Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет82/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   142
Функциялық классификациясы 
Жануарлардың кӛп тҥрінде эпителий келесі тҥрлерге бӛлінеді: 
1. Жабынды тері эпителийі; 
2. Кілегейлі қабықшалар эпителийі; 
3. Дененің екінші қуысын астарлап тұратын сероздық қабықшалар  
эпителийі (плевралық, перикардиялық және құрсақ қуыстарының); 
4. Ішкі мүшелердегі паренхима эпителийі (альвеолалық, бүйрек,  
эпителийі, гонодалар мен бездердің эпителийі т. б.). 
 
Бір қабатты эпителийлер 
Бір қабатты жалпақ эпителий адамдарда және сүтқоректілерде ӛкпе 
альвеоласының, сероздық қуыстардың және сероздық қабықшалардың 
беттерін астарлап тұрады. Сероздық қабықшалар мен қуыстар эпителийі 
целомдық деп аталады, себебі дененің екінші қуысы немесе целомды 
астарлап тұрады. Олар мезодерманың туындысы болғандықтан, мезотелий 
деп те аталады. 
Мезотелий — жалпақ жасушалардың жұқа қабаты. Жасушаларының 
жиегі ирек-ирек болып келеді, екі немесе үш ядролы. Электрондық 
микроскоппен зерттеу барысында мезотелий жасушаларының бетінде 
микробүрлер болатыны анықталған. Мезотелий шынында эпителийдің 
қатарына жатпайды: 
Біріншіден - жасушалары ішкі ортада орналасқандықтан полярлығы 
нашар байқалады.  
Екіншіден - мезотелий жасушаларының ӛзара байланыстары жеңіл 
үзіледі. Ондай қасиеттер эпителийге тән емес. Мезотелийдің қалпына келуі,
жасушаларының кӛбеюі нәтижесінде іс жүзіне асырылады. Мезотелий басқа 


104 
ұлпалардан дамымайды және оларға айналмайды, ол жоғары дәрежеде 
маманданған ұлпа, жасушалары десмосомалық контактімен байланысқан.
Мезотелийдің ерекше қасиеттерінің бірі, оның жасушалары дене қуысына 
түлеп түсетіндігі мен фагоцитоздық қабілетке иелігі. Мезотелий дене қуысы 
мен ұлпалар арасында "сероздық — гематолимфалық тосқауыл" түзеуге 
қатысады. Ішкі мүшелердің орын ауыстырып козғалуына және бірімен-бірі 
қосылып, бітісіп-жабысып қалмауына мезотелий қолайлы жағдай туғызады. 
Регенерацияға мезотелийдің физиологиялық қабілеті ӛте жоғары.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет