Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет95/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   142
1 – кесте. 
Қанның топтарға бӛлінуі. 
Қан 
топтары 
Агглютиногендер 
«А», «В» 
Агглютининдер 
«α», «β» 
І (0) 
- 
α, β 
ІІ (А) 
А 
β 
ІІІ (В) 
В 
α 
ІҤ (АВ) 
А, В 
- 
 
 
адамның 1 мм
3
қанында 6—8 мың лейкоциттер болса, жаңа туған нәрестеде 
екі есе кӛп болады. Лейкоциттердің саны бір тәуліктің ӛзінде де ӛзгеріп 
отырады. Мысалы, ас қорыту кезінде кӛбейеді, міне, сондықтан қанның 
анализін аш қарында алу керек. Лейкоциттердің эритроциттерден 
айырмасы оларда гемоглобин болмайды және бұлар ядролы жасушалар. 
Лейкоциттердің тағы да бір эритроциттерден ӛзгешелігі ӛздеріне тиісті 
қызметін тамырлардың ішінде емес, олардан тыс атқарады. 
Ӛткен ғасырдың 80 жылдарында Эрлих лейкоциттерді екі топқа 
бӛлген: гранулоциттер немесе дәнді лейкоциттер және агранулоциттер 
немесе дәнсіз лейкоциттер деп.  
Гранулоциттердің негізгі белгілері:  
1) цитоплазмасында гранулалар болады;  
2) ядролары сегменттелген;  
3) гранулоциттердің митоздық жолмен кӛбейетін қабілеті болмайды 
және бір түрі екінші түріне ауыспайды. 
Агранулоциттердің белгілері:  
1) цитоплазмасында гранулалар болмайды;  
2) ядролары сегменттерге бӛлінбеген; 
3) агранулоциттердің кейбіреулері бӛлінеді және бір түрі екінші 
түріне айнала алады. 
Гранулоциттердің ҥш типі бар. Ерекше гранулалары қышқыл 
бояғыштармен боялатын жасушаларды ацидофилді дәнді лейкоциттер 
дейді немесе әдетте, қышқыл бояғышқа жататын эозинмен боялатын 
болғандықтан, эозинофилді дәнді лейкоциттер, немесе эозинофилдер деп 
атайды. Гранулалары негізгі бояғыштармен қанық боялатын лейкоциттерді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет