113
6 Препарат. Адам саусағының терісі (кӛп қабатты полиморфты,
мүйізделетін эпителий).
Бояуы: гематоксилин-эозин.
Кіші ұлғайтқышпен эпителийді тауып, ондағы жасушалардың бес
қабатын анықтаңдар. Үлкен ұлғайтқышпен қарап, жасуша қабаттарының
суреттерін салыңдар. Базальді қабат мембранаға перпендикулярлы
орналасқан сопақ ядролы, жасушалардан тұрады. Екінші қабат үшкір
ӛсінділері бар жасушалардан тұрады, олардың ядросы дӛңгелек. Дәнді қабат
базафильді түйіршіктері бар жасушалардан тұрады, ол белок –
кератогиалиннің түйіршіктері. Одан жоғары жалпақ жасушалардан тұратын
жылтыр қабат орналасқан. Ол жасушаларда оксифильді элеидин белогы бар,
оның түсі қызыл. Соңғысы, мүйізделетін жасушалар қабаты, олар
мүйізделетін жалпақ қабықша тәрізді болып келеді және ауа кӛпіршіктері
мен мүйізді зат кератинмен толған. Эпителий жасушалары базальді қабат
жасушалары есебінен толықтырылып отырады.
7 Препарат. Ӛзен шаянының жасыл безі (безді эпителий).
Бояуы: гематоксилин-эозин.
Жасыл бездер - шаянтәрізділердің зәр шығаратын жұп бездері. Олар
екінші жұп антенналарының түбінде орналасқан. Препараттан бірінші кіші
ұлғайтқышта, екінші үлкен ұлғайтқышта безді эпителий жасушаларын
ұқыпты қараңдар. Олардың пішіні куб тәрізді, ядролары үлкен.
Секрециясының сипаттамасы бойынша олар апокринді типке жатады, яғни
секреттері түзілу барысында апикальді бӛліктегі жасушалар бұзылып,
секрет құрамына кіреді. Жасушалар мен секрет кӛпіршіктерінің суретін
салыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: