диссоциацияланбаған түрінде қалатындықтан бұл жағдайда карбоксил катиондарының ион
алмасуға қабілеттілігі төмендейді. Сондықтан оларды рН 7 ерітінділерді өңдеуде қолданады.
Сульфокөмір катионитінде функционалды топтарының екеуі де бар болатындықтан, оны орташа
қышқылдыларға жатқызады.
Ион алмасу технологиясында селективтілік (талғамдылық) деп аталатын бір иондардың
басқаларға қарағанда көбірек адсорбциялануға қабілеттілігі мен ион алмасу тепе-теңдігі
орнауының жылдамдығы үлкен рөл атқарады.
Иондардың алмасу процесінің қайтымдылығы қымбат тұратын иониттерді технологиялық
процесте бірнеше рет пайдалануға мүмкіндік береді.
Иониттердің сапасы ион алмасу технологиялардың тиімділігі мен нәтижелілігін
анықтайтын физикалық және химиялық қасиеттерімен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: