122
Мұндай пісіп жетілу процесі қажет, себебі лимфоцит –
иммунокомпетентті жасуша, яғни ағзадағы әртүрлі иммундық реакцияларды
қамтамасыз етіп, оның иммунитетін қалыптастырады. Лимфоциттерге
жақсы боялған (базофилді) ірі, әрі дӛңгелек пішінді гетерохроматинді ядро
мен оны қоршаған сақина тәрізді цитоплазма
тән және цитоплазмасы аз
жасушалар. Кіші лимфоциттердің цитоплазмасында бос орналасқан
рибосомалардан басқа органеллалар жоқтың қасы (4-сурет А). Орташа
лимфоциттің
цитоплазмасында
бос
рибосомалардан
басқа
митохондриялардың жеткілікті саны және түйіршікті эндоплазмалық тор
болады. Ірі лимфоциттер жаңа туған сәбилер мен жас балалардың қанында
кездеседі. Ересек адамдарда болмайды. 1 мм
3
қанда 1000-4000
дейін
лимфоциттер болады. Ересек адам қанындағы лейкоциттердің жалпы
санының 25-35% лимфоциттер. Жаңа туған нәрестелерде және сәбилерде
лимфоциттердің саны 60% жетеді, ал кәрі адамдарда 20% құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: