Қондырғының сипаттамасы
Өткізгіштің кедергісін жоғарыда қарастырылған тәсілдермен өлшеу үшін бұл жұмыста ФПМ – 01 қондырғысы қолданылады. Қондырғының сыртқы көрінісі 3-суретте бейнеленген. Қондырғының тағанына (1) сызықты шкаласы бар бағана (2) орналасқан. Бағанада қысқыштары (3) бар екі кронштейн бекітілген қысқыштар арасында осы жұмыста меншікті кедергісі анықталатын хромникель сым (4) тартылған. Сымның жалпы ұзындығы – 0,5 м, диаметрі – 0,36 мм. Баған контактты қысқышы (5) бар жылжымалы қосымша кронштейнмен жабдықталған.
3-сурет
Қысқыштар кедергісі аз сымдар мен қондырғының өлшеуші бөлігімен (6) жалғанады. Оның бетіне миллиамперметр (7) мен вольтметр (8) орнатылған. Вольтметрдің кедергісі 2500 Ом, амперметрдікі – 0,15 Ом. Қондырғы (9) клавишінің көмегімен электр жүйесіне қосылады.
Өткізгіштің кедергісін (10) клавиша басулы кезде кернеу мен ток күшін өлшеу тәсілімен, ал бос тұрғанда ІІ – қосқыштарға жалғанатын тұрақты ток көпірінің көмегімен анықтауға болады. (12) – клавиша кедергіні кернеумен анықтағанда а мен б (1 – сурет) схемалардың біреуін таңдап алу қажет. 13 – тұтқамен тізбектегі ток күшін өзгертуге болады.
Жұмысты орындау реті.
1 – жаттығу. Кернеу мен ток күшін өлшеу арқылы өткізгіштің меншікті кедергісін анықтау
1. Өлшенетін сымның қажетті l ұзындығын алып (жалпы ұзындықтың 0,6 – 0,8 бөлігі) жылжымалы кронштейнді, шкаланың осы ұзындыққа сәйкес бөлігіне қойыңыз.
10–шы клавишаны басып қойыңыз. 9 – клавишаның көмегімен қондырғыны электр жүйесіне қосыңыз.
Электр өлшеуіш приборларды қосудың 1 схемасын (а схемасын) алыңыз. Ол үшін 12 – клавиша басылмай бос тұруы керек.
13 – тұтқамен тізбектегі ток күшін өзгерте отырып, кернеу мен ток күшінің 6–8 мәнін өлшеп, 1–таблицаға жазыңыз.
-
Өткізгіштегі ток күшінің кернеуге байланыстылығының графигін I=f(U) салыңыз. Графиктен кернеудің U шамасына сәйкес ток күшінің I шамасын тауып, қатынасын анықтаңыз.
Осы шаманы (6) – формуладағы U/I қатынасының орнына қойып, кедергіні есептеңіз.
Есептеп табылған кедергінің шамасын пайдаланып (3) – формуламен өткізгіштің меншікті кедергісін анықтаңыз. Өткізгіштің көлденең қимасының S ауданын шеңбердің ауданы ретінде ( S=d2/4) есептеңіз.
Пробиркаларды қосудың ІІ схемасын (б схемасын) алыңыз. Бұл жағдайда 12 клавилшаны басып қою қажет.
9. Осы жаттығудың 4-7 пункттерін жасап шығыңыз. Кедергіні бұл жағдайда (8) – формуламен есептеу керек.
2 – жаттығу. Меншікті кедергіні тұрақты ток көпірінің көмегімен анықтау
1 – жаттығудың 1 – пунктін жасаңыз.
Қондырғының ІІ -қысқыштарына тұрақты ток көпірін жалғаңыз.
Кедергіні тұрақты ток көпірінің көмегімен өлшеу үшін 10-клавишаны басып қойыңыз.
Көпірдің көмегімен кедергіні анықтаңыз. Кедергіні өлшеу тәртібі қондырғыға бекітілген ескерпеде берілген.
1 – жаттығудың 7 пунктінде айтылғандай етіп өткізгіштің меншікті кедергісін анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |