Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет132/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   142
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы - лаб. сабақ

олигодендроциттер.  
Нейрондар немесе нейроциттердің ерекшеліктері - тітіркенгіштерді 
қабылдап қозады, жүйке импульсін туғызады, оны әрі қарай орталыққа 
ӛткізуді қамтамасыз етеді.  
Сонымен, жүйке ұлпасының құрамында екі компонент – нейрондар мен 
нейроглия болады. Нейроглия – жүйке ұлпасының қосымша аппараты, 
тіректік, трофикалық, секреторлы және қорғаныс қызметтерін атқарады.  


164 
Жүйке жүйесінің ең негізгі қызметі – ішкі және сыртқы ортадан әртүрлі 
информацияларды қабылдап, оны сақтап, ӛңдеу және организмнің ұлпалары 
мен мүшелерін бір-бірімен байланыстырып, олардың қызметтерін реттеу.  
 
 
1 – сурет. Жҥйке жҥйесінің нейруляциясы 
А — пластинкалық сатысы; Б – науа сатысы; В – түтік сатысы. 
1 – жүйке науасы; 2 – жүйке білігі; 3 - тері эктодермасы; 4 - хорда; 5 - сомитті 
мезодерма; 6 – жүйке айдары (ганглиозды пластинка); 7 – жүйке түтігі; 8 - мезенхима;
9 - эндодерма. 
 
Жҥйке жасушалары – нейрондар немесе нейроциттер жүйке 
ұлпасының морфологиялық және функционалдық бірлігі. Нейрон денесінде 
протоплазма, ядро, басқа жасушаларға да тән оргоноидтар және тек 
нейронда кездесетін тигроидты заттар болады. Тигроидты заттардың 
әрбіреуі түйіршікке ұқсайды. Ядролық бояулармен боялғанда олар нейрон 
протоплазмасында қара дақтар тәрізді болып кӛрініс береді. Орталық жүйке 
жүйесі мен гангиялар нейрондардан тұрады. Мысалы, адам миында 10
10
-не 
жуық жүйке жасушалары болады, бұл жасушалардың әрқайсысы 10
3
-10
4
дейін байланыстар құрайды. Осы байланыстан пайда болған ӛткізуші 
жолдардың жалпы ұзындығы 300-400 мың шақырымды құрайды. 
Нейрондарда 
белоктардың 
алмасуы 
жедел 
жүреді. 
Мысалы, 
сүтқоректілердің миында 14 тәулік сайын белоктардың бәрі жаңарып 


165 
отырады. Бір жасушада орта есеппен 15 000 белок молекулалары 1 секундта 
синтезделеді.  
Нейрондар ӛзінің пішіні мен кӛлемі жағынан әртүрлі болып келеді.
Мӛлшері 4-130 мкм дейін ауытқиды Нейронның денесі және ӛсінділері бар, 
денесін перикарион деп атайды. Ӛсінділері екі типке бӛлінеді: 
1. Дендрит – тармақталған қысқа ӛсінді, тітіркенуді қабылдап 
нейронның денесіне қарай ӛткізеді;  
2. Аксон (нейрит) - ұзын тармақталмаған ӛсінді импульсті нейронның 
денесінен басқа нейрондарға және басқа ұлпаларға жеткізеді.  
Нейронның цитоплазмасында (нейроплазма) митохондриялар кӛп 
кездеседі, Гольджи аппараты жақсы жетілген. Нейронның құрылысын 
электрондық микроскоп арқылы зерттегенде нейрофиламенттер мен жақсы 
жетілген түйіршікті эндоплазмалық тор кӛрініс берген. Нейрофиламенттер 
диаметрі 10 нм болатын жіңішке жіпшелер, олар жарық микроскопында 
кӛрінетін нейрофибрилдерді құрайды. Жарық микроскопымен нейрондарды 
зерттегенде Ниссль түйіршіктері (тигроид) немесе хроматофильді 
субстанциялардың кӛрініс бергені де сипатталған. Олар цитоплазмада 
болатын базофильді ірі түйіршіктер. Электрондық микроскоп арқылы 
зерттеп оның түйіршікті эндоплазмалық тордан және рибосомадан 
тұратыны анықталды. Ниссль затының сүтқоректілердің қозғалғыштық 
және сенсорлық нейрондарындағы таралуы әркелкі. Жұлынның алдыңғы 
мүйізінің мотонейрондарындағы Ниссль түйіршіктері біркелкі ірі болады
ал жұлынның сезгіш ганглияларында олар ұсақ дән күйінде шет жағында 
жиналады. Ниссль заты нейрондардың аксондарында болмайды. 
Күміс тұздарымен жүйке ұлпасын ӛңдеген кезде цитоплазмада кӛрініс 
беретін жіңішке жіптер - нейрофибрилдер. Олар нейрондар денесінде тор 
құрайды, ал ӛсінділерінде нейрофибрилдер бір-біріне параллель 
орналасады. Жүйке жасушаларын электрондық микроскоппен зерттеген 
кезде цитоплазмасында нейропротофибрилдер немесе нейрофиламенттер 
деп аталатын фибрилдер анықталған. Олар жарық микроскопымен кӛрініс 
берген 
нейрофибрилдерге 
сәйкес 
келеді. 
Нейрофибрилдер 
нейрофиламенттердің жиынтығынан тұратын шоғыр. Жүйке жасушасының 
цитоплазмасында нейрофиламенттерден басқа микротүтікшелер бар. Ал, 
дендриттердің цитоплазмасында нейрофиламенттер, микротүтікшелер, 
митохондриялар, түйіршікті және түйіршіксіз тордың элементтері және бос 
орналасқан рибосомалар болады.  
Нейрондардың денесінде екі тҥрлі пигмент болады: липофусцин және 
меланин. Липофусцин жүйке жүйесіндегі барлық бӛлімдердің жүйке 
жасушаларында кездеседі. Адамда 7 жастан кейін пайда болады, егде жаста 


166 
мӛлшері артады. Меланин ядро маңының белгілі бӛліктерінде кездеседі 
және катехоламиндердің алмасуымен байланысты. 
Нейронның денесі және ӛсінділері болады: аксоны біреу
дендриттердің саны әртүрлі және тармақталған. Ӛсінділерінің санына 
байланысты нейрондардың бірнеше типі бар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет