Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет35/142
Дата25.09.2022
өлшемі6 Mb.
#40204
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   142
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы - лаб. сабақ

Препарат. Құйрықты амфибия (аксолот) терісіндегі Лейдиг 
жасушасының секреторлы түйіршіктері.
Бояуы: гематоксилин-эозин.


47 
Терінің үсіңгі қабатына жақын орналасқан (күлгін түсті) ірілеу 
келген Лейдиг жасушасын табыңдар. Бұл бір ядролы жасуша шырыш 
тәрізді секрет бӛліп шығарады. 
Аксолот қосмекенді Амбистоманың дернәсілі
Сондықтан, оның іші түйіршіктенген секретке толы болады. Секрет 
табиғаты бойынша белоктардан тұрады. Түйіршікті секреттері бар 
бірнеше жасушалардың суретін салыңдар, компоненттерін белгілеңдер.
7 Препарат. Амфибия бластомерлеріндегі сары уыз қосындылары.
Бояуы: гематоксилин-пикрофуксин.
Қоректік заттар қоры, яғни трофикалық белок қосындылары тек ғана 
жұмыртқа жасушаларында болады. Олар цитоплазмада сары уыз 
түйіршіктері түрінде кездеседі. Препаратта амфибияның ұрықтанған 
жұмыртқа жасушасының бластомерлерге бӛлшектене бастағаны кӛрінеді. 
Олардың цитоплазмасында – алтын-сары түсті белок түйіршіктері бар. 
Микроскоптың кіші және үлкен ұлғайтқыштарымен қарап суретін салып, 
бластомерлердегі сары уыз қосындыларын белгілеңдер. 
8 Препарат. Амфибияның (аксолотль) бауыр жасушасындағы май 
түйіршіктері.
Бояуы: осмий қышқылы және кармин. 
Кіші ұлғайтқышпен препаратты зерттеу барысында, бауыр 
жасушаларындағы осмиймен боялған қара майлы түйіршіктерді кӛреміз. 
Үлкен ұлғайтқышпен зерттеп, бірнеше жасушалардың суретін салып, 
жасуша түйіршіктерін, қызыл түсті дӛңгелек ядросын, жасыл-сары түсті 
цитоплазмасын және цитоплазмада шашырап орналасқан шар тәрізді май 


48 
қосындыларын белгілеңдер. Бауыр жасушаларының арасында қоңыр-
жасыл түсті пигментті жасушалар кӛрінеді.
9 Препарат. Амфибияның (аксолотль) бауыр жасушасындағы
гликоген қосындылары.
Бояуы: Бест әдісі бойынша.
Препаратты микроскоптың кіші және үлкен ұлғайтқыштарымен 
зерттеу. Бауыр жасушаларының суретін салып, ондағы сия-кӛк түске 
боялған ядроны (жасушада екі ядро болуы мүмкін), цитоплазмадағы 
ашық-қызыл түске боялған гликоген түйіршіктерін белгілеңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет