Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология


Студенттердің ӛзіндік жҧмыстары бойынша тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет130/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   142
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы - лаб. сабақ

Студенттердің ӛзіндік жҧмыстары бойынша тапсырмалар: 
 
1 тапсырма: Бұлшық ет ұлпасының жіктелуін ақпараттық блоктан 
оқып, түсініп, № 1 кестені толтырыңдар. 
№ 1 кесте 
 
Бҧлшық ет ҧлпаларының 
жіктелуі 
Топтары 
1 
Морфофункциональді 
 
2 
Гистогенетикалық  
 
 
 
2 тапсырма: Қаңқалық бұлшық ет ұлпасының сипаттамасын 
ақпаратты блокты оқып, түсініп, № 2 кестені толтырыңдар. 
№ 2 кесте 
 
Қанқалық бҧлшық еттің 
жасушалар тобы 
Сипаттамасы 
1 
Миосимпласт 
 
2 
Миосателлиттер 
 
3 
 
 
 
3 тапсырма: Жүрек бұлшық еттінің жасушалар тобын ақпаратты 
блоктан оқып, түсініп, № 3 кестені толтырыңдар: 
№ 3 кесте 
 
 
Жҥрек бҧлшық еттінің 
жасушалар тобы 
Сипаттамасы 
1 
 
 
2 
 
 
3 
 
 
 
4 тапсырма: Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы туралы 
мәліметті ақпаратты блоктан оқып, түсініп, № 4 кестені толтырыңдар: 
болып жіктеледі 
№ 4 кесте 
 
Бірыңғай салалы бҧлшық 
ет ҧлпасының жіктелуі 
Сипаттамасы 
1 
мезенхималық 
 
2 
эпидермальді 
 
3 
нейральді 
 
 


162 
Микроскоппен жҧмыс істеу: 
1 Препарат. Тегіс салалы бұлшық ет.  
Бояуы: гематоксилин-эозин.  
Бұл ұлпалар типінің құрылымы жасушалық және мезенхимадан 
дамыған. Препараттағы тегіс салалы бұлшық ет талшықтарының шоғырын 
табыңдар. Талшық жасушалары – миоциттер – олардың пішіні ұршық 
тәрізді, ядролары жасуша ортасында орналасқан, пішіндері эллипс
тәрізді. Тегіс салалы бұлшық ет ұлпаларын бірінші қатардағы және екінші 
қатардағы шоғырға бӛліп тұрған коллагенді және эластикалық 
талшықтардан тұратын дәнекер ұлпалар қабатын белгілеңдер. Ұлпаның 
кӛлденең және бойлай кесілген фрагментінің суретін салыңдар.  
2 Препарат. Кӛлденең жолақ бұлшық ет.  
Бұл ұлпалар типі мезенхимадан дамыған, құрылымы симпластикалық, 
яғни жасушалар арасында шекарасы жоқ. Оның құрылымдық және 
функционалдық бірлігі – кӛлденең жолақты бұлшық ет талшықтары. 
Талшықтар қабықшамен қоршалған – саркалемма, оның астынғы жағында 
ядро орналасқан. 
Бұлшық 
ет талшықтарының цитоплазмасында 
(саркоплазмада) миофибрилдер қатарласа орналасқан. Олардың рет-ретімен 
орналасқан бӛліктерінің оптикалық қасиеттері әртүрлі: А дискісі – 
анизотропты (қара) және И дискісі – изотропты (ашық). Ұлпаның кӛлденең 
және бойлай кесілген фрагментінің суретін салыңдар.  
3 Препарат. Жүректің кӛлденең жолақ бұлшық еті.  
Бұл да кӛлденең жолақ бұлшық ет. Бірақ мұнда бұлшық ет 
талшықтарының құрылысы жасушалық болып келеді. Микроскоптағы 
үлкен ұлғайтқышта енгізілген дискілері кӛрініс береді (талшықтарды бӛліп 
тұрғандай). Олар кӛрші жасушалардың шеті болып саналады, яғни бір 
жасушаның миофибриласы кӛрші жасушаға енбейді. Әрбір бұлшық ет 
жасушасының сарколеммасы, саркоплазмасында орналасқан сопақ ядросы 
мен миофибриласы, ортасында жатқан талшықтары бар.Талшықтары 
тарамдалып, тор құрайды. Миокардтың бойлай кесілген кесінді бӛлігінің 
суретін салыңдар. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет