Көмір (1-саты бойынша), кремний (толық) және фосфор (2-саты бойынша) қышқылдарын
титрлеу үшін фенолфталеин индикаторы қолданылады, оның түсінің өзгеру интервалы
∆pH=8-
10 құрайды.
Фенолфталеин индикаторымен титрлеу нәтижелері карбонаттар мөлшерінің жартысына
(
HСO
3
-
күйіне дейін), фосфаттардың бір бөлігіне (
HPO
4
2-
күйіне дейін) және силикаттардың
толық мөлшеріне сай келеді.
Көмір (
Na
2
CO
3
күйіне дейін
) және фосфор (
Na
3
PO
4
күйіне дейін
) қышқылдарын толық
титрлеу іс жүзінде мүмкін емес, себебі бұл қышқылдардың диссоциациясының соңғы
сатысындағы қышқылдық константалары өте төмен. Бұл қышқылдардың толық мөлшерін
анықтау үшін кері титрлеу әдісін қолданады.
Жалпы қышқылдықты кері титрлеу әдісімен анықтау
Көмір және фосфор қышқылдарының мөлшерін анықтау үшін бастапқы талданатын
ерітіндіге белгілі мөлшерде алынған сілтінің артық мөлшерін қосады. Сілті ерітіндідегі барлық
қышқылдармен әрекеттеседі.
Реакцияға түспеген сілтінің артық мөлшерін тұз қышқылымен титрлейді:
NaOH + HCl
→ NaCl + H
2
O.
Достарыңызбен бөлісу: