Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет89/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   142
2 
 
 
3 
 
 
4 
 
 
 


111 

тапсырма: 
Ұлпалардың 
классификациясы 
бойынша 
қысқаша 
сипаттамасын № 2 кестеге толтырыңдар: 
№ 2 кесте 
 
Ҧлпалар 
классификациясы 
Қысқаша сипаттамасы 
1 
 
 
2 
 
 
3 
 
 
 
3 тапсырма: Бір қабатты және кӛп қабатты эпителий түрлерін № 3 кестеге 
толтырыңдар: 
№ 3 кесте 
 
Бір қабатты эпителий 
Кӛп қабатты эпителий 
1 
 
 
2 
 
 
3 
 
 
 
4 тапсырма:  Секрет түзу тәсіліне қарай мерокриндік, апокриндік және 
голокриндік бездердің сипаттамасын № 4кестеге толтырыңдар: 
№ 4кесте 
 
 
Бездер 
Сипаттамалары 
1 
мерокриндік,  
 
2 
апокриндік 
 
3 
голокриндік 
 
 
Микроскоппен ӛзіндік жҧмыстарды орындау:  
 
1 Препарат. Қоян іш майының мезотелийі (бір қабатты жалпақ 
эпителий).  
Бояуы: күміспен импрегнацияланып, гематоксилинмен боялған.  
Мезотелий - эпителийдің серозды қабықшасы, ол мезодерманың бүйір 
пластинкаларынана дамып жетіледі. Мезотелий деп аталуы соған 
байланысты.  
Кіші ұлғайтқышпен препаратты зерттеу барысында мезотелий 
жасушаларының иректелген шеттерін табыңдар. Үлкен ұлғайтқышпен 
мезотелий жасушаларын ұқыпты қарап, суретін салып, дӛңгелек немесе 
сопақша келген ядросын (кей кезде жасушаларда екі ядро болады) 
белгілеңдер. 


112 
2 Препарат. Қоян бүйрегінің эпителийі (бір қабатты куб тәрізді
эпителий).  
Бояуы: гематоксилин-эозин.  
Кіші ұлғайтқышпен препаратты зерттеу барысында, бүйректің сұр заты 
мен ондағы дӛңгелек қуыс тәрізді бүйрек каналдарының кӛлденең кесіндісін 
табыңдар. Үлкен ұлғайтқышпен каналдар қабырғасындағы жасушалар 
пішінін ұқыпты қараңдар. Олар бір қабат құрып орналасқан, пішіндері куб 
тәрізді, ядролары дӛңгелек базофильді. Бүйректегі бірнеше каналдар 
кесіндісінің суретін салыңдар.  
3 Препарат. Бір қабатты цилиндр тәрізді ішек эпителий (кӛп ядролы) 
Бояуы: темірлі гематоксилин.  
Бір қабаттыы эпителий, бірақ клеткаларының биіктіктері әртүрлі. Соған 
байланысты олардың ядросы да әртүрлі деңгейде орналасқан. Сондықтан, 
кӛп қабаттан тұратын сияқты. Кіші ұлғайтқышпен эпителийді қарап, басқа 
ұлпаларға қатысты орналасуын зерттеңіздер. Үлкен ұлғайтқышпен цилиндр 
тәрізді биік эпителий клеткаларын қарап зерттеңдер. Клеткалардың 
апикальді (үстіңгі) беткейлігінде бүрлері болғандықтан, қозғалып тұрған 
сияқты. Эпителийдің суретін салып, ядросы мен бүрлерін белгілеңдер.  
4 Препарат. Қуықтың ауыспалы эпителийі.  
Бояуы: гематоксилин-эозин.  
Ауыспалы деп аталуы, мүше қабырғасы созылған кезде эпителий 
клеткаларының пішіні ӛзгереді. Зәр шығару жүйесіндегі мүшелер қуысын 
астарлайды. Пепараттан базальді, аралық және жабынды жасушаларды 
қарап, суретін салып белгілеу қажет. Базальді қабаттың жасушалары – 
майда, аралық жасушалар – ірі алмұрт пішінді болып келеді, жабынды 
жасушалар – жалпақ пішінді.  
5 Препарат. Сиыр кӛзінің қасаң қабығы (кӛп қабатты полиморфты,
мүйізделмейтін).  
Бояуы: гематоксилин-эозин.  
Кіші ұлғайтқышпен қасаң қабықтың үстіңгі беткейлігінен эпителийді 
табыңдар. Ол үш қабаттан тұрады: базальді, тікенекті жасушалар қабатынан 
және жалпақ жасушалардан. Үлкен ұлғайтқышпен қарап, жасуша 
қабаттарының 
суреттерін 
салыңдар. 
Базальді 
қабат 
мембранаға 
перпендикулярлы орналасқан сопақ ядролы, цилиндр пішінді 
жасушалардан тұрады. Бұл камбиальді қабат. Түлеп, тіршілігін жойған 
жасушалардың орнын, осы жасушалар есебінен толықтырылады. Екінші 
қабат үшкір ӛсінділері бар жасушалардан тұрады, олардың ядросы 
дӛңгелек. Үшінші қабат жалпақ жасушалардан тұрады, олардың ядросы да 
жалпақ эпителий беткейлігіне параллельді орналасқан.  


113 
6 Препарат. Адам саусағының терісі (кӛп қабатты полиморфты,
мүйізделетін эпителий).  
Бояуы: гематоксилин-эозин.  
Кіші ұлғайтқышпен эпителийді тауып, ондағы жасушалардың бес 
қабатын анықтаңдар. Үлкен ұлғайтқышпен қарап, жасуша қабаттарының 
суреттерін салыңдар. Базальді қабат мембранаға перпендикулярлы 
орналасқан сопақ ядролы, жасушалардан тұрады. Екінші қабат үшкір 
ӛсінділері бар жасушалардан тұрады, олардың ядросы дӛңгелек. Дәнді қабат 
базафильді түйіршіктері бар жасушалардан тұрады, ол белок – 
кератогиалиннің түйіршіктері. Одан жоғары жалпақ жасушалардан тұратын 
жылтыр қабат орналасқан. Ол жасушаларда оксифильді элеидин белогы бар, 
оның түсі қызыл. Соңғысы, мүйізделетін жасушалар қабаты, олар 
мүйізделетін жалпақ қабықша тәрізді болып келеді және ауа кӛпіршіктері 
мен мүйізді зат кератинмен толған. Эпителий жасушалары базальді қабат 
жасушалары есебінен толықтырылып отырады.  
7 Препарат. Ӛзен шаянының жасыл безі (безді эпителий).  
Бояуы: гематоксилин-эозин.  
Жасыл бездер - шаянтәрізділердің зәр шығаратын жұп бездері. Олар 
екінші жұп антенналарының түбінде орналасқан. Препараттан бірінші кіші 
ұлғайтқышта, екінші үлкен ұлғайтқышта безді эпителий жасушаларын 
ұқыпты қараңдар. Олардың пішіні куб тәрізді, ядролары үлкен. 
Секрециясының сипаттамасы бойынша олар апокринді типке жатады, яғни 
секреттері түзілу барысында апикальді бӛліктегі жасушалар бұзылып, 
секрет құрамына кіреді. Жасушалар мен секрет кӛпіршіктерінің суретін 
салыңдар.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет