150
2.5 Бҧлшық ет ҧлпасы
Сабақтың мақсаты: Борпылдақ және
тығыз дәнекер ұлпалар мен
ретикулярлы, шеміршек, сүйек ұлпаларының ерекшелігін, морфологиясын
және
маңызын студенттерге түсіндіру.
Сабақтың сҧрақтары:
1. Бұлшық ет ұлпасы туралы түсінік.
2. Бұлшық ет ұлпасының ерекшеліктері.
3. Қаңқалық бұлшық ет ұлпасы.
4. Миофиламенттердің типтеріне сипаттама.
5. Жүректің бұлшық ет ұлпасы.
6. Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы.
7. Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасының жіктелуі.
Сабақ беру және оқыту әдісі: тақырып бойынша берілген сұрақтарға
ауызша жауап алу,
кіші топпен жұмыс істеу, тестік бақылау жүргізу және
тӛменде тақырып бойынша берілген тапсырмаларды орындау.
Бұлшық ет ұлпасы (textus mus- cularis, лат. textus — ұлпа, musculus
бұлшық ет) — адам мен жануарлар ағзасында жиырылу қызметін атқарып,
қимыл-қозғалыстарды іс жүзіне асырады. Сонымен қатар ішкі мүшелердің
жиырылуын (жүректің соғуын,
қан мен лимфаның жылжуын, несептің
шығуын және тағы басқа ағзадағы қозғалыс-қимылдарды)
қамтамасыз
ететін жоғары дәрежедегі маманданған ұлпалар. Барлық бұлшық ет
ұлпаларына жиырылғыш қасиет тән. Жануарлардың барлық бұлшық еттері
механохимиялық
актин-миозиннің
жиырылғыш
жүйесінің
дамуы
нәтижесінде пайда болған. Бұлшық ет ұлпаларының
атқаратын қызметі
ұқсас, бірақ құрылысы мен шығу тегі әртүрлі.
Бұлшық ет ұлпаларының морфологиялық ерекшеліктері келесілерге
тәуелді: жасушалары –
миоциттерге, талшықтары
- симпластарға және
олардың
құрамындағы
ұзынша
пішінді
арнайы
органоидтар
Достарыңызбен бөлісу: