтан гигиеналық талаптарды дұрыс орындамағанда сүйектері тез бұзылып, денсаулығына зиян болады. Әсіресе мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының сүйектері өте серпімді болады. Олардың сүйектері еркін қатпағандықтан үйде, балалар бақшасында, мектепте дене еңбегі мен спорт ойындарын үйымдастыруға деген гигиеналық талаптарды, үстелде дұрыс отыру ережелері, баланың ұйықтайтын төсегіне арналған талаптар сақталмаған жағдайда сүйектері тез ерекшеленіп жетіледі.
Сүйектердің дұрыс өсіп жетілуіне, мезгілінде қатаюына тамақтың құрамындағы минерал заттарының, витаминдердің әсері көп. Әсіресе алғашқы жылы тамақтану және далаға шығып ауа жүту талаптары бұзылғанда мешел ауруы туып, жілік сүйектері, көкірек қуысы мен омыртқа сүйектері дұрыс қалыптаспайды. Бұл тұрғыдан алғанда кішкентай баланы далаға шығарып, күннің ультракүлгін сәулелері әсер етуіне мүмкіндік тудырудың маңызы зор. Себебі ол сәулелердің әсерінен баланың денесінде Д витамині түзіледі де, минерал заттарының алмасуы дұрыс реттеледі. Әсіресе сүйектің құрамындағы кальций, фосфор тұздарының алмасуы жөнделеді, ал күннің ультракүлгін сәулелері терезенің шынысынан өтпейді, сондықтан үйден шықпаған баланың сүйегі дұрыс жетілмейді. Aya райына қарамай баланы далаға шығарып отырса, тіпті өте қалың киімнен де сәуле өтіп, бала дұрыс өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет