Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет81/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   142
Эпителийдің классификациясы 
Эпителиальді ұлпалардың шығу тегіне, кұрылысына және атқаратын 
қызметіне негізделген бірнеше классификациясы бар: морфологиялық, 
онтогенетикалық және филогенетикалық, функциялық. 
Морфологиялық классификациясы 
Эпителийдің морфологиялық классификациясы құрылыс ерекшелігіне 
негізделген. Бұл классификация бойынша эпителийлерді бір қабатты және 
кӛп қабатты деп бӛледі (91-сурет, 13 кесте). 
Бір қабатты эпителий бір қатарлы және кӛп қатарлы болып бӛлінеді. 
Эпителийлерді жасушаларының пішініне қарай жалпақ, куб пішінді, 
цилиндр тәрізді деп ажыратады. 
 
А Б В 
 
Онтогенетикалық және филогенетикалық классификациясы 
Н. Г. Хлопин бұл классификацияны эпителийлердің белгілі бір 
ұрықтық жапырақшадан шығу тегін негізге ала отырып ұсынған. Ол 
эпителийлерді келесі түрлерге бӛлген:  
1. Эктодермадан дамитын эпидермалық эпителий (жабынды эпителий, 
тері бездері, ауыз қуысының эпителийі, сілекей бездері); 
1 - сурет 
А - бір қабатты жалпақ эпителий; Б - бір қабатты куб тәрізді 
эпителий; В - бір қабатты цилиндр немесе призма тәрізді
эпителий. 


103 
2. Энтодермадан
дамитын энтодермалық эпителий (ішектің, 
бауырдың, ұйқы безінің эпителийлері); 
3. Мезодермадан дамитын целонефродермалық эпителий (жыныс 
бездерінің, бүйректің эпителийі мен мезотелийі); 
4. Жүйке түтігінің бастамасынан дамитын эпендимогиялық эпителий 
(эпендима); 
5. Мезенхимадан дамитын эндотелий.  
Эпителийдің соңғы екі түрін бірқатар зерттеушілер эпителийлер 
қатарына жатқызбайды. Жұлын каналы мен ми қарыншаларының 
астары — эпендиманы — жүйке ұлпасына, ал қан тамырларын астарлайтын 
эндотелийді - дәнекер ұлпасына жатқызуды орынды деп санайды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет