және мембрананың затты ұстап қалу қабілеттілігіне байланысты
R=1- C
Ф
/С
о
(3)
Ерітіндінің жартылай өткізгіш мембрана арқылы сүзілу жылдамдығы сүзу қысымымен
және тұзсыздандырылатын су мен фильтраттың шамаларымен келесі қатынаспен байланысады:
V = k
0
(p- ∆π).
Ерітіндінің осмостық қысымы еріген зат табиғатына,
ерітінді концентрациясы мен
температурасына тәуелді. Ерітінді концентрациясы мен температурасы өскен сайын осмостық
қысымы да жоғарылайды.
Кері осмос селективтілігі мен жылдамдығына әсер етуші негізгі факторлар: жұмыстық
қысым, аппараттағы гидродинамикалық режим, бөлінетін ерітіндінің табиғаты мен
концентрациясы,
температурасы, сонымен қатар мембраналар жұмысының ұзақтығы.
Кері осмос процесінің жұмыстық қысымы әдетте 3-10 МПа құрайды. Мұндай қысым кері
осмос технологиясын қиындатады (мысалы, ультрасүзудің жұмыстық қысымы 0,3-1 Мпа).
Қысымды таңдау меншікті өндірулікті қамтамасыз ету шартына ғана емес, ерітіндінің осмостық
қысымына да байланысты.
Көптеген жағдайларда кері осмос әдісін бір валентті тұздар үшін концентрациясы 5-10%,
екі валентті - 10-15%, ал көп валенттілер үшін - 15-20% құрайтын электролит ерітінділерін
тазартуда тиімді қолдануға болады. Органикалық заттар ерітінділері үшін бұл интервал кеңірек
және зат молекулалары мөлшерлері мен оның мембранамен әрекеттесу дәрежесіне тәуелді
болады.
Сулы ерітінділерді бөлу, тазарту және концентрлеуде кеңінен қолданылатын
ацетатцеллюлозалық
мембраналар
60
0
С-де бұзылады. Сондықтан мұндай мембраналарды
қолданғанда бөлмелік температуралардың шектерінен аспау қажет.
Суды кері осмостық тұзсыздандыруда жартылай өткізгіш мембранадан еріткіш
молекулалары ғана өтетіндіктен, оның бетінде еріген заттар концентрациясы жоғарылайды.
Мембрана бетіне перпендикуляр келетін еріген зат концентрациясы градиентінің
құрастырушысы концентрациялық поляризация деп аталатын құбылысқа әкеледі.
Сонымен
қатар, кері осмостық қондырғыларда мембрана бетіне параллельді келетін еріген зат
концентрациясы градиентінің құрастырушысы да пайда болады. Су мембрана бетінің бойымен
қозғалғанда оның бөлігі сүзіледі де ерітіндідегі еріген заттар концентрациясы жоғарылайды. Бұл
құбылыс ерітінділердің концентрленуі деп аталады.
Концентрациялық поляризация мен ерітінділердің концентрленуі ерітінділердің кері
осмостық бөлінуіне ілесіп жүреді, бірақ табиғи және ағын суларын тұзсыздандыруда олардың
рөлі әртүрлі.
Концентрациялық
поляризация
барлық
жағдайларда
теріс
фактор
болады
да, концентрациялық поляризацияның деңгейі деп аталатын шамамен бағаланады:
Г= С
М
/С.
Концентрациялық поляризация мембрана бетінің жанында еріген заттар концентрациясын
жоғарылатуына
байланысты,
Г шамасы әрқашан >1 болады. Бұл жағдай фильтраттың
тұздылығының өсуіне және мембрана бетінде нашар еритін заттар тұнбаларының түзілуіне
мүмкіндік береді. Тұнбаның түзілуі концентрациялық поляризацияның ары қарай жүруіне
апарады, өйткені тұнба қабатында ерітіндіні араластыру мен еріген заттар диффузиясы
қиындайды. Сонымен қатар, мембраналардың бетінде тұнбаның түзілуі қосымша гидравликалық
қысымға байланысты олардың өндірулігін төмендетеді
Тұнбаның түзілуін болдырмау үшін минералсыздандырылатын ерітіндіні алдымен
табиғаты әртүрлі қоспалардан тазартады: дисперсті бөлшектерден, макромолекулалардан,
микроорганизмдерден,
органикалық заттардан, яғни алдын ала тазартуды жүргізеді.
Ерітіндіні концентрлеу ары қарай өңдеуге жіберілетін сулардың көлемін көп есе азайтуға
немесе технологиялық процесте қайтадан қолдануға болатын бағалы заттар мөлшері бар
ерітіндіні алуға мүмкіндік береді. Бірақ кейбір жағдайларда ерітіндіні концентрлеу теріс фактор
болып кетуі мүмкін. Мысалы, конструкциясы дұрыс емес немесе дұрыс жиналмаған кері
осмостық қондырғыда бөлінетін ерітінді мембрана бойымен қозғалмайтын
(тұрып
қалған)
зоналардың түзілуінің мүмкіндігін тұғызады.
Достарыңызбен бөлісу: