Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология


жабайы без дейді. Егер ӛзектің тармақталған жүйесі болса, ондай бездер  кҥрделі



Pdf көрінісі
бет87/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   142
жабайы без дейді. Егер ӛзектің тармақталған жүйесі болса, ондай бездер 
кҥрделі болады. Кӛптеген күрделі бездер ӛте үлкен келеді, оларды 


109 
органдар деп атауға болады (бауыр мен ұйы безі). Экзокриндік 
эндоэпителиальді бездер бір жасушалы және кӛп жасушалы болуы мүмкін. 
Бездер секретінің химиялық құрамы әртүрлі болады. Осыған байланысты 
экзокриндік бездерді белокты, сілекей, аралас (белокты-сілекейлік) және май 
бездері деп бӛледі. Безді эпителийдің жасушалары базальді мембрананың 
үстінде жатады.  
 
А Б В Г Д 
 
4 – сурет. Экзокринді бездердің тҥрлері 
А – жәй түтік тәрізді без, Б – жәй альвеолярлі без, В – бас бӛлігі тармақталған түтік 
тәрізді без, Г – бас бӛлігі тармақталған альвеолярлі без, Д - бас бӛлігі тармақталған 
күрделі түтік тәрізді альвеолярлі без. 
 
Секреторлық эпителиальді жасушалардың пішіні әртүрлі, ядросы ірі, 
хроматині кӛп және ядрошығы да үлкен болып келеді. Секрет бӛлуші 
жасушалардың жасуша аралық кеңістігі біршама үлкен, бәрінде 
эндоплазмалық тор мен Гольджи аппараты жақсы жетілген және 
митохондриялары кӛп. Безді жасушалардың құрылысы полярлы келеді. 
Секретті түзу тәсіліне қарай мерокриндік, апокриндік және 
голокриндік бездер деп ажыратады. 
Мерокриндік бездерде секрет жасушалардың ішінде түзіледі де 
мембранамен қоршалған кӛпіршік түрінде жасушаның бос бетіне бӛлінеді. 
Секрецияның бұл түрінде плазмалық мембрананың тұтастығы сақталады, 
цитоплазманың кӛлемі кемімейді (бокал тәрізді бездер, асқазан бездерінің 
жасушалары, ұйқы безінің экзокринді бӛлігі жатады). 
Голокриндік бездерде секреция процесі кезінде жасуша толықтай 
бұзылып, тіршілігі жойылып, ішкі құрылымы секретке айналады (терінің 
май бездері). 
Апокриндік бездерде секрет түзілу кезінде цитоплазманың үстіңгі 
бӛліктері бӛлініп, секреттің құрамына кіреді. Секрецияның бұл типі құстың 


110 
жұмыртқа жолының эпителиальді жасушаларына, сүтқоректілердің тер 
бездеріне және сүт бездеріне тән.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет