Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет131/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   142
Бақылау сҧрақтары: 
1. Бұлшық ет ұлпасының жіктелуі. 
2. Бұлшық ет ұлпасының ерекшеліктерін атаңыздар. 
3. Қаңқалық бұлшық ет ұлпасының сипаттамасы. 
4. Миофиламенттердің типтерін атаңыздар. 
5. Жүректің бұлшық ет ұлпасының ерекшеліктері. 
6. Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасына сипаттама беріңдер. 
 


163 
2.6  Жҥйке ҧлпалары 
 
Сабақтың мақсаты: Жүйке ұлпаларының құрылыс ерекшеліктері мен 
морфологиясын және маңызын  студенттерге түсіндіру. 
Сабақтың сҧрақтары:  
1. Жүйке ұлпасына түсініктеме. 
2. Жүйке жасушалары. 
3. Нейрондардың типтеріне сипаттама. 
4. Синапсқа түсініктеме және оның түрлері. 
5. Нейроглияның жасушалары. 
6. Жүйке талшықтарына сипаттама. 
Сабақ беру және оқыту әдісі: тақырып бойынша берілген сұрақтарға 
ауызша жауап алу, кіші топпен жұмыс істеу, тестік бақылау жүргізу және 
тӛменде тақырып бойынша берілген тапсырмаларды орындау. 
Жүйке ұлпасы жүйке жүйесінің негізгі құрылымдық элементі. Олар 
арнайы қызмет атқарады: тітіркенуді қабылдайды, қозады, жүйке импульсін 
туындатады, оны ӛткізуді қамтамасыз етеді. Жүйке ұлпасының екі түрлі 
жасушалары бар – нейрондар мен нейроглиялар 
Жүйке ұлпасы эктодермадан дамиды. Ұрықтың арқа (дорсальді) 
жағындағы эктодерма алғашында қалыңдап – жүйке пластинкасын түзеді 
(1-сурет, А), одан кейін пластинканың екі шеті кӛтеріліп, ортасында терең 
ойыс (науа) пайда болады (1-сурет, Б), соңында пластинканың екі шеті 
дорсальді эктодермадан үзіліп, ұштары бір-бірімен жалғасып, тері 
эктодермасынан бӛлініп, жүйке түтігі дамып жетіледі (1-сурет, В). Жүйке 
түтігі эмбриогенездің алғашқы сатысында кӛп қатарлы нейроэпителий 
жасушаларынан тұрады. Оларды вентрикулярлы жасушалар деп атайды.  
Пішіндері цилиндр тәрізді болып келеді. Бұл жасушалардың бір қатары 
нейрондарға немесе нейроциттерге, біразы глияльді жасушаларға айналады. 
Глияльді жасушаларға жататындар: эпендимиоциттер, астроциттер мен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет