153
миосимпласт пен
миосателлиттер бар (3-сурет). Ет
талшығының
ұзындығы сантиметрмен ӛлшенеді, ал ені 50-100 мкм. Миосимпласттың
плазмалеммасы мен базальді мембранасы құрған комплексті
сарколемма
деп, ал талшықтың цитоплазмасын
саркоплазма деп атайды.
3 - сурет. Қаңқаның кӛлденең салалы бҧлшық еті
1 – ұзына бойлы
кесілген бұлшық ет талшығы, 2 – кӛлденең кесілген
бұлшық ет талшығы, 3 - бұлшық ет талшығының цитоплазмасы,
4 - бұлшық ет талшығының ядросы.
(dic.academic.ru)
Миосимпластың қҧрылысы. Миосимпластың құрамындағы ядролар
тікелей сарколемманың астында орналасқан,
пішіні сопақша, саны он
мыңнан асады. Миофибриллалар миосимпласты бойлай ұзыннан созыла
орналасып, оның негізгі бӛлігін толтырады.
Миофибриллалар кӛлденең салалы бұлшық ет пен жүрек
бұлшық
еттерінің сарколеммасындағы жиырылғыш жіптер, бұлшық еттің
жиырылуын қамтамасыз етеді. Олар бӛліктерден тұрады. Бӛліктердің
жарықты ӛткізу қабілеті әртүрлі. Бӛліктердің бірі күңгірт – жарық сәулесін
нашар ӛткізеді, екіншісі ақшыл - жарық сәулесін жақсы ӛткізеді,
оларды
дискілер деп атайды. Күңгірт дискілерді ан
изотропты немесе А дискілер,
ақшылдарын изотропты немесе
І дискілер деп аталады.
А дискісінің
ортасынан
М сызығы ӛтсе,
І дискісінің ортасынан
Z cызығы ӛтеді. Екі
Z
сызығы арасындағы бӛлікті
саркомер деп атайды.
Саркомер – (грек сӛзі
sarkos – ет, ұрық және meros – бӛлік, үлес) миофибриллалардың
жиырылатын және қайталанатын бӛлігі (4, 5-суреттер). Сондықтан,
саркомер миофибриллалардың құрылымдық
және жиырылғыш бірлігі
154
болып саналады. Ол бір-бірімен әрекеттесетін белокты жіпшелер -
Достарыңызбен бөлісу: