Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет136/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   142
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы - лаб. сабақ

 Олигодендроглияжасушалары олигодендроциттер. Нейроглия 
құрамында ең кӛп кездесетін майда жасушалар, ӛсінділері аз және ӛте 
жіңішке. Орталық және шеткі жүйке жүйесінің құрамындағы нейрондар мен 
жүйке талшықтарының сыртын қоршайды, сұр және ақ затта да кездеседі. 
Солардың бір түрі глиоциттер – сателлиттер нейронның сыртын қаптап 
тұрады. Нейрондардағы ӛсінділерді қаптайтын жасушаларды леммоциттер 
немесе Шванн жасушалары деп те атайды (3-сурет, В). Шванн жасушалары 
миелинденген 
талшықтардың 
миелин 
қабықшасын 
синтездейтін 
мамандалған олигодендроциттер.  
 
А Б В 
3 - сурет. Макроглияға жататын жасушалар 
А – Эпендимоглия, Б – Астроглия, В – Олигодендроглия. 
 


171 
Олар жүйке ұштарының құрамына кіреді, жүйке жасушаларының 
ӛсінділерін изоляциялап, қозу импульсінің шашырауына кедергі болады, 
импульсті ӛткізуде елеулі рӛл атқарады. Сонымен қатар, олигодендроциттер 
нейрондарды қоректендіруге және мидағы судың алмасу процесіне 
қатысады. 
Глиялық жасушалар қан капиллярымен байланысып, олардан алынған 
заттарды ӛңдеп, жүйке жасушаларын дайын жоғары молекулалы заттармен 
қамтамасыз етеді деген мәліметтер бар. Жүйке жүйесінде трофикалық 
қызмет атқарады және зат алмасу процесіне қатысады.  
Микроглия – жасушалары микроглиоциттер, жүйке жүйесінің 
макрофагтары, пішіні сопақша, әрбір ұшынан жуан ӛсінді тарайды. 
Сүйектің қызыл кемігіндегі моноциттерден дамиды. Микроглиоциттер 
қозғалмалы, лизосомалары мен Гольджи аппараты жақсы жетілген. 
Атқаратын қызметтері инфекциядан, зақымдардан қорғау және ыдырау 
ӛнімдерінен тазарту. Тітіркену процесі кезінде олардың пішіні ӛзгереді, сол 
кезде оларды дән тәрізді шарлар деп те атайды. Яғни, микроглия қорғаныс 
қызметін атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет