Жаратылыстану және география институты



Pdf көрінісі
бет25/43
Дата12.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#81941
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43
Байланысты:
Зертханалық жұмыстар әдістемесі 2023 2

10.2 Анықтауды орындау 
а) Коагулянттың оптималды дозасын анықтау 
Көлемі 750-800 мл 7 колбаға коагуляцияланатын судың 500 мл кұйып, 40°С-ге дейін 
қыздырады. Содан кейін бюреткамен коагулянт ерітіндісін енгізеді. Әрбір колбаға қосылатын 
коагулянт мөлшерін оқытушы береді (коагулянт дозалары, мг/л: 25, 50, 100, 150, 200, 300, 400). 
Реагентті қосқаннан кейін колбалардағы ерітінділерді ақырын араластырып, 30 минутқа қойып 
қояды. 
Осы уақытта бастапқы судың жалпы кермектілігін, жалпы сілтілігін, тотығушылығын және рН 
анықтайды. 
30 минут өткеннен кейін әрбір колбадағы су ерітіндісін сүзіп, аталған су сапасының 
технологиялық көрсеткіштеріне анализ жасайды
б) Коагуляция рН-ның оптималды мәндерін анықтау 
Көлемі 750-800 мл 7 колбаға коагуляцияланатын судың 500 мл кұйып, 40°С-ге дейін 
қыздырады. Коагулянт гидролизінде түзілетін қышқылды бейтараптау үшін коагулянт 
ерітіндісімен бірге ізбес сүті қосылады (концентрациясы 1 мг/мл). рН мәнін өзгерту үшін 
колбаларға СаО-ның әртүрлі мөлшерлері қосылады, мг/л: 3,75; 7,5; 15,0; 22,5; 30,0; 45,0; 60,0. 
Түзілген ерітінділерді 30 минутқа қойып қояды. 
Осы уақытта бастапқы судың жалпы кермектілігін, жалпы сілтілігін, тотығушылығын және рН 
мәнін анықтайды. 
30 минут өткеннен кейін әрбір колбадағы су ерітіндісін сүзіп, аталған су сапасының 
технологиялық көрсеткіштеріне анализ жасайды. 
  
10.3 Нәтижелерді өңдеу және жұмыс бойынша есеп беру 
 Жұмыс бойынша есеп беруге кіреді: 
а) судың коллоидті қоспаларын технологиялық коагуляциялау процесі маңызының қысқаша 
сипаттамасы: 
б) коагуляциялау процесі жүргізілген шарттарының қысқаша сипаттамасы; 
в) анализдерді жүргізу әдістемесі мен толық есептелуі; 


г) қорытындылар. 
Тәжірибе нәтижелерін 10.1 және 10.2 кестелерде келтіреді. Нәтижелер бойынша судың 
тотығушылығының коагулянт дозасы мөлшеріне немесе рН мәніне тәуелділік қисығын тұрғызады.
10.1 к е с т е - Коагулянт дозасының оптималды мөлшерлерін анықтау
Зерттелетін су 
Тотығушылық 
Сілтілік, мг-
экв/л 
Кермектілік, мг-экв/л 
рН 
мг/л 
төмендеуі, 

жалпы 
карбонатсыз 
Бастапқы 
Коагуляциядан 
кейін 
10.2 к е с т е - рН-тың оптималды мәндерін анықтау 
Зерттелетін су 
Тотығушылық 
Сілтілік, 
мг-экв/л 
Кермектілік, мг-экв/л 
мг/л 
төмендеуі, 

жалпы карбонатсыз 
Бастапқы 
Коагуляциядан 
кейін 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет