Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет135/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   142
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы - лаб. сабақ

Макроглияға жататындар: 
эпендимоглия,  
- астроглия,  
- олигодендроглия.  
Эпендимоглия жұлын ӛзегі мен ми қарыншаларының ішкі қабырғасын 
астарлайды. Жасушалары эпендимиоциттер, пішіні куб тәрізді болады. 
Эпендимиоциттердің жұлын ӛзегі ішіне қараған бетінде кӛптеген 
кірпікшелері болады. Олар жұлын сұйығын жылжытуға қолайлы жағдай 
жасайды (3-сурет, А). Базальді жағында миға бағытталған ұзын ӛсіндісі 
болады, ол мида механикалық және шектеуші қызметін атқарады. Бұл 
жасушаларды танициттер деп атайды, олардың кӛбісі ІІІ ми 
қарыншасының түбінде орналасқан. Сонымен қатар, қарыншадағы қан 


170 
тамырлары біріккен жердегі эпендимді эпителиоциттер цереброспинальді 
сұйықтықты (ликвор) ӛндіреді. Кӛптеген эпендимиоциттер секреторлық 
қызмет атқарады, қанға және ми қарыншаларына активті заттар бӛледі.  
Астроглия (3-сурет, Б) орталық жүйке жүйесіне тіректік аппарат 
болып саналады. Жасушалары астроциттер. Олардың ӛсінділері жүйке 
жасушаларының ӛсінділері мен денелерінің арасындағы кеңістікті толтырып, 
нейрондар орналасатын тор құрайды. Жасушалары майда кӛп ӛсінділі, 
олардың екі түрі бар: протоплазмалы және талшықтыПротоплазмалы 
астроциттер мидың сұр затында орналасады, денесінде ӛсінділері кӛп, олар 
қысқа және тармақталған. Атқаратын қызметтері шектеуші (миды 
бӛліктерге бӛледі) және трофикалық. Талшықты астроциттер ӛсінділері 
ұзын және жіңішке болады, олар мидың ақ затында орналасып, тіректік 
қызмет атқарады. Сонымен қатар, олар нейрондарды қоректендіретін 
шекаралық глиялық периваскулярлық мембраналар түзеді. Астроциттердін екі 
типі ӛзара бір-бірімен байланысып, нейрондар орналасатын үш ӛлшемді 
шырматылған тор құрайды. Астроциттердің бӛлінуі жиі байқалады, 
орталық жүйке жүйесі зақымдалған жағдайда тыртық ұлпалар түзіледі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет