Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология


Студенттердің ӛзіндік орындайтын жҧмыстары



Pdf көрінісі
бет33/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   142
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы - лаб. сабақ

Студенттердің ӛзіндік орындайтын жҧмыстары:
 
1 Тапсырма: Электронды микросуретті зерттеп, түйіршікті 
эндоплазмалық торды, ядроны, ядро мембранасын, митохондрияны 
тауып, суретін салып, белгілеу. 1- түйіршікті эндоплазмалық тор, 2- ядро, 
3 - ядро мембранасы, 4 - митохондрия.
 

Тапсырма
Препарат. 
Аскарида 
ішегінің 
эпителиалді 
жасушаларындағы митохондрияларды (хондриосомы) тауып суретін салу.


45 
Бояуы: Альтман бойынша.
Зерттеуді бастар алдында, микроскоптың кіші ұлғайтқышын 
қолданып, дәнекер ұлпамен шектесетін ішек эпителийі жасушаларының 
базальді жағының шетін және ішек қуысына бағытталған апикальді 
жағының шетін табу қажет. Апикальді жағының шетінде қалың кутикула 
кӛрінеді. Базальді жағының шетіне жақын сопақ ядро орналасқан. 
Жасушаның апикальді жағынан қара түске боялған митохондрияны кӛру 
мүмкіншілігі молырақ. Олардың пішіні таяқша немесе буралған жіпше 
тәрізді. Олар ішек эпителийіндегі жасушаларды энергиямен қамтамасыз 
етеді, ол энергия АТФ байланыстарында жиналған және сіңіру 
функциясын орындау үшін қажет.
 Митохондрияның электрондық микросуреті.
1 — сыртқы мембрана, 2 — ішкі мембрана, 3 — кристалар, 
4 — митохондрияның матриксі (Ю.И.Афанасьев бойынша). 
 

Тапсырма. 
Препарат. 
Мысық 
жұлынының 
жүйке 
жасушаларындағы Гольджи аппаратын тауып суретін салу.
Бояу: К. Гольджи әдісі бойынша күміспен импрегнациялау.
Микроскоптың кіші ұлғайтқышы арқылы ядро маңында Гольджи 
аппаратының торлы құрылымы жақсы кӛрінетін жүйке жасушасын 
таңдап алу. Үлкен ұлғайтқышпен қарап, бірнеше жасушаның суретін 
салу. Жүйке жасушасының ақшыл домалақ ядросына кӛңіл аудару. 
Ядроның ортасында жақсы боялған ядрошықтардың орналасқаны 
кӛрінеді. Цитоплазмада, ядро маңында орналасқан қара жіпшелер


46 
ілгектер мен таяқша тәрізді болып келген аппарат Гольджиді белгілеңдер.
Гольджи аппараты жасушада белоктарды (оларды кӛмірсулармен, 
фосфаттармен және сульфаттармен байланыстырады) модификациялау, 
жасуша 
мембранасының 
қалыптасуы, 
лизосомалардың 
түзілуі
функцияларын орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет