Жаратылыстану және география институты


Мөлдірліктің анықтауын орындау



Pdf көрінісі
бет7/43
Дата12.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#81941
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43
Байланысты:
Зертханалық жұмыстар әдістемесі 2023 2

1.2 Мөлдірліктің анықтауын орындау 
Талдауды орындау үшін кемінде 500 см
3
талданатын су алынады. Сынаманы сақтамайды, 
анықтау сынама алынғаннан кейін бірден жүргізіледі. 
Өлшеу үшін ішкі диаметрі 2,5-3,0 см және биіктігі шамамен 50 см, сантиметрлермен 
калибрленген, түбі тегіс шыны цилиндрді қолданады. Цилиндрдің төменгі жағында суды ағызу 
үшін және су бағанының биіктігін төмендету үшін шүмегі бар құбырша болуы қажет. 
Типографтық шрифттің үлгісіндегі әріптердің биіктігі 3,5 мм болуы қажет. Өлшегіш цилиндрді 
штативтің табанына түбі шрифттен 4 см ара қашықтықта орналасатындай етіп бекітеді. Алынған 
сынаманы жақсылап шайқайды және цилиндрдің жоғарғы белгісіне дейін құяды. Одан кейін су 
бағанын үстінен бақылай отырып, шүмекті ашады және шрифтті оқу мүмкін болғанға дейін 
ақырындап суды ағызады. Егер цилиндр жоғарғы белгіге дейін толып тұрғанда шрифтті оқу 
мүмкін болса, онда талданатын судың мөлдірлігі 50 см-ден көп. Шрифтті бақылауды 
шашыраңқы күндізгі жарықта жақсы жарықтанған бөлмеде терезеден 1 м қашықтықта жүргізеді. 
Талдаудың нәтижесін сантиметр түрінде дәлдігі 1 см-ге дейін болатын су бағанының биіктігімен 
өрнектейді. 
1.3 Қалқыған заттар мөлшерінің анықтауын орындау 
Анықтау үшін сынамалар шыны немесе полиэтилен шөлмектерге алынады. Ең дұрысы 
анықтауды бір тәуліктен кешіктірмей бірден жүргізу керек. Сынамаларды сақтауға болмайды. 
Егер судағы қалқыған заттардың мөлшері 100 мг/дм
3
-ден кем болса, сынаманы көлемі 
1000 см
3
-ден кем емес етіп алу керек. Қалқыған заттардың мөлшері көп болған жағдайда судың 
аз көлемімен (500 см
3
) шектелуге болады, бірақ көлемі 1000 см
3
сынаманы пайдаланғанда 
нәтижелер дәлірек болады. 
Цилиндрге 1000 см
3
мұқият араластырылған сынама өлшеніп алынады (немесе көлемі 
азырақ, бірақ құрамындағы қалқыған заттар 250 мг-нан кем емес болатын) және кептірілген
алдын ала өлшенген қағаз сүзгі арқылы сүзіледі. 
Сүзу алдында сүзгіні тұзсызданған судың бірнеше тамшыларымен сулап алып, одан соң 
абайлап воронкаға салу керек. Фильтраттың бірінші үлестерінің құрамында (100-200 см
3

сүзгінің талшықтары болуы мүмкін, сондықтан оларды талданатын сынамаға қайта құю керек. 
Сүзу аяқталғаннан кейін құрамында темір немесе марганец қосылыстары бар (мысалы, кейбір 
артезиан сулары) қыздырылған қалдықтың түсі ашық қоңыр түстен қара түске дейін болуы 
мүмкін. Бұл жағдайда қыздыруды аяқтау үшін ыдысты муфель пешінде 15-20 мин. ұстау 
жеткілікті. Қыздырылған қалдығы бар ыдысты эксикаторға салады да салқындағаннан кейін 
өлшейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет